Г) психикалық автоматизм

Д)ойлап табу сандырағы

 

103. 79 жастағы ер адам соңғы жылдардағы және он жылдың ішіндегі жағдайларды еске түсіре алмайды. Осыған қарамастан «ерте жастық шағын» және әскери жылдарын жақсы есіне алады.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?

А) ретроградты амнезия

Б) антероградты амнезия

В) амнестикалық синдром

Г) үдемелі амнезия

Д) конградты амнезия

 

104. 19 жастағы бозбала шизофрения ұстамасынан кейін өзінің «ауруы» жөнінде көп талқылайды. «Өзіңізді аурумын деп есептейсіз бе?», деген сұраққа ол «ауруды қалай түсінуіңе байланысты, дейді, егер ауруды тіршілік ету түрінде санайтын болсақ, онда тіршілік ету - өмір сүру, ауру –сол өмір. Өмір сүру ащылығы қайғымен тікелей байланысты. Қайғы қанша көп болса, өмір ащылығы сонша көп болады. Егер менде ешқандай қайғы болмаса, онда мен ауырмаймын және өмір сүрмеймін. Онда менің өмірім физиологиялық бөліністер деңгейінде формальды, бұзылмаған»

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?

А) үзілуі

Б) байланыссыздық

В) резонерлік

Г) персеверация

Д) сандырақ ойлар

 

105. 30 жастағы әйел, мінез-құлқы күдікті. Қарау кезінде өте сақ, еріндерін жиырып алған, қабағының астынан қарайды, жұмысындағы қиын жағдайларды көп айтады, өзінің әріптестері жамандық ойластырады дейді. Жамандықпен байланысты ойларға көп көңіл бөледі. Сөзінің соңында бөлім меңгерушісімен сөзге келіп қалғаны айқындалды. Өзінің кабинетіне кірген сәтте онда бейтаныс адамның столдың үстін ақтарып жатқандығын көрген. Ол адамды бөлім меңгерушісі құжаттарды ұрлап алуға жіберген деп ойлайды.

Төменде көрсетілген психопатия формасының қайсысына ТӘН?

А) паранойяльді

Б) шизоидты

В) қозғыштық

Г) истериялық

Д) эпилептоидты

 

106. 30 жастағы науқас әйел, белсенді және көп сөзбен күйеуінің үнемі «жүйкесін тоздырып, бұлай өмір сүру мүмкін емес» екендігін әңгімелейді. Кезекті жанжалдан кейін білек аймағына бірнеше тілім салып, айқайлап, жылап, көршілеріне жедел жәрдем шақыруларын өтініп жүгіріп барған. Өз күйзелістерін әңгімелеу кезінде дәрігердің реакциясын бақылап отырады, дауысы бірде көтеріңкі, бірде төмендетеді, қолдарын бейнелі майыстырады.

Төменде аталған психопатия формаларының қайсысы болуы мүмкін?

А) паранойяльді

Б) шизоидты

В) истериялық

Г) қозғыштық

Д) психастениялық

 

107. 40 жастағы ер адам кезекті алкогольді салынып ішуден кейін ұйықтауды қойған. Тынымсыз, үрей мен қорқыныш билеген. Науқаспен қарым-қатынас формальды. Өзінің аты-жөнін дұрыс айтады, бірақ уақыт пен орналасқан жерін дұрыс айта алмайды. Жиі төсектен атып тұрып, еденнен бір нәрсе іздеп, төсектің астынан, шкафтың астынан тышқан ұстап алуға тырысады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

А) галлюциноз

Б) параноидты синдром

В) делирий

Г) қарауытқан бұзылыстар

Д) аменция

 

108. 40 жастағы ер адам арақты салынып ішкендіктен ұйқысы бұзылған. Тынымсыз, үрей билеген. Науқаспен қарым-қатынас толық емес, өзінің аты-жөнін дұрыс айтады, бірақ уақыт пен орналасқан жерін дұрыс айта алмайды. Жиі төсектен атып тұрып, еденнен бір нәрсе іздеп, төсектің астынан, шкафтың астынан тышқан ұстап алғысы келіп, қорқыныш сезінеді.

Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған ДҰРЫС?








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1422;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.