Жылдық мектепте тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты. Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушының таным белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. бар. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.

Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі қазақстандық білім мазмұнын жаңғыртудағы білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі қазақстандық білімді жаңғыр­тудың жалғастырылуын қамтамасыз ете­тін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарла­ма­сы болып табылады.

Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жік­теуішіне сәйкес келтірілді. Оқыту­дың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда .

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты -өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Бұл өзгерістерге қалай дайын болу керек?

Білім беру жүйесіне ықпал ететін негізгі факторлар:

ü Ғылыми білім тұрақты жаңаруда;

ü Техника мен технологиялардың жылдам даму қарқыны байқалуда;

ü Еңбекті ұйымдастыру үлгісі өзгеруде;

ü Қазіргі кезеңде белгілі бір сала мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда стандартты біліктердің жеткіліксіздігі;

ü Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар ересек адамдарда тапшы болуда.

Нақты не істеу керек?

ü Орта білім жүйесін жаңартуды жүзеге асыру (мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары, күтілетін нәтижелер).

ü ХХІ ғасырдың өмірлік талаптарына сәйкес балаларды мектепте сапалы дайындаудың білім беру процесіне бағыттау.

ХХІ ғасырда қажетті дағдылардың дамуын қамтамасыз ету:

1. Сыни тұрғыдан ойлау және туындаған мәселелерді шеше білу .

2. Ұжымдық жұмыс және көшбасшылық қасиеттері .

3. Икемділік және жаңа шарттарға бейімделу қабілеті .

4. Бастамашылық және кәсіпкерлік дағдылар .

5. Өз ойын ауызша және жазбаша, сауатты жеткізе білу .

6. Ақпаратты іздеу және таба білу қабілеті.

7. Білімге құштарлық .








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3072;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.