Дәріс. КЕҢЕСТІК ТІЛ БІЛІМІ
Жоспары:
1. Кеңестік тіл білімінің қалыптасуындағы алғы шарттар
2. Н.Мардың «Тіл туралы жаңа ілімі»
3. Кеңестік тіл білімінің негізгі салалары
4. Кеңестік тіл білімінің басты өкілдері
5. Түркі тілдері туралы ғылымның жолға қойылуы
6. Әдебиеттер: №2,§89-94, 202-214бб
Кеңес өкіметі орнауының алғашқы жылдарында тіл білімі алдына қойған ең басты міндеттердің бірі – бүкіл халықпен бірлесе отырып елдегі сауатсыздықты жою, жер-жерде ашылып жатқан оқу орындарына қажетті оқулықтар жазу, өзіндік жазуы жоқ ұсақ халықтардың өз тілдерінің дыбыстық жүйелеріне лайықты жазулары болуына, емлесінің, жазу тілінің қалыптасуына жәрдемдесу болатын. Тіл ғалымдары бұл міндеттерді абыроймен іске асырады.
Жер-жерлерде әр түрлі дәрежедегі оқу орындарының көптеп ашылуы, олардағы оқыту істерінің алғашқыда әр халықтың өз тілінде жүргізілуі, ана тілінің оқу пәндерінің бірі ретінде оқытылуы – одақ көлеміндегі тілдердің грамматикалық құрылыстарын зерттеуді, олардың практикалық және ғылыми грамматикаларын жазуды күн тәртібіне қойды. Күрделі де қиын бұл міндетті де тіл ғалымдары абыроймен орындады. Соның нәтижесінде одақ көлеміндегі жалпы білім беретін оқу орындарының барлығы да ана тілінде жазылған грамматикалық оқулықтарға ие болды, қырық-елуден астам тілдердің академиялық грамматикалары жарық көрді.
Тілдің грамматикасын жазу үшін әр тілдің өзіне тән нормасын айқындау қажет болады. Ол үшін тілдің диалектілік ерекшеліктерін, грамматикалық, тілдік норма етіп ол ерекшеліктердің қайсысын қолданудың жөн болатындығын айқындау қажет. Осыған байланысты кеңес тіл ғылымында диалектологиялық зерттеу де кең көлемде етек алды. Одақтағы көптеген тілдердің сөздіктері, диалектологиялықкарталары жасалды.
Бұл жұмыс тек норманы, тілдегі диалектілерді айқындаумен ғана шектелген жоқ, соларға қоса жер-жерде әр халықтың ұлттық әдеби тілін қалыптастыру, оның өткені мен қазіргі күйін, болашақ бағыт-бағдарын зерттеу жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Жер-жерде әдеби тілдің теориялық және практикалық жақтарын жан-жақты қамтыған көптеген зерттеулер дүниеге келді.
Айтылғандар жалаң болмау үшін қазақ тілі мысалдарымен толықтыра түсейік. Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да араб жазуын қолданды.
Ислам дінінің енуіне байланысты ІХ-Х ғасырлардан бастап түркі халықтары арасында тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтар қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептейді, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың құқы болмады. Сол себептен консонанттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының әр жерінен миссионерлік мақсатта болса да, орысша-қазақша мектептер ашыла бастағаны, бірді-екілі болса да мерзімді, баспасөздің алғашқы қарлығаштарының көріне бастағаны белгілі. Қазақ тілі де араласатын дүниеге келген бұл жаңалықтар енді сол тілдің жазба тіліне икемделуін, өзіндік жазуы болуын, қажет етті. Бұл қажеттілік аталған мәселелерді шешуді алғаш рет күн тәртібіне қойды, мерзімді баспасөз беттерінде пікір алысу орын алды. Қазақтың тұңғыш тіл ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгертіп, соның негізінде қазақ тілінің ұлттық жазуын қалыптастыруды Қазан төңкерісінен бұрын қолға алған болатын. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің әліппесі 1915-жылдың өзінде қазақ халқының ұлттық жазуы деген атқа ие болып, 1929-жылға дейін ел өмірінің барлық саласында да кең қолданылды. Қазақ тілінен мектептерге арналған тұңғыш оқулықтарды жазған да А. Байтұрсынұлы болды. Оның «Тіл құралы» деп аталған оқулықтары 1914-жылдан бастап 1928-жылға дейін бірнеше рет қайталанып басылды. Сондықтан А. Байтұрсынұлын ана тілімізде дамыған қазақ тілі білімінің атасы, бас ғалымы дейміз.
Ресейдің әлемдік тіл ғылымына теориялық мәнді ештеңе қоса алмағаны, Батыста қалыптасқан әр түрлі лингвистикалық мектеп пен әдіс-тәсілдерді қайталаудан аса алмағаны белгілі. Бірақ соған қарамастан Кеңестік дәуір дүниеге келген күннен бастап, «ескі дүниені талқандап, жаңа дүние жасаймыз»деген тәрізді өркөкіректікке, астамшылыққа салынып, Батыстағының бәрі жаман, бәрі зиянды деп лепірушілік етек алды.
Бұл салада бірінші болып қолға алынған мәселе тіл білімінің философиялық негізі, тілдің әлеуметтік мәні жайындағы проблема болатын. Бұл отан ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің, де негізі – марксистік диалектикалық материализм деп жарияланды. Сөйтіп, осы негізде кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру талабы қойылды, оны қалыптастырушыларды, жолбасшысы, көсемі болып, Н. Я. Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.
Н. Я. Марр – иберий-кавказ тілдерінің маманы. Ол алғашқыда бұл тілдердің туыстық төркінін, олардың семит тілдерімен байланысын зерттеді де, келе-келе өз теориясын «яфет теориясы» деп атады. «Яфет» деген терминді басында Н. Я. Марр бүкіл Кавказия, Жерорта теңізі бассейндеріндегі толып жатқан тілдердің бәріне ортақ шартты атау ретінде қолданған да, артынан осы тілдерді зерттеуден туған өз тұжырымдарын «Яфет теориясы» деп атаған. Бұл атау бертінірек келе «Тіл туралы жаңа ілім» деген атаумен ауыстырылды. Бірақ әдебиеттерде бұл екі атау кейде бірінің орнына бірі қолданыла берді.
Н. Я. Марр бастаған «Тіл туралы жаңа ілім» өз қадамын революциядан бұрынғы үнді-еуропалық тіл білімі деп аталатын ғылымды кеңестік дәуір талабы тұрғысынан қайта қарап, үнді-еуропа тіл біліміндегі сол кездегі қайшылықтардың біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттың буржуазиялық елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялық, нәсілдік бағытта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардың тілдерін кемсітіп, қорлайтындықтарын ашық айтты. Шынында да, әсіресе ХХ ғасырдың бас кезінде үнді-еуропа семьясына жататын тілдерде сөйлейтін халықтарды жоғары бағалау, бүкіл мәдениетті, ғылымды жасаушы солар, прогресс соларға тән қасиет, басқа халықтар жаратылысынан дамуға икемсіз, кері-тартпа дейтін шовинистік , нәсілдік тенденция едәуір етек алды.
Халықтар достығы, тең құқылығы туып көтере дүниеге келген кеңестік құрылыс мүддесіне, жаңа идеяға қызмет етуді, мақсат еткен Н. Я. Маррдың ондай жат идеяға күресуі, әрине, табиғи нәрсе еді. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінің пайдалы жағынан да бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді.
Н. Я. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады. Ол қалыптастырған «Жаңа Ілімнің» өзіндік жүйесі, бағдарламалық бағыты, концепсиялары болды. Бірақ олар Маркстің қоғам дамуына байланысты айтылған қағидаларын ешбір өзгеріссіз тілге де қолданғандықтан, бірсыпыра қате тұжырымдар жасалды.
1. Марксизм – құлдық, феодалдық, капиталистік қоғамдар – таптық қоғамдар. Бұларда адамдар қанаушы, қаналушы таптарға бөлінеді, таптан тыс адам болмайды десе Н. Я. Марр осы қағиданың ізімен таптық қоғамдағы тіл де таптық болады, қанаушы таптың өзі тілі, қаналушы таптың өзі тіл болады, жалпыхалықтық тіл деген жалған сөз деді.
2. Марксизм – қоғамның саяси, құқықтық, діни, көркем өнерлік, философиялық көзқарастары – қоғамдық базистің қондырмалары, базис жойылуымен бірге бұларда жойылады, әр жаңа базистің өзіндік қондырмасы болады, ескі базис тұсындағы қондырма жаңа базис мүддесіне қызмет ете алмайды десе, Н. Я. Марр тіл де қоғамдық қондырма, ол қоғамдық қондырма, ол қоғамдық қондырма, ол қоғамдық базиспен бірге жойылып отырады, феодалдық базис тұсындағы тіл капиталистік базис тұсындағы тіл социалистік базиске қызмет ете алмайды, қоғамдық формациялардың әрқайсысының өзіндік тілдері болады деді.
3. Н. Я. Марр – дыбыс тілі адам қоғамымен бірге туған құбылыс емес, дыбыс тілінсіз де қоғам болған, дыбыс тілі қоғам мүшелері түрлі таптарға бөлінген кезеңде пайда болған және ол алғаш дүниеге келгенде адамдардың бір-бірімен қатынас жасау құралы ретінде емес, магиялық құрал ретінде, тайпа көсемімен қатынас жасау құралы ретінде шыққан, оны тек бақсы-балгерлер, тайпа көсемдері ғана қолданған, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауының алғашқы құралы – қол тілі болған дейді. Ал марксизм дыбыс тілі адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келеді, қоғамсыз тіл болған емес. Дыбыс тілі тілсіз қоғам, адамдар қатынасының ең маңызды құралы дейді.
4. Н. Я. Марр тіл зерттеуде төрт түрлі элементке негізделген палеонтологиялық талдау әдісін қолдануды ұсынды. Бұл әдіс бойынша дүние жүзіндегі тілдердің барлығының шығу төркіні, глоттогониялық процесі бар. Олардың барлығы да о бастағы сал, бер, йон, рош деген төрт элементтен тарайды. Бұл элементтердің қалдығын қазіргі заман тілдерінің қай-қайсысынан болса да табуға болады деді. Бірақ бұл бос болжам еді.
5. Марксизм қоғам өзінің даму тарихында әр түрлі қоғамдық формациядан (алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, капиталистік, социалистік қоғамдар) өтеді. Дамудың бұл формациялары қоғамдық бірліктің барлығына да тән, барлығы да осы сатылардан өтеді, бір ізді болады десе, Н. Я. Марр осы қағидан тілге қолданып, тілдің дамуында да әр түрлі формацияға лайық әр түрлі сатылар болады, тіл сатылық жолмен дамиды, бірі өткен сатыдан тілдердің басқалары да өтуге міндетті, тіл атаулының барлығы да дамуының бір ғана жолмен жүреді дейді.
6. Марксизм қоғам дамуытек эволюциялық жолмен ғана жүрмейді, алдыңғы қоғамдық формация кейінгі қоғамдық формацияға орнып өз еркімен, бейбіт жолмен бермейді, соңғысы алдыңғыны күшпен, революциялық жолмен құлатуы, эволюциялық дамудың революцияға айналуы сияқты секірмелі болады десе, Н. Я. Марр осы қағида ізімен тіл де дамудың бір сатысынан екінші сатысына сапасына өткенде революциялық секіру жолымен, бұрынғы тіл кенет жойылып, оның орнына мейлінше жаңа тіл пайда болады, тілдердің сатылық өзгерістерінде, яғни жаңа тілдің пайдаланылуында тілдер тоғысуының шешуші мәні бар, тоғысқан екі тілдің екеуі, де жойылып, оның орнына бастапқылардың ешқайсысына ұқсамайтын жаңа, үшінші тіл пайда болады деді.
7. Тілдердің дамудың қай сатысында тұрғанын білдіретін негізгі көрсеткіш – тілдік элементтердің сематикасы, сондықтан сематика тіл білімінің ең негізгі объектісі болады дегенді айтты.
«Тіл туралы жаңа ілімнің» негізгі бағдарламалық концепциялары болып есептелетін бұл тұжырымдардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылары еді. Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін отан тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналады.
Лингвистикалық бұл мектепті қалыптастырушы, бұрыннан да ғылыми беделі, ұйымдастырушылық тәжірибесі бар Н. Я. Марр 20-жылдар ішінде ақ көрнекті марксшіл тіл ғылымы үстінде танылды. 20-жылдардың аяқ кезінен бастап оның ілімін ретінде танылды. 20-жылдардың аяқ кезінен бастап оның ілімін жақтаушы тіл ғалымдарының тобы құрыла бастады. Бұл топ өздерін Н. Я. Маррдың шәкіртіміз деп санады. Елдегі тіл білімін басқару органдары бірте-бірте «Тіл туралы жаңа ілімді» жақтаушылардың қолына көшті. Олар кеңестік тіл біліміндегі істің жайын аздап та болса сынауға, тіпті тіл біліміндегі «жаңа ілім» дегенді сынау жөніндегі болмашы әрекеттің өзіне тыйым салып, Н.Я. Маррдың мұрасына сын көзімен қараған, оның ілімін мақұлдамаған зерттеушілерді қуғындап отырды. Бұл кеңес тіл білімінің дамуын кенжелетіп, тұйыққа тірей бастады.
Партияның орталық органы «Правда» өзінің 1950 жылғы 5-майдағы санында сын және өзара сын арқылы кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты жойып, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс жариялайтынын хабарлады. Айтыс мақалалары «Правда»-ның 4-шілдеге дейінгі 9 санында жарияланды. Айтыс бүкіл кеңес интелегенциясының, әсіресе барлық кеңес тіл ғалымдарының назарын аударды.
Айтысқа өздерін Н.Я.Маррдың шәкірттеріміз дейтіндер де, оларға қарсылар да бірдей дәрежеде қатысты. Пікірлер таласы тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінің айналасында болды. Ол тіл білімінің ең маңызды мәселелері жөніндегі көзқарастардағы жөнсіздіктерді, оны әшкерелеуге талаптанушылардың «жаңа ілімді» жақтаушылар тарапынан қысым көргендігінің бетін ашты.
Тіл біліміндегі айтыстан кейін кеңес тіл білімі ұйымдық, басқарушылық жағынан қайта құрылды. Бұл кезде тіл зерттеуші ғалымдарымыздың ерекше назар аударған мәселесі «Тіл туралы жаңа ілімнің» қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан-жақты ашып көрсету болды. Бұл іс мақалалар жариялау арқылы да, орталықта болсын, одақтас республикаларда болсын тіл мәселелеріне арналған кеңестер өткізу арқылы да жүргізілді.
Осы жұмыспен қатар қолға алынған тағы бір маңызды мәселе «Тіл туралы жаңа ілім» үстем болып тұрған кезде көпшілікке теріс түсіндірілген салыстырмалы-тарихи әдістің шын сапасын, тіл зерттеуде тигізетін пайдасын, оны қолданудың жолдарын саралап түсіндіру болды.
Айтылғандарға қарсы ұлттар мен тілдері туралы мәселе де күн тәртібінен түсінеді. Бұған Ресейдің көп ұлтты мемлекет болуы себепші болды. Мұндай атаққа Ресей өзінің шектен асқан отаршылдығы, айналасындағы көрші ірі-ұсақты ұлттарды аяусыз жаныштап, отарлану нәтижесінде ие болғаны белгілі. Мұндай озбырлық дәмін үш ғасырға жуық уақыт бойы қазақтарда татты.
Түркі республикалары басқа да көптеген мәселелерде Ресей ауқымында болғаны сияқты,тілдері туралы ғылымда да оны жетекші,көш басшымыз деп санады,соған жалтактап келді.Одақтық ғылым академиясы жанындағы Түркология секторын өздерінің ғылыми бас штабымыз деп санады,соның айналасына топтасты.
Түркология(түркітану)-жалпы Шығыстану ғылымының бір саласы.Шығыстану ғылымына араб,иран,моңғол,қытайтану ғылымдары енеді.Түрклогия-түркі халықтары туралы ілім.Ол түркі халықтарының тілін,әдебиетін,тарихын,этнографиясын зерттейтін ғылымдар қосындысы ретінде Ресейде 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан.Түркология-өте күрделі ғылым.Онымен тарих,философия,этнография,археология,лингвистика,әдебиеттану сияқты көптеген ғылымдар айналысады.Аталған ғылымдардың өкілдері жазған еңбектерде мол.Қазірде түркология бұрынғыдай өте кең мағынада емес,негізінде,түркі халықтарының тілдері мен әдебиетін,тарихы мен мәдениетін зерттейтін ғылым мәнінде қолданылады.
Түркология ғылым атауы ретінде «түркі» деген сөздер негізінде пайда болған. «Түрік», «түркі» атаулары түркі халықтарының көне жазбаларында өте ертеден бар,ал еуропалық жазбаларда біздің заманның 10 ғасырынан белгілі. «Түрік» сөзінің этимологиясы белгісіз.Ғалымдардың айтуына қарағанда,ол батыр,күшті деген мағынаны білдірген. «Түркі» ертеде этникалық атау ретінде қолданылмаған,әрқайсысының өздеріне тән этникалық атаулары баралардың саяси бірлестігінің атауы болған.Ертедегі әскери шонжарлар «түркі» деп аталған .Келе-келе түркілер басшылығымен біріктірілген тайпалар түріктер деп аталған да, «түрік»,этникалық атауға айналған.
«Түрік» сөзін өзінің этникалық , ұлттық атауы ретінде иемденген және күні бүгінге дейін сол мағынада қолданатын Түрік республикасында тұратын «Осман түріктері»деп аталатын бір ғана халық.Ал «түркі»деген сөз- «түрік»атауы сияқты бір ғана халықтың атауы мәнінде қалыптасқан «түрік» атауымен шатастырмау үшін,барлық түркі халқы Осман түріктерінен тараған екен деген теріс ұғым тумау үшін ,түркологияда 20 ғасырдан бастап қолданылып жүрген, әбден орныққан ғылыми термин.
Ертеректе түркі халықтарын гректер-скиф,қытайлар-гунн,ирандар-сақ деп атаған.Түркология дербес ғылым ретінде Ресейде қалыптасты.Олай болуының географиялық та,саяси да себептері бар.Географиялық жақтан алғанда түркі халықтары көне заманнан Ресеймен көрші ел,саяси жағынан соңғы уақытқа дейін Шығыс славяндармен бір мемлекет құрамында болып келді.Түркі тілдері деген жалпы атау,оның құрамына түркі тілдес 30-ға тарта ұлттар мен этникалық топтар енеді.солардың бірі-қазақтар.Түркілер-дамудың талай қиян-кескі өткелдерінен өткен көне халық,қазақтар да солай.
«Арғы атам ер түрік»деп М.Жұмабаев айтқандай,қазақ халқының арғы тегі,түпкі төркіні-түркілер.Түркілердің бір бөлігі ,бір тармағы болғандықтан,олар өткен тарихи өткелдерден қазақтар да өтті.Осы себептен қазақ халқының азаматтық,тілдік,рухани тарихы,белгілі шамада болса да,жалпытүркілік тарихпен сабақтасып жатады.Сондықтан түркілер тарихынан,түркология қағидаларынан хабардар болмайынша,туған халқымыздың,тіліміздің тарихын жете білу мүмкін емес.
Қазақ тілі туыстық белгілері жағынан да,типологиялық белгілері жағынан да түркі тілдерімен бірлікте.Оның қалыптасу,даму тарихы жалпы түркі тілдерінің тарихымен тығыз байланысты .Осы себептен де қазақ тіл білімі түркологияның бір саласы ретінде есептеледі.Түркологияның табыстарына,жетістіктеріне қазақ тіл білімі де ортақ,ол сол табыстарға сүйенеді,соны басшылыққа алады.Сондықтан түркология тарихын білмейінше,қазақ тіл білімінің тарихын жете білу мүмкін емес.Осы себептен де түркі халықтарының ертедегі тарихын білу деген-өз туған халқымыздың тарихын білу деген сөз,сол сияқты жалпы түркі халықтары тілдерінің,яғни түркі тілінің ертедегі тарихын білу деген сөз.Түркологияны білудің қажеттігі,міне,осында.
Түркі тілдерінің бір негізден тараған өзара туыстас тілдер екендігі олардың морфологиялық формалары мен синтаксистік тәсілдеріндегі бірліктен ,жақындықтан да,дыбыстық жүйелері мен негізгі сөздік қорындағы бірлік пен жақындықтан да байқалады.
Туыстық жақтан бір топқа жатқызылғанымен,түркі тілдерінің бір-бірімен жақындық дәрежелері бірдей емес,олардың ішінде бір-бірінен шамалы ғана өзгешелігі бар,сөйлеушілері бір-бірін тілмашсыз-ақ түсінісе алатындары да,тілмашсыз сөйлесе,түсінісе алмайтын алыстары да бар.
Дата добавления: 2016-02-20; просмотров: 5556;