Дәріс. ОРТА ҒАСЫР ТІЛ БІЛІМІ 4 страница

Структурализмнің тууына ішкі, таза лингвистикалық себептер де жоқ емес. 19 ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстықтарын, тілдің түп-төркінін, шыққан тегін ашу сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылысы қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың байланыснда қандай заңдылықтар бар? деген тәріздес сұрауларға тұжырымды жауап болмады. Структурализм өкілдері өз еңбектерінде В.Гумбольдт, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф. Де Соссюр еңбектеріне сүйенді.

Структурализм бағытының көпке танымал үш мектебі болды, олар: Прага (Чехославакия), Копенгаген (Данияда) мектептері және дискриптиптік мектеп (Америкада). Кейін бұл бағыт басқа да елдерге тарады. Структуралистік мектептерді біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:

1 Тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір

бүтін құрылым деп санайды. Тіл білімінің міндеті – тілдің құрылымын, структурасын зерттеу дейді.

2 Жас грамматистер тілді тек дифференциялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта қарайтын интеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән береді.

3 Үш мектептің үшеуі де тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымдықэлементтері арасындағы байланысты талдау деп түсінеді.

4 Барлығы да Ф.Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды.

5 Структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мән береді. Прагалықтан басқалары синхрондық зерттеуді бірінші орынға қояды.

Прага мектебілингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус. Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Транка, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған. Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері» деген жинақ шығарып тұрды. Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі» деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланды.

Бұлар тіл білімінің негізгі нысаны – тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты. Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек, тіл дегеніміз – функционалды жүйе, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан – фонологиядан, морфологиядан, синтакситен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды. Тілдің элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды.

Адамдардың ойлауға, сезімге, еркін білдіруге психикалық қабілеттілігі тілдің үш түрлі қызметін – коммуникативтік, білдірушілік, қаратпалық қызметтерні туғызады. Бұл қызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер сай келеді.

Функционалды лингвистика өкілдерінің әрқайсысы түрлі проблемалармен айналысты. Солардың ішінде олардың жақсы зерттеп, айтарлықтай табысқа жеткен саласы – фонология. Прагалықтар фонология мәселесінде Бодуэн де Куртенэнің фонема туралы ілімін басшылыққа алады.

Бұл салада әсіресе Н.С.Трубецкойдың атқарған рөлі, ғылыми табысы елеулі болды. Ол өзінің «Фонологияның негізі» деген еңбегінде әр түрлі тілдердің екі жүзге жуық фонологиялық жүйесін сипаттайды. Фонетика мен фонология тіл білімінің тең дәрежедегі екі саласы: фонетика – сөйлеу дыбыстарын, фонология тіл дібістарын зерттейді. Фонологияның негізгі нысаны – фонема. Фонема – тілдің ең кіші фонологиялық бөлшегі.

Жалпы бұл мектеп өкілдері фонетика мен фонологияның аражігін ашып көрсетеді. Фонетика – тіл дыбыстарының физикалық, физиологиялық сипаттары туралы ілім, фонология тіл дыбыстарының мағына ажыратқыштық функциясымен шұғылданады дейді. Прагалықтар әдеби тіл нормасы, тілдік, поэтикалық стиль, сөйлеу мәдениеті мәселелерімен де шұғылданды. Прага мектебі тілдік элементтердің арақатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым-қатынас көрсеткіштерінің өзіндік сипатына ерекше мән беру керек дейді. Сонымен бірге бұл мектеп синхрония мен диахронияны бірлікте қарайды. Прага структуралистері тіл – дүниетанудың құралы, ол мәдениетпен, көркем өнермен, әдебиетпен тығыз байланысты, тілді өзімен-өзі тұйықталып жатқан автономиялы дүние деп санау дұрыс емес, сондай-ақ, тіл жүйесін бір қалыптан аумайтын, өзгермейтін синхрондық қана жүйе деу қате, жүйе де үнемі өзгеріп отырады дейді.

Прагалықтар өздеріне дейінгі, әсіресе жас грамматистерге өте ұқыптылықпен қарады, өздерін олардың мұрагеріміз деп есептеді. Бұлар өз зерттеулері арқылы 20 ғасыр тіл біліміне елеулі үлес қосты. Оның ықпалы қазірде Чехославакия және басқа да біраз елдер тіл білімінде күні бүгінге дейін елеулі.

Копенгаген структуралық мектебі.Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистік бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналасыатын, тілдің ғылымаралық мәселелеріне жуымайтын зерттеушілер екендігін көрсеткісі келді.

Глоссематикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессор Луи Ельмслев. Оның 1928 жылы «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы жарияланған. Глоссематиктер 1931 жылдан бастап «Тіл біліміндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго Брендальдың «Структуралды лингвистика» және Ельмслевтің «Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі», «Тіл теориясының негіздері», «Тіл теориясына кіріспе» еңбектерінде глоссемантиканың ұстанған негізгі бағыттары кең баяндалған.

Глоссемантиктер алғашында Ф. Де Соссюр еңбектеріне сүйеніп, прагалықтармен пікірлес болғанымен, кейін олардан біраз жекеленген. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:

- Нақты тілдік фактілермен қатынасы жоқ, абстрактілі аксиомалық

теория жасау, бірақ оны жасай алған жоқ;

- Лингвистикадағы маңызды мәселе – тілді таза қатынастардың

кестесі, схемасы деп санау, сол қатынастардың схемасын айқындау деп есептеді;

- Тілдің әртүрлі ғылымға ортақ нысан болатын тарауларын

лингвистикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тстауды ұсынады. Бұларшы, фонетика – лингвистиканың емес, физика, физиология ғылымдарының нысаны, семантика – логика, философия ғылымдарының нысаны т.б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағы болса, семантика тілдің идеялық жағы, бұл екеуінсіз тіл жоқ.

- Зерттеу жұмысынан салыстырмалы-тарихи әдіс дегенді біржола

аластау керек, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грамматикасын жэазу керек деді.

- Тілді шындық өмірден, басқа ғылымдардан бөліп қараджы;

- Зерттеу ісінде индуктивтік, яғни жалқыдан жалпыға қарай зертеу

әдісін қолданбауды, дедуктивтік, яғни жалпыдан жалқыға қарай зерттеу тәсілін қолодануды ұсынды.

- Құрылымд дерексіз таза қарым-қатнастар схемасы деп түсінді.

(прагалықтар құрылымды өзара байланыста, шартты қатынаста тұратын тұлғлардан құралған бірлік, тұтастық деп дұрыс баға берген еді);

- Ф. Де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мән беріп,

оны тілдің жүйелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тәсіл деп қарайды;

- Ф. Де Соссюрдің ізімен сөйлеуді индивидуалдық деп санап, оны

тілдік нормаға, узусқа қарсы қойды. (Норма – материалдық форма, ал узус қоғам қабылдаған сөйлеу әдетінің, дағдысының жиынтығы. Тіл ішкі құрылымы жағынан алғанда, фигуралар мен

функциялардың жиынтығы. Фигуралар – таңба жасауға қажетті материлдар. Функцияға тілдік тұлғалардың байланысы жатады).

Дескриптиптік мектеп.20 ғасырдың 20 жылдарында Америкада

қалыптасқан. Қалыптастырушылар АҚШ тіл бюілімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир, Леонард Блумфилд. Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған ролі мен ұстанғантпринциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі АҚШ-тағы этногракфиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берущілері болып табылады.

Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дискриптиптік әдіс деп аталды. Бұл мектеп о баста таза практикалық мақсаттан туған. Үндістер тілін зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдістің мүмкіншілігі шектеулі болды. Бұл тілдердің қазіргі статистикалық күйін түсіну үшін зерттеудің жаңа амал-тәсілі қажет болды. Ізденіс нәтижесінде структуралық әдістің тиімділігі айқындалды. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қлпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарих дегендер ескерілмеді.

Дескриптивтік мектептің жұмыс әдісі мен принциптері көп мәселеде

Ф.Соссюр мен Копенгаген структуралистерімен сәйкес келгенмен, олардың өздерінің ұстанған бағыттары болды. Америка үндістерінң тілін алғаш зерттеп, американдық структуралистерге материл берген - Американың тіл ғаламы, белгілі антрополог Франц Боас.

Л.Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік (мінез-құлық)

психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұларша, психология тек мінз-құлықты зерттеу керек, ал мінез-құлық дегеніміз –организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады.Л.Блумфилд өз теориясын механистік деп атады. Сөйлеу процесі бірнеше стимулдар мен реакцияларға бөлшектенеді, тіл арқылы қатынас жасау дегеніміз – стимулдар мен реакциялардың, әсер мен салдар туғызған себептердің жиынтығы деп түсіндіреді. Сөйлеудің ойлаумен, ұғыммен байланысы ескерілмейді, тіл қызметінде жеке индивидумның мінез-құлқына, адам организмінің құбылыстарына, организмге сырттан болатын әртүрлі құбылыстарға, әсерлерге, түрткілерге ерекше мән беріледі. Тілдің коммуникативтік қызметін мойындағанмен, оның іске асуын механистік жолмен түсіндіреді. Ал тілдің ойды қалыптастыру қызметі сөз етілмейді. Осындай кемшіліктеріне қарамастан, Блумфилд тілдердің қай-қасйсысына да жарайтын, тіл білімінің дамуына ықпал жасаған тілді зерттеудің жаңа әдісін жүйелеп, қалыптастырды. Тілді формалды сипаттаудың қажеттігін дәлелдеді. Блумфилдті дескриптивтік, кейде Йель мектебі деп аталатын лингвистикалық мектептің негізін қалаушы деп те атайды. Оның ілімін Э.Харрис, Б.Блок, Ч.Хоккет, Дж. Л. Трейджер т.б. шәкірттері басшылыққа алды.

Дескриптивтік мектеп өз дамуыныңы жоғарғы сатысына 40-50

жылдары көтерілді. Э.Харристің 1951 жылы «Структуралдық лингвистика әдістері» атты монографиясы шықты. Онда дескриптивтік әдістің ең түйінді, өзекті мәселелері талданған. Дескриптивтік мектеп өз алдына жалпы тіл білімінің теориясын дамытуды емес, тілдік элементтерді оңай және тез табу, оларды есепке алу, қөандай контексте қолданылатынан айқындау міндеттерін қойды. Дескриптивистер тілді ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі деп есептеп, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деген салаларға бөледі.

Металингвистика сөйлеу арқылы көрінетін мінез-құлықтың сыртқы

жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика, фонетика, паралингвистика, деп аталатын салаларды қамтиды.

Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны

сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне тілдің семантикалық жинағына көңіл аудармайды., оның материалдық жағын ғана зерттейді. Америка структуралистері тілді зерттеудің негізігі әдісі ретінде листрубицияны алды. Тіл білімінде диструбиция дегшеннен белгілі бір тілдік элементтің сөйлеу процесінде қолданылатын орны, контексі деген мағына түсініледі. Мысалы, фонема үшін оның контексі – оның алды-артынан келетін дыбыстар болса, морфемалар үшін оны қошап тұрған морфемалар. Дескриптивтік талдаудың нысаны – сөйлеу тілі, сөйлеу процесіндегі тілдік материалдар. Мақсаты – ауызекі материалды талдау арқылы тілдің құрылымдық сипатын айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін әр қабаттың элементтері жеке-жеке айқындалып, есепке алынуы керек, екіншіден, ол элементтердің дистрибуциясы айқындалуы керек. Әр қабатқа тән ең кіші элементтері болады, фонологиялық қабатқа – фонема, морфологиялық қабатқа – морфема тән. Фонологиядан фонемалардың қатынасын зерттейтін – фонотактика, морфологиядан морфотактика пәндері бөлінеді. Екеуіне ортақ мәселелерді морфонология зерттейді.

Америка структуралистері глоссематиктер тәрізді тілдік элементтердің нақты мағыналары мен дыбыстық құрылымдары тіл құрылымына жатпайды деп пайымдайды. Сөйтіп, бұлар үшін тіл ғылымының ең өзекті мәселелері фонология мен морфология. Бірақ фонологияның оның дыбыстық материясынын бөліп алып, оған қарсы қояды. Фонема – лингвистердің интеллектуалды шығармашылығы, структуралдық нүкте ғана дейді. Дескриптивистер семантика мен фонетиканы тіл білімінің құрамынан шығарып алып, алдыңғыны логика мен психология, соңғыны физика мен физиология ғылымдарының нысаны етуді ұсынады.

Этнографиялық лингвистика.Тілді сол тілді қолданушы халықтың, ұлттың мәдени өмірі, салт-санасымен, дәстүрімен байланыста қарастыру туралы алғашқы пікір 18 ғасырдағы неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоган Бердердің поэзияға байланысты зерттеулерінде айтылған еді. Кейінгі В.Гумбольдт еңбектерінде де халық тілі оның тарихымен, мәдениетімен, ұлттық рухымен байланыста қаралды. Бірақ тілді мәдениетпен, сал-дәстүрмен күрделі байланыста қарастырып, зерттеудің ғылыми бағытқа айналуы 20 ғасырдың 20-30 жылдары ерекше белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қлыптасқан екі бағыт бар: біреуі – Америкадак,, екіншісі – Германияда.

Бұлардың екеуі де этнолингвистика деген шартты атаумен аталады. Оны Америкада қалыптастырушылар – Эдуард Сепир (1884-1939) мен Бенжамин Уорф (1897-1941). Америкалық этнолингвистика мектебінің теориялық негізі Э.Сепирдің «Тіл», «Лингвистикакның жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» деп аталатын жинаққа енген мақалаларында баяндалған.

Э.Сепирүндістердің бірнеше тайпаларының тілдерін зерттеген, 20 ғасырдың 20 жылдарына дейін тілдің құрылымы жөніндегі проблемалармен шұғылданған, тілдердің типологиялық жіктелуі туралы, тілдің әлеуметтік құбылыстармен байланысты мәселелері де Сепир еңбектерінің өзекті саласы.

 








Дата добавления: 2016-02-20; просмотров: 5596;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.