Дәріс. ОРТА ҒАСЫР ТІЛ БІЛІМІ 1 страница

Жоспары:

1.Орта ғасыр тіл білімінің өзіндік ерекшеліктері.

2. Араб тіл білімі.

3.Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы

4. Универсалды грамматиканың құндылықтары мен кемшіліктері

Әдебиеттер: №2,§61-64, 137-145бб.

1.Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөліп қарауға болады.

3-5 ғасырлар арасы. Бұл құлдық дәуірдің ыдырап, феодалдық қоғамның құрылсы бастаған кезеңі.

6-10 ғасырлар аралығы. Бұл феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы.

11-16 ғасырлар аралығы. Бұл феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта қайта өркендеу деп аталатын кезең.

Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі әртүрлі діндердің туып, дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін айтуымызға болады.

Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбаларда тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят- хадистерді мағынасын, тілік түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды.

Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады.Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де қонандық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы – құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл – латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын да латын тілі грамматикасы болды. Жалпы халықтық сөйлеу тілі ескерілмеді. Сөйтіп, орта ғасырдаға грамматикалық ой-пікірдіқ мәнді жағы – ол кейінғі заманғы европалық лингвистиканың сол орта ғасыр топырағында тамырлана бастауы еді. Европа халықтарының бүкіл рухани мәдениетіне ұлы өзгерістер енгізген «қайта өркендеу дәуірінің» өзі орта ғасыр топырағында көктей бастаған болатын.

Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселе де ескерусіз қалмайды. Оны сөз етушілер бұл дәуірде екі лагерьге бөлінеді. Оның бірі – реалистер, Екіншісі – номиналистер деп аталады.

Реалистер – заттар жөніндегі жалпы ұғым – ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты, ұсынады.

Номиналистер – керісінше, зат болмаса, ол тұралы ұғым да болмайды. Сондықтан ақиқат нәрсе – зат, ол алғашқы, ал, зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздайды.

Ұлттар, халықтар арасындағы қарым – қатынасты жолға қою талабы да күшейді. Мұндай қатынас құралы бұрын латын тілі, канондық тілдер болса, енді олар ығыстарылады да, оның орына жаңа құрал табу қажет болды. Бұл тілдер арасындағы жақындықты, ұқсастықты универсалдық қасиеттерді зерттеу талабын туғызады.

2.Араб тіл білімі. Орта ғасырлық арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі – халипат дәуірі деп аталып, 7 ғасырмен – 15 ғасыр аралығын қамтиды. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттауда араб ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашуды көздеді. Олар-сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін-Таджвид деп аталатын бөлімдер

Тіл білімнің мектептері араб мемлекетінің бірнеше қалаларында дамыды: Бағдат, Басра, Куфа, Антоложия. Бұл мектептер бір –бірінен бөлек дамып, олардың арасында үнемі тартыс болып тұрды. Басра мектебінен оның алғашқы кезеңінен, қазіргі бізге жеткен еңбек Ибн Ахметтің «Айн кітабы». Бұл оқулықта араб тілінің фонетикасы барынша жүйелі дыбыстардың сипаттамасы және өзгерестері толық баяндалған. Сөздердің өзгерілу жүйесі грамматикалық категориялар мағыналары және қолданысы, сөйлем түрлері айтылады. VIII ғасырдағы көлемді еңбек Сивабейхидің «Әл-китаб» деген еңбегі. Бұл араб тілінің толық жүйелі жазылған оқулығы болып табылады.Сибавейхи жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөледі.

Бағдат мектебі Ибн-Джейни, Ибн-Фарас, Ибн-Джуржани есімдері арқылы белгілі. Бұл мектептің қосқан үлесі сөздердің мағыналық жағын, олардың жеке қолданыстарына сөйлемнің мазмұнына әртүрлі констекстер ситуацияларға байланысты қолданыска тоқталу болды. Оның ішінде біздің заманымызға толық жеткені Әз-Змахарыннің трактаттары. Бұл мектепте әртүрлі сөздіктер құрастырылып, олар сипаты жағынан түсіндірме сөздікке, диалектологиялық сөздіктерге ұқсас.

Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы-лексикография. Арабтың әл-Фирузабади деген лингвисі «Хомус» (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған.

Араб ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әртүрлі тілдер материалын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған.Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық еңбектерін жазған.

Араб тіл білімі жүйелі жеке аяқталған ғылым ретінде қалыптасты. Ол сол кездің өзінде – ақ басқа халықтардың тілдерінің зерттелуіне ықпалын тигізді. Орта ғасырлық белгілі түрколог Махмуд Қашқаридың еңбектері араб тіл білімінің дәстүрінде жазылған. Кейіннен XVII –XVIII ғасырларда. Европалықтар араб тіл білімімен танысқаннан кейін жалпы тіл білімінің дамуына көптеген қағидалар алды.

3.Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл- қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі.14 ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан «Қайта өркендеу» деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты болды. Өйткені қайта өркендеу дәуірі озық ойдың еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген ортағасырлық кертартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өтеу болып табылады. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді.Жаңа дәуірдің «Қайта өркендеу» деп аталуыда осыдан болса керек.

Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмipiнiң басқа да салалары сияқты тiл ғылымы үшiн де жаңа, даму дәуiрi болған. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) ұлттық тiлдердiң қалыптасып, дамуы; ә)бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу; б)ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп қайта дамыту.

Жаңа жерлердің, елдердің ашылуы, сауданың дамуы, отаршылдық жорық – Еуропа тіл ғылымының дамуына қолайлы жағдай туғызды, бұрын белгісіз толып жатқан тілдердің бары айқындалды. Отарлау мүддесі ол тілдерді үйрену, зерттеу, түрлі сөздіктер жасау, грамматикалық мәліметтер жинау міндетін алға қойды. Азия, Африка, Америка халықтары тілдерінен жиналған орасан мол материалдарды бір-біріне салыстырып қарауға, сол арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді айқындауға алғашқы қадамдар жасады. Зерттеудің сипаттама, салыстырма түрлері бой көрсете бастады.

Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И.Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р.Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы», П. де Алкаланның «Араб тілі грамматикасы», И.Рейхлиннің «Еврей тілі грамматикасы» (1505 жыл) атты еңбектерін атауға болады. Осылармен қатар 15-16 ғасырлар ішінде испан, корей, нидерланд, жапон, парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тіллерінің грамматикалары шығарылды. Сөйтіп бірінші орынға канондық тілдері емес, әр халықты, әр ұлттың өзіндік сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын ашуды көздеді. Осылардың нәтижесінде 17-18 ғасырларда жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жатты.

Нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық көре бастайды. Ондай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған «Круск академиясының сөздігі» деп аталатын түсіндірме сөздікті, 1694 жылы Францияда жарияланған «Француз академиясының сөздігін», 1726-1739 жылдары ішінде әзірленіп жарияланған «Россия академиясының сөздігін», түркі тілдерінің әр түрлі мақсатта жасалған бір, екі тілді сөздіктер жатады.

Әр тілден жиналған материалдарды салыстыра қарау олардың бір-бірінен өзгешеліктерімен қатар ұқсастығы, ортақ қасиеттері де болатынын байқатты. Бұл тілдер арасындағы жақындықты, ұқсастықты, универсалдық сипаттарды зерттеуге жол ашты.

Универсалды грамматика – универсалда грамматика орта ғасырлардың алғашқы кезеңінен – ақ қалыптасуға бағыт алды. Оның жасалуына алғы шарт болған Аристотельдің еңбектері. Орта ғасырдың алғашқы кезеңінде философиялық грамматиктер еңбектерінде универсалдықтың қалыптасуына негіз бар. Грамматикалық категориялар адам ойлауы заңдылықтарына сүйеніп жасалғандықтан логиканың және ойлаудың заңдылықтары барлық адамдарға ортақ болғандықтан бүл грамматика теория негізі жағынан универсалды сипат алды. Бұл саладағы алғашқы жүйелі еңбек Пор – Рояль қаласында 1660 жылы жарық көрді. Бұл еңбекті француз ғалындары – логик, философ, профессор Антуан Арно мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло екеуі бірігіп жазған.

«Жалпыға бірдей және универсалды грамматика» еңбегі екі тараудан турады. І – «сөздер дыбыс ретінде» деп аталып 6 бөлімнен құралған. Ал, ІІ тарауы – «сөздер ойды айту құралы ретінде» деп аталып 24 бөлімнен құралған. Бұл тарауда лексикалогияның және грамматиканың мәселері қамтылады. Ойлаудың категорияларына сәйкес (пайымдау, сұрау, бұйыру, мүмкіндік, қажеттілік, тиым салу т.б.) тілді оның көрсеткіштері болуы тиіс деп есептеп, грамматикалық категорияларды ойлаудың заңдылықтарынан шығарады. Бүлар жалпы категориялар деп аталып, барлық тілдерде кездесіп отырады деп есептейді. Сонда ойлаудың заңдылықтары барлық адамзатқа ортақ сондықтан мазмуны, ұғымдары әртүрлі обьектілерді қабылдауы бірдей де, оның көрсеткіштері ғана тілдерде әртүрлі. Ойлау заңдылығына сәйкес келмейтін категориялар, мысалы: род, жеке заңдылықтар деп аталады.

Жалпы заңдылықтарды тіл білімі ғылымы, ал жеке заңдылықтарды тіл білімі өнері зерттейді.Бұл қазіргі жалпы және жеке тіл білімі деп бөлуге ұқсас. Универсалды грамматика тілі біліміне өзіндік үлесін қосты. Оның құндылық жақтары мынандай:

Әртүрлі тілдерді бір-біріне туыстық, жақындығы жоқ тілдерді салыстырып зерттеуге болатынына көз жеткізді. Осылайша қазіргі типологиялық лингвистиканың негізін салды. Сонымен қатар универсалды грамматиканың кемшіліктері де бар:

Тіл мен ойлауды тең құбылыстар деп есептеп, оларды ажыратқан жоқ. Олардың тілдік зерттеулері шындап келгенде грамматикадан Ғорі, логикаға кобірек үлес қосты. Сойтіп бұл грамматика тіл білімнің өз обьектісін қарастырмады.

Жалпы методологиясы Аристотельдің идеолығиіне сүйеніп, тілдік единицалар зерттеліп, нақты методтарды қолыптастырмады.

Олардың зерттеу обьектісіне арналған тілдер туыс тілдер болғандықтан бір –біріне, байланыстырып, сипаттауға ыңғайлы болды. Европадан басқа тілдері, фактлері ескерілмеді

10-дәріс XIX ҒАСЫР ТІЛ БІЛІМІ (басы)

Жоспары:

1. 19 ғасыр тіл біліміндегі басты мәселелер

2. Салыстырмалы тарихи тіл білімі және тілді зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісі

3. Тіл философиясы

4. Типологиялық зерттеу, оның маңызы

5. Әдебиеттер: №2,§65-70, 146-158бб

Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни ХІХ ғасырдан көп бұрын белгілі болған.

Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари ХІ ғасырдың өзінде айқындады.Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді.

1538 жылы Француз гуманисі Гвилельм Постеллустың «Тілдер туыстығы туралы» деген еңбегі жарияланады.Автор осы еңбегінде тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеуді алғаш ұсынады.Бұдан кейін 1559 жылы Нидерландия ғалымы Иозефус Скалигер «Еуропалықтар тілдері туралы пікір» деген еңбегінде бүкіл еуропалық тілдерді туыстықтарына қарай 2топқа бөледі.Тілдер туыстығы философтар назарында аударады. Вильгельм Лейбниц тіл ғылымдарын әлем тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеуге үндейді. Өзі тілдерді арамей, яфет тілдері деп екі топқа бөледі де, яфет тілін скиф, кельт тілдері деп тағы екі топқа бөледі.Скиф тобына фин, түркі, монғол, славян тілдерін, кельт тобына еуропалық тілдерді жатқызады.

ХVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап ғалымдар назарын ежелгі үнді тілінде жазылған ескерткіштер мен лингвистикалық зерттеулер аудара бастайды.Үнді тілінде жазылған «Санскрит тілінің грамматикасы» Еуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазуға түрткі және негіз болды.Санскрит тілінің грек, латын және еуропалық тілдерге ұқсастығы әр жерде, әр ғалымдар тарапынан жиі айтыла, жазыла бастайды.1786 жылы ағылшын ғалымы Уильям Джонстың «Азиялық зерттеулер» деген еңбегі жарияланды.Онда санскрит тілінің грек, латын тілдеріне өте жақын екендігін көрсете келіп, бұл үшеуінің түпкі төркіні бір болуы керек, бұл топқа герман, кельт, иран тілдерін де қосуға болатын сияқты.Асылы, осылардың бәрі өзара туыстас болар деген тұжырымға келеді.Осыған ұқсас жорамалды 1808 жылы шыққан «Үнділердің тілі және даналығы» деген еңбегінде Ф.Шлегель де айтқан.Ол да Джонс сияқты санскрит, тілі сөз түбірлері жағынан ғана емес, тіпті грамматикалық құрылысы жағынан да грек, латын тілдеріне өте ұқсас дегенді айтады, тілдерді бір-біріне салыстыра зерттеуді ұсынады.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады.Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды.Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы- ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі.XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты.Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді.Бопп бұл тілдерден жинаған материалдарын иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жылдар арасында «Үнді-Еуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді тіл білімінің әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген.Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.

Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.Ф.Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына зор ықпалын тигізді.

Франс Бопп /1791-1867/ Майнце қаласында туған.Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген.1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик.Оның ең басты еңбегі- «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы».Бұл еңбек үш томнан тұрады:1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі- Дания ғалымы Расмус Раск.Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихи» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді.Ол-тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі-олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды.Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі – дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады.Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.

Расмус Кристиан Раск /1787-1832/Копенгаген университетінде оқыған.1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры.Ол 20 шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған.Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады.Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі- неміс ғалымы Якоб Гримм.Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.

Гримм өзінің еңбектерінде тілідің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі.Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады.Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.

Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты.

Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады.Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады.

Якоб Гримм /1785-1863/ Ганау қаласында туған.Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған.Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды.Ол Геттинген, кейініректе Берлин университеттерінің профессоры болған.Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы».Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді.Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды.Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үнді-еуропа семьясына жататын тілдерді жекелеп те,топтап та зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерін, бір-біріне жақындық дәрежелерін айқындады.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі – үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды.Ол төркін тілді ата тіл – праязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады.

Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан, онда біо-біріне ұқсастық болмай қоймайды.Оның себептері көп.Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін.Мысалы, орыс тілінде қолданылатын қолпақ, алтын, баба, бақ, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық өзгешеліктер мен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі.Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады.Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз-осылар.Мұндай тіларалық омонимдер олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды.Сондай-ақ, қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократияя, студент, кафедра тәрізді сөздер бар.Бұлар – қазір бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер.Жоғарыда айтылған тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар.Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды.Тілдер туыстастығының, төркіндестігінің негізгі кепілі – сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық.Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтарды салыстырған жөн.Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады.Бірақ туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда олардың бір-бірінен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-біріне ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды.Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі.Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.








Дата добавления: 2016-02-20; просмотров: 10954;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.022 сек.