Ылыми жұмыстарды ұйымдастыру
Ғылыми жұмыстарды ұйымдастратын Қазақстан Республикасында ғылыми мекемелердің үш түрі бар:
1. Ғылым Академиясының құрамына кіретін ғылыми-зерттеу институттары, арнаулы Академиялар.
Олардың басты міндеті ірі, күрделі зерттеулер жүргізу. Кейде инженерлік зерттеулерді де бұйым шығару кезеңіне дейін жүргізеді.
2. Тиісті министрліктерге бағынатын арнаулы институттар. Олардың басты міндеттері– жете зерттеу жүргізу, жобалауды бақылау, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу. Мұндай жұмыстарды ғылыми-зерттеу институттарыжәне жобалау-конструкциялау институттары жүргізеді.
3. Университеттер, жоғары оқу орындары негізінде ірі, күрделі (фундаментальные) зерттеулерді жүргізеді. Өнеркәсіп орындарының сұранысы бойынша инженерлік зерттеулерді жүргізіп, олардың нәтижелерін өндіріске дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ғылымның барлық түрлерін басқарып үйлестіріп отыратын Ұлттық Ғылым Академиясы (ҰҒА).
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мамандардың назарына жеткізуді ғылыми мағлұматтардың орталандырылған жүйесі қамтамасыз етеді.
Барлық ғылыми мағлұматтарды жинауды, өңдеуді ғылыми-техникалық ақпараттық институты (ҒТАИ) және ғылыми-техникалық ақпараттық орталықта (ҒТАО) жүргізеді. Бұл мекемелер рефераттық журналдар, рефераттық жинақтар, жедел мәліметтершығарып тұрады.
7.4. Ғылыми жұмыстың негізгі кезеңдері
Ғылыми жұмыстың негізгі кезеңдері мына төмендегілер саналады:
1. Зерттеудің мақсатын анықтау. Мақсат ғылыми жұмыстың ең бастапқы негізі, ең маңызды, ең күрделі бөлімі. Өндіріс практикасының сұранысы бойынша мақсатты тәжірибелі ғалым қояды.
2.Мәселенің тарихын зерттеу (ғылыми мағлұматтарды жинау). Зерттеу диссертациялармен, ғылыми есептермен, журнал мақалаларымен, монографиялармен танысу арқылы жүргізіледі.
Керек әдебиетті оңай, жылдам табу үшін экспресс – информациялармен, рефераттық журналдармен, апталық газет «Книжное обозрение» дегендермен танысу керек.
Әдебиетпен танысқанда мына төмендегілерді басшылыққа алу керек:
- зерттеу мақсатына керек басты мәселелерді, тақырыпқа қатысы жоқ болмашы материалдардан айыра білу керек;
- мүмкін болғанша түпдеректі зерттеу керек;
- әдебиеттегі келтірілген материалдар мен фактілерге сын көзбен қарау керек;
- танысқан материалдар туралы конспект жазу керек, картотека жасау керек.
Зерттелген тарихи материалдар туралы жазбаша есеп дайындау керек. Есептің соңында зерттелген әдебиеттердің тізімін келтіру керек. Әдеби түпнұсқалар есепте көрсетілген сілтемелер тәртібімен жазылып, номерленеді.
Кітаптарда әдебиеттер тізімі авторлардың фамилиясы бойынша алфавиттік тәртіппен келтіріледі. Есептің текстіне сілтеме жасалған түпнұсқаның номері квадрат жақшамен көрсетіледі.
3.Зерттеу мәселесінің қойылуы. Зерттеу мәселесінің мақсаты мен міндетін қойғанда мынадай принциптерді ұстау керек:
- қойылған мәселенің уақытқа сай екені және қажет екені туралы талдау жасау керек:
- мәселенің дер кезінде қойылғанының және оның қажет екендігінің заңдылығын тексеру;
- табиғаттың жалпы заңдары бойынша бұл мәселені шешуге болатындығын тексеру;
- ғылым, техника және өндірістің қазіргі деңгейінде қойылған мәселені ірі масштабта іске асыруға болатындығы, оны жүргізгенде нақты орындаушылардың мүмкіндіктері бар екенін тексеру.
4. Теориялық зерттеулер – зерттелетін нысанның физикалық мәнін зерттеу, физикалық немесе математикалық моделді дәлелдеу және таңдау, аналитикалық қатынастарды алу.
5. Зерттеу жоспарын жасау. Жоспарда күрделі мәселені бірқатар оңай мәселелерге бөліп жазады. Олар: эксперименттің мақсаты мен міндеті; экспериментті жоспарлау; экспериментті жүргізу методикасын жасау; өлшем құралдарын таңдап алу; аспап, макет, стенд және қондырғылардың конструкциясын жасау; лаборатория мен зауыттарда тәжірибелер жүргізу; өлшем және зерттеу нәтижелерін өңдеу. Жұмыс процесінде жоспарлар түзетіліп тұрады. Сондықтан уақыттан да, материалдан да және басқа қорлардан да резерв болу керек.
6. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және дайындау: теориялық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелерін теориямен салыстыру және талдау; теориялық моделдерді, зерттеулерді және қорытындыларын дәлдеу; қосымша тәжірибелер, ғылыми және практикалық қорытындыларды шығару; ғылыми техникалық есепті жасау.
7. Шешілген мәселелердің болашағы. Өндіріске енгізу және экономикалық тиімділігін анықтау: зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу, оның экономикалық тиімділігін есептеу, анықтау. Қойылған мәселенің болашақта тереңірек зерттеу мүмкіндігінің барлығы және болашақта жаңа қондырғылар мен технология жасауға болатындығы.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2566;