Бас-ми жарақатының кейінгі салдары кезеңінде бақыланатын психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісі

Бас –ми жарақатының кеш кезеңідегі психопатологиялық синдромдар жарақаттан кейін бірнеше айлар, жылдар сақталады және олардың кейбір жеке белгілері сияқты толық кері дамуға ұшырамайды. Олар астениялық, психопатия тәрізді, пароксизмальды синдромдармен, аффективті, галлюцинаторлы-сандырақтық және паранойяльды психоздармен, және де ақыл кемдігі жағдайларымен көрінеді.

Жарақаттық астения (церебрастения).Астенияны бас-ми жарақатының алыс салдары кезеңінің «нағыз» бұзылысы деп атайды. Бұл кезеңге тән астенияның клиникалық көріністерінің ішінде тітіркенгіштік, әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, бас айналуы басым болады. Олар ыстықты, транспортты көтере алмайды, қызметтің бір түрінен екінші түріне ауысқанда қиындықтар туындайды.

Жарақаттық энцефалопатия (психопатия тәрізді синдром).Истериялық бұзылыстар, экплозивтілік, өткінші интеллектуальды - мнестикалық бұзылыстардан тұрады.

Пароксизмальды синдром ашық және ауыр бас-ми жарақатынан кейін пайда болатын жиі абортивті үлкен тырысулық ұстамалармен сипатталады. Жиі пароксизмдердің өзге түрлері бақыланады :абсанстар, кіші ұстамалар, қантамырлық- вегетативті ұстамалар, дистрофиялар.

Сенестопатиялар да жиі байқалады. Тырысулық ұстамаларынан кейін бірден сананың қарауытқан күңгірттенуі орын алуы мүмкін.

Астениялық, психопатия тәрізді, пароксизмальды синдромдардың дамуы регредиентті ағыммен жүреді, оның жылдамдығы баяу және суреттелген симптоматика ұзақ ондаған жылдар бойы бақыланады.

Алыс кезеңде жарақаттық психоздар бақылануы мүмкін, олар әдетте қайталамалы бас-ми жарақаты, улану, инфекция, психикалық жарақаттарға байланысты туындайды. Аффективті және галлюцинарторлы-сандырақтық психоздарды ажыратады.

Аффективті психоздар кезеңдік және бір реттік (сирек) депрессия немесе мания жағдайларымен көрінеді, бас- ми жарақатының жеңіл және ауыр дәрежесінің нәтижесі болып табылады. Депрессивті синдром көңіл-күйдің төмендеуімен, ипохондриялық және дисфориялық симптомдармен жүретін жабырқаулықпен көрінеді. Мания жағдайында көңіл-күйдің көтерілуі эксплозивтілікпен, аффективті күйлермен, даукестік жүріс-тұрыспен бірге жүреді. Айқын емес психоорганикалық синдром белгілері байқалады. Алғашқы ұстамалар кезінде сананың күңгірттенуі болады.

Аффективті психоздар бас-ми жарақатынан кейін, әртүрлі мерзімнен кейін, жиі 10-20 жылдан соң дамиды.

Психоздар әдетте кенеттен экзогениядан кейін (бастың жеңіл жарақаты, жеңіл инфекциялар және т.б.) пайда болады. Симптоматикасы жедел дамиды. Психикалық бұзылыстар диэнцефальды бұзылыстармен бірге жүреді. Психоз 3-4 айға созылады, ұстама ағымы регредиентті түрде өтеді.

Бас-ми жарақатының ауыр және орташа дәрежесінде галлюцинарторлы- сандырақтық психоздар байқалады. Психоз дебютінде сананың қарауытқан күңгірттенуі немесе вербальды галлюциноз синдромымен делириозды тип бойынша сана күңгірттенуі болады. Әрі қарай клиникасында аффективті- сандырақтық бұзылыстар басым болады. Сандырақ әрқашан күйзелістердің нақтылығымен көрінеді. Жарақаттық психоздар сандырақтық қызғанышпен (аса бағалы), даукестік тенденцияларымен көрінеді. Астения әлсіз дәрежеде көрінеді.

Жарақаттық ақылкемдігі бас-ми жарақатының алыс салдарының салыстырмалы түрде сирек кездесетін көрінісі, жиі бастың ашық жарақаты және бассүйек негізінің сынуымен мидың ауыр контузиясы нәтижесінде дамиды. Ақылкемдігі дисмнестикалық тип бойынша дамиды. Клиникалық көрінісінде сылбырлық, аспонтандылық, жігерсіздік немесе тітіркену ұсатамаларымен үзіліп тұратын эйфория болады.

Қарт адамдарда бас-ми жарақаты ішінен ми шайқалуы басым кездеседі. Бұл жағдайда жеңіл жарақаттардың өзінде әрқашан сана жоғалуы көрініс береді. Жедел кезеңінде жиі бас айналу байқалады. Жарақаттан кейін ес бұзылыстары айқын көрініс береді.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3008;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.