Дәріс. Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты жетілдірудің оңтайлы шаралары

 

Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты қолға алынғанына көп болмаса да оның бүгінгі беталысы дұрыс жолмен дамып,өркендеп келеді. ҚР-да әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек.Мысалға Еуропа қауымдастығында әлеуметтік жұмыс үш бағытта жүргізіледі.

Біріншісі,әлеуметтік-демократиялық модель,мұнда мемлекеттің үлкен диапазонында әлеуметтік қызмет жүргізіледі.В.Хамиш бұл модельді «скандинавиялық модель» деп атаған.Әлеуметтік жұмысты жүзеге асыру үшін елдегі партиялардың кеңесімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіледі. Екінші модель, «корпоративті модель» деп аталады.Бұл модель бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және кәсіподақ қоғамының интеграциясын анықтайды.Мұның негізінде әлеуметтік сақтандыру жүзеге асырылады.Әлеуметтік сақтандыру қызметі мамандандырылған топтардың қатарына кіруіне байланысты анықталады. Үшіншісі, «либералды модель»,бұл модель әлеуметтік төмен топтарға мемлекет тарапынан минималды көмек көрсетуімен байланысты. Бұл модельді негізінен ағылшын-саксандық елдер қолданылады.Бұл модель Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде жүзеге асырылады.Оның құрамына әлеуметтік сақтандыру кіреді.Бірақ төмен деңгейде дамыған,ал әлеуметтік көмек мұнда орасан зор роль атқарады.Бұл модельде кейбір алшақтықтар бар.Ұлыбританияның мемлекеттік жүйесі денсаулық сақтауды қолдау мақсатында барлық адамдарға ақысыз түрде медициналық қызмет көрсетеді,ал Ирландияда ақысыз тегін медициналық қызметті тек төмен жалақы алатын адамдарға ғана көрсетіледі. Бұл модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына болады.Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын.Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болары хақ.Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс. Әлеуметтік жұмысты дамытуда экономиканы реттеу аса маңызды,өйткені көптеген әлеуметтік проблемалар осы қаржы проблемасының салдарынан шешілмейді,әрі қарай күрделі проблемалардың өршуіне алып келеді.Қоғамның,ондағы әрбір азаматтың сапалы әрі бақытты өмір сүруі әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болғандықтан елде ең алдымен әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте тұруы керек.Әлеуметтік жұмыс жүзеге асуы үшін диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды.Әр түрлі себептердің салдарынан туындаған мәселенің нақты жолын табу үшін заманауи үлгідегі технологиялармен оқытылған,біліммен байытылған мамандар мен кадрларды қайта даярлау ең басты міндет болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік мәселелердің шешілуі ең алдымен білікті маманға байланысты.Шет елдермен тәжірибе алмасу елімізде әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына өз септігін тигізеді.Әлеуметтік қызметкер мәселені шешуде өзінің тиімді әдістерін,белгілі бір құралдарды пайдаланады.Оларға әр түрлі іс-қимылдар,заттық жабдықтар,қосымша рухани және материалдық қаражаттар,әдістер жұмыс түрлері,ақпараттық технологиялар жатады.Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасы біліміне,шеберлігіне байланысты қалыптасады.Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде жаңалықтардың ашылып тұруы мүмкін.Бұл мақсатқа тез жету үшін ақпараттық технологияларды дамыту керек.Әлеуметтік жұмыста анализ,синтез,салыстыру,бақылау,эксперимент,және т.б әдістер дұрыс қолданып жүзеге асуы тиіс.Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады.Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық,психологиялық,педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады.Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруына байланысты,яғни онда азық-түлік,зат,ақша жеңілдік,ақшалай көмек т.б. тәрізі түрлі көмектер беріледі.Псих-педагогикалық әдіс-тура емес,жанама клиентке,оның мінез-құлқы мен көңіл күйіне әсер ету арқылыжүргізілетін әдістер түрін зерттеу керек.Әлеуметтік жұмыстың үлгісі-әлеуметтік жұмыстың социологиялық модельі қоғаммен тікелей байланысты,көптеген социологиялық үлгілер социологиялық концепциялардан туындаған.Социологиялық әдістің әлеуметтік-радикалды үлгісі адамның құқығы үшін күреседі,осы әдісті әрі қарай жандандыруымыз керек.Қоғамдағы түрлі кері әсерлердің болмауының алдын алуымыз керек.Әлеуметтік жұмысты дамытуда әлеуметтік қызметкер рольдік теория немесе рольдік әдіс теориясын ерекше жақсы игеруі тиіс.Әлеуметтік қызметкер рөльдік ойын арқасында клиенттің мінез құлқын өзгертеді.Мысалы,әйел-ана «немқұрай әйел» рөлінен айырылғысы келеді.Осы ойын арқасында әлеуметтік қызметкер бұрынғы рөлін «жақсы көруші ана» рөліне өзгертеді.Осылайша әлеуметтік қызметкер өз клиенттеріне көмек көрсетеді.Адамның өзін-өзі өлтіруі,бүлік,нашақорлық,жыныстық тергеуесе ақылдылық және т.б мәселелерді шешудегі девиантты мінез-құлық теориясын жетілдіруіміз керек,себебі қоғамдағы кең етек алып жатқан негізгі әлеуметтік проблемалар осы болып табылады.Адамдардың бір-бірімен конфликтке түспеу үшін мемлекет тарапынан адамдардың моральдық құндылықтарын ең қиын ситуацияда қорғай алатын заңдық құжаттама дайындауымыз керек. Қазіргі Қазақстандағы зейнеткерлердің өмір сүру жағдайына табысты қайта бөліп беру саясатына үлкен көңіл бөлінеді.Онда еңбекақының адамды еңбек еткен кезіндегі жағдайды қамтамасыз етеді дейді,және оны мемлекет қадағалап отырады. Сол үшін үкімет зейнетақы қорын ашты.Отандық ғалымдардың ойынша, жұмыссыздық жағдайында қиынырақ, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы жүйесі адам кәсіподақта тұруына байланысты болады. Енді үкімет саясатының құрамы қоғамдағы саяси теңдікті сақтау құралы ретінде қарастырды.Осы модельдерді Қазақстан өз әлеуметтік жұмысын дамытуда қолдануына болады. Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдағанда: кризисті приодтағы, еңбек қатынастарындағы, әлеуметтік қамту жүйесіндегі, тұрмыстық саясаттағы еңбек саласындағы саясаттың экономикалық шараларын жүзеге асу нәтижесі өте төмен болды. Әлеуметтік жұмыстың қағидаларын реттеуде мемлекеттің саясаты басты негіз болып табылады.Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік технологияларды қарапайым(арнайы мамандығы жоқ адамдарда жүргізген),күрделі (мамандықты қажет ететін) және комплексті(бірнеше мамандықтарды қажет ететін)болып бөлінеді.Әлеуметтік жұмыстың жалпы психологиясымен бірге(диагноз,экспертиза,болжау,көпшілікпен байланыс)әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілерін іске асыруымыз керек.Болашақты алдын-ала пайдалану технологиясының негізінде тұрғындардың камқорлығы туралы мемлекеттің ерекше саясаты жатады. Дегенмен парламенттің депутаттары қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік мәселелерді алдьн-ала шешумен айналысқысы келмейді. Осындай мәселелер адамдар өміріне кіріп, оларға көп қиындық пен қайғы әкелгенде ғана депутаттар зандарды қабылдайды. Мысалы: Қазақстанда балалар туылған кезде берілетін әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап қана беріліп жатыр. Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге белінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту (реабилитация) технологиялары. «Диагностика термині (грек тілінде «танып-білу, анықтау) медицинада ауруды тану және диагноз қою дегенді білдіреді. Әлеуметтік ауру туралы тусінік әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге қалыптасты. Туберкулез, рахит, жыныстық қатынас арқылы жүғатын аурулар көбінесе адамдардың материалдық жағдайының нашарлығымен байланысты. Қайыршылық, ашаршылық, жалғыздық және т.б. әлеуметтік ауруларға жатады. Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Эксперттік зерттеуде маманның дәлелденген нәтижесінде кажетілік туады. Әлеуметтік жұмыста осы эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функциядан тұрады:диагностикалық (клиенттің жағдайын анықтау), ақпараттьтқ бакылау (клиент туралы ақпарат анықталады), прогноздық (клиенттің болатын жағдайында анықталынады), жобалылық (шешім қабылдауға ұсыныстар шығару).Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде бірнеше жаңалықтар (инновациялар енгізіледі. Инновация дегеніміз - өзгеріліп отырған өмір жағдайына сәтті ұйымдастырылған жаңалықтар, мысалы; сенім телефоны. Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету. Әлеуметтiк жұмыстың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибелеріне негізделе отырып, басты мәселерді шешуде пайдаланылатын әдiстердiң кешенi мынадай:

1. Психологиялық зерттеудiң әдiстерi:

• бақылау – белгілі бір жағдайлардағы психикалық құбылыстардың мағынасын және спецификалық өзгерістерін жүйелі және мақсатты қабылдау. Бақылаулардың тиiмдiлiк, дәлдiгі бақылаушының тәжiрибелiлігінің дәрежесiне және бiлiктiлiктілігіне тәуелдi болады;

• тәжiрибе - объектінiң мiнез-құлықында немесе күйiнде болатын өзгерiсті есепке алатын зерттеушiнің әлеуметтiк жағдаятқа белсендi қатысуы. Егер зерттеу жағдайы белгісіз болса немесе дұрыс зерттелмесе эксперименттің мынадай түрлері қолданылады:

• Лабораториялық тәжірибе - арнайы орталықтарда жүзеге асырылады. Бұл бақылауды және жоғарғы сенімділікпен нәтижелікті қажет етеді;

• Анық тәжiрибе - зерттеудiң әдiстерiн психикалық процесстердi реттеуге мүмкiндiк береді.

2. Диагностикалық әдiстер – жеке адамның психологиясын анықтайтын өзгерiс. Стандартталған сұрақтар қою және жағдайды анықтайтын тесттерді жүргізу сияқты тәсілдер арқылы анықталады.

3. Психогенетикалық әдiс - адамның жеке психологиялық ерекшелiктерін, олардың қалыптасуындағы генотип және қоршаған ортаның рөлi анықтау. Бұл әдіс информациялық әдіс деп те аталады

4. Лонгитюдтық әдiс - ұзақ және жүйелi түрде зерттеуге мүмкiндiк беретiн адамның тiршiлiк циклдары фазаларының жас шамасына байланысты және жеке құбылмалылығының диапазонын анықтауға байланысты сыналып отыр.

5. Тiршiлiк жолды зерттеудiң әдiстерi - адам жаратылысының жеке дамуын зерттеу. Осы әдiсте, әдетте, кризистiк мерзiмдер және тiршiлiктің қалыпты дағдарыстары шоғырланады.

6. Психологиялық көмек әдiсi - адамның психологиялық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар адамның алдына қойған мақсаттарына жетудегі және қиындықтарға төтеп беріп, омірлік дағдарыстарды жеңудегі жаңа ынталарын қалыптастыру әдісі. Оның құрамы: а) психологиялық коррекция және психикалық әдiстер, психосоматиялық аурулар, өткiр немесе созылмалы психикалық жарақатқа шалдыққан адамдарға көмектесу; б) жүйке гигиенасы және психопрофилактикалық әдiстер - психосоматиялық аурулардың алдын алуға бағытталған психологиялық көмек беру.

Әлеуметтік жүмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.

Психологиялық және педагогикалық әдіс — тура емес, жанама клиентке, оның мінез-кұлқы мен көңіл-күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі.Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі отбасындағы, топтық, ойын түрлері. ( "Терапия" деген ұғым грек сөзінен алынған "көмек," "жазылу," "күту" деген мағынаны білдіреді). Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай 2009ж жарық көрген «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау» тұжырымдамасына сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Сондықтан да әлеуметтік қорғау бұл кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс антикалық дәуірдегі «этикет» мінез-құлқының жинақтылығына және мақсаттарына бағытталған. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін әдепті адам жаратылысы бойынша жомарт және кең пейілді болуы керек . Өзі жақсылық жасай отырып, біреудің жарылқауынан ыңғайсызданады. Өзіне жасаған жақсылыққа екі еселік қайтарым жасайды. Ол өз күшін қайратсыздардың моральдік тұрғыдан төмен адамдардың алдында көрсетуді мақсат қылмайды, сонымен қатар мәртебелі адамдар алдында өзін дұрыс ұстайды. Мінез-құлық ережелері сөйлеу мәдениетіне де қатысты болды. Этикет бойынша тәртіпті адам сөйлеу барысында шырт қимылдар жасамау керек., бірқалыпты және нақты сөйлеу қалпын сақтау керек.Әр түрлі әлеуметтік топтағы адамдарға қатысты мінез құлық ережелері заман ағымына байланысты өзгеріп отырды. Мысалы орта ғасырда этикет бойынша жоғарғы әлеуметтік топтағы адамдарға шығу тегінің атақтылығына байланысты әртүрлі ар-ұят кодекстерін сақтау керек болды. Алайда, бұл кодексті хрестиандық моральға сәйкес өз күштерінің қабілеттілігін танытпай, керісінше, бойұсынулыққа, ақылдылыққа келуді жөн көрді. Этикеттердің заңды күші болды және тәртіпті бұзғандар үшін қатал жаза қолданды. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың дамуы үшін шетелдердің тәжірбиесін қолдану мен зерттеу өте маңызды. Әлеуметтік жұмыстың әр түрлі топтамасының ерекшеліктері әр елде өзгеше. Вольтер, ”Елімді қаншалықты жақсы көрсем, соншалықты оны байыту үшін басқа елдердің ұтымды тәжірбиелерін пайдаланамын дегендей, Қазақстан үшін өз дамуында шет елдік тәжірбиелерді қолдануы өте маңызды. Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың мүшесі,оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау табуда және нақты іс жүзінде асырылып келеді. Шет елдің әлеуметтік жұмысын зерттеу әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сондай тәсілдердің ішінен мен салыстыру әдісін таңдап, осы әдіс арқылы Қазақстан мен шет елдегі жүргізіліп отырған әлеуметтік жұмысты салыстырып,шет елдік әлеуметтік жұмыс тәжірбиесінің Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктерін қарастырдым. Әр елде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі пайда болған кезде,әдеттегідей осы мақсаттардың біріне жетуге бағдар алынған. Жалпы сипаттағы жүйелер, көбінесе жаппай кепілді, ең төменгі көрсеткішті қамтамасыз етуге, ал жекелеген кәсіптік топтарды ерекше қамтитын әлеуметтік сақтандыру жүйелері жоғалтқан еңбекақыны өтеуге бағытталған, онда олар көбінесе кедейліктің алдын алу қызметтерін,атап айтқанда,әлеуметтік көмек көрсетуді басқа институттарға қалдырады. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесі толық ортақтас қағидасының басымдылығымен,мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейімен және төмен ынтасымен сипатталады.Мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша,жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысы толық ортақтастық қағидасында ұйымдастырылған.Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер,азаматтығы жоқ тұлғалар тәуекел жағдай туған кезде,еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан,егер заңдарда және халықаралық келісімдерде өзгеше қарастырылмаса бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақы алады.Шет елдегі әлеуметтік жұмыс тәжірбиесін зерттеуде әр елдің әлеуметтік жұмыс жүргізудегі,осы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің маңыздылық деңгейі сияқты өзіндік ерекшеліктерін қарастырған жөн.Мысалға,осындай сипаттарға байланысты американдық және еуропалық әлеуметтік жұмыс модельдері ерекшеленеді.Біз өз мемлекетіміздің тұрақты дамуында осы шет елдік тәжірбиенің оң тұстарын ғана қолдана білуіміз қажет. Айтылып кеткендей,ҚР және Еуропа Одағының халқының өмір сапасы стандартының заңнамалық негізі өзіндік нормалармен ғана емес,сонымен қатар мемлекетте қалыптасқан тарихи – мәдени ерекшеліктерге қарай ұйымдастыру және қаржыландыру тәсілдерімен ерекшеленеді.Бірақ бұл ерекшеліктерге қарамастан ҚР мен Еуропа елдеріндегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бір бағытта жүреді. Қазіргі Германия мен Қазақстанның әлеуметтік саясатына параллельдер жүргізу мен басты даму беталыстарын салыстыру,бір қарағанда болашақсыз тапсырма болып көрінеді.Екі мемлекеттің әлеуметтік жұмыстары мен әлеуметтік саясатының мазмұны мен құрылымындағы айырмашылықтар тым орасан.Германияда әлеуметтік жұмыс мынандай бағыттарда қызмет атқарады:әлеуметтік сақтандыру,әлеуметтік қамтамасыз ету,әлеуметтік көмек.Германиядағы әлеуметтік жұмыс мәртебесінің тармақтылығын және прагматизмін сипаттайтын маңызды ережелер келесідей:

1. Германиядағы әлеуметтік жұмыс әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы ретінде институтталған.

2. Әлеуметтік жұмысты жүргізушілер мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар,жеке тұлғалар болып табылады.

3. Германдық әлеуметтік саясат конституциялық мәртебеде адамның өзінің және мемлекет алдындағы,сондай – ақ мемлекеттің қоғам алдындағы қызметі мен жауапкершіліктеріне негізделген.

4. Тиімді әлеуметтік саясат қалыптастырудың іргетасы ретінде әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандырудың тұтынушыға бағытталған технологиясын анықтау. Біздің еліміздегі қазіргі әлеуметтік қоррғау жүйесінде Батыс елдерінен айырмашылығы ондағы толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысуы деңгейі басымдылығы,ал ынталандыру деңгейінің төмендігі.Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады.Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.Жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда,әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен.Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынандай түрлерін көрсетеді.

1. жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

2. жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау,біліктілікті арттыру,қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

3. қоғамдық жұмыстарды істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу

4. табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Еуропа елдерінде өмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда бірталай асып түседі.Еуропа елдері ең төменгі жалақы деғгейінің мөлшері бойынша 3 топқа жіктеледі,бірінші топқа – ең төменгі жалақы мөлшері 82-331 евроны құрайтын мемлекеттер,екінші топқа -427-668 евроны,ал үшінші топқа – 1200 евродан жоғары соманы соманы құрайтын мемлекеттер құрайды.Бұл ретте Қазақстанның ең төменгі жалақы деңгейі Еуропа елдерінің ішіндегі ең төменгі ең төменгі мемлекеттерінен де азболып отыр.Сондықтан еліміздегі ең төменгі жалақы көлемін көь\бейтіп,Еуропа елдерінің жоғарыда айтылған үш топтың бірінде көрсетілген деңгейге жетуіміз керек. Жоғарыда жазылып кеткендей, Еуропа елдерінің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі аса жомарттықпен ерекшеленеді.Бір жағынан Қазақстандағы зейнетақы мөлшері елдегі өмір сүру бағасынан аса аз болмағанымен,шетелдегі зейнетақы мөлшерінен артта қалып келеді.Еуропа Одағының кодексіне сәйкес зейнетақы мөлшері орташа жалақы мөлшерінің 50 пайызын құрауы қажет.Ал ең төменгі зейнетақы стандарт бойынша 30 жыл еңбек өтілі үшін 40 пайыз және 10 жылдық еңбек өтіліне қарай 30 пайыз құрайды.Осы стандартқа сәйкес Германияда орташа зейнетақы орташа жалақының 62 %,Францияда 50% құраса,Қазақстанда ол 33% құрайды.Мұнда,Қазақстан менЕуропа елдеріндегі зейнетақы жүйесінде ұқсастықтар болғанымен, бөлінген зейнетақы мөлшері бойынша айырмашылық көп. Әрине елімізде жыл сайын зейнетақы көлемі өсіп отырғанымен, оның мөлшерін көбейту өзектілігі туындап отыр.Осыған байланысты еліміздегі зейнетақы мөлшерін арттыруға тырысу керек. Қазақстанның өмір сүру ұзақтығы бойынша Батыс елдеріндегі ерлер 14 жасқа, ал әйелдер 8 жасқа ұзақ. Бірақ бала туу көрсеткіші Батыс елдерінен анағұрлым жоғары көрсеткішке ие. Жалпы әлеуметтік заңнама туралы сөз еткенде, заңнамалық нормалардыңпрогрессивтік белгілерінің жоқтығы туралы, оның тұрақты өзгеріп тұратын елдегі демографиялық,экономикалық,әлеуметтік жағдайлардан бір қадам артта қалатындығы туралы қорытынды жасауға болады.Бұлзаң шығару саласында стратегиялық жоспарлау процесі әлсіз және жүйесіз өтіп жатқандығына байланысты.Сондықтан, біз 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін халықтың өмір сүру деңгейін Батыс елдерінің стандарттарына жеткізуіміз қажет. 2006-2009 жылдары Германия мен АҚШ –та зейнетке шығу жасын қайта қарастырып,көтеру мәселесі қозғалды.Оның біздің елге де ықпалы болуы мүмкін,бірақ бізге зейнетке шығу жасын көтеруден гөрі төмендеткен дұрыс болады.Себебі жоғарыда жазылғандай,халықтың көбі әр түрлі факторларға байланысты жасқа жетпейді екен.Мұндай мәселені шешуде мемлекеттің үлкен қолдауы керек.Осындай қолдау зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін ары қарай жетілдіру үшін маңызды болмақ.Осы мәселені шешу жолдары Қазақстан Үкіметінің жыл сайын қабылданатын ҚР зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағдарлары негіз болады.Бағдарламаға сай базалық зейнетақыны енгізу,оны жылдан-жылға көбейту сияқты шаралар қарастырылған.Сол сияқты зейнетақымен қамсыздандырудың 3 деңгейлі жүйесіне өту аяқталды:1)мемлекеттік базалық зейнетақы,2)ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақымен қамсызданыруға берілетін зейнетақы,3)ерікті және кәсіптік зейнетақы аударымдарының есебінен қосымша төлемдер.Жалпы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін Батыстық стандарттарға сай келтіру үшін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің құқықтық базасын жетілдіру қажет. Ол мәселе, 1)қазіргі зейнетақы жинағының құнын қазіргі инфляция жағдайында сақтап қалу үшін халық үшін маңызды,себебі,бүгінгі жинақтары ертеңгі күні олардың өмір сүруін қамтамасыз етуі тиіс 2)зейнетке шығу жасын қайта қарап,оны төмендету қажет.3)зейнетақы сомасын көтеру керек.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4437;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.