ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ПӘНІ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, САЛАЛАРЫ, БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.

Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жан-жақты зерттейді. Дүниежүзінде қаншама тілдер бар, дәл санын айту мүмкін емес, бірақ осы тілдердің барлығына ортақ заңдылықтар қалыптасқан. Мұндай ортақ қасиеттердің болуы – тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің сөйлеу органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір-біріне жақын, ұқсас болуынан. Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс.

Тіл ғылымында тіл білімін жеке тілдер туралы ғылым, жалпы тілдер туралы ғылым деп екі үлкен топқа бөледі.

Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан негізгі күрделі салалар:

1 Интралингвистика (лат., «ішкі») тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика, ішкі лингвистика атаулары да қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.

2 Экстралингвистика (лат., «сыртқы») тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Салалары: социолингвистика, менталингвистика.

Тіл білімін зерттеуде қолданатын әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай да жіктешілік бар.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі –шығу тегі жағынанжақын тілдерді зерттейді, мақсаты – туыс тілдердің ара-қатынасын анықтап, даму сипатын көрсету. Ғылыми бағыт ретінде дамуы – 19 ғасыр.

Типологиялық тіл білімі –тілдердің шығу тегінің алыс-жақындығына қарамастан, олардың құрылымдық, функционалдық белгілерін салыстыра зерттейді. Негізінен жеке тілдерді зерттеуге арналған. Пайда болуы 19 ғасырдың екінші жартысы.

Ареалдық тіл білімі –лингвистикалық география әдісі арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық байланыстарын зерттейді. Пайда болуы – 19 ғ аяғы, 20 ғ басы.

Структуралық тіл білімі –тілді таңбалар жүйесі деп қарастырады. Тілдік элементтердің формалды жағын зерттейді. Қалыптасуы 20 ғасырдың 20-30 жылдары.

Психологиялық тіл білімі –сөйлеу процесінің адамның ойлау, байымдау, қабылдау, ес, түйсік қабілеттерімен байланыста жүзеге асырылуын зерттейді. 19 ғ. Ортасында пайда болды.

Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика (грекше «халық, тайпа») –тілдің халық, ұлт мәдениетіне қатысын зерттейді, пайда болуына 19 ғасырда Солтүстік, Орталық Америка жеріндегі үндіс тайпаларының тілін зерттеу ықпал еткен.

Социологиялық бағыт тілдіадамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым-қатынас құралы деп қарастырады, 19-20 ғасыр аралығында пайда болған.

Эстетикалық бағыт – тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттейді, 20 ғ басында батыс Европада пайда болған.

Дескриптивтік тіл білімі –америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50 жылдарында пайда болған. Оның мақсаты – тілдің лексикалық, грамматикалық мағыналары туралы мәліметтерді пайдаланбай-ақ, тіл элементтерінің өз айналасында болатын өзгерістерді зерттеу арқылы сөйлеу процестерін сипаттау. Бұл – диструбиция әдісін қолдану арқылы тілді формалды түрде зерттейтіндіктен, диструбициялық тіл білімі деп те аталады.

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Ғалымдар арасында тіл білімін жаратылыстану не қоғамдық ғылымға жатқызуда бірізділік жоқ. Қалай дегенмен де тіл табиғаттағы өзге де құбылыстардан, жаратылыстардан оқшау өмір сүре алмайтыны сиықты, тіл туралы ғылым да басқа ғылымдармен байланыссыз дами алмайды. Ғылымдардың байланысы дегенде мына мәселені ескеру қажет. Ғылым салаларының байланысы олардың ортақ мәселелерді зерттеуімен байланысты болады. Белгілі бір ғылым түрі табиғаттағы, қоғамдағы құбылысты, затты өзіне зерттеу нысаны етіп тұтастай не белгілі бір бөлшегін алуы мүмкін. Осыдан келіп жаратылыстағы бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ зерттеу нысаны бола алады. Осы тұрғыдан алғанда тіл ғылымындай басқа ғылымдармен байланысы мол ғылым саласы кемде-кем. Тіл білімінің философиямен, логикамен, психологиямен, әдебиетпен, тарихпен, этнографиямен, археологиямен, географиямен, семиотикамен, физикамен, математикамен байланысын осы ғылымдар туралы хабары бар кез-келген адам айтып бере алады. Ал тіл білімі мен кибернетика ғылымының байланысы тың және әлі де толық шешімін таппаған мәселе. Бұл екі ғылым саласын байланыстыратын қабылдау, ақпарат беру, еске сақтау, тілдік мәліметтерді өңдеу, жүйелеу процестерінің тіл білімі мен кибернетикада ұқсас қызметтері болып табылады. Кибернетикада электрон машиналардың негізгі міндеті – хабарды қабылдау, меңгеру, сақтау, өзгерту, қайта хабар беру. Тіл білімі үшін кибернетиканың маңызды ісінің бірі – материалды, мәтінді электрон машинасы арқылы бір тілден екінші тілге аудару мәселесі. Бұл мәселе 1954 жылы алғаш рт Америкада басталды, бірақ машинамен аудару ісі жан-жақты шешілді деуге болмайды.

 








Дата добавления: 2016-02-20; просмотров: 18135;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.