Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын техникалық шарттар
Құрастыру – бұйымның құрамды бөліктерінің қосылысын түзу. Қосылыстар ажыратылатын немесе ажыратылмайтын болып келеді. Мұндай қосылыстар қатарына престеп отырғизылған, бұрандалы, пісіріп біріктрілген, дәнекерлеп отырғызылған, тойтарма шегелі және т.б. қосылыстар жатады.
Құрастырылушы объекті көлеміне байланысты жалпы, яғни құрастыру объектісі ретінде машинаның өзі болатын, және де түйінді құрастыру, яғни құрастыру объектісі ретінде машинаның құраушы бірлігі болатын, болып келеді.
Кезеңі бойынша: алдын ала құрастыру, аралық құрастыру, пісіруге құрастыру және түбегейлі құрастыру болып келеді.
Қосылысты түзу әдісіне байланысты: слесарлы-құрастыру; құрастыру-мотаждық; электромонтаждық, пісірумен, дәнекерлеумен, тойтарма шегелеумен, желімдеумен.
Машинаның жоғары сапасы тек үлгілі конструкциясымен, жоғары сапалы материалды қолданумен, оның бөлшектерін жоғары сапалы қәжет дәлдікте дайындаумен емес, сондай-ақ оны сапалы құрастырумен қамтамасыз етіледі.
Құрудың кез-келген сатысында (жобалау, жасап дайындау, құрастыру) машинаның және оның механизмдерінің тағап етілген дәлдігіне қол жеткізу мәселесіне, өлшемдік және кинематикалық тізбек көмегімен шешеді.
Өндіріс типіне байланысты құрастыру барысында тұйықтаушы мүшенің дәлдігіне қол жеткізудің бес әдісі бар: толық алмасымдылық; жартылай алмасымдылық; топтық алмасымдылық; реттеп келтіру; өңдеп келтіру.
Құрастыруды орындаудың жағдайына, типіне және ұйымдастырылуына байланысты келесідегідей бөлуге болады: құрастырылушы бұйымның қозғалуына байланысты жылжымайтын (стацлонарлы) және жылжымалы, өндірісті ұйымдастыруға байланысты – ағынды және ағынды емес.
Құрастыру процесі жалпы және тораптап құрастыру тәсілдері болып бөлінеді. Бұйымды құрастыру процестерінің қарқындылығын арттыру үшін бұйымдарды жобалаушы конструктордың төмендегідей технологиялық шарттарды ескергені жөн.
1. Машина конструкцияларының алдын ала құрастырылған құрама бөлшектерінен тұрғаны абзал; сонда тораптар құрастырудың пәрменді нышандары, ол құрама бөлшектерін параллельді әдіспен құрастыруға және оның құрастыру циклінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді.
2. Жалпы құрастыру процесінің құрастыру циклін азайту үшін бұйымның базалық құбырына бір уақытта жан-жақты, бірімен-бірі байланыссыз бірнеше құрама бөліктері мен бөлшектерін іле /құрастыру/ беру мүмкіндіктері болғаны жөн. Мұндай параллельді істі тораптау құрастырымында пайдаланған дұрыс.
3. Бөлшектерді құрастыру шартына, қызмет істеу жайына орай немесе бөлшектердің үйкеліп-қиылысуына қарай, олардың біріне-бірінің салыстырмалы бірыңғайда тұруы /жиналуы/ өте қажет болса, онда жобалаушы конструктор арнайы орнату таңбаларын, тексеру штифтерін, бағыт беретін тетіктерді, шеткері орналасқан беріктеу бөлшектерін және т.с.с. қарапайым конструкциялық элементтерді алдын ала қарастыруы қажет; осындай алдын ала қарастырылған қарапайым конструкциялылық шаралар құрастыру немесе жөндеу кезіндегі субьективті қателіктерден сақтандырады.
4. Жалпы және тораптар құрастыру жұмыстарының механикаландырылуы мен автоматтандырылуын алдын ала ескерген жөн. Бұл әрекеттердің қажеттігі әсіресе ауыр және қауқымды обьектілерді құрастыруда айқын сезіледі.
Тексеру - өлшеу жұмыстарының құрамын мейлінше оңайлатып, олардың сапасын арттыру өте керекті әрекеттердің қатарына жатады.
5. Машинаның үйлестіру тәсілдері қарапайым, оларды құрастыруда қиыншылық тудырмайтын жай конструкциялық элементтерден тұруы керек.
6. Машинаның құрамды бөліктері мен бөлшектердің аттары мейлінше аз болып, олардың алмастырылмалы болғаны тиімді шаралардың ең керектісі болып есептелуі тиіс.
7. Сырттан сатылып алынған стандартты құрама бөліктері мен бөлшектердің бағасы мейлінше арзан келеді. Қалыпқа келтірілген және бірыңғайландырылған бөлшектер мен құрама бөліктерінің шығару сериялылығын көтеруге және олардың еңбексыйымдылығы мен өзіндік құнын кемітуге мүмкіндік туғызады. Бекіту бөлшектерінің унификациялануы, құрастыру аспаптарының номенклатурасын азайтып, механикаландырылған құралдардың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді.
8. Машинаның конструкциясын жобалауда, жоғары өнімді механикаландырылған құрастыру аспаптарының құрастыру аймағына жеңіл және оңай жеткізілуіне және жүк көтергіш қондырғылардың обьектіні жеңіл іліп алып, оны келесі құрастыру позициясына жеткізуіне мүмкіндік беретін қарапайым конструкциялық шаралар алдын ала ескерілуі қажет.
9. Құрастыруда тиімді өзара алмастырушылық принциптерін кеңінен пайдалану үшін көп буынды өлшем тізбектерінен бас тартқан жөн. Әйтпесе өлшем тізбегінің буын мүшелерінің ауытқу шегі өте аз болады. Егер буын мүшелерінің санын азайтуға болмаса, онда өлшем тізбегінде қатты немесе жылжымалы конпенсаторлар пайдалануы керек. Сонда өлшем тізбегінің тұйықтаушы буынның керекті дәлдігі компенсаторды дайындау немесе таңдау арқылы жеткізіледі; ал жылжымалы компенсаторды қолданғанда керекті дәлдік, сол компенсаторды жылжыту арқылы қамтамасыз етіледі.
10. Құрастырылатын бұйымның керекті дәлдігіне жету үшін құрастыру мен өлшем базаларын дәлдікке келтіру керек. Өңдеу кезінде технологиялық және өлшем базалары сайма-сай болса, онда ең жоғары өңдеу дәлдігіне жетеміз. Құрастыру процесінде өлшем базасын технологиялық база ретінде қолданған жөн. Құрастыру, өлшеу және технологиялық базаларды сайма-сайлыққа келтіре алсақ, онда құрастырудың ең жоғары дәлдігіне жеткеніміз.
11. Бұйымның конструкциясы өте күрделі құрастыру қондырғыларын талап етпейтін, базалық бөлшекті жиі-жиі қозғамайтын, үйлестіретін бөлшектерді орнықтыру үшін ең қарапайым қимылдарды тілейтін, құрастыру аспабының әрекетін оңайлататын болуы тиіс.
Бұйымның базалық бөлшегінің технологиялық базасы кең, көлемді және тұрақты болуы керек.
12. Құрастыру процесінде екі бөлшекті уақытша құрастырып, оларды механикалық өңдеу арқылы құрастыратын операциялардың үлесі аз болуы керек. Бұл ескертпе қолмен өңдеп қиюластыру және істеп бітіру жұмыстарына да қатысты.
13. Пайдаланатын машиналарға қызмет көрсету және жөндеуде оларды даярлау үшін қажетті қарапайым құралдардың, шығарып алуды жеңілдететін аспаптардың, бұрандасы бар тесіктердің (қысқыш, тартқыш винттер үшін), рым-болттардың, құйылған текпішектердің (ауыр бөлшектерді көтеру үшін) болуы керек.
Жоғарыдағы көрсетілген жалпы шарттардан басқа бөлшектердің неше түрлі қиылыстыруының құрастыру жағдайларын ескерген дұрыс.
Дәріс
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3313;