Жаңалықтар мен өнертабыстар

 

Адамзат пен техника тарихын белгілі бір шамада өнертабу тарихы деп айтуға болады.

«Тас ғасыр», «Қола ғасыр», «Атомдық ғасыр» деген атаулар жаңа техникалық шешімдерге байланысты. Бірінші өнер табысын адам өзі жасаған жоқ, оны дайын күйінде тауып алды деуге болады. Кездейсоқ иіліп қалған ағаш бұтағы 18 ғасырға дейін адамның негізгі құралы болып келген садақты ойлап табуға себеп болды.

17 ғасырдың бірінші жартысында капитализм жаңа ғана құрыла бастағанда таспалы тоқыма машинасын ойлап тапқан адамды Голландияда өмір бойы түрме жазасын кескен. Машина 20 адамның жұмысын бір өзі орындайды және сапасы жоғары, ал бағасы тіпті салыстыруға да болмайтын аз болатын.

Мануфактура өндірісінің дамуы өнер табыстың да күрт өсуіне жағдай жасады. Өнертапқыштардың құқығын қорғайтын жеңілдіктер шыға бастады. Бұл жеңілдіктер ең бірінші болып машиналық капитализмнің отаны Англияда 1623 жылы, Америкада 1787, Францияда-1791, Россияда 1812 жылдары пайда болды. КСРО конституциясының негізінде 1924 жылы жаңа құжат патентенгізілді. Патент техникалық шешімді өнертабысы деп және өнертабысының авторы деп куәландыратын құжат. Бұл құжат патенттің авторына ерекше құқық береді.

1931 жылы шыққан қаулы бойынша авторлық куәлік және патент берілетін болды. Авторлық куәлік авторға авторлық құқық, сыйлық ақы және басқа да жеңілдіктер береді, ал мемлекет бұл өнертабысты пайдалануға ерекше құқық алады.

1992 жылы егеменді Қазақстан Республикасы Патенттік заң шығарып Министрлер кабинетінің қарамағынан Ұлттық патент ведомствасын құрады. Бұл ведомства кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау Агентігі жанындағы Патент және Товар белгілері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекеме болып өзгерді.

Жаңа заң өнеркәсіп орындарының, мекемелер мен ұйымдардың, олардың жұмыс коллективтерінің өнертабыстарын ашуға және олардың нәтижелерін практикада пайдалануға қызықтырушылықты арттыруға және ғылыми-техникалық, шығармашылық қызметкерлерін моральдық және материалдық тұрғыдан марапаттауға арналған.

Білім деңгейіне негізінен өзгеріс енгізетін материалдық дүниенің ақиқатында бар, бірақ бұрын белгісіз болған заңдарын, қасиеттері, құбылыстарын анықтау жаңалық ашу деп аталады.

Жаңалық деген бүкіл дүниеге әйгілі ғылыми жетістік, оның авторы деп материалдық дүниенің заңын, қасиетін немесе құбылысын барлығына бұрын жариялаған адамды айтады.

Жаңалықтарда заңның, қасиеті мен құбылыстың теориялық дәлелдеуі болуы керек. Кейде байқалған заңдарды, қасиеттері мен құбылыстарды теориялық тұрғыда дәлелдеу міндетті емес, тәжірибе бойынша дәлелдесе де жеткілікті.

Бұрыннан белгілі құбылыстар немесе олардың қасиеттерінің арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан дәлелдеуде жаңалық ашу болады. Табиғатта кездесетін құбылыстар емес жасанды құбылыстар да (табиғатта кездеспеген элементтерді Менделеев сипаттамасы бойынша ашу) жаңалық ашу болуы мүмкін.

Ашылған жаңалықтар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау Агенттігі жанындағы патент және товар белгілері жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорында есепке алынып, авторлық диплом беріледі.

Автордың аты жазылып берілген және материалды дүниенің жаңадан белгілі заңдарын, құбылыстарын, қасиеттерін ғылыми жаңалық деп куәландыратын құжат – диплом авторға заң бойынша бекітілген құқық пен жеңілдік береді. Диплом авторлық құқықты қорғайтын құжат болып саналады.

Дипломды ашылған жаңалықтардың мәнін нақты және қысқаша көрсететін формулаға келтіріледі. Егер ғылыми жаңалық қызмет бабымен берілген мекеменің тапсырысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде алынған болса, авторға немесе авторларға диплом беріледі де, мекемеге ашылған жаңалық туралы айтылған куәлік беріледі.

Халық шаруашылығының кез келген саласындағы мәселелерді айрықша, жаңа және өте оң нәтиже беретін әдіспен техникалық тұрғыдан шешу өнертабыснемесе өнертапқыштық деп танылады.

Техникалық шешімнің нәтижесі, осы уақытқа дейін, әлемдегі технология және техника деңгейінде белгілі болмаса, бұл шешімде жаңалық белгісі бар деп есептейді.

Мәлімет берілген күнге дейінгі ғылым мен техникаға белгілі шешімдермен салыстырғанда ұсынылып отырған техникалық шешім өзінің оң нәтиже беретіндігімен және де басқа жаңа нышандармен сипатталатын болса, ол өте маңызды айрықша нышан жиынтықтары бар шешім деп танылады. Бұл жиынтықтың әртүрлі вариантары болуы мүмкін:

А) жиынтық тек жаңа нышандардан ғана тұрады (көрнекті өнертабыс);

Б) жиынтық бір бөлігі жаңа, екінші бөлігі ескі, белгілі нышандардан тұрады;

В) жиынтық белгілі, бірақ жаңадан үйлестірілген нышандардан тұрады.

Оң нәтиже дегеніміз өнертабысын қолданғандағы түсетін нақты пайда: жұмыс өнімділігінің артуы; шығаратын бұйымның көбеюі; өнім сапасының жақсаруы (сенімділігі, ұзақ пайдалануы, үнемділігі, оңай пайдалануы т.б)

Еңбек өнімділігі артпаса да, әлеуметтік жағдайдың жақсарғаны оң нәтиже болып саналады.

Өнертабу нысандарына қондырғылар, заттар, әдістер, микроорганизмдердің штамдарымен қатар бұрыннан белгілі қондырғыларды, заттарды, әдістерді, микроорганизмдердің штаммдарының басқа да салаға пайдалану мәселелері жатады.

Қазақстан Республикасының Патент заңының 5-бабының 3-тармағы бойынша мына төмендегілер өнертабысқа жатпайды:

- ғылыми теорялары мен математика әдістері;

- шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;

- шартты белгілер, кестелер, ережелер;

- ой орерациясын орындаудың әдістері мен ережелері;

- есеп машиналарының бағдармалары, алгоритмдері;

- құрылымдарды, ғимараттарды, аумақты жобалау және жоспарлап жүйелеу схемасы;

- бұйымдардың сырт көрінісін, эстетикалық талаптарға лайық, өзгертуге арналған ұсыныстар;

- эстетикалық талаптарды қанағаттандыру;

- интегралдық схемалардың технологиясы;

- өсімдік сорттары мен мал тұқымдары;

- қоғам мүддесіне, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы келетін ұсыныстар.

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3221;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.