Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.
Бұл топқа педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір жатады.
Педагогикалық талап әдісі әртүрлі іс-әрекеттердің бір түріне тежеу, ал енді бір түрін күшейту мақсатымен тәрбиеленушінің санасына педагогикалық ықпал жасау екендігі тәрбие әдісінің теориясында айқындалған.
Оқушылардың ұжымын ұйымдастыруда педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиешінің қатынасы педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесс тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс істеуге мәжбүр етуді сабақтастырып отыру заңдылығын жүзеге асыруды көздейді.
Үйрету әдісін мектеп тәжірибесінде қолданғанда бала көбіне тапсырманы сырттай механикалық тұрғыда орындауға әуес келеді.
Жаттығу – мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі.
Тапсырма беру әдісі баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару, жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық жағдаят әдісінің өзіндік мәні бар. Кез келген педагогикалық жағдаят ең алдымен шығармашылық әрекет болып есептеледі. Себебі ол көптеген педагогикалық сұрақтарды, шешімдерді таңдап алуды қажет етеді.
Қоғамдық пікір. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс -әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.
3. Ынталандыру әдістеріоқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлығының қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез-құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Мадақтаудың түрлері: мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру.
Жазалау баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді.
Жарыс – мектеп жағдайында мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде оқушылардың бір- бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс- әрекетіне жаңа серпін, жаңа ой-сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады.
Дата добавления: 2016-03-04; просмотров: 8703;