Бас-ми жарақаты кезіндегі психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісі

 

Алғашқы кезең. Жарақат алғаннан кейін бірден науқас санасын жоғалтады (95% жағдайда), содан соң сана деңгейінің терең кома жағдайынан есеңгіреудің жеңіл дәрежесіне дейінгі тербелістері орын алады.

Жедел кезең. Бұл кезең сананың қалыпқа келуімен және жалпы милық бұзылыстардың жоғалуымен сипатталады. Жедел кезеңнің типті синдромдары адинамиялық, вегатативтік, вестибулярлы бұзылыстармен көрінетін астения болып табылады. Астенияның жеңіл түрлерінде науқас соматикалық сипаттағы шағым айтады, көңіл-күйі төмен, тітіркенгіш, ренжігіш,бос көңілді болып келеді. Жиі амнезиялар және ең алдымен ретроградты амнезия байқалады, бұл кезде ес бұзылысы жарақаттың ауырлығына байланысты жарақат алған сәтті ғана қамтып қоймай, оның алдындағы бірнеше күн, айлар, тіпті жылдардан тұратын мерзімді қамтуы мүмкін. Контузия кезінде неврологиялық бұзылыстардың ішінен салдану, парез түріндегі қимылдық бұзылыстар бақыланады, гипестезия және анестезия түріндегі сезімталдық өзгерістері байқалады, бас сүйек негізінің сүйектері сынған кезде бет нервісінің салдануы болады.

Бас-ми жарақатының ауыр асқынуларына бассүйекішілік қан құйылулар жатады, нәтижесінде жалпымилық және жергілікті симптомдармен ми компрессиясы орын алады. Бұл кезде симптомдар динамикасының ерекшелігі бастапқы кезең симптомдары жойылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң науқастың жағдайы қайтадан нашарлайды: белгілі бір аймақта локализацияланған бастың үдемелі күшті ауыруы пайда болады. Сана тежелуі және есеңгіреуі дамиды. Симптомдардың типті триадасы пайда болады: артериалдық және ликворлық гипертония, брадикардия. Көз түбінің іркілістік құбылыстары бақыланады. Джексоновский типіндегі тырысулық ұстамалар, салданулар, парездер, афатикалық бұзылыстар бақылануы мүмкін.

Жоғарыда суреттелген жағдайлар кезіндегідей психикалық бұзылыстар, бас-ми жарақатының сүйектер сынуымен асқынуларының нәтижесіндегі ми қантамырларының майлы эмболиясы салдары түрінде бассүйек ішілік қан құйылулар кезінде де бақылануы мүмкін.

Жабық бас-ми жарақатының жедел кезеңінің ұзақтығы тәуліктерден 2 айға және одан көп мерзімге созылады. Бұл кезеңдегі психикалық бұзылыстар бас-ми жарақатының ауырлық дәрежесіне (жеңіл, орташа, ауыр) байланысты жіктеледі. Жеңіл дәрежесінде сана секундтарға (минуттарға) сөнеді, сана сөнуі болмауы да мүмкін немесе обнубиляцияның жеңіл дәрежесі орын алуы мүмкін.

Науқас тар жедел кезеңде шағым айтпайды немесе жеке-жеке жалпымилық симптомдарға нұсқайды: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы.

Бас-ми жарақатының орташа ауырлық дәрежесінде науқас санасы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа жоғалады, артынан бір сағаттан 1-2 күнге дейін сана обнубиляциясы, одан әрі қарай антероретроградты амнезия орын алады. Жедел кезеңде бас ауруы, бас айналуынан басқа мнестико- интеллектуальды бұзылыстармен және адинамия құбылыстарымен айқын астения болады. Бас-ми жарақатының ауыр дәрежесінде бірнеше тәулікке созылатын сопор немесе кома бақыланады. Ретро-антероградты және фиксациялық амнезия тән. Жедел кезеңде психоорганикалық синдром көріністері байқалады.

Жедел кезеңде (жиі алғашқы күндерде немесе бір аптаның жартысында, сирек бір айдан кейін) сана қалпына келген соң жиі күңгірттену, делириозды немесе онейроидты тип бойынша сананың қарауытқан күңгірттенуі түрінде психоздар байқалады. Корсаков синдромы дамуы мүмкін (ең алдымен фиксациялық және ретроградты амнезия, аз дәрежеде – антероградты амнезия және конфабуляциялар) Жарақаттан кейінгі кататония түрінде көрінетін апалликалық синдром суреттелген, бұл кезде ми қыртысы қызметінің тоқтауы-декортикациямен байланысты психикалық және неврологиялық бұзылыстар бірігіпкөрініс береді. Сонымен қатар, акинетикалық мутизм бақыланады, бұл кезде қимылдың болмауы сөйлеудің тоқтауымен қосарланады. Сирек жағдайда аффективті (дисфорияға жақын көңіл - күйдің төмендеуі) және сандырақтық (сезімдік сандырақпен, вербальды галлюцинациялармен) психоздар байқалады. Ми контузиясы кезінде эпилептиформды ұстамалар жиілей түсіп, эпилептикалық статустың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Жарылыс толқынымен жарақаттану – бас-ми жарақатының ерекше түрі - ми шайқалуы және соғылуы, ми қанайналысының бұзылысымен жүреді. Бұл кезде сана жарылысты дыбыстық қабылдауға дейін кенеттен жоғалады. Сөнген сана кезеңі - бірнеше минуттан 5-6 сағатқа дейін созылады; сырттай бұл кезде науқас өлген адамға ұқсайды. Бұл науқастардың жүріс-тұрысы жарақаттанғандар жүріс-тұрысынан күрт ерекше. Жарылыс толқынымен жарақаттанғаннан кейін науқастар сылбыр, аз қозғалады, ажыраған. Сурдамутизм құбылыстары байқалады.

Ашық бас-ми жарақаттары кезінде бастапқы және жедел кезең симптоматикалары жабық бас-ми жарақаты кезіндегі белгілерден ерекшеленбейді.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3753;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.