Дәріс. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ. ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ

Жоспары:

Тілдің шығуы туралы теориялар

Тілдің қоғамдық мәні туралы көзқарастар

Тіл және этникалық бірлік

Тіл дамуындағы құбылыстар

Тіл мен ойлау арақатынасына байланысты теориялар

 

Әдебиеттер: [№2,§14-28, 39-74]; [№3,§2.1-2.2, 38-57 бб]

Тілді қоғамдық құбылысқа жатқызуды жақтайтын пікірдегі зерттеушілер тілдің тек адамдар арасында, қоғамда ғана қызмет ете алатынын алға тартады. Тілге берілген анықтамалардың қатарында "Тіл - адам қарым-қатынасының аса маңызды құралы" деген В.И.Лениннің анықтамасы тіл қызметін айқындаудың басты кредосына айналды. Тілдің адам қоғамымен, ойымен, санасымен, мәдениетімен, қызметімен байланысты атқаратын міндетін, қызметін қарастырмай тұрып, тілдің табиғатын айқындау мүмкін емес (Кодухов, 1979). Тіл адам қарым-қатынасының маңызды, бірақ бірден-бір құралы емесі анық. Олай болса, адам қарым-қатынасының тілден өзге қандай түрлері бар және оның тілмен арақатынасы қандай деген сұрақтың басын ашып алайық.

Тілдік қатынас, терминмен айтсақ, коммуникация (лат. communicatio - хабарлау, тасымалдау, жеткізу) - бір адамнан екінші бір адамға қандай да бір мақсатта жеткізілген хабарлама. ТҚ (тілдік қатынас) екі немесе бірнеше тұлғаның белгілі бір жағдайдағы коммуникативті қызметі арқылы жүзеге асырылады. Тілдің адам қарым-қатынасының құралы болу қызметі коммуникативті қызмет деп аталады. Адамдар тілдің коммуникативті қызметі, яғни ТҚ арқылы бір-біріне ойын, сезімін, көңіл-күйін жеткізеді, қандай да бір бағытта бір-біріне ықпал етеді, өзара түсініседі. Адамдар бір-бірін түсіне отырып, адам қызметінің барлық салаларындағы бірлескен жұмыстарын атқара алады, бірлесіп тіршілік етеді. Олай болса, тек тіл ғана адам қоғамының өмір сүруін, дамуын қамтамасыз ете алады (Кодухов, 1979).

Тіл - адамдардың бірі ойын айтып, екіншісі оны түсініп және оған сөйлеумен, ой қорыту, арқылы не іс-қимылмен жауап қайтаруы арқылы танытады. Бұл процесс толығымен "тілдік қатынас актісі" деп аталады. Биолог зерттеуші Я.Дембовский "Психология животных" деп аталатын еңбегінде жан-жануардың қай түрінің де өзіне тән қарым-қатынас "тілі" болады деп көрсетеді. Бұндай қатынас түрінде түрлі дыбыстар, иіс, түстік, химиялық сигналдар, бейне түрінде пайдаланылады. Қатынас түрі арқылы жан-жануардың тобындағы мінез-құлқы, орны анықталады. Ю.В.Рождественский адамдарда да жануарларға тән сигналдық қатынас болады деп есептейді. Біз сөйлеушінің өзін көрмей-ақ, оның даусынын әйел, еркек, бала, жас не ересек екенін ажырата аламыз, сондай-ақ, сөздің астарында өтініш, реніш, бұйрық т.б. жатқанын да оңай аңғарамыз (Ю.В.Рождественский, 1990). Ғалымның айтуынша, бұл алғашқы қауымдық кезеңнен мұраға қалған тілдің "әлеуметтікке дейінгі" сипаты болып табылады.

Түрлі тілде сөйлейтін адамдардың түсінісуі (ымдау, қимыл-әрекет, дауыстың тоны т.б. арқылы), адамдардың жануарларды тілге үйретуі, аңдардың дыбыстарына еліктеуі - қатынас актісі тілдің әлеуметтік сипатын таныта алмайтынын көрсетеді. Кейде адамның өзіне туған емес, жат тілді үйрене алу қабілеті тілдің әлеуметтік белгісін береді деген ойлар да айтылады. бірақ бұл құбылысты да тілдің әлеуметтік белгісі ретінде қарастыру күмәнді.

Биологтардың көрсетуінше, бірдей жануарлардың бір тобындағы сигналдық белгілер мен екінші бір тобындағы сигналдық белгілер барлық уақытта сәйкесе бермейді. Бұның өзі сигналдық қатынастардың туа біткен емес, кейіннен қалыптасқанын көрсетеді. Сонымен бірге үй жануарлары мен үйретілген жануарлар адамдарға тән синалдарды меңгеруі мүмкін. сондықтан, тілдің үйренуге ыңғайлылығы оның әлеуметтік сипатынан саналмауы тиіс (Ю.В.Рождественский). Қатынас актісінің әлеуметтік сипаты тілдік қатынас фактілері арқылы емес, оның ерекше белгілерінен көрініс береді. Бұл белгілердің қатарында үш белгісін ерекше атап өту қажет: 1) еңбек бөлінісі мен алмасуына негізделген қоғамдық өндірістің бір-бірімен қатынас жасаудың тарихи байланысы, 2) қоғамдық сананы білдіру мүмкіндігі; 3) мәдениетті пайдалану және қалыптастыру мүмкіндігі.

Тіл және этникалық бірлік.Тіл ғылымында тілді адамдардың этникалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар. Тілдерді былайша бөлу – этникалық тұрғыдан сипаттағандық. Тіл бірлігі жоқ жерде этникалық бірлік те жоқ. Тіл дамуының әр тарихи кезеңдеріндегі этникалық бірлік атауларының тілге атау болуы да сол себептен болса керек. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да немесе араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болуы да мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда, тайпалық бірліктер, халықтар бірнеше рулардың, тайпалардың бірлігінен жасалғаны анық. Этникалық топтардың осылайша күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады. Халықтық бірлік құрамына енген этникалық топтардың тілдері бір-біріне сіңісіп, бір тілге айналуы немесе бір этникалық топтың тілі ерекше басым болып, бірте-бірте тұтас этникалық бірлктің ортақ тіліне айналуы мүмкін. Тілдердің этникалық жақтан тұтастануы қазіргі кезде де бар: ағылшындар, шотландықтар, американдықтыр бір тілде – ағылшын тілінде, испандықтар мен кубалықтар испан тілінде, неміс тілінде неміс, автриялықтар, португал тілінде бразилиялықтар т.б. сөйлейді. Дүниежүзіндегі тілдер қолданылу аясы, зерттелуі, пайда болу тарихы, сөздік қоры, қолданылу мүмкіншілігі жағынан алуан түрлі Бірақ бұндай алуан түрлілік тілдерге ортақ құбылыстардың болатынын жоққа шығара алмайды. Тілдерді зерттеуді оңайлату, жүйелілік үшін жіктеу, яғни классификациялау үрдісі қолданылады. Жіктеудің өзіне тән классификациялық белгісі, классификациялық ұстанымы болады. Мысалы, ареалдық жіктеу, тілдің қызметіне қарай жіктеу, әлеуметтік жіктеу, генеологиялық жікте т.б. жіктеулердің негізге алатын белгілері, ұстанымдары бар.

Тілдердің бөліну, бірігу процестері.Қоғамдағы түрлі өзгерістер: бірігу, ажырау, даму, кері кету, түрлі қақтығыстар, төңкерістер, саяси өзгерістер, формациялардың ауыскы, тіпті тілді қолданушы халық, ұлт, ұлыстардың араласуы, бөлінуі тілдің де дамуына, қалыптасуына әсер етеді.

Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды. Оның біріншщісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі, бұл процесс тіл білімінде дифференциация деп аталады. Екінші процесс жеке диалектілердің бір-біріне жақындау, бірігу процесі, тіл білімінде интеграция деп аталады. Ф.Энгельстің айтуынша, тілдердің ыдырауы көп жағдайда рулық қоғамға тән екен. Ру, тайпалардағы адам саны көбейген сайын олардың бөлінуге ұмтылысы арта түседі. Сөйтіп ру ішінен ру, тайпа ішінен тайпа бөлініп шығады. Бөлінген рулар өздері бөлінген топтардан қарым-қатынасын біржола үзіп, әрқайсысының өмір сүру салтында, тұрмысында өзгешеліктер пайда бола бастайды. Содан келіп, бөлінген рулардың тілі өзара туыс, жақындыға бар, бірақ өзгешеліктері да жеткілікті диалектілерге, туыстас тілдерге айналады. Бұл процесті Ф.Энгельс: «бөліну арқылы жаңа тайпалар мен тілдердің пайда болуы» деп атайды. Зерттеушілердің түсіндіруінше, капиталистік қоғамда өндірісті, ортақ нарықтық қатыгнастарды дамыту мүддесі елдің территориялық бөлшектерге бөлінуін жойып, біртұтас капиталистік мемлекет құруды қажет етті. Бұл кезеңде ұлттық бірлік, соның негізінде ұлттық тіл, ұлттық әдеби тіл қалыптасты.

Интеграция – қзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымның араласуының, жақындасуының нәтижесі. Бұндай біргуші тілдер қатарында туыстас тілдер не туыстас емес, мүлде қатысы жоқ тілдер де болуы мүмкін. Сондай-ақ, интеграциялық процесс тілдердің ынтымақтастығы арқылы да, бір тілдің екінші тілге үстемдігі арқылы да жүзеге суы мүмкін.

Тілдің қоғаммен байланыстылығын – бір кезеңдерде өмір сүрген тайпа, үлт, ұлыстардың, мемлекеттердің жойылуымен бірге, олар қолданған тілдердің де жойылуынан көруге болады. Мысалы, қоғам тарихында Ассирия, Вавилон мемлекеттерінің, мәдениеттерінің жойылуымен бірге аккад тілі де жойылды. Хеттер мемлекетінің жойылуымен бірге оның халықтары сөйлеген несит, лувий, палай, хетт аталатын ұсақ тілдер жойылды. Керісінше, қауым жоғалса да тілі сақталып қалатын құбылыстар да кездеседі. Ондай тілдердің қолданылу аясы мүлде тар және даму болмайды. Католиктер тіліне айналған көне латын тілі, Орта Шығыста қолданылған классикалық араб тілі және Үндістанда қолданылған санскрит тілі т.б. осының дәлелі.

Тілдік жағдаят.Бір тілдің немесе бір территориялық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады. Тілідк жағдаят – әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі бар, олар сандық, сапалық, бағалық белгілері арқылы анықталады.

ТЖ сандық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің саны, олардың әрқайсысында сөйлеушілердің саны, қоғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аячының мөлшері, қолдануда басым тілдердің саны т.б. жатады.

ТЖ біркомпонентті болуы да мүмкін (мысалы, Исландияда), бірақ ол сирек кездесетін құбылыс. Тілдердің көпкомпонентті жағдаятында тілдердің демографиялық, қарым-қатынастық деңгейі тең не әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Белгиядағы тілдік жағдаятта француз және нидерланд тілдері тең дәрежеде. Батыс Африка елдеріндегі тілдік жағдаят әр түрлі сипатта: демографиялық қуаты жағынан жергілікті тілдер басым да, қарым-қатынастық қуаты жағынан Европа тілдері басым.

Тілдік жағдаяттың сапалық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің бір тектес немесе әртектес болатыны, тілдердің функционалды сипаты тең не тең есем екендігі; мемлекет аумағында басымдық ететін жергілікті тіл ме, әлде кірме тіл ме екендігі жатады.

Тілдік жағдаяттың бағалық белгілері қарым-қатынастық қызметі, көркемдігі, мәдени қадірі жағынан тілді басқа ұлт, халық өкілдерінің немесе оның байырғы иелерінің бағалауына байланысты. Бұдан тілді іштей және сырттай бағалау келіп шығады.

Тілдік жағдаятта көптілділік, хасанды тілді қолодану сияқты құбылыстар кездеседі.

Билингвизм – қостілділік немесе көптілділік.

Креол тілдер.Бір тіл мен екінші тілдің тоғысуынан пайда болған жасанды тілдер. Ол Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршылдарының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (business «іс» сөзінен бұрмалаған) тілдердің қалыптасуымен байланысты. Бұл процесс жергілікті халық тілдері мен одан тегі бөлек келімсектер тілінің қарым-қатынасындғы тілдік жағдаятқа байланысты. Пиджинделу процесі кезінде келімсектер тілінің тілдік құрылымы елеулі өзгеріске түсіп, жеңілтетіледі, жергілікті этностар тілінен кейбір формаларды қабылдауы мүмкін. Сөйтіп, пиджиндер негізінде пайда болып, жергілікті этностардың ана тіліне айналған креол тілдер қалыптасады. Креол тілдердің бастапқы негіз тілмен байланысы үзілмейді. Бірақ бұндай тілдердің даму процесінің эволюциялық қалпы бұзылады. Кейбір үлкен аймақтарда креол тілдер койне түрінде, кейбір жерлерде ресми тіл дәрежесінде қызмет атқарады.

 








Дата добавления: 2016-02-20; просмотров: 8787;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.