Техникалық объектінің технологиялық мүмкіндіктер белгісі

Техникалық объектінің технологиялық мүмкіндіктер белгісі техникалық объектіні жасаудың қарапайымдылығы мен оның негізгі мүмкңндіктері дәрежесін көрсетеді. Функциональды және антропологиялық критерилерді қарастырған кезде кез келген техникалық объектінің бес түрлі элементтер түрінен артық болмау керек (элементтер, агрегаттар, түйіндер, бөлшектер):

Техникалық объектінің технологиялық мүмкіндіктер критериін мына қатынаспен анықтауға болады.[7]

 

КсАсуАун1Ан1н2Ан2

Ктв= ε (6.2)

Асун1н2 н3

мүндағы,

= 1 тен, егерде Ан3 = 0

ε =

= 0 тен, егерде Ан3 > 0

 

Кс, Ку, Кн1, Кн2 – салмақтық коэффициенттер; есептеулерде Кс = 1 Кс > Ку > Кн1 > Кн2 (мысалы Ку = 0,5; Кн1 = 0,2; Кн2 = 0,01).

Ас, Ау, Ан1, Ан2 , Ан3 – құралымның (ТО) стандартты, үйлестірілген (унифицированный) және ерекше элементтерінің саны.

Ас – дайын түрінде алынған станд артты немесе сатылып алынған элементтері,

Ау – дайын техникалық объектіні алмастыра алатын үйлестіру элементтері,

Ан1 – дайындаудың қиындығы жоқ (өздерінде бар жабдықтармен дайындай салатын) өзіндік (жаңа) элементтер.

Ан2 - өзіндік дайындаудың қиындығы бар, бірақ ол қиындықты жеңуге болатын (алдын қиын технологияда дайындалып сонан соң жаңа технологияда өңделуді керек ететін) өзіндік элемент.

Ан3 - өзінің қиындығын жеңгенше оны дайындаудың принципальді сипаттамасы бар өзіндік элементтер (дайындаудың технологиялық жабдығының жоқтығы, немесе керекті материалдың жоқтығы немесе оны дайындауға ҒЗЖ жүргізу керектігі т.б.). , көбіне Ан3 = 0 деп алынады.

Әдетте К өсуі, ол мынадай жерлерде өзгереді (0 ≤ Ктв ≤ I) технологиялық мүмкіндіктердің өзгеруімен (жақсаруымен) байланыстырады, бірақта оны жай жоғарылайтын функцияларға жатқызбайды. Себебі техникалық объектінің жаңа буындарда (поколениях) Ктв азайтуға немесе нашарлатуға тырысады, оның себебі бұл жағдайларда аса маңызды критерийлер жақсарады. Жоғарыда келтірілген қатынасты (формуланы) дербес түрге келтіруге болады. Егерде өрнектің (қатынастың) алымында жалғыз ғана Ас алынатын болса онда стандарттау дербес критериі болады, ал егерде Асу деп алынса онда үйлестіру (унификация) дербес критериі деп аталады.

Бізге қажетті техникалық объектінің құрылымын талдау кезінде жоғарыдағы өрнекті пайдалану, келешектегі техникалық объектіні жасау кезінде Ан3 технологиялық емес элементін алып тастауға, ал Ан1, Ан2 және Ау элементтерін минимумға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Технологиялық мүмкіндіктер критериі табиғаттағы орын алмастырушылық (наследственность) заңымен ұқсастық бойынша техникадағы орын алмастырушилықтың факторын көрсететін шама ретінде сипатталуы мүмкін. Бұл техникалық объектінің бір буыннан (поколение) екінші буынға өтер кезде Ктв критериі максимал дәрежеде іс-жүзінде тексерілген функционалдың жасау технологиясын және биікті жабдықтарды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 1375;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.