Дәріс. ТІЛДІҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Жоспары:

1. Тілдің даму заңдылықтарына қатысты көзқарастар

2. Тілдің даму заңдылықтарына жататын құбылыстар

3. Тіл өзгерістерінің ішкі және сыртқы себептері

4. Тіл құрылымының дамуы

5. Тілдік одақ

6. Ностратикалық тілдер

Әдебиеттер: №2,§46-55, 103-124бб, №3,§8.4-8.6, 449-466

Мәселенің зерттелу тарихынан.Тілдің дамуы жөніндегі мәселе – жалпы тілтану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын тілдік құбылыстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән-мағынасын түсіну мүмкін емес.

Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің тіл ғылымындық проблемаларының бірі ретінде қарала бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Көрнекті ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тілдің тарихи құбылыс екендігіне көңіл аударып, оның тарихын зерттеуге бет бұрушылық 19 ғасырдың басында, салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дүниеге келуінен басталды.

19 ғасырға дейін едәуір етек алған, тіл жүйесіндегі өзгерістерді құбыжық етіп көрсететін көзқарастын салқыны, ықпалы 19 ғасырдың өзінде де қалмады. Р.А.Будагов бұл жөнінде: «Жалпы айтқанда, тіл тарихы жөніндегі концепцияның жолы болмады, дүниеге келіп үлгермей жатып-ақ күмәнданушылыққа душар болды. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы салыстармалы-тарихи тіл білімін негіздеушілердің бірі Франц Бопптың өзінде де тілдегі даму – оны бүлдіруге, деформацияға әкеп соқтыратындай болып көрінді. Мұндай пікірдің тууына үндіеуропа тілдерінің жаңа түрлеріне қарағанда, оның көне түрлерінде флекцияның редукциялануы тілдің бүлінуімен парапар деп саналды. Флекцияның молдығын, әр жақтылығын тілдің байлығымен, оның даму дәрежесімен тең қою концепциясы қаншалықты аңғырттық болғанымен, ол 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы ең үстем пікір болды», - деп жазды. Тілдің дамып отыратын тарихи құбылыс екенін мойындаушылардың өздері де тіл дамуының табиғатын, сандық өзгерістер мен сапалық өзгерістердің сипаты мен арақатынасын, дамуға түрткі болатын ішкі-сыртқы факторларды айқындауда бірауызды болмады. Оның төркіні ғалымдардың, лингвистикалық мектептердің басшылыққа алған методологиялық көзқарастарында, тарихи дамудың заңдылықтарын қалай түсінетіндіктерінде жатыр. Сондай-ақ, бұл мәселеге олардың басқа қандай ғылымдағы жетістіктерді, критерийлерді үлгі-өнеге етулерінің де тигізетін әсерлері аз болмаса керек.

Динамизм – тілдің барлық жағдайдағы күйіне тән қасиет. Ол – өзінің жаратылысынан өзгеріске, дамуға бейім құбылыс. Өзгеру, даму тіл атаулының табиғатына тән өзіндік қасиет. Бұл – тілдің қоғам өміріндегі атқаратын қызметіне, алатын орнына байланысты. Тілді қатынас құралы ретінде қолданушы қауым әрқашан да өзін қоршаған, үнемі қозғалыс, даму үстіндегі ақиқат өмірімен, әлеммен қарым–қатынаста болады. Одан үздіксіз жаңа әсер, жаңа ұғымдар алып, өз түсінігін, өзінің ой–санасын дамытып отырады. Олай болса, сол дамып отыратын ой –сананың көрсеткіші, қалыптастырып жарыққа шығарушысы – тілдің бір қалыпта тұрып қалмайтыны табиғи жайт. Бірақ бұдан тілдің синхрондық жағдайдағы қозғалысымен, өзгерісімен диахрондық эволюция жағдайындағысы бірдей деген қорытынды шықпайды. Шартты түрде мұның алғашқысын қозғалыс, соңғысын өзгеріс деп атауға болады.

Қозғалыс (варирование) тілдің синхрондық жағдайдағы күйіне тән. Мұнда тілдің құрылымы өзгермейді. Құрылымның барлық қабаттарында да тек сандық құбылыстар, түрленістер болды. Сөйтіп, бірте–бірте кейін болатын өзгеріске, эволюцияға әзірлік жасалады. Ал, эволюция, өзгеріс диахронияға тән қасиет. Ол –тілдің синхрондық күйіндегі қозғалыстардан келіп туады, соның жоғарғы сатысы, аяқталуы болып есептеледі. Мұндағы өзгеріс тілдің құрылымына әсерін тигізеді.

«Өзгеріс процесі дегеніміз», – деп жазады «Общее языкознание» атты еңбектің авторлары, – бір элементтің екінші бір элементі ығыстырып шығаруынан, соның орнын басуынан бастап, белгілі бір тұлғаның бірте–бірте материалдық, функциялық немесе семантикалық өзгеріске ұшырауына дейінгі процесі. Ал, қозғалыс, түрленіс (варирование) дегеніміз – қатар өмір сүру, белгілі бір ұқсастықтарына қарай бірігетін гетерохрондық немесе гетерогендік туындылардың, тұлғалардың, конкуренциялық процесі».

Синхрондық зерттеу тілдің белгілі бір ғана дәуір ішіндегі жүйесін, құрылым сипатын баяндайды. Бірақ соларды баяндау үстінде, қажетті жерінде, элементердің, амал-тәсілдердің тарихына да көз жіберу қажеттігі тумай қоймайды. Диахрондық зерттеуде тілдің белгілі бір мезгілдегі жүйе элементтері екінші бір кезеңдегі жүйе элементтерімен салыстырылады. Бұл- диахрондық әдістің синхронияны қажет ететін жері де барлығын көрсетеді.

Сөйтіп, тілдің синхрондық және диахрондық зерттеу әдістерін бір-біріне байланыссыз, бірін-бірі жоққа шығаратын екі бөлек тәсіл деп санауға болмайды. Бұл екеуі – өзара тығыз байланысты, бірін екіншісі айқындай, толықтыра түсетін тілдік құбылыстың біртұтас даму процесінің екі түрлі кезеңі, сатысы.

Өзгеріске ұшырамайтын, бірқалыпта қалып қоятын тіл болмайды. Тіл атаулының барлығы да сөздік құрамы жағынан болсын, грамматикалық және фонетикалық құрылымдылық жағынан болсын, заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Тілде болатын өзгеріс-құбылыстар алуан түрлі, бірақ солардың барлығы бірдей тілдің дамуы деген ұғымға жата бермейді.,ығы бірдей тілдің дамуы деген ұғымға жата бермейді. Тілдің дамуы деп оның лексикалық құрылымының жаңа атаулармен, жаңа ұғым көрсеткіштерімен толығып, жетілуін, сөйтіп, тілдің икемділік, орамдылық қасиетінің артуын айтады. Бірақ бұл айтылғандардан тілде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де тұрақсыз,Бірақ бұл айтылғандардан тілде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де тұрақсыз,Бірақ бұл айтылғандардан тілде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де тұрақсыз, көшпелі деген ұғым тумауы керек. Тіл атаулының бәрінде де және оның барлық салаларында да тұрақты элементтер мен тәсілдер өзгерімпаз, тұрақсыз элементтермен, амал-тәсілдермен жарыса қатар жүріп отырады. Тілдің өз негізін ұзақ замандар бойына елеулі өзгеріссіз сақтай алатыны да онда статикалық та, динамикалық та қасиеттің барлығынан. Бірақ оның статикалық күйін абсолюттік мәнде түсінбеген жөн. Динамизм онда да бар.

Тілдің құрылымдылық және қызметтік, функциялық дамуы. Тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысында, лексикасында болатын жетілістер, дамулар құрылымдық даму деп аталады. Сонымен бірге, тіл дамуы деген ұғымға оның қоғамда атқаратын қызметінің ұлғаюы, кеңеюі де енеді. Дамудың бұл түрі фукнционалдық даму деп аталады.

Тілдің функциясы дегеннен оның қоғамда атқаратын қызметін түсінеміз. Тілдік құбылыстар ішінде оның қызмет жағынан дамуының мәні ерекше. Тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қандайы болса да, оның қоғамдық қызметі үстінде туып, қалыптасады. Тіл өзінің қоғамдық қызметі арқасында тынымсыз қозғалыс, әрекет үстінде болады да, соның нәтижесінде қоғам сынына түсіп, өмір талабына сәйкестеніп отырады. Сондықтан да тілдің қызметі мен құрылымдық эволюциясы бірлікте қаралады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді, шарттас деп есептеледі. Бірсыпыра ғалымдар тілдің қызметі мен құрылымдық эволюциясы арасындағы қарым-қатынасты тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынас деп те атайды. Тілдің қызметтік дамуы, негізінде экстралингвистикалық жағдайларға тәуелді, оның қызметінен туады.

Тіл дамуының заңдылықтары. Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына себепші, түрткі блатын жағдайлар болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Тілдің дамуындағы жалпы заңдылыққа төмендегілер жатады:

1. Тілде бірте-бірте, эволюциялық жолмен дамиды.

2. Тілдік қабаттарының барлығы бірдей дәрежеде, біркелкі дамымайд, жағдайға, өмір талабына сәйкес әр түрлі қарқында, әр түрлі сапада дамиды. Бірақ тілдің жеке қабатында болған өзгеріс, белгілі мөлшерде болса да, тілдік жүйеге әсерін тигізбей тұра алмайды. Олай болмағанда, тілді әрбір қабаттары, элементтері бір-біріне байланысты, тәуелді, өзара шарттас болып келетін бірбүтін жүйе деуге болмас еді.

3. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып тұрған жағдайда әрқашанда даму үстінде болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан бұрынғы, тарихтан кейінгі деп екі кезеңге (неміс ғалымы А.Шлейхер, 19 ғ.) немесе әр түрлі сатыға болу дұрыс емес.

4. Тілдің дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір емес, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс, дүмпу, ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқтылар болмайды. Тілге енетін жаңалық топтанып, түйдектеніп, бірден енбейді, мысқылдап, біртіндеп келіп сіңіседі және ондай жаңалықтардың басым көпшілігі ескілікті жамыла, ескі материалдар негізінде туып жатады да, материалдың ескілігі, үйреншіліктілігі ондағы жаңалықты бүркеп, байқатпай тұрады. Мысалы:қазіргі әдеби тілімізде жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем, биік мұрат, өндірістік бағдарлама, тірі мүйіс, демалыс күн, ашық жиналыс, жабық жиналыс, пікір алысу, тәжірибе алмасу, су қоймасы дегендер тәрізді тіркестер жүздеп, мыңдап қолданылады. Бірақ өткен ғасырлар ескерткіштерінде дәл осындай мағынада мұндай тіркестер кездеспейді. Бұл тәріздес тіркестердің бәрі де 20 ғасырда, әсіресе Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі дәуірде ғана пайда болды. Тілімізге біртіндеп, елеусіз сіңіскені сондай, қазір де бұларды тілдегі жаңалық деу қиын. Оның тағы бір себебі жоғарыда келтірілген тіркестердің барлығы да тілімізде бұрыннан бар көне материалдан (сөздерден) жасалған.

Сөйтіп, тілдің дамуы, шындалып жетілуі бірте-бірте болады. Тіл дамуының басқа қоғамдық құбылыстар, әсіресе базис пен қоғамдық қондырмалар дамуынан өзгешелігі де осында.

5. Тілдің даму қарқыны, шындалып жетілу дәрежесі қоғам дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше болады. Оның кейбір кезеңдерінде тіл мардымды өзгеріске ұшырамайтын болса, екінші бір дәуірлерінде тез қарқынмен дамиды. Қоғам өмірінде айтарлықтай күрделі өзгерістер, қарқынды дамулар болмаған дәуірлерде тілдің дамуы да баяу болмақ. Керісінше, қоғам өмірінде ұлы өзгерістер, жаңа бет бұрыстар, қарқынды дамулар болған дәуірде тіл дамуы да қарқынды, өнімді болмақ. Бұған, өзгені былай қойғанда, Кеңес одағындағы әр түрлі халықтар тілдерінің, олардың ішінде қазақ тілінің де Қазан револэциясы жеңгеннен кейінгі даму дәрежесі дәлел. Қазақ тілінің осы қысқа мерзім ішіндегі даму дәрежесі одан бұрынғы бірнеше ғасырлар бойғы дамуынан әлдеқайда қарқынды және өнімді болды дей аламыз.

6. Тілдің қай-қайсысында да оның құрылымдық элементтерін абстракциялап қолдану заңы бар. Бұл заң бойынша, тілдегі бір кездегі деректі элемент барған сайын дерексізденеді, бір кездердегі толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сөзгерде айналады, сөздер бастапқы, негізгі мағыналары үстіне келтірінді, ауыспалы мағыналар үстеп, семантикалық жағынан дамиды т.б.

7. Дыбыс тілі дамуына тән тағы бір ортақ заңдылық – дифференциация заңы. Ежелгі замандар тілінде тілдік элементтер қазіргідей сараланбаған, дыбыстау, сөйлеу диффузды болған. Көрнекті ғалымдардың болжамдарына қарағанда, дыбыс тілі пайда болуының бастапқы кезеңінде қазіргі түсінігіміздей жеке дыбыс, сөз, сөйлем дегендер болмаған, яғни дыбыс тілі атаулының қай-қайсысы да сөйлеудің бастапқы диффузды (элементтері бір-бірінен жекеленбеген, бөлінбеген) түрінен оны жеке элементтерге бөлшектеу, даралау принципі арқылы дамыған. Сөздердің әр түрлі таптарға бөлінуі, сөйлем түрлерінің көбеюі сияқтылар тілдік тұлғаларды бір-бірінен жекелеу, даралау талабынан туғандар. Бұл екі тәсіл – абстракциялау мен дифференциялау тәсілдері тілдер дамуында жарыса жүріп отырған процестер.

8. Тіл дамуында дифференциялаумен қатар, оған қарама-қарсы мәндегі интеграциялау (топтау, біріктіру) принципі де болады. Бұл тәсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы тұлғалар құрамына еніп, анағұрлым күрделі тұлғалар жасалады. Морфемалардан сөз, сөздерден сөз тіркестерін, бұлардың тіркесулерінен сөйлем құрау, лексикалық мағыналары әр түрлі сөздерді белгілі бір ғана сөз табы етіп топтау интеграция принципіне негізделеді.

Интеграция принципіне негізделген заңдылықтың бірі – синкретизм. Синкретизм(грекше synkretismos қосу, біріктіру) тілдің даму процесінде қызметі әр түрлі грамматикалық категориялар мен формалардың, семантикалық белгілері бір-бірінен өзгеше сөздердің бір формада сәйкес келуін білдіреді. Кейбір ғалымдар бұған грамматикалық омонимдерді, енді біреулер – көп мағыналы сөздерді жатқызады. Мысалы: тоң сөзі әрі етістік, әрі зат есім, көш – әрі етістік, әрі зат есім, кір – әрі зат есім, әрі сын есім, тамақ сөзінің екі түрі де зат есім мағынасында қолданылады. Синкретизм әдетте тіл элементтерінің формасы мен мағынасының өзара қатынасындағы тарихи өзгерістерге байланысты туады. Синкретизм тілдің барлық деңгейінде кездеседі, бірақ олардың – қалыптасу дәрежесі әркелкі.

9. Тілдер дамуында болатын ортақ құбылыстардың тағы бір түрі – аналогиялық принцип. Бұл тәсіл бойынша тілде бұрыннан белгілі бір тұлғаға, амал–тәсілге сүйеніп, соған ұқсас жаңа, тың туындылар жасалады. Мысалы: қазақ әдеби тілінде «аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп» деген сияқты бірді-екілі сөйлемшеде ғана болмаса, = ар+ман, = ер+мен деген қосымшалар арқылы жасалатын сөздер жоқ еді. 20 ғасыр екінші жартысында аналогия тәсілмен көрермен, оқырман, қадырмен деген сөздер; жұмыскер, балалық, сәлемдеме тәріздес сөздерге аналогия ретінде қаламгер, оқулық, аялдама тәріздес сөздер қалыптасып орнықты.

Орыс тілінде легализация, активизация деген сөздердің аналогиясы ретінде паспоортизация, советизация; машинист, артиллерист сөздеріне аналогия ретінде значкист , очеркист; метражға ұқсатып, листаж; ипподромға ұқсатып, аэродром, космодром т.б. сөздер қалыптасқан.сөздер қалыптасқан.

Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері. Тілдік құбылыстарға себепші болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі- сыртқы фактор, екіншісі- ішкі фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортада болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына байланысты тілдік қауымның қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуі мен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп тұрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады.

Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы факторлардың ең күштісі- қоғамдық прогресс, қоғамның рухани өміріндегі, өндіргіш күштер мен техникадағы, ғылымдағы, шаруашылықтағы өзгерістер. Қоғам өмірінде болатын мұндай прогресс тіл дамуына елеулі ықпал жасайды. Бұған дәледі басқа жақтан іздемей-ақ қазақ тілінің 1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі жағдайынан-ақ табуға болады. Бұл кезең ішінде қазақ халқының саяси-шаруашылық, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени өмірінде бұрынғы ұзақ ғасырлық тарихында болып көрмеген ұлы өзгерістер, жаңалықтар болды. Соған лайықты тіліміз де бастапқы негізін сақтай отырып, біраз елеулі құбылыстарға ұшырады. Ол құбылыстар, ең алдымен, тіліміздің қоғамдық-әлкуметтік қызметінде болған үлкен өзгерістердің нәтижесінде пайда болды.

Қазақ тілі кейініректе біртұтас ұлттық әдеби тіл, жазу тілі дәрежесіне көтерілді де, жалпыұлттық әдеби тіл, жазу тілі атқаруға тиісті қызметтердің бәрін де атқаруына тура келді. Ол Кеңес дәуірінде кең етек жая алған мерзімді баспасөздің, публицистиканың, көркем прозаның, саяси-ғылыми әдебиеттердің, кең жолға қойылған үгіт-насихаттың, оқу-ағарту істерінің тілі болып қайта құрылды.

Қазақ тіліне байланысты айтылған бұл пікірді басқа көптеген ұлттар тілдерінің Кеңес дәуіріндегі даму тарихына байланысты айтуға да болады. Өйткені ұлттық тілдердің Кеңестік құрылыс жылдарындағы даму заңдылығы бір тектес, бір-біріне өте ұқсас.

Тіл дамуына себепші болатын сыртқы факторлардың тағы бір елеулі түрі – тілдердің бірі–бірімен байланысы, қарым–қатынасы. Басқа тілдермен байланыссыз, томағатұйық өмір сүретін тіл болмайды. Қандай халық болса да, өзімен көршілес басқа бір халықтармен экономикалық немесе мәдени байланыссыз тұра алмайды. Мұндай байланыс, яғни әр түрлі тілде сөйлейтін қауымдардың байланысы, тілдердің де қарым-қатынасы күшейтеді. Олардың қайсысының көбірек ықпал жасауы толып жатқан әлеуметтік факторларға байланысты. Оған қарым-қатынасқа түскен тілдер иелерінің мәдени дәрежелерінің, экономикалық жағдайларының, әлеуметтік беделдерінің, ол тілдерде сөйлейтін адамдар санының тигізетін әсері аз болмаса керек.

Тілдер қарым-қатынасының тіл дамуына тигізетін елеулі әсері болатыны тіл білімінде бұрыннан белгілі. Бұл әсер тілдер арасындағы қарым-қатынастың сипатына қарай әр түрлі болады.

Тілдік қарым-қатынас контакт әр түрлі тілде сөйлейтін халықтардың бір-бірімен тікелей немесе жанама түрде қарым-қатысқа келуі нәтижесінде пайда болады. Оның да жолы әр түрлі.

Белгілі бір тілде сөйлейтін қауым қонысына басқа тілді этникалық топтың келуі мүмкін. Мұндай келімсектердің жергілікті халықты күшпен бағындыруы, олардың тілін ассимиляциялап, өз тілдерін зорлап қабылдатуы, болмаса өз тілінен айырылып, жергілікті халық тілін қабылдауы немесе өзара қатынаста тұрып, олардың тілдері бірінде жоқты бірінен алып, қатар дамуы да мүмкін. Бір аймақта тұратын тілдер бірін екіншісі ассимиляциялағанда жеңілген тіл із-түзсіз жойылып кетпейді, оның қалдықтары жеңген тіл ішінде ұзақ сақталады. Егер қалдық жергілікті тілдік болса, субстрат делінеді де, келімсектер тілінің жойылуынан қалған қалдық болса, суперстрат деп аталады. Ал, достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізген әсерлері интерстрат делінеді.

Кеңес Одағындағы тілдер қатынасында орыс тілі шешуші рөл атқарып келді. Орыс тілін бүкіл Кеңес халқы бір-бірімен қатынас жасайтын ұлтаралық тіл ретінде қабылдады да, оны екінші ана тіліміз деп жариялады.

Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі себептер мен сыртқы себептердің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан дүниелер деп санауға болмайды. Бұлар өзара бірлікте, қарым-қатынаста болады. Тілде болатын өзгеріс-құбылыстар қандай себептерден туса да, тілдің ішкі мүмкіндігіне, оның жүйелік сипатына негізделеді, соған сәйкестенеді. Алдыңғы параграфтарда тілдік құбылыстарға себепші болатын ортақ заңдылықтар – абстракциялау, дифференциялау мен интеграциялау және аналогия жасау тәсілдері тілдің дамуына себепші болатын ішкі факторлар деп есептелетіні айтылды. Алайда, осы себептер арқылы болатын өзгеріс-құбылыстардың қандайы болса да әлеуметтік қажеттіксіз болмас еді. Сондай-ақ, кейбір зерттеулерде тілдік механизмінің адам организмінің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болуын көздеу, тілдік тұлғалардың айтуға жеңіл, сөйлеу органдарына күш түсірмеу талаптарын да тілдің дамуына түрткі болатын ішкі себептерге жатқызады. Бұларды да таза тілдік себептер деуге болмайды, әлеуметтік қажеттілік, экстралингвистикалық себеп мұнда да жоқ емес.

Аталған ішкі және сыртқы себептердің тілдің құрылымдық тарауларына тигізетін әсерлері болмайды. Оны байқау үшін тілдің әр саласының даму ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталамыз.

Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын еш нәрсе де жоқ, заман өткен сайын оның барлық саласы да өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Оларда болатын өзгеріс-құбылыстардың тағдыры, қарқын-сипаты ішкі, сыртқы себептерге байланысты.

Дегенмен, дәуір талабы, сол тілде сөйлейтін қауым мұқтажы деңгейлес бола тұрса да, тілдік әр қабаттың әр түрлі сипатта өзгеріп, дамитындығы бола беретін құбылыс. Ол әр қабаттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.

Лексиканың дамуы. Тілдің лексикалық құрамы оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамығыш сала болатын себебі ол адамдардың қоғамдық өмірінің, барлық саласымен, күллі тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалықтарды тез қабылдайды және дереу, тікелей атап көрсетеді.

Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі- әр тілдің өзіндік байырғы материалдары негізінде, екіншісі- басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.

Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Ғасырлар бойы бір қалыптан аумай, негізінен өзгеріссіз қалатын тұрақты сала лексика да бар. Лексиканың ондай тұрақты қабаттарына сандық, сындық мағыналарды білдіретін сөздерді, өсімдіктерді, туыс, мал атауларын, етістіктерді, яғни негізгі сөздік қорға жататын сөздерді, ал, сөздік құрамының өзгерімпаз, дамығыш саласы қатарына ғылыми-техникалық, мәдени-өнерлік, саяси-әлеуметтік, шаруашылық терминдерді, атауларды жатқызуға болады.

Тілдің сөздік құрамына жаңалық қаншалық тездікпен еніп жататын болса, ондағы жеке сөздердің активтен пассив сөздікке, одан бірте-бірте архаизмге, историзмге айналуы да сондай тездікпен жүріп жатады. Бірақ қашанда енетін жаңалық мол болады да, тілдің сөздік құрамы молығып байып отырады.

Сөздік құрамының дамуы оның сан жағынан көбеюімен ғана өлшенбейді. Бұл мәселеде сөздердің семантикалық құбылыстарының, семантикалық байлықтарының, экспрессивтік, стилистикалық икемдіктерінің және бір-бірімен тіркесімпаздық қасиеттерінің де алатын орны, атқаратын қызметі аз емес.

Фонетикалық дамуы. Әдетте, тілдің дыбыстық құрылымы лексикаға қарағанда әлдеқайда баяу өзгеретін сала деп есептеледі. Сөйлеудің фонетикалық құбылыстарға ұшырауы – оны пайдаланып отырған бір ұрпақ өмірінде болмайтындығы, оны тілдің бір ұрпақтан екінші ұқпаққа ауысқан дәуірінде болатындығы ғылымда орныққан қағида.

Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: а) алдыңғы ұрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі ұрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл – тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы ұрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі ұрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бұл- дивергенция деп аталады.

Тіл дыбыстарының қай-қайсысы да сөйлеу органдарының артикуляциясы арқылы жасалатыны белгілі. Тілдегі әрбір дыбыстың сол тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы болады. Жеке дыбыстардың артикуляциясынан біртұтас артикуляциялық база қалыптасады. Артикуляциялық база деп әр қауымның сөйлеу мүшелірінің өз тіліндегі барлық дыбыстарды айтуға әбден қалыптасқан әдетін, үйренген дағдысын айтады. Фонетикалық құрылымда болатын өзгеріс-құбылыстар ең алдымен тілдің артикуляциялық базасына өзгерістер енгізеді. Жеке дыбыстардың қолданудан қалып жойылуы сөйлеу органдарындағы сол дыбыстың артикуляциясын да жояды немесе тілде бұрын болмаған жаңа дыбыстың пайда болуы сөйлеу әдетінде болатын ондай құбылыстардың сипаты біркелкі болмайды. Басқа бір тілден ауысқан дыбыс енген тілінің артикуляциялық базасынан берік орын алып, ол тілдің байырғы сөздеріндерде де қолданылатын тума дыбысы болып кетуі мүмкін. Мысалы, орыс тіліне өткен ғасырларда енген ф дыбысын кейбір русистер сондай дыбыс деп санайды. Болмаса басқа тілден ауысқан дыбыс енген тілінің байырғы сөздерінде қолданылмайтын, ауысқан сөздермен бірге енген және тек сол сөздерде ғана қолданылатын дыбыс болуы да мүмкін. Мысалы, қазақ тілі дыбыстық құрамына орыс тілінен ауысқан ф, ц, ч, в сияқтылар. Бірақ бұл дыбыстар өздері құрамына енетін сөздердің тілімізге көптен енуі және сол сөздердің күнделікті өмірде жиі қолданылуы арқасында тілімізге сіңісіп келеді. Біздің сөйлеу мүшелеріміз, әсіресе орыс тілінде еркін сөйлей алатын қазақтардың сөйлеу мүшелері, бұл дыбыстарды жатсынбай айтатын болып алды. Олай айту бұл дыбыстардың артикуляцияларының қазақ тілінің артикуляциялық базасына сіңісе бастауы деген сөз.Осыған байланысты айтылатын бір жай – орыс тілінің сөйлеу әуеніне, екпін-интонациясына лайықты қазақ тілінің сөйлеу әуенінде де, әсіресе қазақ интеллигенциясының сөйлеу әуеніне, біраз өзгерістердің ене бастағаны байқалады. Бірақ бұл әсіресе қазақ сөзін, қазақ сөйлемдерін орыс тілі акцентімен, орыс тілі екпінімен айтушылық –тіліміздің дыбыстық құрылымының даму фактісі емес, өйткені мұндайлар тіл дамуы болып есептелмейді.

Тіліміздің фонетикалық заңы сөз басында бірнеше дауыссыз дыбыстардың қабаттасып айтылуын көтермейді. Сондықтан 20 ғасырдың 30 жылдарында дейін трактор, станция, драма, пролетариат деген тәріздес сөздерді айтуда да, жазуда да оларға қысаң дауысты дыбыстардың бірін қосақтайтынбыз. Ал, бұл күнде орыс тілі арқылы енген сөздердің я олардың буындарының басында екі дауыссыз дыбыс келтіріп айту тіліміздің фонетикалық заңынан берік орын ала бастады. Мұның ешқайсысы да кездейсоқ құбылыстар емес, олардың барлығының да әлеуметтік негізі бар, ол негіз – қазақ тілінде я орыс тілі арқылы енген және енетін сөздердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін өзгертпей сақтау принципі. Орыс тілінен қазақ тілінен қазақ тіліне енген фонетикалық заңдардың барлығы да осы принципі басшылыққа алудан туған. Бұл принциптің берік сақталуы – тілдердің, оның ішінде орыс тілі мен қазақ тілінің тілдердің, оның ішінде орыс тілі мен қазақ тілінің де өзара жақындаса түсуіне қолайлы жағдай туғызады деп есептеледі.

Айтылған жағдайлар тілдің орфоэпиялық жағының өзгеріске бейімірек тұратындығын байқатады. Кейде оғанКейде оған жазу нормасының елеулі әсер ететіні де жиі кездеседі. Қай халықта да сөз қалай жазылса, солай оқуға тырысатын Қай халықта да сөз қалай жазылса, солай оқуға тырысатын адамдар аз болмайды. Бұл әсіресе тілдік заңды біле бермейтін адамдар арасында жиі кездеседі. Бұл дәуір үшін онша елеулі болып есептеле қоймайтын орфоэпиялық құбылыстар мен алуан түрлі үндестік заңдары заман өте келе фонетикалық жүйенің ұл әсіресе тілдік заңды біле бермейтін адамдар арасында жиі кездеседі. Бұл дәуір үшін онша елеулі болып есептеле қоймайтын орфоэпиялық құбылыстар мен алуан түрлі үндестік заңдары заман өте келе фонетикалық жүйенің өзгеруіне, жаңа екінші бір жүйенің пайда болуына себепші, түрткі болатыны даусыз.

Грамматикалық дамуы. Грамматикалық жүйе – басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне, қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе. Сондай-ақ грамматикалық формалар мен олардың мағыналарының арақатынастары да күрделі, жанама түрде болып келеді. Бұлардың үстіне тілдің грамматикалық құрылымындағы құрылыстар лексикадағыдай бірден көзге түсіп, көрнеу тұрмайды. Мысалы, қазіргі тіліміздегі қосымшалар, сөйлем мүшелері мен жай және құрмалас сөйлем түрлері , т.с.с., - сонау ертеректердегі жазу нұсқауларының өзінде де бар категориялар. Бүкіл түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің де, қазіргі грамматикалық құрылысының типологиялық негізгі белгісі – жалғамалылық қасиет сонау 5 ғасырдан сақталған Орхон-Енесей жазбаларының өзінде де әбден орныққан, жетілген күйде кездеседі.

Бірақ сырттай қарағанда қаз қалпында сияқты болып көрінгенімен, грамматикалық құрылымның өзі де өзгеріссіз тұрмағандығы, іштей түлеп жатқаны байқалады. Мысалы, көне жазбаларда етістіктің жедел өткен шағы үш жақта да – дұқ, дұг формалры арқылы берілген де, оның жақтық мағынасы жіктеу есімдегі арқылы анатикалық жолмен айқындалған (Мендұқ, дұг формалры арқылы берілген де, оның жақтық мағынасы жіктеу есімдегі арқылы анатикалық жолмен айқындалған (Мен иармак тердүк. Біз иек құрдұқ. Ол сүт сағдұқ. Ол оны ұрдық. Олар үвге кірдүкқ. Олар үвге кірдүк). Ал, кейінгі түркі тілдерінің бәрінде дерлік жедел өткен шақты білдіру қызметі алдыңғы -дұ-ды, формасында ғана сақталған да, оның соңындағы –қ, -ғ, -к, -г қосымшалары жақтық, көптік жалғауға айналған. Сол сияқты, көне жазбаларда барыс жалғау мағынасы –гару, -геру, табыс жалғауы мағынасында –ығ, -іг, жатыс жалғауы мағынасында –ра, -ре, шартты рай жасайтын жұрнақ –сар, -сер түрлерінде қолданылған.

Қазіргі әдеби тіліміздегі есімше жасайтын –тын, -тін жұрнақтарының 20 ғасырдың бас кезіндегі жазбалардың өзінде де тұрған, тұғын (айта тұрған, айтатұғын т.б.) түрлерінде айтылып, жазылып келгені мәлім. Жіктік жалғауының үшінші жағын білдіретін –ды қосымшасының –дүр (барадұр, қаладұр) түрінде айтылып, -дай жұрнағының –дек түрінде, қазіргі –ушы форматының –гушы (жазғушы т.б.) түрінде қолданылып келгені де белгілі.

Грамматикалық құрылымдағы құбылыс жеке қосымшалардың формалық жағынан ықшамдалып өзгеруімен ғана бітпейді. Сонымен бірге белгілі бір тұлғаның қолданудан қалып жойылу немесе актив тұлғадан пассивке, пассивтен актив функцияға ие болуы арқылы да болып жатады. 20-30 жылдарына дейін едәуір жиі қолданылып келген һәм, һәммә, оның үшін тәріздес жалғаулықтар бұл күнде қолданудан қалды немесе қалып барады.

Грамматикалық құрылымдағы дамудың, жетілудің фактілері синтаксистен де табылады. Асылы грамматиканың морфологиядан гөрі синтаксис саласына жаңалық молырақ еніп отыратын тәрізді. Мысалы, қазіргі әдеби тіліміздің синтаксисін Кеңес дәуіріне дейінгі, дәлірек айтқанда, 19 ғасырдың соңғы жартысы мен 20 ғасырдың бастапқы жиырма жылындағы, жазба нұсқалар тілі синтаксисімен салыстырып қарағанда, бірден көзге түсетін нәрсе – сөйлемнің құрылысындағы пікір қамтығыштығы мен пікір сыйғызымпаздылығындағы құбылыстар.

Кеңес дәуіріне дейінгі мерзімді баспасөз тілі синтаксисіне тән бірден көзге түсетін жай – ондағы сөйлемдердің, негізінен алғанда, ауызекі тілдегі күйден онша өзгермей, сөйлем элементтерінің орны сақталмай және олар бір-бірімен қиыса жымдаспай, олпы-солпы болып тұратындығы. «Дала уалаяты» газетінен бір мысал келтірейік. «Осыған қарағанда көрініп тұр жатақдың ұлғаятын себебі уақытысымен егінге айналыспағаннан екені һәм егін салуды бағзыларының білмейтүнінен екендігі және қарасынан айырылып қалған соң егін салуға шамасы келмей қалатұнынан» («Дала уалаяты», 5.1.1890).

Бұл сөйлемде сөйлем сымбатын, тұтастығын бұзатын басы артық элементтер көп. Сөйлемдер реңсіз, компоненттер бірлігі нашар, пікір бытыраңқы, артық сөзді болып келеді. Халықтың ауызекі тілі жазу тілі стиліне түсіп қалыптаспаған, өңделіп, қырналып сомдалмаған, жазушылардың жазу тілі дәстүріне төселмеген шорқақ кездерінде ондайлардың болатындығы табиғи нәрсе. Мұны айтқанда, соларды сынау үшін емес, қазіргі жазба тіліміздің олш кездегіден қаншалықты ілгері кеткендігін, қандай өзгерістерге ұшырағандығын айқынырақ көрсетуді мақсат еттік.

Қазіргі әдеби тіліміздегі сөйлемдер ертеректегі шежіредегілерді немесе фольклорлық шығармаларда жиі кездесетін аз сөзді, келте қайтарылатын щолақ немесе біріне-бірі олақ жалғасып, ұзақ сонар болып келетін сөйлемдер емес, құрылымы мен пікір сыйымдылығы жағынан өзгеше, жаңа сапалы сөйлемдер. Мұндағы өзгешелік – сөйлем құрылысындағы келістілік, шымырлық, пікір қайталау, орынсыз ежіктеуді туғызатын басы артық элементтердің жоқтығы, синтаксистік бірліктердің орны-орнында тұрып, бір-бірімен жымдаса, кіріге байланысуы, сөйлемдердің бас-аяғының жинақтылығы. Қазіргі жазба тілімізде, әсіресе публицистикада, негізінде, орта көлемді жайылыңқы сөйлемдер көп, көркем туындыларда кездесетін құрмалас сөйлемдердің бірсыпыра түрлері публицистикалық жазбаларда қолданылмайды. Бірақ соған қарамастан, жоғарыда айтылған қасиеттерінің арқасында, олар жеңіл оқылып, жақсы түсініледі, пікір пікірді жетектеп, желідей тартылып жатады. Ертеректегі жазу тілі мен ауызекі тіл бір-бірінен онша алшақтамай, негізінде, бір стильді болып келсе, қазір де бұл екеуі стилдік жағынан бірұл екеуі стилдік жағынан бір-бірінен алыстаған.

Бірақ айтылған жаңалықтардың бәрі де тіліміздің бізге белгісіз заманнан бері қарай келе жатқан жүйесі ішінде, типологиялық сипаты шеңберінде болып жатқан құбылыстар. Тіл дамуына әсер ететін ішкі, сыртқы себептердің тілдің грамматикалық құрылымына да қатысы бар. Бірақ тілдің грамматикалық құрылымы екінші бір тәсілдің әсеріне оңай көне қоймайды.

Әсіресе бір тілден екінші бір тілге грамматикалық форманың ауысуы – өте сирек, әлдеқайда кездесетін құбылыс. Кейбір орыс тілі мамандарының орыс тіліне шет тілдерден -изм, -ист жұрнақтары ауысты дейтіндері сияқты, бұл жұрнақтарды орыс тілінен қазақ тіліне енді деушілер де бар. Дұрысында, қазақ тіліне бұл жұрнақтар жекелеп енген жоқ, сөзбен бірге келді. Сондықтан да олар қазақтың байырғы сөздеріне қосылмайды. Бұл жөнінде Г.Пауль «Сөз әрқашан да толығымен (бүтін күйде) ауысады, сөз тудырушы жұрнақ пен жалғау ешуақытта жекелей ауыспайды», - дейді. Бірақ көп болмағанымен жекелеген фактілер айрықша жағдайда байланысты бір тілден екінші тілге жалғаулардың, тіпті кейде жұрнақтардың, ауысатынын байқатады. Мысалы, түркі тілдері тобына жататын қазіргі якут тілінде септік жалғаудың (тоғыз түрі бар) басқа түркі тілдерінен көп болу себебін кейбір ғалымдар онымен көршілес тұратын эвенкий, эвен тілдерінен жалғау ауысқандықтан дейді. КСРО кезінде көптеген халықтар, солардың ішінде қазақ халқы да, орыс тілінен фамилияны, әкені білдіретін қосымшаларды да қабылдады. Қазақтың қазіргі әдеби тілінде кең қолданылып жүрген қосарлы айқындауыштар (телефон-автомат), оңашаланған мүшелердің басқа да кейбір түрлері, автор сөзін төл сөзді сөйлемнің ішінде келтіріп айту, қыстырма сөйлемдер, т.б. орыс тілінің әсерінен туғандар.

Тілдік одақ. Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.

Қазіргі кезде белгілі тілдік одақтар мыналар: Балқан тілдік одағы – оған үндіеуропа семьясындағы әр түрлі топтарға кіретін болғар, македон, сербехорбат, албан, жаңа грек тілдері жатады. Еділ тілдік одағы -оған фин-угор семьясына кіретін башқұрт, татар, чуваш тілдері жатады. Орталық Азия тілдік одағы – оған Орталық Азия жеріндегі әр түрлі семьяға кіретін иран, үндіарий, дравид, тибет-қытай тілдері жатады. Тілдік одақтар Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Океания аймақтарында да қалыптасқаны туралы деректер бар.

Тілдік одақ тіл жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде – синтаксис пен морфологияда, фонетикада, синтаксистік стилистикада, сол сияқты лексика мен фразеологияда - болатын құрылымдық, материалдық ұқсас белгілердің жиынтығы қалыптасқан тілдердің ерекше аймақтық бірлігінен пайда болады. Сөйтіп, бір-бірімен қатынастағы тілдердің әр түрлі деңгейде тілдік ұқсастығының болуы тілдік одақ қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

Мысалы, Еділ бойындағы тілдік одақтың негізгі ортақ белгілеріне: синтаксисте – төл сөздердің жасалу тәсілдеріндегі, -ғанда тұлғалы көсемшелік орамдардағы, морфологияда – шақ жүйесі мен шартты рай жасалуындағы, фонетикада – дауыстылардың ықшамдалып айтылуындағы ұқсастықтар жатады.

Тілдік одақ туралы идея Бодуэн де Куртентэнің еңбектерінде берілген. «Тілдік одақ» терминін алғаш қалыптастырған Н.С.Трубецкой. Ол тіл семьясынан тілдік одақты айырып қарау қажеттігін айтқан. Тілдік одақ мәселесімен кейін Р.О.Якобсон, В.Скаличка, А.В.Десницкая, Б.А.Серебренников, Г.В.Церетели т.б. ғалымдар шұғылданған. Тілдік одақ тарихи, аймақтық, құрылымдық-типологиялық тіл білімидерінің тәсілдерін қолданып зерттеуді қажет ететін күрделі нысан болып табылады.

Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғалымы Х.Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада). Тілдердің мұндай үлкен семьясы «борей тілдері», «бореал тілдері», «еуроазия тілдері» деп те аталған, бірақ бұл терминдер тәжірибеде қолданыс таппады. Ностратикалық тілдер шығыс ностратикалық (орал, дравид, алтай тілдері) және батыс ностратикалық (афразия, үндіеуропа, картвел тілдері) болып екі топқа бөлінеді. Ностратикалық тілдердің бұлайша бөлінуі жалпы ностратикалық вокализмнің (дауыстылар) кейін шыққан тілдердегі тағдырына байланысты: шығыс ностратикалық тілдерде алғашқы тұрақты түбірдің вокализмі сақталған; батыс ностратикалық тілдердегі бір түбірден тараған сөздерде дауыстылардың алмасу жүйесі (аблаут) қалыптасқан.

Ностратикалық тілдер семьясының тараған дәр шегарасы анықталған жоқ. Бірқатар тілдер тобының (эскимос-алеут, чукот-камчатка, нивх, юкагир, Америка үндістерінің тілдері т.б.) ностратикалық тілдерге қандай қатысы бар екені дәл белгісіз.

Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы олардағы тегі бір түбір, аффистік морфемалардан (жалпы саны 1000-дай ) байқалады. Сонымен бірге түбір морфемалар негізгі сөздік қорға кіретін қарапайым сөздерді (дене мүшелері, табиғат,жан-жануар, өсіидік, кеңістік, қимыл, әрекет, сапа т.б.атауларды)қамтиды. Ностратикалық тілдерге біріккен 6 тіл семьясын тудырған ататілдерде неғұрлым тұрақты грамматикалық морфемалардың генетикалық жақындығы байқалған.

Ностратикалық ататілдің фонологиялық құрылымда 7 дауысты, көптеген дауыссыздар болған сияқты. Буын құрамы СV(С), түбір құрамы CV (C) CV түрінде қалыптасқан. Үш құрамды түбір өте сирек болған. Ностратикалық тілдердің ыдыраған кезінің мөлшерін анықтау мәселесі ғылыми болжам дәрежесінде қалды. Олардың ыдырауы тілдік деректер (морфемалар) бойынша бұдан 8 мың жыл бұрын болған деп, ал мәдени-тарихи деректер бойынша б.з. дейінгі 11 мыңыншыжылдыққа дейін болған деп мөлшерленеді. Ностратикалық тілдер семьясының алғашқы шыққан жері археологиялық деректерге қарағанда Таяу Шығыс деп есептеледі.

Ностратикалық тілдер семьясы туралы мәселе салыстырмалы Ностратикалық тілдер семьясы туралы мәселе салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Ностратикалық тілдердің зерттелуі үш кезеңнен тұрады.Ностратикалық тілдердің алғашқы зерттелуі тілдер семьясын жұптап салыстырудан басталады. Мысалы, орал-алтай тілдерін – В.Шотт, М.А.Кастерон; үндіеуропа-семит тілдерін - Г.Меллер, А.Кюни; үндіеуропа-картвел тілдерін – Ф.Бопп т.б. салыстырып зерттеді. Екінші кезеңде (1920-50 жылдарда) Алтай тіл білімі қалыптасты, барлық ностратикалық семьядағы тілдердің салыстырмалы грамматикасы жасалды. Бұл кезде орал-үндіеуропа тілдерінің жақындығы жөнінде - О.Соважо, А.М.О.Рясянен, К.Г.Менгес еңбектері шықты. Осы кезде Х.Педерсен жұп тілдерден басқа, бір-біріне жұп емес тілдер туыстығы жөнінде (орал-алтай, үндіеуропа, афразия тілдері) алғаш рет жаңа идея қалыптастырды.

Ностратикалық тілдерді зерттеудің үшінші кезеңінде ностратикалық ататілді қайта жаңғырту мәселесіне көңіл бөлінді. Жиналған материалды қорытып зерттеу нәтижесінде ностратикалық тілді қайта жаңғыртудыорыс ғалымы В.М.Иллич-Свитыч (1934-1966) алғаш іске асырды.








Дата добавления: 2016-02-20; просмотров: 17049;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.043 сек.