Маневрлі жұмыстың техникалық құралдары

Манервлік жұмыс

 

Маневр деп поезды жасақтау (құрастыру) және бөлістіру (тарату), тиеумен, түсірумен қамтамасыз ету және вагондармен басқада станциялық операциялар орындау үшін жылжымалы құрамның стансия шегінде қозғалуын атайды.

Маневрами называются перемещения подвижного состава в пределах станции для формирования и расформирования поездов, обеспечения погрузки, выгрузки и выполнения других станционных операций с вагонами.

 

Маневр - пойыздарды, тиеу-түсіру орындарындағы вагондарды және т.с. өңдеу мақсатында локомотивтер мен вагондардың станса жолдарымен әрі бері жүруі. [1, 31б], [2, 7б]

 

Локомотивтің вагондарымен, сондай-ақ жеке локомивтің станса жолдарымен құрамдарды құрастыру және тарату, пойыздар мен вагондарды күту, вагондарды жүк түсіретін, тиейтін жерге беруодан алу, пойыз локомотивін құрамға тіркеу және құрамнан ағытып депоға жіберу жұмысына байланысты жүрістері маневр жұмысы дейді [3, 79б]

 

Локомотивпен технологиялық операцияларды атқару үшін станса шегінде (кейде аралыққа шығу) вагондармен немесе вагондарсыз, пойыздар жүрісінен тыс жүріп-тұруын маневр деп атайды. [1, 54б]

 

Маневр жұмысы (пойыздар жүрісімен бірдей) тасымалдау үрдісінде жетекші орын алады.

Вагон айналым уақытының 70%-ға жуық стансаларда өтеді

Айналым уақытында вагон 4-5 рет өңдеуден өтеді

Маневр жұмысына барлық тасымалдау қаражатының 25% дейін мөлшері маневр жұмысына жұмсалады.

 

Маневрлі жұмыстың техникалық құралдары

Маневрлі жол қоңдырғылар
Маневрлі техникалық құралдар
Техникалық құралдар
Сұрыптау құрылғылар
Тартым жол
Маневрлік локомотив
Магистралды локомотив
Тартқыш, итергіш
Тұрақты қоңдырғылар (электрлі шпилдер, электрлі шығылдар)

 

Маневр жұмыстарын жазық және арнайы пішінді тартым жолдарында, сұрыптау дөңестерінде, шағын дөңестерде, көлбеу жолдар мен парктерде, сондай-ақ СОБ және байланыс құрылғылары атқарады.

Тартым жолдарында вагондар маневр локомотивінің көмегімен, дөңестерде - ауырлық күшінің әсерімен, шағын дөңестерде - маневр локомотивінің көмегімен және вагондардың ауырлық күшінің әсерімен жүргізіледі.

Вагондарды маневр жасауда жүргізу құрылғысына локомотивтер, итергіштер мен сүйрегіштер, сондай-ақ тұрақты құрылғылар (электрлі шпилдер мен электрлі шығырлар-электрошпили, электролебедки) жатады.

Маневр жүмыстарында локомотивтердің ішінен негізінен алғанда тепловоздар пайдаланылады, ал электровоздар - сирек қолданылады. Жүк тиеу-түсіру және жөндеу жолдарындағы вагондарды жылжыту үшін тұрақты құрылғылар қолданылады.

 

Сұрыптау құрылғылары.Сұрыптау құрылғылары шағын дөңес немесе арнайы пішінді тартым жолы мынадай элементтерден тұрады (2,3-сурет):

• вагондар ағытылатын және локомотив итермелеуімен қажетті жылдамдық тудыратын орын - сырғу шебіні (участка удаления) (еңістігі 0,003-0,0035);

• ағыттылған вагонның жүрісін үдетуді қамтамасыз ететін пішіні (профиль) - жылдамдықты жеделдету шебіні (скоростного участка)(еңістігі 0,0020 аз емес);

бағыттамалар аймағы (еңістігі 0,0025 дейін);

сұрыптау жолы - шектеу бағанасынан есептік нүктеге дейін (50 м).

 

2-сурет. Шағын дөңес және арнайы пішінді тартым жолының бойлық пішінінің сызбасы

3-сурет. Сұрыптау дөңесінің бойлық пішінінің сызбасы

 

Бұл аралықтар сырғу бөлігінен, тартым жолының ұзындығына тең доңеске шығару (итеру) бөлігінен құралады.

Вагондардың сырғу жылдамдығын реттейтін маневр жұмысының шағын механикаландыру құралдары - механикаландырылған тоспа баяулатқыштар, механикаландырылған тежеуіш тоспа қойғыштар және т.б. пайдаланылады.

Сұрыптау дөңесіне қарағанда шағын дөңестің сырғу бөлігінде, әдетте, тежеуіш шебі пайдаланылмайды.

Сұрыптау дөңесінде ағытпалар ауырлық күшінің әсерінен сырғып жүреді. Сұрыптау дөңесінің бойлық пішіні екі бөліктен - итерме және сырғыма бөлігінен (4.2-сурет) тұрады.

Вагондардың сырғу жылдамдығын реттеу үшін дөңестен түсу бөлігіндегі тежеуіш шептері (ТШ) қолмен тежеу немесе механикаландырылған тежеуіш құралдарымен жабдықталады.

Дөңес төбесінің алдына итерудегі құрамды қысуды қамтамасыз ететін еңістігі аздау қарсы ор жасалады, ол вагондарды ағытуды жеңілдетеді. Құрамнан ағытылатын ағытпаның айырылысуын тездетіп, вагондарды сұрыптауда қажетті қарқынын қамтамасыз ету үшін дөңес төбесіне төмен қарай жылдамдықты үдеткіш еңістігі жасалады.

Сұрыптау дөңесінің бойлық пішінінің еңістік мөлшері және элементтерінің үзындығы оның қуатына және техникалық жарақтануына байланысты. Өңделетін вагон ағындарының мөлшеріне және сұрыптау паркі жолдарының санына қарай сұрыптау дөңесі қуаты көтеріңкі, үлкен, орташа және шагын деп болінеді. Дөңес - түрін таңдауда 1-кестенің мәліметін басшылыққа алуға болады.

Тәулігіне орта есеппен 250-ге дейін вагон оңдейтін стансада тартым жолын (немесе арнайы пішіндісін — 2-сурет) пайдалану тиімді. Тартым жолынан сұрыптау, негізінен, локомотив күшін пайдалану арқылы жасалады.

1-кесте

Сұрыптау дөңесінің қуаты Өңдейтін вагондардың саны, ваг/тәу Сурыптау паркіндегі жолдардың саны Итермелеу жолының (ИЖ); тарату жолының (ТЖ) саны
Көтеріңкі Үлкен Орташа Шағын 5500-ден көп 3500 - 5500 1500 - 3500 250 - 1500 40-тан кәп 30-40 17-29 4-16 3 ИЖ; 2-4 ТЖ 2-3 ИЖ; 1-2 ТЖ 1-2 ИЖ; 1 ТЖ 1 ИЖ; 1 ТЖ

 

Маневрлі техникалық құралдар.Маневр жүмыстарына локомотивтерден көбінесе тепловоздар, өте сирек электровоздар пайдаланылады. Тиеу-түсіру және жөндеу жолдарында вагондарды ауыстырып түру үшін тұрақты кұрылғылар қолданылады.

Қазақстан темір жолдарында негізінен электрберілісті ТЭМ1, ТЭМ2, ТЭМ7 және гидроберілісті ТГМ тепловоздары пайдаланылады.

2012 ж. Жамбыл облысы Шу стансасының локомотив жөндеу зауытында бірінші нөмірлі отандық ТЭМ-К2-0001 маневр тепловозы шығарылды.

2-кесте








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 5353;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.