Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы

Адам өмірінің бағдарламасы белгілі бір уақыт аралығында күрделенеді, және оның табиғи аяқталуы тіршілік функцияларының біртіндеп сөнуі, олардың толық тоқтауымен көрініс беруі керек. Өмірдің мұндай соңы қазір жиі кездеседі, себебі қазіргі медицина жетістіктері өмірді ерте қиятын көптеген қауіпті жағдайлармен сәтті күресуді қамтамасыз етіп отыр.

Қартайған шақта гормональды активтілік төмендейді, ферментативтік процесстердің активтілігі, зат алмасу интенсивтілігі төмендейді; зат алмасудың жеткіліксіздігі толық қышқылданбаған өнімдердің жиналуымен білінеді (тамыр қабырғасына холестирин жиналуы); тамырлар мен байламдардың, капсулалардың эластикалық қасиеті төмендейді. Бұл кезеңде психикалық процесстердің активтілігі, қозғалғыштығы төмендейді, есте сақтау қиындайды, түскен ақпаратты талдау қиындайды, қабылдау өткірлігі тұйықталады, ой жұмысы төмендейді. Қарттық адамның әлеуметтік жағдайын да өзгертеді. Қарт адамның өмірі жоғалтулардан тұрады: туыстары мен жақындары қайтыс болады, зейнетке шығуына байланысты үйреншікті өндірістік жұмысбастылығын жоғалтады, бұрынғы әлеуметтік байланыстары әлсіреп, үзіледі, ал жаңа байланыстар қиыншылықпен іске асады, физикалық күш жоғалады, денсаулық, есту, көру қабілеті төмендейді. Осының салдарынан көптеген қарт адамдар жаңа қайғы күтумен болады, әр уақытта жабырқаулы күйде болады, қуану сезімі жоғалады. Қабатталған биологиялық және әлеуметтік өзгерістер жеке бастың өзгеруіне әкеліп соқтырады, ұқыптылық – сараңдықа, тітіркендіргіштік - ашуланшақтыққа ауысады. Организмнің адаптациялық қабілеттерінің бұзылуы себебінен қоршаған ортаға реакциялар тікелей сипатқа ие болады, метеотропты факторларға, дәрілік заттардың теріс әсеріне, психогенияларға төзімділік төмендейді. Дағдыланудың қиындығына байланысты қарт адамдар өмірлік өзгерістерден қашқақтайды, мінездерінде консерватизм, ортодоксальдылық сияқты құбылыстар пайда болады. Басым тікелей сипатқа соматикалық және психикалық реакциялар арасынадағы байланыстар ие болады. Әрбір қарқынды психикалық реакциялар – жайсыз соматикалық ауытқулар тудыруы мүмкін: стенокардия ұстамалары, гипертониялық криз, диабет асқынуы. Сонымен қатар соматикалық аурулар ОЖЖ – нің қызметіне аса қиын жағдай тудырады және психикалық бұзылыстардың пайда болуына ықпал етеді. Осылайша қартайған сайын психикалық бұзылыстар туындау қаупі жоғарылайды.

Қартаю процесі ешқашан функциялардың біркелкі төмендеуімен жүрмейді. Қартаю дәрежесіне қарай дефициттерді компенсациялау үшін үнемі функциональды қайта құрылу үрдісі жүріп отырады. Осылайша қарттық шақта көптеген психикалық жетіспеушіліктер компенсациясы түрінде, бай профессионалдық және өмірлік тәжірибе, онымен бірге жүретін парасаттылық, шыдамдылық және т.б. тұлғалық оң қасиеттер қолданылады. Психопрофилактиканы ұйымдастыру кезінде егде жас кезеңінің тек әлсіз жақтарын қолданылмай, сонымен қатар компенсаторлық мүмкіндіктері де қолданылуы керек.

Жасушалардың қартаюы мен өлуі өмір бойына жүреді, бірақ жалпы биологиялық қартаю процесі 45 жастан басталады. Кешірек адамның әлеуметтік активтілігі төмендей бастайды. Осыны ескере отырып геронтологтар 1962 жылы халықаралық симпозиумда 50 мен 64 жас аралығын орта, 65 жастан 74 жасқа дейін егде, 75 жастан 90 жасқа дейінгі аралықты қарттық, 90 жастан жоғары кезеңді терең қарттық деп атауды ұйғарды. Қоғамдағы адам өмірінің жағдайы қарттықты жақындата да, алыстата да алады. Әлеуметтік белсенділік, өз тәжірибесін қолданып, және оны артындағы ұрпақтарға бере алу мүмкіндігі, аздап болсын өндірістік қатынастарды сақтап қалу қартаюға кедергі болады. Өмірінің соңына дейін бір өндірістік жағдайда жұмыс жасаған адамдар терең қарттық шаққа дейін өмір сүргені туралы көптеген мысалдар бар, оларда ешқандай психикалық бұзылыстар болмаған және еңбек жағдайы күшті сақталған. Зейнетке шығатын адамдарды алдын-ала психологиялық жағынан дайындау керек, жүйелі мециналық көмек ұйымдастыру, олармен тұрақты байланыс жасау, қоғамдық жұмысқа баулуды қарастыру керек. Жасы ұлғайған адамдарды, әсіресе зейнеткерлерді физикалық жаттығуларға, денсаулық топтарына баулу аса маңызды.

Екіншілік психопрофилактика бойынша іс-шаралар жүргізу кезінде психикалық аурулардың диагностикасын қиындататын психопатологиялық симптоматиканың жалпы ерекшеліктерін ескеру керек. Осылайша, қарттық шақтағы психикалық ауруларға нозологиялық ерекшеліктеріне байланыссыз жиі үрейлі эмоциональды бұзылыстар, зардап шегу сандырақтық күйзелістері және олардың мазмұнының аса қарапайымдылығы, естің бұзылуы, сана бұзылысының пайда болу жеңілдігі, психопатологиялық синдромдардың салыстырмалы қарапайымдылығы және олардың толық аяғына дейін дамымауы тән. Жиі психоздардың абортивті формалары, психотикалық емес варианттарының біртіндеп органикалық ақыл кемдігіне ауысатын созылмалы ағымға бейімділігі байқалады. Мұндай нәтижеге әлеуметтік адаптацияны күрт бұзатын ауруханаға жатқызу жағдайы, қозғалу активтілігін және сергектігін төмендететін орталықтық-босаңсытатын және миорелаксанттық психотропты заттарды қолдану алып келеді. Психикалық патологиямен күресетін бұл заттарды аса сақтықпен қолдану керек және оларды теріс пиғылмен қолдануға болмайды. Олармен емдеу психикалық бұзылыстар сияқты жайсыз соматикалық бұзылыстар туғызуы мүмкін, олар егде жаста толық әлеуметтік адаптацияға кедергі келтіреді.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3313;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.