Неркәсіп орнындағы рационализаторлық жұмыстар.
Өнеркәсіп орнындағы рационализаторлық жұмыстар деп бұйымның конструкциясын, өндіріс технологиясын және қолданылатын техниканы рационализаторлық ұсыныстар бойынша өзгертуді айтады.
Рационализаторлық ұсыныс деп салыстырмалы жаңалық белгілері бар, айтылған мекемеге пайда тигізетін техникалық шешімді айтады.
Егер техникалық шешім ұсыныс берілген мекемеде белгілі болмаған күнде ғана жаңа шешім деп саналады. Сондықтан оны кәсіпорындағы немесе өндіріс саласындағы деңгеймен қарап, салыстырмалы жаңалық дейді.
Мынадай жағдайларда техникалық шешім жаңалық деп табылады:
1. бұл мекемеде бұрын пайдаланылмаса;
2. кәсіпорынның техникалық қызметінің зерттеулеріне ұқсас болмаса;
3. басқа ұсыныстардан бұрын берілмесе;
4. өнеркәсіп орнына, норматив бойынша, міндетті деп көрсетілмесе.
Қолданылған рационализаторлық ұсыныс оң нәтиже берсе оны пайдалы ұсыныс дейді.
Рационализаторлық ұсыныс деп есептелмейді:
1) жұмысты ұйымдастыру, басқару жөніндегі техникалық шешімі жоқ ұсыныстар;
2) инженер-техникалық қызметкерлердің ұсынысы, егер осы салада өздерінің кәсіпорындарында жобалау, конструкциялау және технологиялық процестер бойынша зерттеулер жүргізіп жатса;
3) тәжірибе алмасу ретінде өнертабыс және рационализаторлық ұсыныстарды пайдалану туралы ұсыныс.
Кәсіпорындар мен мекемелердің инженер – техникалық қызметкерлерінің ұсыныстары олар зерттеп жатқан жоба бойынша, ол жоба бекітіліп кеткеннен кейін, олар зерттеп жатқан конструкция бойынша болса, ол конструкция бойынша, ол конструкцияның сериялық үлгісі өндіріске қабылданғаннан кейін, олар зерттеп жатқан технологиялық процесс бойынша, ол процесс пайдалануға қабылданғаннан кейін ғана рационализаторлық ұсыныстар ретінде қабылданады.
Рационализаторлық ұсыныстың авторы бекітілген үлгі бойынша ұсынысының қатысы бар мекеменің атына арыз жазады. Мекеме бұл арызды сызбалармен, схемаларымен мәлімдемесімен бірге тіркеуден өткізіп, арыз берушінің өтініші бойынша арызды қабылдағанын куәландырып, анықтама беру керек.
Арызды қабылдағаннан кейін кәсіпорын 15 күн ішінде ұсынысты талқылап, ұсынысты рационализаторлық деп қабылдап, оны тәжірибе арқылы тексеру керектігі немесе ұсынысты қабылдамайтыны жөнінде шешім шығарып, бұл шешім туралы авторға хабарлау керек.
Шешімді кәсіпорын бастығы немесе тиісті бөлімнің жетекшісі қабылдайды.
Егер автор шешіммен келіспесе оның үш ай ішінде шағым арыз беруге құқығы бар.
Шешімді қабылдаған мекеменің бастығы бір ай мерзімде кәсіподақ ұйымымен өнертапқыштар және рационализаторлар кеңесімен және автормен бірге шағым арызды қарауға міндетті.
Рационализаторлық ұсыныстың авторына ұсынылған күні көрсетілген және рационализаторлық ұсыныс екені айтылған куәлік беріледі. Куәлік рационализаторлық ұсыныс екені айтылған куәлік беріледі. Куәлік рационализаторлық ұсыныстың авторының құқығын көбінесе бір кәсіпорында немесе бір саланың бір саланың бірталай кәсіпорындарында қорғай алады. Әртүрлі адамдармен әртүрлі кәсіпорындарға жіберілген рационализаторлық ұсыныстардың мәні бірдей болғанда, ол адамдардың бәріне де куәліктер беруге болады.
Дәріс
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2153;