Клиент проблемасының деңгейлері.
Клиент проблемаларының деңгейі. Әлеуметтік қызметтің клиенті болып әлеуметтік, ментальдық, психоментальдық деңгейде проблемлары бар адам саналады. Бұл деңгейлер дәстүрлі негізде тұлғаның үш сферасының бөлінуімен анықталады:
Іс-әрекеттік (шыни әлеуметтік өзара қарым-қатынас);
когнитивтік (ақыл-ой);
эмоционалдық (сезімдік).
1. Әлеуметтік байланыстар деңгейіндегі проблемалар – бұл адамның басқа адамдармен, топтармен, әлеуметтік институттармен өзара қарым-қатынасының келіспеуі. Индивидтің әлеуметтік байланыстары өмірлік іс-әрекеттің отбасы, өндіріс, демалыс т.б. сфераларындағы байланыстар оның осы социоәлеуметтік жағдайға адаптациялану деңгейін анықтайды.
2. Қоғаммен не топпен ментальдық байланыс деңгейіндегі проблема қоршаған орта туралы ақпаратты сақтау, қабылдау, қорыту және трансляциялаупроцесінің үзілуәмен байланысты.Бұл кезде адамның топпен, қоғаммен мағыналық коммуникациясы бұзылады. Өзімен ментальдық байланысқа өзін идентификациялау (мен кіммін?), саналы сезілетін құндылықтар мен сенімдер жүйесі (мен мұны неге істеймін?), өзінің орнын түсіну (мен неге?), құлықтық бағдарлама (мен мұны қалай істеймін?), өзіндік тәжірибені сипаттау (мен өзімді қалай сезінемін?) кіреді. Өзара әрекеттің ментальдық деңгейі индивидте интеллектуалдық қабілеттердің және әлеуметтік тәжірибенің деңгейіне байланысты. Сондықтан ментальдық деңгейдегі проблемалардың пайда болуының алғышарттары түрлі сипаттағы психикалық бұзылыстар, психикалық дамудың тежелуі. Бұл деңгейдегі өзара әрекеттегі жағымды жайтты - өткенді дұрыс түсіну, өзіне және басқаларға қандай да қылықтарды түсіндіру. Сонымен бірге рефлексияның да маңызы зор. «Рефлексия» ұғымы өзінің және басқалардың жағдайларын субьектілік бейнелеу,өзінің және басқалардың қылықтарының себептерін түсіндіру.
3. Психоментальдық байланыстар деңгейі - топ, қоғам ішіндегі өзара әрекеттердің эмоционалдық жағы, оның адам үшін субьектілік маңызы. Соңғысы өмірлік позиция, өзіне қарым-қатынас түрінде көрінеді. Психоментальдық деңгейдегі пайда болған проблемалар «Мен образының» эмоционалдық қабылданбауымен байланысты. Бұл жағдайлар субьективтік және индивидуалдық нормаларды субьективтік қабылдаудың сәйкес болмауынан туындайды. Индивидтің топпен өзара әрекетіндегі эмоционалдық жағының бұзылыстары қандай да топ субьектіні психологиялық комфорт, қабылдаудағы қажеттіліктерді өтемегендіктен пайда болады. Сонымен, отбасындағы әлеуметтік-психологиялық қайшылықтар негативтік микроклиматқа, айырылысуға, балалар мен ата-аналардың қорғалу сезімінің бұзылуына алып келеді.
Дәріс. Клиенттің тұлғалық проблемаларының түрлері.
Мүгедектік және өзіне-өзі қызмет көрсетуге қауқарсыздық.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2423;