Ан жағындысын микроскоппен зерттеу

Қан жағындысы иммерсия жүйесінде объективі 90х, және окуляры 70х зерттеледі. Лейкоциттердің түрлерін ажыратуға және лейкоциттік формуланы есептеуге қан жағындының үстінгі сол жақ бұршына 1 тамшы иммерсиялық май тамызылады.

Жағындыда лейкоциттердің орналасуы бірқалыпты емес: шеттерінде негізінде нейтрофилдер, моноциттер, эозинофилдер, ортасында – лимфоциттер орналасады. Сондықтан, әйнектегі жағындыны зерттелуі келесі тәртіппен атқарылады – алдымен төмен қарай 4-5 көз шалымы, сонан соң оңға қарай 4-5 көз шалымы қаралады, сонымен қайталанып, арифмометрмен есептегенде жалпы лейкоциттердің саны100 немесе 200-ге дейін есептелуі керек. Сан мен бірге эритроциттердәң, лейкоциттердің, тромбоциттердің сапасы зерттеледі.

Көзбен ажыратуында 3 негізгі қателіктерді ескерту керек:

Ø препараттара жасушалардың орналасуы бір қалыпты емес;

Ø анықталмаған жасушалар;

Ø статистика.

Қалыпты жағындыда лейкоциттер препараттың ортасында емес, шеткі жағында орналасады. Сонымен бірге, бұл жерде ірі жасушалар болады.

 

Тромбоциттердің санын анықтау

 

Тромбоциттерді санауға келесі әдістер қолданады:

- есептегіш камерада санау;

- қан жағындысында санау;

- геманализатормен есептеу.

Тромбоциттерді камерада саналуы дәлме-дәл әдістерге жатады, бірақта қолайсыз, себебі нативті кезінде тромбоциттер өте майда, анық көрінбейді. Әдістің кемшілігі – қанды алған соң тромбоциттер тез арада анықталуы керек.

Тромбоциттерді қан жағындысында анықтаудың кемшілігі – камералық және автожіктегіштік әдістермен салыстырғанда дәлме дәл келмейді. Қан жағындысында тромбоциттерді санағанда қателіктердің себептерін ескеру керек:

- жағынды дұрыс жасалмаған;

- тромбоциттер жағындыда бір қалыпты орналаспаған;

- эритроциттердің саны дұрыс есептелмеген;

- бір уақытта эритроциттерді және тромбоциттерді есепке салынған.

Қолайлығы:

- тромбоциттерді кез келген уақытта анықтауға болады.

Гематологиялық жіктегішпен анықтағанда тромбоциттер толық есепке алынады.

Горяев торында есептеу әдісі

Шарты: 1 литр қандағы тромбоциттерді Горяев торында есептеу.

Реактивтер және құралдар:

- 1% аммоний оксалаты (эритроциттерді ерітуге). Қайнатылған сүзілген ерітінді мұздатқышта сақталады.

- микроскоп (кезеңдік контрастік құрылыспен).

Анықтау жүрісі. Зерттелетін қан 200 рет сұйылтады, ол үшін құрғақ пробиркаға 4 мл реактив + 0,02 мл қан қосылады. Араластырған соң, 25-30 минутқа эритроциттердің гемолиз болуына қалдырылады. Горяев камерасын дайындаған соң, жапқыш әйнектің астын зерттелетін қоспамен толтырып, 5 минутқа тромбоциттер түсу үшін ылғал ыдысқа қойылады (Петри табақшаның түбі суланған фильтр қағазы жабылады. Тромбоциттер 25 үлкен шаршыда есептеледі.

Тромбоциттер көз шалымында майда, жарықты жақсы өткізетін жасушалар болып көрінеді.

Тромбоциттердің қандағы саны формуламен шығарылады:

А х 250 х 200

Х = ---------------------- = а х 2000,

сонда Х - 1 мкл қандағы тромбоциттердің саны;

а – 25 үлкен шаршада есептелген тромбоциттердің саны;

200 – қанның сұйылған дәрежесі;

25 – есептелген шаршылар саны;

250 – бір үлкен квадраттың аумағы 1/250. Есептелген тромбоциттердің саны 200 көбейтіледі.

Әдістің қателігі 6,5%.

Қан жағындысында тромбоциттерді есептеу (Фонио әдісі)

Шарты. Боялған қан жағындысында 1000 эритроциттердің арасында тромбоциттер есептеледі. Есеп 1 мкл (немесе 1литр) қанда, эритроциттердің санымен байланысты.

Реактивтер. 14% магний сульфаты немесе 6% этилдиаминтетраацетат (ЭДТА) ерітінділері қолданылады.

Анықтау жүрісі. Пробиркаға Панченков капиллярымен «75» белгісіне дейін реактив құйылады + «0» белгісіне дейін зерттелетін қан қосылады. Пробиркадағы қоспаны араластырған соң, жағынды әйнекке жұқа жағынды жасалып, бекітіледі. Романовский әдісімен 2-3 сағат ( магний сульфат ерітіндісін қолданғанда) немесе 30-45 минут (ЭДТА қолданғанда) боялады. Кепкен жағынды микроскоппен, иммерсия жүйесінде, тромбоциттермен бірге эритроциттер есепке алынады.

Есеп: тромбоциттердің саны 1000 А%o (промиль), немесе 100 А% болады.

Мысалы: А = 60%o эритроциттердің саны 5 х 109/л.

Тепе –теңдігі жасалады: 60 - 1000, Х - 5 х 1012/л.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2210;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.