Дайындық кезеңінде дыбыстармен жұмыстың кезектілігі.

Дауысты дыбыстар: дауыссыз дыбыстардың артикулемалары мынадый кезектілікте қалыптастырылады: а, ә, э, о, ы, і, ү, ұ, у, и, я, е, е, ю. (бұл кезектілікті аяқтайтын жартылай дауысты: й дыбысы). Я, е, е, ю дыбыстары и және сәйкес дауысты дыбыстар (а, э, о, у) қосындысынан қалыптастырылады. И дыбысы тыныс шығарудың бағытын дифтонгтың 1-ші және 2-ші бөлімінде байқауға мүмкіндік туғызады. Дыбыстардың артикуляцияларын жазу үшін артикулемалардын ерекшеліктерін белгілейтін дыбыстардың суреттерін ұсынамыз: (а, э ,о, у, и ) дыбыстары. Бұл суреттер еріндердің созылу бағытын көрсетіп, ерін бұлшық еттеріндегі қатаюды көбінесе жоғарғы ерінге түсетінін көрсетеді. Ы дыбысын айтқанда – қатаю мұрын қанаттарында; И дыбысында –ауыз ұрттары симметриялық түрде көлденен созылады. Ауыз арқылы тыныс шығару ұзақтығы сызбада – ұзақ сызықпен көрсетіледі, ал қысқалығы – нүктемен (й- дыбысында). Дауыссыз J-тың дауыстылармен кезектелуін беріп отырмыз.

Дауыссыз дыбыстар.Дауысты дыбыстардың артикулемаларымен танысқан соң дауыссыз қатаң дыбыстардың артикулемалары арқылы ауыз арқылы тыныс шығаруды дамытуға арналған жаттығулар басталады. Дауысты дыбыстар артикулемаларымен жұмыс оларды сыбырлап айтқызу бойынша жалғастырылады.Мұндай кезектілікте ауыз арқылы тынысты еркін шығару дағдысы бекітіледі және дыбыс айту мүшелерін белсенділеу кезінде, есту арқылы қадағалау жасамай-ақ машықтандырылады. Баланың бар назары үнемі артикулеманың сапасы мен ауыз арқылы тыныс шығарудың бағыттылығына аударылады. Дыбысталуға назар аударылмайды. Қатаң дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық

қалпын баланы логопедтің артикуляциясына көру арқылы, ауызша сипаттауына еліктетіп (еріндердің қалпы, тілдің қалпы, ауыздың ашылу деңгейі сипатталады) жасауға болады. Бала дыбыстың айтылуын естімеуі керек. Қалыптастырылған қатаң дауыссыз дыбыстардың артикулемалары №2 кестеде белгіленеді.

 

 

№2 кесте

Тыныс алу Дауыссыз тыныс шығару
Ауыздың суреті Артикулемалардың суреттері: 1) дауысты дыбыстар: а,ә,э,о,ө,ы,ү,ұ,у,й,я,е,е,ю; 2) қатаң дауыссыз дыбыстар: ф,с,ш,щ,х

 

Жұмыстың дайындық кезеңінде фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар мынадай кезектілікпен қалыптастырылады: ф,с,ш,щ,х. Дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру: ф-дыбысынан басталады. Себебі, артикуляциясы өте қолжетерлік. Бұл артикуляциялық қалыпты бала көре алады, логопед тексере алады.Бұл дыбыстың ұзақ айтылуы, әдейілеп созу мүмкіндігі баланың назарын ауыз арқылы тыныс шығаруға аударып, қадағалауға мүмкіндік береді. Үзілмелі дыбыстар тобы бұл жағынан күрделі болып келеді (бұл дыбыстар қысқа); сондықтан олармен жұмыс кейінірек жүргізіледі.

Дайындық кезеңіндегі логопедиялық сабақтардағы материалдардың мөлшері

Әр сабақта балаға ұсынылатын жаттығулар саны әр түрлі болады. Сондай-ақ, алғашқы сабақта ауыз арқылы тыныс шығаруға жаттықтырумен шектелуге болады, кейде дауысты дыбыстардың бірнеше артикулемаларын қалыптастыруға көшуге болады. Ересек балаларға көбірек жаттығулар беруге болады, бірақ бір сабақта жаттығулардың барлық түрлерін жасатып асықпау керек. Жоғарыда көрсетілген артикулемалармен жұмыс кезектілігін міндетті түрде сақтану керек. Басында анық, толық жасалмай жатқан артикулемаларды тиянақты түрде жасатуға тоқталмаған жөн. Сөйлеу ағымында әрбір дыбыс алдындағы немесе келесі дыбысқа байланысты өзінің артикуляциясын өзгертеді, сондықтан жұмыс жасалып отырған артикулемалар сөйлеу тілін жаттықтырғанда анық сипатқа ие болады.

Әрбір сабақ бұрын өткенді міндетті түрде қайталаудан басталады. Алғашқы сабақтарда әр типті жаттығуларды көп мәрте қайталау қажет; кейінгі сабақтарда үстіртін қайталаумен шектелуге болады.

Сабақтар хаттамаларының көшірмелері бойынша дауысты және қатаң дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмысты қарастырайық.. №1кесте бойынша баламен бірге дем алып, дем шығарудың барлық түрлерін үйренген соң, ауыз арқылы тыныс шығару дағдысын бекітуге, бір уақытта дауысты дыбыстардың артикулемаларын жасауға кірісеміз. Логопедиялық сабақтардың барасын бақылап көрейік:

Логопед: «Сен ауызбен дем шығаруды және тілдің ұшын астыңғы тістер түбіне тіреуді жақсы меңгердің. Енді, біз дем шығару кезінде ауызды «әр түрлі» ашып үйренеміз. Аузыңмен дем алып кең ашылған ауызбен дем шығар, тіл жалпақ, астыңғы тістерге жақын жатыр. Тіл ешбір қимылсыз «ұйықтап» жатыр. (ауыз арқылы дем шығаруды мақта арқылы тексереміз. Дем шығару кезінде еріндердің және тілдің мұндай қалпында дем шығару –а- дыбысы сыбырлаған тәрізді шығады. Егер артикулема анықсыз болса, оны түзетіп, қайталаумен бекіту қажет).

- Жақсы. Ал, енді мен саған ауыз арқылы тағы қалай дем алуға болатынын көрсетемін ( э-дыбысының артикуляциясын көрсетеді

Бала дыбысты артикуляциялағанда тілдің дұрыс қалпына назары аударылады. Кейіннен бала ауызбен дем шығаруы керек (тіл мен еріндердің берілген қалпын сақтай отырып). Тапсырма тура орындалмаған жағдайда, логопед артикуляцияны түзетеді; ал, егер 2-3 реттен кейін артикуляция қалыптаспай жасатса, келесіге көшіп, ол жұмысты (жасалмай жатқан артикуляцияны) кейінгі сабақтарға тастап қою қажет. Дауысты: о,ы,у,ү,ұ дыбыстарының артикуляциясымен дем шығаруда дәл осындай жоспар бойынша жаттықтырылады. Дауысты а,э,о,ы,у дыбыстарының қалпын жасау арқылы – и- дыбысын айтқызып үйретуге мүмкіндік туады.

Ойын ретінде балаға жымиып дем шығаруды ұсынуға болады.

Логопед: «Кел, жымиып дем шығарайық!»

И дыбысының қалыптасқан қалпы арқылы J-пен үйлестіріп айтылатын дауысты дыбыстармен жұмыс жасауға болады.

Логопед: «Қазір біз еріндердің екі қозғалысында ауызбен дем шығарамыз. Жымиып, саған таныс қозғалыстарға көшеміз».

J-мен дауыстыларды үйлестіріп айту үшін екі сурет дайындалады (и+а, о...), (№2 кесте). Осы жаттығулардың барлығы тілдің белгілі қалпында ауыз арқылы дем шығаруды жақсартады, сонымен осы жаттығулар арқылы екінші қатардағы дауысты дыбыстардың артикулемалары қалыптастырылады.

Ауыз арқылы дем шығарудың әрқайсысы алақандағы мақта қимылымен қадағаланады. Жасы кішкентай балалар үшін мақтаны ашық түске бояп қоюға болады. Сабақтардың эмоциональді фонын үнемі сақтап отыру қажет. Баланың әрбір сәтті қимылын мадақтап отыру керек.

Ауыз арқылы дұрыс дем шығаруға жаттықтыру дауыссыз дыбыстарды үйрету кезінде де, жалғасады. Бала қойылатын дыбысты алдын - ала естімеуі керек. №2 кестенің сол жағына – дем алу – дауыссыз дем шығару деп жазамыз. Балаға қарап: «Міне сен бәрін жақсы орындап отырсың. Сен ауызбен дем алуды үйрендің, енді мен сияқты дем шығара білесің бе?» (ф –дыбысының артикулемасын көрсету). Логопед өзі дем шығармауы керек, себебі бұл жағдайда бала дыбысты естіп қойып, өзінше айтуы мүмкін. Логопед тек ауызша түсіндіріп, баланың дәптеріне Ф дыбысы артикуляциясының суретін салады.

Логопед: «Жоғарғы тістерді астыңғы ерінге тигізіп, «қоршау» жасап, сол қоршаудан дем шығарайықшы». Кейіннен логопед дыбыс айту мүшелерінің қалпын анықтап, ауыз арқылы дем шығаруды бақылап, түзету үшін мақтаны жақындатады. Кейінгі жұмыста осылай с,ш,щ,х дыбыстарының артикуляциясы да үйретіледі.

С-дыбысын айтқызу үшін бала түйістірілген тістер арқылы ауызбен дем шығаруы керек. Егер бұл кезде с дыбысының артикуляциясы өзіндік шықпаса тіл ұшының астыңғы күрек тістерге тиюін талап етеміз. Логопед балаға тіл астыңғы тістер артында «ұйықтап жатқанын», тіл тістер арасынан шықпауы үшін жұмысқа астыңғы ерінді белсенді түрде қосу керек. екенін түсіндіреді.

Массажбен дифференциалды гимнастика нәтижеге әкелмеген жағдайда механикалық көмекті қолданамыз.

Ш дыбысын айтқызу үшін ойын түрінде түсіндіруге болады: Логопед: «Аузымызда «Желкенді кеме жасайық.Тілді желкен сияқты жоғары көтеріп, үрлейміз, сонда «желкенді кеме» жүзеді. Тістерді қосамыз. (түйістіреміз)». Шдыбысының артикуляциясын үйрету кезінде тілдің қалпына көбірек назар аударатынымыз , еріндер тілдің қалпына, олардың бұлшық еттерінің өзара байланысына шартталады. Логопед балаға (Ш дыбысының дұрыс айтылуы) жаттығудың дұрыс жасағаны туралы, тілмен еріндердің қалпын айтып бекітуі керек.

Сабақтар жазылған дәптерге қатаң дауыссыз дыбыстар кестесінде «дауыссыз дем шығару» графасында «желкенді» саламыз, жанына - жоғары көтерілген тілді саламыз. Бұл сурет балаға «желкен» ауыз қуысында тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалатыны туралы айтады.

Щдыбысында, балаға тіл жоғары көтеріліп, жоғарғы күрек тістерге жақындап, ауыз арқылы дем шығарған кезде тамақ істегендегі май ышылдағандай дыбыс шығатыны туралы айтамыз. Щдыбысының төменгі артикуляцияда айтылуында тілдің ұшын астыңғы күрек тістерге тіреу қажеттілігін айтамыз.

Хдыбысын айтқызғанда – тоңып қалған қолдарымызды ауызбен шығарған деммен жылытуды ұсынамыз. Көбінесе осы тәсіл оңды нәтиже береді. Жеке жағдайларда Х дыбысының артикуляциясын анықтап, ең соңғы жағдайда ғана дем шығару кезінде зондтпен тілдің ұшын басып, тілді артқа қарай жылжытамыз.

Сонымен, жұмыстың дайындық кезеңінің бағдарламасы баланың ауыз арқылы дем шығарып, дыбыстар қатарын (сыбырлап айтуда- дауыстылар және фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар) меңгеруіне ықпал етеді.

Осы кезеңдегі жұмыс нәтижелері көрнекі түрінде №1, №2 кестелерде белгіленеді.

Осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері:

1) тыныс алу және артикуляция бойынша жұмыстың қатар жүргізілуі;

2) дыбыстарды айту кезінде естіп, бақылаудан баланың максимальді түрде аулақ болуы;

3) жаңа жаттығулар кешенін меңгеру алдында бұрыңғы материалды (жаттығуларды) үнемі қайталап отыру.

 

Негізгі кезең

1) Ауызбен демді (тынысты) ұзақ шығару кезінде дауыс қосу;

2) Үзілмелі дауыссыз дыбыстарды айтқандағы ауызбен қысқа дем шығаруды қалыптастыру;

3) Сонорлы дыбыстар тобын және аффрикаттарды айтуды қалыптастыру кезінде ауызбен және мұрынмен қысқа және ұзақ дем шығаруды ажырату,

4) Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.

Бұл кезеңнің сабақтарының негізгі мақсаты – бірінші кезеңдегідей, яғни артикулемаларды дамытумен бір уақытта сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.

1 кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі. Себебі үйретілген артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады.

1 кезеңнің мақсаты – балаға демді ұзақ шығару кезінде дауысты қосуға үйрету.

Дауыс қосуды дауысты дыбыстар артикуляциясына сүйеніп жасауға болады, бірақ дауыссыз ф-дан дауыс шығаруды бастаған тиімді (бала екі дыбысты ф және в ажырата алады) . Қатаң Ф, ұяң в дыбыстарды айтқан кезде дауыстың қосылған – қосылмағанын білу үшін көмейдің қозғалысын бақылау керек. Ол үшін тактильді-вибрациялы бақылау қолданамыз. Баланың сұқ саусағы логопедтің көмейіне (қалқанша шеміршегінің үстіне (жоғарғы жағына)) қойылады да, логопед балаға түсіндіреді. Дауыссыз тыныс шығарғанда (ф-дыбысында) көмей жұмсақ, ал, дауыс қосылғанда (в -дыбысында) көмей қатайып алға қарай қозғалады да, бұл қатаю дауыс естіліп болғанша байқалады. Бұл құбылыстың механизмі оңай түрде балаға түсіндіріледі ( бұл қатаюдың болу себебі дауыс перделері жақындап көмейді алға қозғалтады). Бала қатаюды өзінің тамағында сезінуі және есінде сақтауы керек.

Жұмыстың бұл кезеңінде №2 кестеде тағы бір бөлім пайда болады: дауыспен бірге дем шығару. Артикулеманы айту сәйкес әріппен белгіленеді. Яғни бала өзінің дыбыс айтуын есту арқылы қадағалауы керек. Сонымен, №2 кесте мынадай болуы мүмкін:

Дем алу Дауыссыз дем шығару Дауыспен дем шығару
Ауыздың суреті Артикулемалар суреттері: а) дауысты дыбыстардың; ә) қатаң дауыссыз дыбыстардың және олардың әріппен белгіленуі. Сәйкес дыбыстарды әріппен белгілеу

 

2 кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі қалыптастырылады: ауыз арқылы дем шығару. Баланың назарын шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет.

Дем шығарудың бұл түрін меңгеру п,б,т,д,к,қ,ғ,г дыбыстарын қалыптастыру кезінде жүргізіледі. Қысқа дем шығаруға дайындық жаттығуы ретінде й дыбысын айту кезінде дем шығарып жаттықтыру алынады. Суреттері №1 кестеде 1-ші, 2-ші қатардағы дауыстылардан кейін белгіленеді.

П дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді, шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. Дәптерге артикуляция сызбасы салынады ( жабық еріндер). Кейіннен дәл осындай тыныс шығару б дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі (дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай).

Тдыбысын қою үшін тілдің ұшы жоғарғы тістер артында болып, жоғарғы альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді (қысқа) дем шығару тілмен альвеолдар арасындағы қабысуды үзеді. Кейіннен Т және Д дыбыстарын дыбыстаумен айналысамыз.

К дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі К дыбысын Т –дан қою әдістемесін пайдаланамыз.

Келесі жұмыс - Г дыбысын қалыптастыру . Қалыптастырылып жатқан дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады.

3 кезең. Дауыссыз дыбыстармен жұмыс: л,р,н,ң,м –сонорлар тобы және аффрикат-ц, ч дыбыстарын қалыптастыру.

Жуан л дыбысының артикуляциясы күрделі. Л дыбысының жуан айтылуы тілдің түбінің жоғары жеткілікті көтерілуіне байланысты. Осындай көтерілу дауысты ы дыбысын айтқанда да пайда болады. Сондықтан, ы дыбысын жуан л дыбысын үйрету кезінде сүйеніш қылып алуға болады. Тілдің ұшын жоғары көтеріп, жоғарғы тістер артына жабыстырып, бір уақытта ы дыбысын айту нәтижесінде жуан л шығады. Дем шығару ауыз арқылы өтуін қадағалау қажет. (Ауа ағынын ауыз қуысының екі жағынан да тексеру қажет, себебі бұл дыбыс жабысыңқы-өтпелі).

Ц және р дыбыстарына арналған дайындық жаттығуларын жасау кезіне дейін ауызбен дұрыс дем шығару дағдысы бекітіледі, сондықтан бұл дыбыстарды еліктеу арқылы айтқызуға болады.

Ц дыбысын айтқызу үшін логопед тілдің қалпын сипаттап айтып көрсетеді, кейіннен дыбысты айтады. Бұл кезде баланың 1-ші, 2-ші саусақтары логопедтің ауыз ұрттарына қойылады да, логопед ц дыбысын созып айтады. Бала өз қолымен ауыз ұрттарының белсенді түрде жылжуын және екпінділігін, белсенді дем шығаруын сезінеді. Бұл тәсіл үнемі ц дыбысын қоюға тиімді болып келеді. Ц дыбысын т дыбысынан қоюға да болады. Бала бірнеше рет т дыбысын айтады, ал логопед осы кезде тілдің ұшының орта беліндегі қабысуды зондпен сәл төмен жылжытып үзеді.

Р дыбысы үшін дайындық жаттығуларды ерте бастауға болады. Ол логопедтің осы дыбысты айтқызуда қай жолды тиімді деп ойлайтынына байланысты. Р дыбысын з дыбысынан жоғарғы артикуляциядан дз деп айтқызып, шарикті зондпен тез тіл ұшын дірілдету арқылы қоюға болады.

Р дыбысын ц дыбысынан қою тәсілін де қолдануға болады. Балаға ц дыбысы қойыла салысымен, тілді таңдайға жапсырып, осы қалыпта ұстай білгізу; кейін бала тілді таңдайдан үзіп алмай, сәл ішке қарай таңдаймен сырғытып тез цдыбысын айтады. Ауызбен дұрыс дем шығарғанда бұл тәсіл қатаң р дыбысының пайда болуына әкеледі.

Қатаң р дыбысына дауыс қосылады (бала ц дыбысын айтудың барлық жағдайын ескеріп дз-дз-дз –деп айтады). Барлық аталғанды ескерген жағдайда бұл тәсіл арқылы рдыбысын механикалық тәсілсіз қоюға болады. Р дыбысын Ж дыбысынан немесе дж арқылы қоюға болады.

М және Н дыбыстары көбінесе бұзылмайды. Оларды айту кезіндегі ауызбен дем шығарудың жоқтығын айтып №2 кестеге жазып қоюға болады.

М және Н дыбыстарын бұдан ерте үйрету зиянды болуы мүмкін, себебі олар ауызбен дұрыс дем шығаруға кедергі жасайды; әсіресе осы дыбыстардан кейін тұрған дауыстыларға. Жуан дыбыстар бойынша жұмысты аяқтап №2 кестені толық толтырамыз.

4 кезең. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.

Жіңішке дыбыстарды үйрету кезеңінде бала өз айтуында барлық жуан дыбыстарды естіп үйренуі қажет (дәптерде олар әріптермен белгіленген). Жіңішке дыбыстармен жұмыс міндеттері алдын-ала балаға түсіндіріледі. Қосымша бұзылыстар (кереңдік, мүкіс құлақтық, дизартрия т.б.) жоқ болған жағдайда балаға жіңішке дыбыстарды үйрету қиынға түспейді. Көбінесе олар ішкі себептермен пайда болады. Бірақ қиындықтар да, болуы мүмкін.

Жіңішке дыбыстарды айту тілдің арқасының орта жағының артикуляциядағы қатысымен сипатталады. Жуан және жіңішке дыбыстар еріндердің зорлану деңгейімен ажыратылады (айрмашылығы бар).

Сондай-ақ, төменгі артикуляцияның дыбыстары жіңішкертілгенде төменгі ерін белсенді (зорлықпен айтылады), ал, жоғарғы артикуляцияның дыбыстарында – жоғарғы ерін. Бұл құбылыс жіңішке дыбыстарды қалыптастыруда қолданылады. Ерекше назар еріндердің белсенділігіне аудару қажет (ұртты, ауыз бұрыштарын жылжыту). Еріндер қозғалысының симметриясына назар аудару қажет.

Жіңішке дыбыстар ауыз бұрыштарын жеткілікті түрде толық жылжытқанда пайда болады, әрі балаға жіңішке дыбыстарды ауыз бұрыштарын сәл ұзағырақ жылжытып көрсетуге болады. Жіңішке дыбыстармен жұмыс кезектілігін жуан дыбыстардағыдай.

Щ дыбысының артикуляциясын қалыптастыру жұмысына жеке тоқталайық.. Щ дыбысын қою үшін жіңішке с дыбысын қолдануға болады. Оны айта отырып ауыз бұрыштарын басып, механикалық түрде еріндерді (сь дыбысының орнына щ айтылғанша) алға қарай қозғалту (жылжыту). Бұл артикуляциялық қалып бектіледі. Бастапқы қалып ретінде ш дыбысының артикуляциясын пайдалануға болады. Баланың назары ш дыбысын айтқанда тіл өте жоғары көтерілетіні, ал, қазіргі жағдаййда тілді жоғарғы альвеолдарға жылжытып, еріндерді екі жаққа сәл жылжытып ш дыбысындағыдай тыныс шығару. Логопед ауыз бұрыштарының (ұрттардың) жылжу деңгейін өзгертіп отыра алады.

Жіңішке дыбыстар бойынша №3 кестеде белгіленеді, жуан және жіңішке дыбыстардың артикуляциясы салыстырылады.

 

№3 кесте

Дем алу Дауыссыз дем шығару Дем алу Дауыспен дем шығару
Ауыз суреті Ф ФЬ Ауыз суреті В ВЬ

 

Қойылған дыбыстар балаға түсінікті сөйлеу материалында машықтандырылады.

2 кезеңде дыбыстарды белсенді түрде машықтандыру және ажырату жұмысы жүргізіледі. Дұрыс сөйлеуге үйрету барысында сауаттылыққа үйрету элементтері еңгізіледі. Әсіресе, ол дыбыстар мен әріптерді ажыратуда маңызды, себебі, мұның бәрі фонематикалық қабылдауды дамытуға және дисграфияның алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Оқу материалын көп қайталау нәтижесінде бала ешбір қиындықсыз сауаттылық элементтерін меңгереді.

Сонымен, жұмыстың негізгі (2-ші) кезеңі барысында бала сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын меңгереді. Бұл кезеңде дыбыстарды меңгеру және ажырату кезектілігін белгілейтін №2, №3 күрделенген кестелер қолданылады.

Осы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктері төмендегідей болып табылады:

1) артикуляция мен тыныс алу бойынша жұмыстың параллелділігі;

2) баланың өзі дыбыстарды айтуын саналы түрде естіп қадағалауы;

3) танысып жатқан дыбыстарды әріп таңбаларымен белгілеу, кейіннен сауаттылыққа үйретуге дайындық;

4) дыбыстарды әр түрлі материалдарда машықтандыру және ажырату (буын, сөз, сөйлем, мәтін);

5) дисграфияның алдын алу.

 

Дыбыс айтуды түзетудегі дыбыстардың байланысы

Берілген жүйеде дыбыстар бойынша жұмыстың белгілі кезектілігі

ескеріледі:

Дауыстылар а,э,о,ы,ү,ұ,у,и я,е,е,ю Й

таза дауыстылардың J дыбысы

J дыбысымен

үйлестірілуі

жуан

дауыссыздар ф,с,ш,щ,х

п,т,қ,к,ц,ч

в,з,ж,

б,д,г,ғ,

л,р,м,н,ң

жіңішкелер сол кезектілікте

 

Дыбыстар бойынша жұмыс жүйесінде балалардың мүмкіндіктерін ескеріп әр түрлі бастапқы сүйеніш дыбыстар пайдаланылады.

Сүйеніш дыбыстар тізбегін сызба ретінде көрсетуге болады. Барлық дыбыстарды екі топқа бөліп, оған сәйкес екі сызба көрсетуге болады.

1-ші сызбада – сүйеніш дыбыстарды сонор: л,р,м,н,ң және дауыстылар тобында қолдану мүмкіндіктері көрсетілген;

2-ші сызбада – л,р,м,н,ң-дан басқа дауыссыздар көрсетілген. Бірінші топ үшін бастапқы дыбыстар: а және э.

А дыбысынан еріндерді алға жылжытып тілді артқа қозғалту арқылы о дыбысын айтқызамыз; еріндерді алға (піл тұмсығы тәрізді) қатты жылжыту және тілдің ауыз қуысына терең орналастыру арқылы у дыбысын қоямыз.

Э дыбысынан, ауыз ұрттарын тартып ауыз қуысын жіңішкерту арқылы и дыбысын жасаймыз. И дыбысын пи-пи буындарын айтқызу арқылы еріндерді жылжытып ы дыбысын жасаймыз.

Л дыбысын ы дыбысынан қою үшін тілдің ұшын тістер артына тығып, Ль дыбысын – й дыбысынан, тілдің ұшын тістер артында ұстап айтқызуға болады.

Дауыстылардан м, н дыбыстарын айтқызуға болады. Себебі, жұмсақ таңдай оларды айтқан кезде төмен түсіріледі де , мұрын арқылы айтылады. Кез келген дауыстыны айтқан және сол кезде жұмсақ таңдай төмен түсіп, еріндер қосылуы дауысталған ауа ағының мұрыннан жібереді; бұл айтылуды тактильді сезіну арқылы түзеткенде М дыбысына қол жеткіземіз, ал мдыбысынан дыбыс айту мүшелерінің қалпын өзгертіп (тілдің ұшы жоғарғы күрек тістерге тіреледі)н дыбысына қол жеткізуге болады.

Осыған сәйкес и дыбысынан мь, ньдыбыстары жасалады. Йдыбысы зь дыбысынан, тілдің артқа қарай жылжыту арқылы қойылады, және и дыбысынан аи, ои буындарын идыбысын қысқа айту арқылы қоямыз.

Барлық айтылғандар №1 сызбаға жазылады (20 сурет). (үзіліссіз сызық дыбыс айту ұзақтығын, пунктир сызық – қысқалығын көрсетеді). №2 сызба (21 сурет) екі бөлімнен тұрады: жоғарғы және төменгі. Жоғарғы бөлімде барлық қатаң дауыссыздар, ал төменгіде барлық ұяң дыбыстар көрсетілген. Бұл бөлімдердің әрқайсысы 4 көлденең қатардан тұрады. Жоғарғы екеуі – артикуляцияның күрделену қағидасы бойынша орналасқан барлық қатаң фрикативті дыбыстардан құралады.

Бастапқы ф, ф’ дыбыстары созылып айтылады. Басқа екі қатар сол қағида бойынша барлық үзілмелі қатаң дыбыстардан құралады; бастапқы дыбыстар ф, ф’ қысқа айтылуынан. Сызбаның төменгі бөлімінде ( бастапқы с’, с) ұяң дауыссыздар.

Ф және в дыбыстары мен олардың жіңішке жұптары бастапқы (сүйеніш) ретінде төмендегідей себептермен пайдаланылады: олардың артикуляциясы оңай, көріп қабылдауға түсінікті; оларды айтқанда ауа ағының тактилбді түрде оңай сезуге болады; тіл бұл дыбыстарды айтқанда енжар қалыпта. Одан басқа, бұл дыбыстардың артикуляциясы көбінесе бұзылмаған болып келеді.

Ұсынылған сызба бойынша дыбыстарды айтқызудың мынадай тәсілдерін қолдануға болады:

Ф дыбысынан (созып айтқанда) мынадай дыбыстарға қол жеткізуге болады:

а) «с» дыбысынын тіс аралық айтылуын ф дыбысын тілді шығарып айтқызып;

ә) Ф дыбысын айтқан кезде механикалық түрде артқа қарай жылжытып –Х- дыбысын;

б) Ш дыбысы -өз артикуляция мүшелерінде немесе механикалық көмекпен тілдің ұшын жоғары көтеріп.

Ұяң дыбыстар «в» дыбысынан жоғарыдағыдай қойылады: «с» дыбысынан мыналарға қол жеткізуге болады:

а) «ш» дыбысы- тілдің ұшын жоғары көтеру арқылы;

ә) «х» дыбысы – тілдің ұшын артқа қарай итеріу арқылы.

«С» дыбысынан, еріндерді сәл алға қарай жылжыту арқылы механикалық тәсіл арқылы тілді артқа қарай қозғалтып х’, щ дыбыстарын қоюға болады.

«З» дыбысынан «ж» дыбысын да, осылай қоюға болады.

Ф, ф’ дыбыстарын қысқа айту арқылы төиендегідей дыбыстар қатарын қоюға болады:

Ф дыбысынан ---:

а) артикуляцияны көріп бақылау немесе механикалық түрде төменгі ерінді жоғарғы тістерге тигізбей, еріндерді жақындатып п дыбысын қоямыз;

ә) ф --- дыбысын тілді шығарып қысқа созып көп айтып «т» дыбысының тіс аралық айтылуына қол жеткіземіз.

Жоғарыдағыдай: «в» --- және «в’» дыбыстарынан ұяң «б, б’», «д, д’», «в, в’» дыбыстарын қоямыз.

«Т, т’, д, д’» дыбыстарынан «к, к’, г, г’» дыбыстарын тілдің ұшын шпательмен басып артқа қарай жылжыту арқылы қоюға болады.

«Т’» дыбысынан – «ч» дыбысын тілді артқа қарай жылжытып, еріндерді алға қарай созу арқылы қоюға болады.

Басқа дыбыстар Ф.А.Рау ұсынған әдістеме бойынша қойылады. Сонымен, балалардың дыбыстарын қойғанда логопедиялық жұмыста әртүрлі бастапқы артикуляцияларды пайдалануға болады. Сондай-ақ жаңа артикуляция ертерек дайындалады, да, жұмыстағы қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған дыбыстарды қалыптастыруда логопедиядағы жалпы қолданылатын ызың, ысқырық, сонорлы дыбыстар топтары бойынша дыбыстарды меңгеру кезектілігі жоқ . Дыбыс бойынша жұмыс кезектілігі ринолалиясы бар баланың артикуляциялық аппаратының дамуының мүмкіндіктерімен белгіленеді де, жұмыс басында сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамытуға арналады. Дыбыстау бойынша жұмыстың басында сабақтардың алғашқы кезеңдерінде енжар болған сөйлеу аппаратының орта бөлімі белсендіріледі.

Ринолалиясы бар баламен атқарылатын жұмыстың негізгі міндеті іске асырылады, яғни бұл бала үйренген дыбыстарды айтқанда мұрын арқылы дем шығармай, ауыз арқылы дем шығаруға баланы үйрету. Бұл міндет жұмыс барысында үнемі ескеріледі: ауыз арқылы дем шығару ұзақ созылып (дем толық шыққанға дейін) артикуляция мүшелерін кинестетикалық сезінуге үйретуде, дауыссыз, дауысты дыбыстар артикулемалары бойынша жұмыста; ауызбен дем толық шығару сақталған фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар артикуляциясын кинестетикалық сезінуге үйретуде; ауызбен қысқа дем шығарудағы қатаң фрикативті дыбыстар артикулемаларын қалыптастыруда.

Нәтижелер кестелерде белгіленеді де, біртіндеп өңделеді. Оларды толтыру балалармен жұмыс кезеңіне сәйкес жүргізіледі.

Сабақтардың басында кестеге тек – қойылған дыбысты әріппен белгілемей, дыбыстардың сыртқы артикуляциясының сызбасы еңгізіледі.

Фрикативті дыбыстың сыртқы артикуляциясының суреті; жаттығуды толық дем шығаруға дейін жасауға болатынын белгілейтін сызықшамен белгіленеді.

Үзілмелі дыбыстың суреті, дем шығару шапшан, үзілмелі болатынын белгілейтін нүктемен толықтырылады.

Анық айтылатын дыбыс кестеде әріппен белгіленеді. Әріп таңбасы еңгізілгенде баланың назары тағы да фрикативті, үзілмелі дыбыстардың айтылу ерекшеліктеріне аударылады. Балаға қойылмаған дыбыстар әріптермен белгіленбейді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтқызу барысында баланың назары тілдің қалпына және ауыз арқылы дем шығаруына аударылады (дыбысталуына назар аударылмайды). Бұл баланы артикуляциядағы ескі динамикалық стереотиптерден аулақ болуына себеп болып, логопедтің жаңа артикулеманы қалыптастырылуын қадағалауға мүмкіндік береді. Бала дұрыс артикуляцияны көру үлгісі бойынша, сипаттау бойынша және қалыптыдан ауытқу жағдайларда үнемі түзетіледі. Алғашында жаңа дыбыс артикуляциясының негізінен бұлшық еттерін сезінуге үйрету қажет. Оларды баланың санасында бекіткен соң, дыбысталуды дыбысты естіп, қабылдап, сезінуге үйрету жұмысына көшуге болады. Әріпті еңгізу баланың дыбыс айтуын қадағалауын белсендіріп, дисграфияның алдын алуға қызмет етеді.

Дыбыстарды қалыптастыру кезінде баланың артикуляциялық жаттығуларды зорлықсыз және артикуляцияда бет және мимикалық бұлшық еттерінің қатысынсыз орындауын қадағалаймыз. Баламен сабақтарды жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды орындау және аталмыш жүйе бойынша жұмыс кезектілігін сақтау нәтижесінде операцияға дейінгі кезеңдегі логопедиялық әсердің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді де, анық сөйлеу тілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тұлға дамуын түзету. Ринолалиядағы сөйлеу тілінің ақаулығы науқастың тұлғасының құрылымына өз ізін қалдырады, сондықтан барлық логопедиялық сабақтар барысында үлкен назар оның дамуын түзетуге бағытталады. Логопед науқастың өз күшіне атқарылатын жұмыстың пайдалы және тиімді екеніне сенімін артқызады.

Осы мақсатта науқасты операцияға дейін және кейін аудиотаспаларға жазылған басқа науқастардың сөйлеуімен таныстыру қажет. Тындалған сөйлеу тіліне салыстырмалы талдау жасалады.

Науқастарды логопедиялық сабақтар курсынан операцияға дейін және кейін өткен басқа науқастармен таныстырып қойған да пайдалы. Ересек науқастарға сөйлеу тілінің бұзылыстарының себептерін және логопедиялық жұмыстың мүмкіндіктерін түсіндіру қажет. Сабақтар барысында науқастардың (әсіресе балалардың) жетістіктерін мадақтау, жоғары эмоциональді тонусын қолдап отыру қажет. Логопед науқастың ішкі дүниесінің мүшесі сияқты болып, белгілі өмір мәселелерін шешуде, айналасындағы ұжыммен қарым-қатынастарында көмекшісі болуы керек. Логопедтің науқастың араласатын, өмір сүретін әлеуметтік шағын топтарында түсіндіру жұмысын жүргізуі де маңызды.

Ұжымды науқаспен жаңа қарым-қатынасқа дайындау –логопед міндеттерінің бірі болып табылады. Берілетін көмек сыпайы, байқаусыз, маңызды болуы керек.

 

Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері

Уранопластика операциясынан кейін логопед сабақтарға алынатын ринолалисы бар балалар құрамы біркелкі емес. Ол операцияға дейінгі логопедиялық сабақтардағы дайындық , операция нәтижелеріне, сапасына байланысты. Операция нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Жақсы дегенде уранопластикадан кейін жұмсақ таңдай толық қалпына келеді, яғни ол ұзын және қозғалғыш болады, сондықтан көтерілгенде жұтқыншақтың артқы қабырғасымен (Пассаван валигімен) түйіседі. Көп жағдайларда жұмсақ таңдай уранопластикадан кейін де, қысқа болып, жұтқыншақтың артқы қабырғасымен түйіспейді, соның нәтижесінде таңдай жұтқыншақ қақпағы толық жабылмайды. Кейбір жағдайларда операциядан кейін таңдайға терең жаралар (таңдайдың жетілмеген жерлері) қалады да, қайталап операция жасауға тура келеді.

Сабақтарға төмендегідей науқастар қабылданады:

а) операцияға дейін логопедиялық дайындықтан өтпеген;

ә) операцияға дейін біраз дайындықтан өтіп, сөйлеу тілі жақсарған;

б) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейінгі логопедиялық сабақтар толық курсын өткен;

в) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейін логопедиялық көмек көрсетілген.

Уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтарға қатысу уақыты да, әр түрлі болуы мүмкін. Барлық осы факторлар ескерілгенде уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыстың нақты жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең бірінші – операцияның нәтижелілігінің мәні. Біздің ойымызша жаңадан жасалған таңдай хирургті, науқасты да қанағаттандырса, қайталап операция жасау қажеті жоқ. Логопедиялық жұмыстың мүмкіндіктері шамалы ақаулықтардың орнын толықтыруға және қайталап операция жасамай-ақ баланы дұрыс сөйлеуге үйретуге мүмкіндік туғызады. Хирургиялық араласу нәтижесінде баланың дұрыс сөйлеуді меңгеруіне мүмкіндігі мол болады. Логопед баланың жаңа анатомиялық жағдайда сөйлеп үйренуіне көмектесуі керек. Барлық науқастарға (операцияға дейінгі дайындықтан өткен, өтпегеніне байланысты емес) уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтар қажет. Себебі, операциядан кейін таңдай бұлшық еттер анатомиясы өзгеріп, сөйлеу тілінің сапасы операцияға дейін толық түзелген күннің өзінде қате көрінісін табуы мүмкін. Сабақтардың мөлшері, ұзақтығы мұндай жағдайларда оларды өткізу әдістемесі, қағидасы бірдей болғанымен өзгеріп тұрады. Операцияға дейінгі сабақтар ұсынылған әдістеме бойынша жүргізілсе, баланың операциядан кейін дұрыс сөйлеу мүмкіндігі толық туындайды. Ал, кейде жаңа жағдайларда дұрыс сөйлеуді меңгеруіне 5-6 сабақ жеткілікті болады. Ол үшін баланың дәптері бойынша барлық дауысты, дауыссыз дыбыстар артикуляциясы қайталанып; диафрагмальді тыныс алу және ауызбен дем шығаруды үнемі қадағалап отырып, күнделікті сөйлеуінде таза сөйлеу дағдысы бекітіледі. Басында сөйлеудің темпі бәсеңсиді; кейіннен біртіндеп қалыптасып, баланың назары сөйлеудің анықтылығына, мәнерлілігіне бағытталады. Басында баланың сөйлеуін үнемі логопед, кейін ата-аналар немесе мектепте және үйде баламен араласатын адамдар қадағалайды. Уақытында логопед балаға кеңес беріп отырады.

Бұл жайда ата-ананың мүмкіндіктерін бақылап, олардың жұмысына дұрыс бағыт беру қажет. Алғашқыда олар логопедтің жетекшісімен үйренген және бала жаттап алған материалды( дәптер бойынша) қадағалаулары керек, кейін біртіндеп баланың күнделікті сөйлеуін қадағалауға тартылады. Осыдан кейін мәтіндерді жаттауға немесе баламен әңгімелесуге арналған арнайы уақыт беріледі. Осылайша ата-аналар оның сөйлеу тілін үнемі қадағалап отыруға көшеді. Мұндай қадағалауды мектепте мұғалімдер іске асырады. Жоғарыда айтылғандай, операция барлық жағдайда сөйлеу сапасына оңды нәтиже бере бермейді.

Егер бала операцияға дейін логопедтің сабақтарына қатысқан болса, бірақ сөйлеу тілі таза емес болса, операциядан кейін мұрыннан сөйлеуін қоймаса, барлық логопедиялық жұмысты операцияға дейінгі аталған жүйе бойынша бастау қажет. Бала мұрыннан сөйлесе, сүйеніш дыбыс ретінде ешбір дыбысты пайдалануға болмайды. Бұл ережені ескермеген жағдайда логопедиялық әсер тиімділігі дыбыстар артикуляциясының сапасында көрінісін табады, ал олардың акустикалық сипаттамасы ақаулы болып қала береді. Уранопластикадан кейінгі логопедиялық сабақтарда естіп қадағалауды, фонематикалық қабылдауды дамытуға үлкен назар аударылады.

Мектеп жасына дейін операцияға дейін логопедпен аталған әдістеме бойынша сабаққа қатыспаған балалар үшін сауат ашу сабақтарын еңгізуге болады. Бұл дұрыс сөйлеу тілінің дағдыларын ұзақ уақыт бекітуге және алдағы жазу бұзылыстарының алдын алуға көмегін тигізеді. Операциядан кейінгі жұмыста үлкен назар сөйлеуде мимика бұлшық еттерінің қатысына, сөйлеу кезіндегі артық шиеленесудың, синкинезиялардың пайда болуын алдын алуға аудару қажет.

Сонымен, операцияға дейін аталған әдістеме бойынша логопедпен сабақ өткен науқастар, операциядан кейін де сөйлеу дағдылары үлкен сөйлеу материалында , барлық жағдайларда дұрыс сөйлеуге біртіндеп ауыса отырып қалыптасады. Операцияға дейін басқа әдістемелер бойынша оқылатын немесе мүлдем логопедиялық көмек алмаған ринолалиясы бар балаларды тиянақты түрде логопедиялық тексеруден өткізу қажет. Әсер ету жолдарын тандауда сөйлеу тілінің ақаулығының ерекшеліктері және мүмкіндіктері ескеріледі. Егер, тілінде логопедиялық сабақтарға операциядан кейін келіп түскен ринолалиясы бар баланың сөйлеу тілінде мұрынмен сөйлеу, бет және мимика бұлшық еттері қатаймаса, бірақ дыбыстар қатары жоқ болса, онымен дислалиясы бар баламен өткізілетін сияқты сабақтар жүргізіледі, яғни бала дұрыс айта алмайтын дыбыстарды қою тәсілдерін қолдану. Уранопластикадан кейін, сөйлеу тілінде болымсыз мұрын арқылы сөйлеу болса науқаспен сабақ өтуде жұмысты аталған операцияға дейінгі әдістеме бойынша жүргізу қажет.

Бұл жүйе мұрын арқылы сөйлеуді аз уақытта түзетуге және артикуляцияда мимика мен бет бұлшық еттерінің қате (дұрыс емес) қатысуын мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Алғаш рет логопедиялық көмек алып отырған балалармен сабақ өткізу барысында сөйлеуін естіп, зейінін дамытып, үйретіліп жатқан дыбыстарды кинестетикалық және тактильді сезінуін бекіту қажет. Бұрыңғы сөйлеу стереотипі жаңаға ауыстырылады. Сабақтарда ринолалиясы бар бала үйренген дұрыс сөйлеу дағдыларын бекіту әр балада әрқалай өтеді. Бұған бірқатар себептер бар.

Сөйлеу арқылы қатынас кезінде жіберген қателерді жіберу баланың логопедиялық сабақтарда үйренген дағдыларын күнделікті өмірінде, тұрмыста ерте қолдана бастағанына байланысты. Мұндай жағдайда үйретілген дағдылардың тұрақтылығы мен бекітілуі бұзылады.

Логопед баланың сөйлеуін қадағалауды ата-анасына уақытынан ерте тапсырған жағдайда, кейде сөйлеу кезіндегі қателер байқалады. Ата-аналар баланың сөйлеуінің дұрыс еместігін білген күннің өзінде, түзету жолдарын көрсете алмайды. Түсініспеушілік туындайды. Кейбір жағдайларда бала өз сөйлеуін тиянақты бақылай алмайды, яғни ол өзін-өзі қадағалау қажеттілігіне сенімсіз, ал кейде басқа затқа көңілі ауып, өзін- өзі анда-санда ғана қадағалайды. Логопедиялық сабақтар аяқталса да, логопедпен бала арасындағы қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін созылады. Себебі:

- Ринолалиясы бар балалар жоғарғы ерінмен мұрынның қалған

ақаулықтарын түзету үшін косметикалық операциялар жасатып жатады. Әдеттегідей, мұндай операциялар 18-20 жаста жасалады. Кейде еріннің етін трансплантациялайды (орнын ауыстырады). Трансплантациядан кейін жоғарғы ерін сөйлеу әрекетіне біртіндеп қатыса бастайды және уақыты ұзаққа созылады. Бұл науқастың сөйлеуі қайтадан мұрын арқылы болуы мүмкін, себебі сөйлеу аппаратының жоғарғы бөліміндегі жағдайлар өзгереді: бұлшық еттердің бұрыңғы үйренген өзара байланысы бұзылды. Ерінге операция жасалғаннан кейін ауа ағыны ауыз қуысы арқылы өту үшін ауызды бұрыңғыдан (операцияға дейін) сәл кеңірек ашу қажет.

Логопед кеңестері бұл жағдайда пайдалы. Сөйлеу тілі қалыпты болу үшін 3-5 әңгімелесу өткізіледі.

Мұрын мен мұрын қалқаншаларына операция жасап түзетілген соң сөйлеу тілін операциядан кейін де қадағалауды ұмытпау керек.

Логопедиялық және психотерапиялық араласу баланың жыңыстық даму кезеңінде де қажет: себебі дауысы өзгереді.

Көмейдегі физиологиялық өзгерістер және осы даму кезеңінде тыныс алуы өзгереді, сонын салдарынан жасөспірімдердің сөйлеуі қайталанып мұрын арқылы шығуы мүмкін. Егер бала қалыпты сөйлеу тілінің заңдылықтарын есінде сақтаса, мұндай мұрыннан сөйлеу біртіндеп кетеді.

Әрине, бұл кезеңде де оған логопед көмегі қажет. Логопед оның қиындықтарын айқындап, сөйлеудің темпін өзгертіп отырады, артикуляциялауды, тыныс алуды түзетеді.

Бұл уақытта логопедиялық жұмыста көріп қабылдауын, кинестетикалық сезінуін және естіп бақылауын қолдану қажет. Әр түрлі анализаторларды кеңінен пайдалану қысқа мерзімде оңды нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен, уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыс операцияның жасалғанына және операциядан кейінгі жұмысты ескеру бойынша құрылады. Жұмыс әдістері науқастың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне байланысты және психикалық статусын ескеріп қолданылады.

 

Туа біткен тандай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдан алу (сақтандыру)

Таңдай жарықшағымен туылған балада ринолалияның ауыр ақаулығы болуына қауіп туады. Алайда қазіргі кездегі медициналық және педагогикалық іс-шаралар жартылай немесе толық ақаулықтың болмауына әсер етуі мүмкін. Уақытылы жасалған медициналық іс-шараларға (операциялық емдеу немесе обтураторды пайдалану) үлкен мән беріледі. Бірақ қазіргі кездегі дәрігерлердің операция жасау мүмкіндігі туралы пікірлері әр түрлі. Сондықтан, көптеген себептер бойынша уақытылы медициналық көмек алу мүмкіндігі бола бермейді.

Сөйлеу тілі кемістігінің алдын алудың педагогикалық құралдары бар. Ерте жаста (1 жасқа дейін) баланы тілдің ұшы альвеолдарға жақын тұратындай қалыпта жатқызу керек. Ол үшін баланы ішпен немесе қырынан жатқызуға болады.

8-10 айда бала былдырлай бастайды: агу, и-и-и, мам-мам- дыбыс қосындыларын айтады. Бұл сәтте бала басқалардың сөйлегенін түсіне бастайды. Ол көзімен немесе саусағымен әжесін, анасын, сағатты көрсете алады, немесе дыбыстар арқылы қыздың жылағанын (а-а-а...), атасының ұйықтағанын (х-х-х...) көрсете алады.

Таңдай жарықшағы болғанда дәл осы уақытта сөйлеу тілі ақаулықтарының алдын алу бойынша жұмысты бастау керек. Баланың дамыған еліктеу рефлексін пайдалану қолайлы болып табылады, басында – ему кезінде, кейіннен сөйлеу кезіндегі дем шығаруды (1ж. кейін) дамытуға арналған жаттығулар арқылы. Ол үшін дыбысқа еліктеу ойындарын қолдануға болады, бұл кезде үлкен адам баланың назарын түрлі-түсті мақта түйіршіктерінің көмегімен ауыз арқылы шығарған демге аударады.

Ойын кезінде бала ыстықта иттің тыныс алуы сияқты жағдайларды еліктеп келтіреді. Бала а-а-а... дыбысын үзбей сыбырлап, тілін шығарып айтады. Қолымызды қалай жылытамыз? (қолға х-х-х деп дем шығарып үрлеу).

Баланы тілдің ұшын алға қозғалтып ауызбен дем алуға үйрету үшін басқа да, жаттығулар ойлап табуға болады. Тыныс алуға бағытталған оңай ойын-жаттығулардан кейін біртіндеп дауысты, дауыссыз дыбыстар артикуляциясын дауыс қосып ауызбен тыныс шығаруға дағдыландырамыз. Мысалы: балаға қыз қалай жылағанын көрсет (а-а-а).

Бұл кезде ауа ағынының ауыз арқылы шығуын үнемі қадағалап отыру қажет. А дыбысын айтқанда тіл ұшы астыңғы тістерге тиіп тұруы керек. Бет бұлшық еттері босаңсыған. Тіл ұшының мұндай қалпы бастапқы кезде барлық дауысты дыбыстарды айтқандағыдай сақталады. Мұндай жаттығуларды мысалға келтірейік: Шамды қалай өшіреміз? (ф--). Паровоз қалай гуілдейді? (у--). Кеме қалай гуілдейді? (ы--). Сен қандай үлкенсің? (о--). Жел қалай шулайды? (в--). Тістерімізбен тыныс алайық. (с--). Маса қалай ызылдайды? (з--) . Қаз қалай ышылдайды? (ш--) (тіл ұшы жоғары көтеріледі). Ара қалай дауыс шығарады? (ж--) (тіл ұшы ш дыбысындағыдай жоғары көтеріледі). Тонып қалған қолдарымызда қалай жылытамыз? (х--).

Дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау үшін ауызға мақта түйіршігін жақындатамыз немесе жұқа ұсақ қағаздарды үрлейміз. Дем шығарғанда олар «дірілдейді».

Ойын-жатығуларды баланы жалықтырып алмай, біртіндеп сабақтарға үйретіп өткізу керек. Баланың назарын сөз, дыбыстарды айтқан кезде ауыз ашылғанына аудару өте маңызды, себебі таңдай жарықшағы бар балалар еріндерін ашпай сөйлеуге құмар.

Ата-аналармен логопедтің міндеті – балаға дыбыс пен сөз артикуляциясын көруге көмектесу, назарын аудару. Бұл әрекет дыбыстың анық айтылуын дамытады. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру кезінде баланың назарын оған көрсетіп ауызбен ұзақ тыныс шығаруға аудару қажет. Егер ерте жаста сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, операция алдында сөйлеу тілінің ақаулығы қалыптасып, тұрақтанып қалады да, түзету үшін үлкен логопедиялық жұмыс қажет болады.

 

Қорытындылар

Ашық ринолалияда логопедиялық көмек операцияға дейін де, операциядан кейін де қажет. Жұмыстағы маңызды шарт – сөйлеу аппаратының сау бөлімдерін белсенділеу. Әдістеменің негізінде – физиологиялық тыныс алуды ауыз арқылы дем шығарып, біртіндеп сөйлеу кезіндегі диафрагмальдіге ауыстыру. Ерекше назар ауыз қуысындағы тілдің дұрыс қалпына аударылады. Жұмыс барысында барлық дыбыстар қайтадан қалыптастырылады, олардың артикуляциясы қатаң түрде белгілі жаттығулар арқылы дайындалады. Осы жаттығулар жүйесінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің физиологиялық өзара байланысы негізгі болуы қажет.

Дыбыстар бойынша жұмыс кезектілігі сүйеніш дыбыстарды қолдану арқылы дыбыстың артикуляциялық базасының дайындығымен белгіленеді. Мұндай кезектілік сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамыту, артикуляция аппаратының алдымен жоғарғы, кейіннен ортаңғы бөлімдерінің моторикасын дамытуды көздейді.

Дыбысты дұрыс айтқызу жұмысында баланың өз сөйлеуін естіп қадағалауын дамыту кезектілігін сақтау маңызды: алдымен логопед баланы дыбыстарды айтқан кезде өзін қадағалаудан алдандырады; дыбысты машықтандырғаннан кейін саналы түрде естіп қадағалау қосылады. Операцияға дейінгі жұмыста дыбыс айтуды қалыптастырудан басқа, өте үлкен көңіл бала тұлғасын түзетуге бөлінеді.

Бар логопедиялық жұмыс максимальді түрде көрнекі, балаға эмоциональді болуы керек.

Уранопластикадан соң науқастармен жұмыс опреацияға дейінгі сөйлеуге дайындық болған–болмағанына, оның деңгейіне және операцияның нәтижелеріне байланысты болады. Логопедтің операциядан кейінгі жұмысы дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге бағытталады.

Уранопластикадан кейін науқастың назары өз сөйлеуін естіп қадағалауға аударылады. Егер баланың сөйлеуі сәл де мұрын арқылы айтылса, операциядан кейінгі жұмыс толығымен, операцияға дейінгі жұмыс сияқты жүргізілуі қажет. Таңдай жарықшағы болған жағдайда сөйлеу тілі ақаулығының алдын алу медициналық және педагогикалық құрал арқылы жасалуы мүмкін.

Педагогикалық жағынан алдын алудың мақсаты – баланың назарын артикуляцияға аударып, арнайы жаттығулар арқылы ауыз қуысындағы тілдің ақаулы қалпының болмауын қадағалап, ауыз арқылы дұрыс дем шығаруды қалыптастыру болып табылады.

 








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 9326;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.121 сек.