Конструкциялаудың жалпы ережелері
Жаңа машинаның конструкциасын жасағанда мына төмендегі ережелерге сүйену керек:
-конструкциялауды алдымен экономикалық тиімділікті арттыру үшін жүргізу керек. Экономикалық тиімділік машинаның пайдалы әсер коэффициентіне –ПӘК, беріктігіне және машинаны пайдалануға жұмсалған қаржыға байланысты болады;
-машинаны пайдалануға, кұтуге, жөндеуге және энергияға жұмсалатын қаржыларды неғұрлым азайтуға тырысу керек;
-машинаның өнімділігін арттыру, бұйымның сапасын жақсарту және еңбекке жұмсалатын қаржыны азайту мақсатымен автоматоматтандыру дәрежесін көтеру керек;
-машинаның беріктігін арттыру керек, сонда машина паркіндегі машинаның саны өседі, шығаратын бұйымдар да көбейеді;
-машинаның ескірмеуі үшін оның алғашқы басты көрсеткіштері жоғары болуы керек және машинаны әрі қарай жетілдіре беретіндей мұмкіндік болу керек;
-машинаның әмбебаптығы (универсальность) мен сенімділігінарттырып, оның тынбай жұмыс істеуіне жағдай жасау керек;
-өндіріс пен шаруашылықтың әр түрінде пайдалануға икемді модель жасап, машина модельдерінің көп болуына мұмкіндік жасаған дұрыс;
-машиналардың беріктігі мен өнімділігін арттыру арқасында, жаңадан шығарылатын машиналар санын кемітуге мүмкіндік жасау керек, яғни саны емес сапасына көңіл бөлу керек.
-машиналардың конструкциясын күрделі жөндеу жүргізуді қажет етпейтіндей етіп жасап, оларды айырбастайтын тораптармен жабдықтауды қамтамасыз ету керек;
-бөлшектер мен тораптардың дұрыс орнатылғанын қадағалайтын элементтер конструкциясы болу керек;
-машинаның және оның бөлшектерінің беріктігін машинаның массасын көбейтпейақ қамтамасыз ететін әдістерді (өте берік материалдарды қолдану арқылы) пайдалану керек;
-бөлшектердің циклдық беріктігіне айрықша көңіл бөлу керек, бөлшектерге металлдың қажуына қарсылық көрсете алатын пішін беру керек, кернеудің шоғырлануын төмендету керек;
-циклдық, динамикалық күштер әсер ететін машинаға, бөлшектерге және механизмдерге түрткі мен тербелесті жеңілдететін серпімді материалдар қосу керек;
-массасын көбейтпей ақ тіректерін дұрыс орналастыру, қаттылық қабырғалар қою әдістері арқылы конструкцияға жеткілікті беріктілік беру жолдарын қарастыру керек;
-мүмкін болғанша бұзылмай жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы машинаның сенімділігін арттыру керек;
-машиналардың күтуін оңай ету керек; күту операцияларының көлемін азайту керек; механизмдерді өзін өзі күтетін агрегаттар түрінде жасау керек.
-машинаны өзінің қуат шамасынан артық қуатпен жұмыс істеуден сақтау керек. Машинаны қауіпті режимде істеуден қорғайтын автоматтық реттегіш және шектегіш қондырғылар болу керек;
-машинаға салақ қарап апатқа ұшырататын жағдайларды болдырмайтын бөгеттер (блокада) жасау керек;
-машинаның үйкеліс болатын тораптарын жағар маймен қамтамасыз етуін автоматты түрінде үздіксіз жүргізіліп отыру керек;
-үйкеліс беттеріне шаң, су кірмейтін және үздіксіз майланып тұратын етіп механизмдерді жабық корпустарда орналастыру керек;
-ашық ауа мен агресивтік ортада істейтін машиналар бөлшектерінде коррозия болмау үшін оларды коррозияға берікті металдардан жасау керек немесе коррозияға берік лактармен, бояулармен бояу керек;
-конструкциясының технологиялығын, стандарттылығын бұзбай, бірегейлей металл сыйымдылығын азайтып, бір типтілікке келтіріп машинаның өндіріс құнын төмендету.
-конструкцияның тұтастығын, тығыздығын арттырып, кинематика және күш схемаларын пайдаланып, жеңіл қоспалар мен металл емес материалдарды пайдаланып, машинаның массасын азайтуға тырысу керек;
-машинаның конструкциясын оңайлату үшін күрделі, өте көп бөлшекті конструкцияларды қолданбауға тырысу керек;
-мүмкіндігінше ілгерілемелі – қайтармалы механизмдерді айналмалы қозғалыс механизмдерімен ауыстыру;
-машинаның және оның бөлшектері мен тораптарының максимал технологиялығын қамтамасыз ету;
-бұйымның ақтық пішініне дәл келетін дайындаманы қалып арқылы алып механикалық өңдеуді азайту, механикалық өңдеуді жоңқа шығармайтын өнімді әдістерге ауыстыру;
-машинаны арзандату, дайындау уақытын қысқарту, пайдалану және жөндеу жұмыстарын оңайлату үшін конструкциялау элементтерінің бір типтілігін арттыру керек;
-стандартық материалдарды барынша көп қолдану, қалықаралық стандарттарды сақтау керек;
-стандартты, бір типті бөлшектер мен тораптарды қолдануға болатын кездерде айрықша сирек кездесетін бөлшектер мен тораптарды қолданбауға тырысу керек;
-қымбат тұратын тапшы материалдарды қолданбауға, өте қажет болған жағдайда тапшы материалдарды мүмкін болғанынша аз пайдалану керек;
-машинаның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды бөлшектерге қаражатты аямай, оларды өте сапалы материалдардан жасаук керек;
-конструкцияны жасаған кезде оның сенімділігі мен жұмыс мерзімін ұзартуды қамтамасыз ететін технологиялық өнімді қолдану;
-машинаны өңдеуді және күтуді оңайлату үшін машинаның сырт пішіні тегіс, қарапайым болу керек;
-машинаға сымбатты архитектуралық пішін беріп, техникалық эстетиканың талаптарын орындау керек;
-айналанышолу мен манипуляция жасауға лайық болу үшін бақылау және басқару тетіктерін бір жерге орнату;
-оқтын-оқтын тексеріліп тұратын тораптар мен механизмдер қол жететін ашық жерде орналасу керек;
-жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін сақтау, қайғылы оқиғаларды болдырмау, ол үшін жұмыс операцияларын автоматизациялау, оқшаулау, жабық механизмдерді қолдану, қорғайтын қоршау жасау керек;
-автомат-машина мен құрал машиналарды реттеуді және жөндеуді қолмен бұралатын механизмдермен қамтамасыз ету керек;
-қозғалтқыш арқылы жәймен бұралатын механизмдермен қамтамасыз ету;
-электр қозғалтқышы арқылы істейтін машиналарда қозғалтқыштың кей кезде дұрыс қосылмай қалатынын еске алу керек. Машинаның реверс процесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек;
-пайдалану тәжірибелерін мұқият зерттеп пайдалануда байқалған кемшілікті тез жою үшін конструкцияға түзету енгізу жолдарын қамамасыз ету керек;
-пайдалану нәтижелерін пайдалану машиналарды жақсартудың және конструкторлардың біліктігін көтерудің ең жақсы жолы болып табылады;
-кәсіпорындарының талаптарына сәйкес, өндірістегі машинаның конструкциясын үздіксіз жаңарту (жақсарту;
-ескіріп келе жатқан машиналардың орнына жаңа жоғары көрсеткішті машиналар дайындау;
-машина пайдаланатын мекемелердің болашақтағы талаптарына сәйкес перспективалық жоба жасау керек;
-жаңа технологиялық процестерге арналған машиналарды жобалағанда барлық жаңа элементтерді тәжірибеден өткізіп, модель жасап алдын ала сынау арқылы тексеру;
-дайын конструкциялардың, жақсы типті конструкциялардың, тіпті профилі басқа машина жасау салаларының да тәжірибелерін кең пайдалану керек.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 1864;