Вагонағындарын ұйымдастыру

Вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесі

Вагон ағындарын ұйымдастыру негіздері

 

Вагон ағындары деп – белгілі бір уақыт аралығында (әдетте тәулік ішінде) белгілі бір бағытта жүретін вагондар саны

Темір жолда эксплуатациялық жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі – вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді (рационалды) тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді.

Рационалды бөлістіру кезінде келесі көрсеткіштер ескереді

- арақашықтық,

- вагондардың жолда болу уақыты,

- станцияның өндеу мүмкіндігі

- линияның өткізу мүмкіншілігі,

- отын және электр энергия жұмасалымы.

Әр параллель жолдағы эксплуатациялық шығындарын қосу арқылы тиімді жол бағытын таңдауға болады. Мысалы А-Б-В-Г жолы бойынша 390+280+320=990тенге/ваг., ал А-Д-Е-Г жолы бойынша 423+380+400= 1203 тенге/ваг. Қайсысы тиімді.

Бірақта тәжірибеде қысқа жолдар әр дайын пайдалы болып келмейді, көбінесе жақсы техникалық жабдықталған линияларды таңдайды. [2, 140-бет]

Тағайындалған (станция назначения) станциясына вагондардан жасақталған (формированный) поездар арадағы станцияларда өңдеусіз өтеді, яғни жылдам жетеді. Бірақта толық құрам жиналғанша қосымша тұру уақыты көбейеді. Сондықтан жөнелтуші (жинақтаушы станция) вагондардың тұру уақытын азайту үшін бағыттас поездарға жібереді. Бірақта жолда поездарды әр станцияда қайта өндеу қажет етеді, яғни қосымша маневрлік жұмыстарға қоысмша шығыстар алып келеді.

Сондықтан вагонағының ұйымдастыру үшін жүкті жеткіу мерзімін максималды азайту және тасымалдауға а шығын жұмсау жүйесін жасау қажет. [3, 7-бет]

Вагонағындарын ұйымдастыру

Вагон ағындарын оңтайлы (оптимальный) ұйымдастыру қамтамсыз етеді:

- вагондарды экономи­калық жағынан пайдалы жүріс жолдарына бағыттауды

- вагон ағындары­ның транзиттік деңгей жоғарлатуды

- техникалық станцияларда вагондарды өнімсіз өңдеу көлемін барынша кемітуді

Пойыздарды құрастыру жоспары вагон ағындарын ұйымдасты­рудың негізін құрайды.

Пойыздарды ұтымды құрастыру жоспарының мынадай артықшылықтары бар:

· вагондардың техникалық және жүк станцияларында тұру уақытын азайту;

· сұрыптау жұмыстарын барынша жарақтандырылған станцияларға шоғырландыру;

· көлік құралдарын пайдалану дәрежесін арттыру;

· кірме станциялар жұмысында темір жолдар мен кәсіп­орындардың өзара әрекеттесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 4738;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.