Алкоголизмнің клиникалық көріністері

 

Алкоголизмді 3 сатыға бөлу кең тараған: бастапқы, ортаңғы және соңғы. Әрбір сатысы өзіне тән белгілермен – симптомдармен және синдромдармен сипатталады.

Бастапқы (неврастениялық) сатысы.Алкоголизмнің бастапқы сатысының белгілері алкоголизмді тұрмыстық маскүнемдікпен ажыратады. Сондықтан алкоголизмді ерте анықтауда олардың маңызы зор.

Алкоголизмнің алғашқы сатысының ерте және маңызды белгілерінің бірі жабысқақ сипаттағы алкогольге патологиялық әуестік, қолданылатын алкогольдің мөлшерін бақылау қабілетінің төмендеуі белгісі, және артынан мүлде мөлшерін бақылауды жоғалту болып табылады.

Алкоголизмнің алғашқы симптомы қорғаныстық құсу рефлексінің жоғалуы - спиртік ішімдікті артық мөлшерде қабылдағанда құсу болмайды. Алкогольге толеранттылық өзгереді - оның жоғарылауы бақыланады, қолданылатын спиртті ішімдік мөлшері жоғарылай түседі.

Алкоголизмнің алғашқы сатысында-ақ палимпсесттер – алкогольді мастану жағдайында болған кейбір оқиғаларды есіне мүлдем түсіре алмаумен көрінетін ес бұзылысы симптомы орын алады.

Науқастардың кейбірінде алкогольді мастану сипаты өзгереді: олар ызалы, жабысқақ, ренжігіш, жиі күдікшіл бола түседі.

Алкоголизмнің бастапқы сатысының психопатологиялық бұзылыстарының симптомдары үдемелі және күшейген астениялық синдром фонында пайда болады және көрініс береді. Оның негізгі көріністері сылбырлық, әлсіздік, тез шаршағыштық, зейін бұзылуы, интеллектуальды үрдістің зорығуы және бас ауыруы болып табылады. Осылардың барлығы науқастың еңбек сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Оларда ұйқы бұзылысы ерте пайда болып, үдей түседі. Олар ұзақ уақыт ұйықтай алмайды, ұйқысы беткей, үзілісті, жиі түстер көреді, басым қорқынышты сипатта болып келеді. Ұйқыдан кейін сергектік сезімі жоқ. Тітіркенгіштік және себепсіз ашушаңдық, айналадағылармен конфликттер үнемі сипат алады.

Науқастар алкогольді жиі қолданады, тәуліктік мөлшері 1 литр күшті шарап немесе 400-500 мл арақ деңгейіне жетеді.

Алкоголизмнің бірінші сатысының ұзақтығы алкогольді қолданудың интенсивтілігіне байланысты орта есеппен бір жылдан алты жылға дейін. Алкоголизмнің алғашқы сатысында-ақ функциональды соматоневрологиялық бұзылыстар пайда болады: вегетотамырлық дистония, эзофагиттер, гастриттер, колиттер, бауыр қызметінің бұзылуы, гепатиттің алғашқы көріністері, панкреатиттер.

Ортаңғы сатысы (абстинентті). Алкоголизмнің бұл сатысы алкогольге патологиялық әуестіктің күшеюімен сипатталады, ол мәжбүрлік сипатын алады. Науқас ішуге деген пайда болған әуестікпен күреспейді, оған пассивті бағынады.

Алкоголизмнің бастапқы сатысына тән симптомдар жойылмайды, күшейеді немесе алкоголизмнің ортаңғы сатысының түзілуі кезінде өзгерістерге ұшырайды. Бұл сатыға абстинентті синдромның (бас жазу) дамуы ерекше тән. Бұл синдром ұзақ уақыттық, массивті алкогольді интоксикация аяқталған соң бірнеше сағат немесе тәуліктен кейін дамиды.

Абстинентті синдром психикалық, неврологиялық, соматикалық бұзылыстар түрінде көрінеді, бұл бұзылыстар алкогольдің жаңа дозасын қабылдаған соң жеңілдейді немесе жойылады.

Абстинентті синдром кезінде айқын психикалық бұзылыстар тізімі бақыланады. Көңіл-күйі төмендейді, мұңлы күйге түседі. Науқастар тітіркенгіш, кейде ашуланшақ, күдікшіл, мотивсіз қорқыныш, өзін-өзі кінәлау идеяларын сезінеді. Алкоголиктерде абстиненция жағдайында көру және есту галлюцинациялары пайда болуы мүмкін. Ұйқысы үрейшіл, үзілісті, оянғанда тынығу сезімі болмайды. Абстинентті синдром вазовегетативті және неврологиялық бұзылыстармен көрінед: тахикардия, гипертензия, аяқ-қолдың және бүкіл дене треморы, ауыз қуысының құрғауы, бас айналуы, тәбеттің жоғалуы, айқын әлсіздік.

Абстинентті синдромға айқын неврологиялық синдромдар тән, олардың ішінде жиі кездесетіні және көзге түсетіні аяқ қол, бас, тіл треморы болып табылады. Әсіресе қол саусақтарының треморы, Ромберг позасында тұра алмау айқын көрініс береді. Бет және қаңқа бұлшық еттерінің фибриллиярлары дірілдері бақылануы мүмкін. Екі жақты сiңipлiк рефлекстердің тепе-тең жоғарылауы бақыланады; вегетативті регуляция бұзылысы бет және алақан гипергидрозымен, тері мәрмәрлығымен, бет гиперемиясымен, әсіресе мұрынның, склералар иктериялығы және олардың тамырларының кеңеюімен көрінеді.

Жүрек-қантамыр жүйeci жағынан артериялық қан қысымының көтерілуге бейімділікпен тербелістері, кардиалгиялық синдром байқалады. Абстинентті синдром жүрек айнуымен, лоқсулармен, эпигастрий аймағындағы ауру сезімдерімен, диареямен көрініс береді.

Алкогольдық абстенцияның aуыp түрінде балтыр бұлшық eттерiнiң құрысулық ұстамасы, сирек тырысулық ұстамалар (күрделі немесе абортивті) бақылануы мүмкін.

Ортаңғы сатысында алкогольге толеранттылық жоғарылап, өзінің шырқау шегіне шетеді және жылдар бойы өзгермеуі мүмкін. Iшімдіктi қабылдаудың тәуліктік дозасы 1,5-2 л арақ мөлшеріне жетеді. Алкогольді мастанудың клиникасы ары қарай өзгеріске ұшырайды. Мастану жағдайындағы көңіл-күй айналадағыларға агрессия танытумен басым тітіркенген-ызалы сипат алады. Қабылданған алкоголь мөлшерін бақылау қабілетін жоғалту спиртті ішімдіктің аз ғана мөлшерін қабылдаған соң пайда болады.

Алкогольге күшті әуестіктің мөлшерлік бақылауды жоғалту және абстинентті синдроммен біpгe жүpyi маскүнемдік формасының өзгepгендігін білдіреді. Бұл сатыда науқастар жиі алкогольді күн сайын айқын мастану шақыратын дозаларда қолданады, немесе бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін мерзіммен арасына бірнеше апта салып, салынып ішеді.

Алкоголизмнің ортаңғы сатысында ауру ағымының ерекше көpiнiсi жалған салынып ішу (псевдозапой) болып табылады (бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылады) – науқас әлеуметтік мотивтерге байланысты (жанұялық, қызметтік, ақшаға қатысты және т.б.) ішуін тоқтатады. Салынып ішу аралықтарында науқастар ішімдікті пайдаланбайды.

Әрбір мастану жағдайы оның соңғы этапының амнезиялануымен аяқталады.

Осы аталған бұзылыстар тұлға өзгерісі, деградациясы фонында жүреді. Алғашқы сатыдағы науқас мінез-құлқындағы өзгерістер дөрекілене түседі, эгоизм ұлғаяды. Ішімдікке қаражат табу жолында жанұя, қызметтік, қоғамдық жағдайларды елемейді. Мнестико-интеллектуальды бұзылыстар ұлғайып, цинизм, орынсыз (алкогольді) әзіл пайда болады. Зейін, ес бұзылысы тереңдей түседі. Ойлау біртекті, нақты, алкогольді тематикаға келіп тірелетін беткей ассоцациялармен жүреді.

Ерік үрдісі терең бұзылысқа ұшырайды: маскүнемдікті тоқтатамын деген ант берулері, уәдесі бірден ұмытылады. Айналасындағылардың алдында кінәлілік сезімі болмайды. Бұрынғы қызығушылытары жоғалады, басты қажеттілігі спиртті ішімдік болып табылады.

Алкогоглизмнің бұл сатысында жиі жедел алкогольді психоздар дамиды.

Бұл сатының ұзақтығы орта есеппен 3-5 жылды құрайды.

Науқас И., 47 жаста. Келесі шағымдармен түсті: ашушандық, үрей, ұйқының, бұзылуы, спиртті ішімдіктерді қабылдауға деген күшті әуестік, алкогольді мастану кезінде өз iс-әрекеттерін басқара алмау.

Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы анықталған жоқ. Балалық шағында дамуы жағынан қатарластарынан артта қалған жоқ, жайлы жанұяда өскен. Алкогольді бipiншi рет 17 жасында қабылдаған, және оған деген жиіркеніш ceзiмiн байқаған. 26 жастан бастап алкогольді жүйелі пайдаланған. Бұл кезде ішімдікке деген жиіркеніш сезімі туындамаған. Жұмысындағы жағдайы (бар, тегін спиртті ішімдіктер) ішімдікті көп пайдалануға ықпал еткен. Күнделікті дерлік ішкен, бірақ ішуден бас тарта алған, "бас жазбаған". Осы кезеңде жанұялық жағдайларына байланысты қонақ үйге жұмысқа ауысқан, бұл жерде жиі және көп мөлшерде іше бастаған, еңбек тәртібін бұзған жағдайлар болған. Жұмысынан қуылу қayпiне байланысты өз еркімен кетуге тура келген. Біртіндеп толеранттылық жоғарылаған: науқастың айтуы бойынша, «алғашында шараптың бip рюмкасынан мас болатынмын, ал қазір бip кеште екі шөлмек коньяк iшiп қоямын». 13 жыл бұрын бас жазу синдромы пайда болды: қатты бас ауыруы, жүрек айну, бас айналу. Бұл құбылыстар ішімдіктің белгілі бip дозасын қабылдағаннан кейін жойылған. Осыдан тоғыз жыл бұрын ішіду шындығында қоямын деп шешіп, дәрігерге көрінген, эспираль имплантацияланған. 5 жыл бойы ішімдік пайдаланбаған. Кейіннен кезеңмен ғана қабылдаймын деген үмітпен аздап ішуді бастаған. Алкогольге деген құмарлық жылдам пайда болып, бас жазу синдромы қайта дамыған, алкогольге толеранттылы жоғары шегіне жеткен. Қайта емделуге тілек білдірген. Екінші рет стационарға жатып, зерттелгенде алкогольді майлы гепатит диагнозы қойылды. Шыққаннан кейін 8 айға дейін ішімдік пайдаланбаған, бірақ өзімен бipгe емделген танысының ішіп жүргенін естіп, тағы да байқап көpгicі келген. Ол ішкілігі стационарға осы түсу кезеңіне дейін жалғасқан. «Маскүнемдік» сипаты өзгерген: кез-келген құрамында спирті бар сұйықтықтарды қолданды, тез масаятын болды, жиі қақтығыстарға түседі. Қабылдаған ішімдік мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтты, мастану жағдайында не істеп, не қойғанын жиі есіне түсіре алмады.

Соматикалық жағдайы: жүрек шекарасы солға ығысқан, бауырдың қыры тығыз, ауыру сезімінсіз, қабырға астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры үлкеймеген.

Неврологиялық жағдайы: рефлекстері күшейген, симметриялы. Ошақтық неврологиялық симптоматика жоқ, қол басының треморы байқалады. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм.

Психикалық жағдайы: бағдары толық, контактқа оңай түседі, қабылдау бұзылысы байқалмайды. Стационарға келу алдындағы кезенді нашар есіне түсіреді, жеңіл фиксациялық амнезия байқалады. Ойлау темпі баяулаған, фантазиялауға, диссимуляцияға, өтірікке бейім. Эмоциональды ұстамсыз. Көңіл-күйі төмен. Сөзінде орынсыз әзілдер жиі кездеседі. Дертіне сыни көзқарас формальды.

Абстинентті синдромды жою үшін науқас натрий оксибутиратын, реланиум, дезинтоксикациялық терапия, массивті витаминдік терапия (соның ішінде В тобының) ноотропил қабылдады. Психотерапия жүргізілді. Абстинентті жағдай симптомдары жойылғаннан кейін науқастың алкогольді пайдаланбаймын деп уәде беруімен табанды түрде сұранысына байланысты үйіне шығарылды. Наркологиялық диспансерде ем жалғастыру ұсынылды. Диагноз: алкоголизм, ортаңғы сатысы.

Соңғы (энцефалопатиялық) сатысы. Бұл саты алкоголизмнің алдағы сатылары симптомдарының түр өзгертулерімен және олардың ауырлай түсуімен, сондай-ақжаңа симптоматиканың пайда болуымен сипатталады.

Алкогольге әуестік жеңілдеу сипат алады, жабысқақтық дәрежесі төмендейді. Алкогольге мәжбүрлік әуестік ұсақ мәнді психогенді факторлар нәтижесінде пайда болады. Сонымен қатар алкогольдің аз ғана дозасы күшті алкогольді әуестікке алып келеді.

Алкогольге толеранттылық төмендейді, яғни мастану күйі бастапқы және ортаңғы сатылармен салыстырғанда өте аз дозадан дамиды.

Бұл кезеңде науқас бірқабылдағанда 150-200 мл. арақ ішеді, осыдан кейін айқын және ұзаққа созылатын мастану пайда болады. Спиртті ішімдікті үлкен дозада қабылдаса есеңгіреу және сопор жағдайы байқалады.

Алкоголизмнің бұл сатысында абстинентті синдром өзінің ұзақтығымен, айқын вегето-қантамырлық және соматикалық компоненттермен, неврологиялық бұзылыстармен ерекшеленеді. Науқаста брадикардияға, коллапсқа бейімділік байқалады.

Алкоголизмнің энцефалопатиялық сатысына ішімдікті күнде дробты дозалармен ішу(бірнеше сағат сайын 150 мл-ге дейін) немесе науқастар бipнeше күн бойы ішетін, нағыз салынып ішу тән. Бұл кезде салынып ішудің ұзақтығына байланысты науқастың ішімдікке деген толеранттылығы үдемелі түрде төмендейді. Егер салынып ішудің алғашқы күндерінде доза тәулігіне 1 литрге дейін жетсе, аяғында күніне 100-I50 мл-ге дейін төмендейді. Мұндай салынып ішу алкогольді физикалық көтере алмаушылық нәтижесінде құсу немесе коллаптоидты жағдай пайда болуымен байланысты аяқталады. Салынып ішулер арасындағы ашық кезеңдер бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады.

Алкоголизмнің бұл сатысында тұлғаның алкогольдік деградациясы көріністері басым байқалады. Алкоголизммен науқастар жүріс-тұрыстың моральді-этикалық нормаларын жоғалтады. Оларда қоршаған ортаға деген қызығушылық жоғалады, олардың бар зейіні «ішкілікке» жинақталады. Алкоголизмнің ортаңғы сатысында түзілген мнестико-интеллектуальдық бұзылыстар үдейді және тереңдей түседі. Психикалық қызметтің барлық түрінің кедейленуі бақыланады. Еңбекке қабілеттілік төмендейді, науқас тек квалификакацияны қажет етпейтін жұмыстарды атқаруға қабілетті, өзінің сыртқы көрінісін бақыламайды, ұқыпсыз киініп, лас болып жүреді.

Бұл сатыда дертті сипаттағы қызғаныш идеялары жиі пaйда болады. Мастану кезеңінде бұл идеялар науқас ойын түгелдей қамтып алатыны соншалық, олар агрессивті әрекеттер жасаумен әлеуметтік қayiп тудыруы мүмкін. Науқастар жиі қорғансыз жағдайға түсіп, нашар тамақтанып, айтарлықтай дене салмағын жоғалтады. Алкоголизмнің соңғы сатысына созылмалы алкогольды психоздар тән.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 4147;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.