Жүк поездардың классификациясы

Бағыты бір белгілі вагондарды пойыздарға біріктіру тәртібін пойыздарды мамандандыру деп атайды.

Жүк пойыздарын былайша жіктейді:

1. Құрастыру жағдайына қарай:

· жүкті жөнелтушілердің қатысуымен ұйымдастырыл-атын жөнелтуші және сатылы маршруттық пойыздар;

· техникалық және жүк станцияларында жүк жөнелтушілердің қатысуынсыз құрастырылатын пойыздар.

2. Жүріс сапарының қашықтығына қарай:

· бір немесе бірнеше техникалық станциядан өңдеусіз өтетін өтпелі пойыздар;

· бір телімде құрамын өзгертпестен өтетін телімдік пойыздар;

· вагондарды телімнің аралық станцияларына тарататын (жинайтын) құрама пойыздар. Олар өз кезегінде былайша бөлінеді: телімнің аралық станцияларының бір бөлігінде ғана жұмыс істейтін аймақтық; екі және одан да көп телімдердің барлық немесе негізгі аралық станцияларында жұмыс істейтін (ұзартылған телімдерде); телімнің бір бөлігінен тоқтамастан өтетін құрама-телімдік пойыздар;

· техникалық станциялардан жұмыс көлемі үлкен кейбір аралық станция­ларға дейін жөнелтілетін жақынаралық пойыз­дар;

· бір тораптағы станциялар арасында қатынайтын және арнайы бөлінген тораптық локомотивтер паркі қызмет көрсететін тораптық пойыздар;

· жолдарды жөндеу мен тазартуға, қарды тасып әкетуге т.с.с. арналған шаруашылық пойыздар.

3. Қамтитын вагондарының күйіне қарай:

· тиеулі (жүк) пойыздар;

· бос пойыздар;

· құрама пойыздар.

4. Құрамдағы топтарының санына қарай:

· сұрыптау немесе жүгін түсіру станциясы бір вагондар­дан құралған – біртопты пойыздар;

· топтық пойыздар.

5. Жүріс жылдамдығына қарай:

· масса нормасы азайтылған және көтеріңкі маршрут­тық жылдамдықпен жүретін жедел және жеделдетілген. Бұлар – рефрижераторлық және контейнерлік пойыздар, сүт таситын пойыздар және т.с.с.;

· әдеттегі пойыздар.

Маршруттық пойыздар былайша бөлінеді:

1. Ұйымдастыру жағдайына қарай:

· бір станцияда немесе бір кірме жолда бір жүк жөнелтуші ұйымдастырған жөнелтуші пойыздары;

· әр түрлі жүк жөнелтушілердің бір станцияда тиеген вагондар тобынан біріктірілген станциялық сатылық пойыз­дар;

· телімнің бірнеше станциясында бірнеше (немесе бір) жүк жөнелтушілердің тиеген вагондар тобынан біріктірілген телімдік (тораптық), сатылық пойыздар;

· мекен-жайлық базада (базаға жақын телімдерде, станцияларда жинақ­талған вагондардан) құрастырылған пой­ыз­дар.

2. Вагондардың барарына қарай:

· бір станцияда түсірілетін вагондарды қамтитын, тікелей пойыздар;

· бірнеше станцияда түсірілетін вагондарды тарату үшін бір станцияға баратын пойыздар.

3. Вагондардың құрамда орналасу тәртібіне қарай:

· топтық пойыздар, мұнда вагондар станцияларға, жүк иелеріне және жүк түсіру телімдеріне қарай іріктеледі;

· вагондары іріктелмеген пойыздар.

4. Айналымына қарай:

· айналымды маршруттар, құрамдары жүгін түсірген соң жүк тиелген станцияға, құрамын өзгертпестен, бос күйінде оралады. (Бір кәсіпорнына қызмет ететін және алыс емес қашықтықтан оралатын айналымды маршруттарды айнал­малы деп атайды);

· әдеттегі (айналымды емес) маршруттар, станцияға оралуы міндетті емес.

5. Жүріс сапарының қашықтығына қарай:

· екі және оданда көп жолдардың шегінде жүретін – желілік пойыздар;

· бір жол шегінде жүретін – жол ішілік пойыздар.

Жүк пойыздарының жіктелуіне қарай вагон ағындары 1.4.1-суретте кел­тіріл­ген сызба бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Әдебиеттер

1.

2. Боровикова М.С. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Маршрут, 2003. – 368с.

3. Акулиничев В.М. Органиация вагонопотов. – М.: Транспорт, 1970, 223с.








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 3957;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.