Дәріс. Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдері
Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдерге де келіп жеттік. Кез келген қоғамда адам өздігінен жеке дара тұрып дамымай, керісінше сол қоғамдағы өзге салаларына әрекеттесу арқылы дамитындығы белгілі болса, онда дәстүрлі қазақ қоғамының сол адамды жетілдіріп, бір биікке шығарудағы міндеттерді жүзеге асыруда әлеуметтік ұйымдар үйлесімділігін (отбасы, дін, мемлекет) индивидуалдылық та, коллективтік та бағытта пайдалана алғандығы еді. Мұндағы ұйымдар іс-әрекеттілігінде отбасы ролінің жоғарғы болғандығын этнограф, ғалым X. А. Арғынбаевтың еңбектерінен таба аламыз, яғни «XV-XVII г.ғ. қазақтарда патриархалдық сипаты бар шағын дара отбасылар іс -әрекет еткен». Қазақтарда отбасы әлеуметтік айланыстарды реттеумен бірге бірқатар функцияларды да қоса атқарған.
а) қазақ отбасысы адамды жетілдіруде өзінің бастапқы кезеңінен ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлгендігі және сол ұрпақтың болашағын үнемі толғатқандығы еді. Қазақтар жетім қалған балаларды үш жағдайда асырап алған екен. «Біріншіден өз кіндігінен ұрпақ тарамаған жағдайда туысының балаларын асырап алған. Екіншіден ата анасыз қалған балаларды үйшаруашылығына қолқабыс ету мақсатында паналатса, онда үшіншіден жетімін жылатпау жолында баққан».
Сонымен бірге қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөлумен бірге, баланы жастайынан тәуелсіз өмір сүруге бейімдеген, яғни қазақ зиялыларының басым бөлігінің сол он үшінде танылып ел ісін басқаруда өз өнерін танытқандығы еді. Ал бүгінгі күні ше, бала он жетісінде де бала, қырқында да бала және санадағы нарықтық меншік үстемдігі ол ойдың дұрыс еместігін дәлелдеп, еріксіз батыстық өзінді өзің қамтамасыз ет мазмұнындағы психологияға сүйреуде. Жалпы бұл ой мені дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұрпақ тәрбиелеу үрдісімен М. Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттіндегі «мақсатты - рационалды типі» категориясы арасынан үндестік іздеуге итермелейді, яғни, қазақ өз ұрпағын ел мүддесі жолына жұмсағанда одан материалдық игі күтпегендігі жэне ол күтілім кездейсоқ емес, керісінше түбірінен нәрленгендігі еді. б) сол дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымды бір жүйеге келтіріп отырғандығы, өйткені қазақ қоғамында да кез-келген қоғамдағы секілді әлеуметтік қайшылықтың орын алғандығы. Бұл жайлы С. Ақатай «Асан қайғы социологиядағы таптық құрылыммен кейбір категорияларды білмесе де, көшпелілер стратындағы жарлылар мен байлар арасындағы қайшылықты өмірді білді, және көшпелі халықтардағы кедейліктің сырын ашуға тырысты, жаңылды, қайта іздеді. Соңынан жетіспеушілік табиғат, қоғам және өмір сүру ортасындағы гармониялық үндестіктін бұзылуынан туындаған құбылыс деп ойлады» деген пікірді келтіреді. Дегенмен қазақ қоғамы өз арасындагы әлеуметтік қайшылықты реттеп отыру үшін өзара әлеуметтік көмекті көрсетіп отырған. Мұндағы қазақ болмысына әлеуметтік көмектің қауымдық-дәстүрлілік типі тән, бұл үрдіс ол баршамызға таныс жылу, үме, асар, сауын беру, шүлен тарату т.б іс-әрекетті бағыттылықтың түрлері және аталған өлшемдірдің өзіндік мәні мен мазмұны бар. Бұл ойдан көретініміз ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның қайшылықтылығымен қатар оның ел мүддесіне негативті де, позитивті де ықпал тигізгендігі еді. Еліміз яғни «этникалық-сословиелік топтарға бірегей отбасылық-туыстық шаруашылықты жүргізуде әлсіз орталық билікте және әдеп-ғұрып үстемдігінде» өмір сүргеннің өзінде өзіндік философиялық даналық ойлау жүйесімен ерекшеленіп отырған. Ғарифолла Есім ағамыз «Қазақтың даналық ой пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады деп айтып кеткен. Дәстүрлі қазақ қоғамының ең бір өзекті мәселесінің бірі, бұл адам құндылығы. Н.Ж. Байтенова «Қазақ философиясына сипаттама берер кезде, оны антроцентристік бағытта деп айтуға болады. Жалпы шығыс философиясы, соның ішінде қазақ философиясының да мәселесі, кең таралған ілім, әлеуметтік идеал, жан жақты жетілген адам мәселесі», -деп атап көрсетеді. Дәстүрлі қоғамдардағы адам құндылығы жайлы әр қандай, қайшылықты пікірлерді ескергеннің өзінде қазақ қоғамындағы адам мәселесі, әсіресе ондағы ұрпақ тәрбиесі халкымыздың есінде үнемі сақталынып, жетілдіріліп отырылған. Әлеуметтік антропологиялық маңыздылық әлеуметтік жұмыс ғылымы үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жайлы зерттеуші ғалым Л.Т. Қожамқұлова «Әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде адам қызмет етеді, өйткені әлеуметтік жұмыс адамның өзі арқылы өзіндегі мәселелерді шешу мақсатында ойлап табылған және адам әлеуметтік процесстер арқылы тұлға болып қалыптасады»,- деп ой өрбітеді
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жұмыс ғылымының интегративті, реттеушілік, ағартушылық функцияларын діннің атқаруы және дін филантроптық мақсаттағы іс-әрекеттерді біріктірумен бірге әлеуметтік-медициналық қамтамасыздықты жүзеге асырған. Жалпы қазақ халқында әлеуметтік жұмыс ғылымына тән әлеуметтік құбылыстар, құрылымдық-функционалдылық іс-әрекет жиі кездесіп отырған. Көпшілігінде ол бағыттылық түрлі мазмұнда әр қандай ұйымдық деңгейде стихиялы түрде жүзеге асырылып отырылған. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыс ғылымы кез келген қоғамға жат емес және сол қоғамдардағы әлеуметтік өмірде біте қайнасып өзіндік көрініске ие болған.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3014;