В) сананың қарауытқан бұзылысы

Г) сананың делириозды бұзылысы

Д) кататониялық бұзылыс

 

127. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, жеңіл алкогольді мастану жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейшіл күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін шайтан, робот деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді болды. Кенет ас бөлмесіне шықты, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, сен шайтансың деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, милицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) алкогольді делирий

Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі

В) кататониялық қозу

Г) алкогольді мастану

Д) сананың онейроиды күңгірттенуі

 

128. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, өз есімін, жасын атай алмайды, жұмысымда отырмын дейді. Өзінің үлкен жопарлары жөнінде айтады, сол уақытта қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолдарына киеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) кататониялық ступор

Б) истериялық ступор

В) реактивті ступор

Г) пуэрилизм

Д) псевдодеменция

 

129. 35 жасар әйел, бухгалтер, ірі көлемдегі банк ақшасының ұрлануына қатысы бар. Өзге қалаға қашып кеткен, сонда ұсталды. Тергеу кезінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтады, өзін буындыратын «кірпіктерімен үлкен көз» көреді, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) шизоаффективті бұзылыс

Б) аффективті психоз

В) сананың делириозды бұзылысы

Г) реактивті психоз

Д) реактивті параноид

 

130. 29 жасар әйел көңілдесінің бұрын кездеспеген, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзінің тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) симуляция

Б) реактивті психоз

В) шизофрения

Г) истериялық психоз

Д) агравация

 

131. 30 жасар ер адам, әйелімен бірге қызының туылған күнін атап отырды, алкоголь қабылдап отырды. Отырыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтты. Нәтижесінде ұрыс-керіс басталды, кеудесінен ұстап алып бірнеше рет жұдырықпен ұрды, әйелі құлап, басын соғып, санасын жоғалтты. Тоқтамастан бүкіл денесін аяқ-қолымен ұруды жалғастыра берді. Бұл әрекеті үйге кірген үй иесімен тоқтатылды. Науқас қарсылық көрсетпестен құлап түсті. Өзіне келген соң болған жайтты есіне түсіре алмады. Тағылған кінәға қатты таң қалды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) физиологиялық аффект

Б) алкогольді мастану








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1393;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.