Дәріс. Клиенттің тұлғалық проблемаларының түрлері.

Жетімдік. Өз бетімен кету. Аз қамтамасыз етілу. Жұмыссыздық. Тұрақты мекен-жайының болмауы. Отбасындағы дау-жанжал және қатал қарым-қатынас. Жалғыздық

Жетімдік. Бұл өмірлік қиын жағдаят «бала – ата-ананың өз функциясын жүзеге асыруы»жүйесінде қарастырылуы мүмкін. Заңға сәйкес жетімдер деп жастары 18-дейінгі, ата-аналарының екеуі де қайтыс болған, не біреуі және қараусыз қалған балалар аталады. Ата-аналардың негізгі функциясы (тамақ табу, күту, киіммен қамтамасыз ету т.б.), тәрбиелеу (отбасы тәрбиесі, білім беруді ұйымдастыру), психологиялық қолдау, бақылау. Ата-аналықтың жаратылыстану-әлеуметтік институты фактілі түрде бала мен қоғам арасында уақытша байланыстырушы ролін атқарады. Баланың мұндай байланыстырушыдан айырылуы адамдық қажеттіліктерді және әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуде үлкен қиындықтарға алып келеді. Өз бетімен кету ата-аналардың бала тәрбиесімен айналыспау, бақыламау сияқты өз функцияларын атқармаудан пайда болады. Өз бетімен кетудегі ең қиын жағдай ата-ана мен баланың толықтай айырылуы (не тұрақты орнының болмауы, ата-анамен не оның орнын басатын адаммен байланыстың болмауы). Өз бетімен кетудің тұлғалық астары қалыпты өмір сүру және тәрбиелену үшін қажетті жағдайлардың болмауынан, және қылықтың, уақыттың бақыланбауы әлеуметтік дезадаптацияға алып келеді. Өз бетімен кетудің себебі отбасындағы қатал қарым-қатынастан, ата-анамен арадағы дау-жанжалдан баланың үйден кетіп қалуы. Олар ата-ананың үйінде не әлеуметтік мекемеде болмауы (вокзал, жылу коммуникацияларында қону), түсті металл, шөлмек жинау, жезөкшелікпен айналысуға байланысты. Аз қамтамасыз етілу витальды және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы материалдық ресурстардың жетіспеушілігі. Аз қамтамасыз етілген еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың өмірлік қиын жағдаяты төмен әлеуметтік статус пен жетіспеушілік кешенінің қалыптасуымен, әлеуметтік апатияның өсуімен, әлеуметтік стандарттардың төмендеуіне, мемлекетке, қоғамға, адамдардың кейбір топтарына, индивидтерге деген агрессивтіліктің дамуымен сипатталады. Материалдық қиындық көрген кәрілік шақтағы адамдарда өздері еңбек еткен, салық төлеген, соғыста қорғаған мемлекетке деген кері сезім пайда болады.Жұмыссыздық еңбек етуге дайын, бірақ, жұмысы және табысы жоқ еңбекке қабілетті адамдардың проблемасын көрсетеді. Жұмыссыздық – адам қандай да бір себептерге байланысты өндірістік іс-әрекетте жоқ, боссыздықтың бір түрі. Дегенмен, бос адам еңбек етуге дайын болмауы да мүмкін.Жұмыссыздықтың тұлғалық проблемасы материалдық ресурстарының болмауы, қоғамдағы орнын жоғалтуы, қабілеттер сферасының деградациясы, позитивті өзін идентификациялаудың бұзылуы. А.В.Павченко жұмыссыздардың мінез-құлқының үш типін көрсетеді:

1) белсенділік және саналы сезіну – жұмыссыз белсенді түрде жұмыс іздейді, проблеманы түсінеді.

2) белсенділік және саналы сезінбеу – жұмыссыз белсенді жұмыс іздейді, бірақ оның жұмыс іздеуініңформасы және бағыты өзгермейді.

3) енжарлық – жұмыссыз жұмыс іздеугекүш салмайды, бірақ қиын жағдайды сезінеді (мысалы, жұмыссыз бірнеше рет тау қайтқан соң жұмыс іздеуін тоқтатады, «қалада жұмыс жоқ», «жақсы жұмысқа тек таныс арқылы орналасуға болады» т.б.). Тұрақты мекен-жайының болмауы – экономикалық ресурстарының жетіспеушілігімен қатар тіршілік ету жүйесінің – адамдық «микроәлемінің» бұзылуымен байланысты, ерекше тұлғалық проблема. Мұндай проблемасы бар индивидтер «бомж» деп аталады, олар қаңғып жүруге мәжбүр. «Қаңғыбас» сөзінің өзі сөздікте «нақты ісі жоқ үйсіз адам» дегенді білдіреді.Қаңғыбастықтың негізгі себептері: отбасылық, мекен-жайлық, адамның моральдық проблемасы және психикалық ауру. Осыған байланысты тұрақты мекені жоқ адамдарды шартты үш топқа бөлуге болады:Бірінші – отбасылық және өмірлік жағдайлардың әсерінен қаңғыбастық жолына түскен, еңбекке жарамсыз жастағылар (отбасында тұру мүмкін емес, ауру, жалғыздық, кәрілік алжу).Екінші – бостандықтан айыру орындарында болғандықтан не үйді сатып алу-сату кезінде алдағандықтан құжаттарынан айырылған және өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі жоқ индивидтер.Үшінші – еңбекке жарамды жастағы, бірақ оған құлқы жоқ, ішімдікке салынған, өз үйін сатып жіберген адамдар.Отбасындағы дау-жанжал және қатал қарым-қатынас. Отбасындағы мүшелер арасындағы дау отбасы функциясының бұзылуына, оның мүшелерінің қажеттіліктерінің өтелу үрдісіне әсер етеді. Халықаралық нормаға сәйкес қатал қатынасқа психикалық не физикалық күш көрсетудің барлық түрлері, ұру т.б. жатады. Әдебиеттерде күш көрсету әрекеттерінің төмендегідей формалары бөлінген:психикалық (эмоционалдық), жыныстық күш көрсету, өмірлік қажеттіліктерге қарамау.Физикалық күш көрсету дегенде кісі өлтіру, соғу, тамақтан, медициналық көмектен бас тартқызуды түсінеміз.Жыныстық күш көрсету дегенде зорлау, инцестті түсінеміз.Өмірлік қажеттіліктерге қарамау, орындамау дегенде ата-аналар не оның орнын басатын адамдар балаға тамақ, киім бермеу, гигиеналық талаптарды орындамау.Үйдегі күш көрсету обьектісіне әдетте психологиялық немесе физикалық жағынан әлсіз отбасы мүшелері әйелдер, балалар, қарттар жатады. Отбасылық қаталдықтың үш типі бар: 1) ата-аналар жағынан балаларға; 2) ерлі-зайыптылардың біреуінің екіншісіне; 3) балалар және немерелер жағынан қарттарға.Жалғыздық – бұл тұлғаның ішкі әлемі мен байланыстың бұзылуынан болатын, кешенді жағымсыз сезімдер туындайтын күйзеліс.Жалғыздық жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылмайтын индивидтің өзара әрекеті, сыртқы ортамен әлеуметтік қатынастың жетіспеушілігінен пайда болады. Жалғыздықтың екі типін көрсетуге болады: эмоционалдық жалғыздық (ерлі-зайыптылық секілді тығыз интимдік қатынастың болмауы); әлеуметтік жалғыздық (маңызды достық байланыстардың болмауы).Мұндай жағдайлар көбіне үлкен қалаларда кездеседі.Әлеуметтік жалғыздықтың қандай да бірәлеуметтік өзгерістерге не белгілі топтан шығып қалуға байланысты болатын көптеген мысалдары бар. Оларға қарттар, қайыршылар, әрекеті жалпы қабылданған нормалардан шығып кеткен адамдар, кейде жасөспірімдер мен әйелдер кіреді.Жалғыздық көптеген күйзелістерге алып келеді, бірақ ең бірінші ол үміттің жоғалуына әсерін тигізеді. Ондай адамдар ешкімге керек емес, ұмытылып қалған секілді сезінеді.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2731;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.