Инженерлік жұмыстардағы ғылыми зерттеулердің мақсаты.
Қәзіргі заман талабына сай, өнеркәсіп талаптарын нақты орындай алатын білікті мамандар дайындауда Ғылыми - техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін практикада творчествалық түрде пайдалана алатын жоғары білімді мамандарды дайындау және тәрбиелеудің ең маңызды жолының бірі ол студенттердің ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарын жетілдіру болып табылады. Студенттердің сабақтан тыс уақытта кафедралар ұйымдастырған ғылыми үйірмелер мен ғылыми жұмыстардың тағы да басқа түрлеріне қатысуымен қатар өткен ғасырдың жетпісінші жылдардың ортасынан бастап сабақ кезінде студенттердің оқу зерттеу жұмысын СОЗЖ қамтамасыз ететін жаңа жүйе оқу процесіне енгізіле бастады. СОЗЖ -тің мақсаты студенттерді ғылым туралы негізгі мағлұматтармен таныстыру, ғылымның өндіріс салаларын дамытудағы ролімен және зерттеу жұмыстарының алғашқы әдістерімен таныстыру.
Техникасы жоғары дамыған елдердің барлық жоғары оқу орындарында ғылыми-зертеу жұмыстарына үлкен маңыз беріледі. ХХ ғасырдың басында ұқсастық теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.В.Кирпичев техникадағы жетістіктердің көбі толығымен ғылыми зерттеулердің нәтижесінде болған деген болатын. Л.В.Кирпичев : «Ғылыми білім инженерді кез келген жаңа мәселелерді шешуде әр уақытта барлық қиындықтардан алып шығады және жетілдірген немесе жаңартылған өндірісті тез меңгеріп кетуіне көмектеседі. Өмір бойы бір өндірісте істеген және бұл өндірістің барлық тетіктерін түгел білетін тәжірибелі практиктер кез келген жаңа мәселелерді шешуде дағдарып, ғылыми мағлұматтарды бар жас инженердің алдында дәрменсіз болып қалады» деп жазған.
Инженер техникалық есеп жүргізгенде машина бөлшектерінің нақты жұмыс жағдайларын ескеру керек. Сондықтан ол жалғыз теория емес, практика жағынан да адам білімді болуы керек, практиктерден, шеберлерден үйренуі керек.
Инженер үшін математикалық әдісті қолдану практикалық маңызы бар мәселе болып саналады.Сондықтан оңай математикалық аппараттарда қолданып, керек нәтижелерді алу инженерлердің мақсаты. Осыған байланысты жуық есептеу ережелері көп еңбек жасамай, аз уақыт ішінде практикалық тұрғыдан жеткілікті дәлдікпен есеп нәтижелерін шығару техникалық ғылымдар мен инженерлік практикада бірте-бірте шешуші роль атқара бастады.
Л.В.Кирпичевтің нақыл сөзі бойынша математика «ғылымдағы патшалық жол, басқа білім берудің, жақсы инженер жасаудың оңай әдісі». Ғылымсыз білімнен орташа техник шығады. Ғылымды пайдаланған білімнен, мысалы математиканы пайдаланған білімнен, білімді инженер шығады.
Ғылым, техника, өндіріс-ғылыми жаңалықтар мен өнертабысынан оларды пайдаланатын практикаға жол салатын, бірімен-бірі органикалық байланысқан үш топ. Бұл топтар өзара байланысты болғанмен, бұлардың арасында уақыт алшақтығы әлі көп. Бұл алшақтық тек ғылыми жаңалықтан техникалық шешім шығарып, оны өндірісте пайдаланып, дайын бұйым шығарудың арасында көп уақыт өтетіндігінен емес, күрделі экономикалық ғылыми-ұйымдастыру мәселелеріне де байланысты.
Техникалық ғылымның қажеттіктері ғылым алдына жаңа талаптар қояды. Өндірістің дамуымен байланысты дамыған ғылыми зерттеулер өз кезеңінде өндіріспен бірігудің арқасында оған жаңа қарқын береді және жаңа өндіріс құралдары пайда болады, технологиялық процестер жаңаланады, өндірістік күшті дамытатын жаңа материалдар қолданылады. Мысалы, Жапонияда экономиканың жылдам өсуі, әсіресе электроника мен компьютер жасау өндірістерінің - өсуі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдаланумен байланысты.
Ғылым мен өндірістің интеграциясында ғылым-өндіргіш күш ролін атқарса, өндіріс- ғылымның технологияда пайдалануына жол ашады.
Өндіріс күшіне айналған ғылым, өндіріс күшінің қосымша элементі емес, ол өндіріс күші мен органикалық байланысын, өндірістің құрамын, еңбек құралдарын, еңбектің өзін әбден жетілдіреді. Сонымен қатар ғылым қоғамның ең маңызды өндіріс күші - өндіріс адамның да жетілуіне әсер етеді.
Мемлекеттік материалдық – техникалық базасы, қорғаныс қабілеті, халықтың әл-ауқаты, рухани байлығы өнегелілігі ғылым мен техниканың дамуына байланысты.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2238;