Уестік бұзылысы
Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюімен немесе әлсіреуімен, сапалық бұзылысы - бұрмаланумен көрініс береді.
Барлық әуестіктер мен тілектердің күшеюі, тежеусізденуі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайларға тән: науқас мешкей, сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірдей бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты соңына дейін аяқтамайды, тез тастап кетеді, кеңпейілді болады; таңдаусыз жыныстық байланысқа түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия (полифагия) – семіздікке алып келетін тәбеттің патологиялық күшеюі; полидипсия – басылмайтын шөл; гиперсексуальдылық - жыныстық инстинкттің күшеюі бақыланады.
Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы (абулия) депрессивті жағдаймен жүреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады (анорексия), сексуальды сезім басылады. Тіпті күшті өзін-өзі сақтандыру инстикті тежеледі, нәтижесінде суицидальды қауіптілік жоғарылайды. Абулия шизофрениялық дефектке тән немқұрайдылық (апато-абулиялық жағдай) жағдайында көрініс береді.
Тамақтан бас тарту (анорексия) - психикалық аурулар кезіндегі жиі құбылыс. Тамақтан бас тарту себептері галлюциянациялар (тиым салушы, немесе науқас тағамнан жағымсыз иіс сезеді), уландыру, өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өзін күнахар, тамақ жеуге құқым жоқ деп санайды), ипохондриялық (науқас тамақ сіңбей, қуысқа түсіп жатқанына сенімді) сандырақ идеялары, негативизм және ступорлық қозғалыссыздық болуы мүмкін. Жүйкелік анорексия атауы мәлім, толып кету алдындағы қорқынышқа байланысты арықтауға ұмтылу. Осы жағдайлардың барлығында тамақтану рефлексі мен өзін-өзі сақтау инстинкті әлсіреген. Осылайша, анорексия біріншілік, яғни тамаққа әуестік бұзылысымен байланысты, және екіншілік, психикалық қызметтің басқа сферасының патологиясы әсерінен болады. Тамақтан бас тартқан науқастарды шұғыл психиатриялық ауруханаға жеткізіп, емдеу қажет, өйткені бұл жағдайлар өмірге қауіп төндіреді.
Суицидальды тенденциялар (өзіне қол жұмсау тақырыбындағы ойлар, сөздер, әрекеттер) галлюцинациялармен (дауыстардың өзіне-өзі қол жұмсауға бұйрық беруі), соңына түсу сандырағымен (науқас соңына түсушілерден қорғана мерт болады), өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өмір сүруге құқым жоқ), қызғаныш (сүйген адамын, артынан өзіне өлтіреді), ипохондриялық сандырақпен (қауіпті, дауасы жоқ аурудан құтылу үшін), айнала фрагментарлы және біржақты болуымен көрінетін сана күңгірттенуімен байланысты болуы мүмкін. Кең өрісті өзіне қол жұмсау жағдайлары мәлім, бұл кезде науқас өзін өлтіру алдында жақын туыстарын өлтіреді, науқас оларды алдағы қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан құтқарып жатқандай сезімде болады. Суицидальды тенденцияның күшеюі науқасты ауруханаға шұғыл жатқызуға көрсеткіш болып табылады. Ауруханаға жатқанға дейін науқас қатаң қадағалауды қажет етеді.
Әуестік бұрмалануы (парабулия) жарамайтын заттарды – нәжіс (капрофагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге, перверсияларда жыныстық қанағат сезімін алуға (гомосексуализм, садизм, мазохизм және т.б.) құштарлықпен көрінеді. Бұндай бұзылыстар тұлғаның ауыр патологияларында, психопатияларда, психопатия тәрізді жағдайларда, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.
Импульсивті құбылыс- жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс, ол алдын-ала ой сүзгісінен өткізілмейді және мотивтер күресінсіз іске асырылады. Импульсивті әуестіктерге клептоманияны - өз пайдасына қатыссыз ұрлыққа құштарлықты жатқызуға болады. Импульсивті әрекет аяқталған соң ұрланған зат иесіне қайтарылып беріледі, немесе лақтырылып тастайды. Пиромания - ешқандайзұлым ойсыз өрт шығаруға құштарлық. Дромомания - қаңғыруға құштарлық. Дипсомания – салынып ішуге алып келетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болатын күшті құштарлық. әуестік қалай кенет басталса, солай аяқталады. Салынып ішулер араларындағы интервалдарда ішімдікке әуестік болмайды, ауру салауатты өмір салтын ұстанады. Импульсивті әрекеттер мотивсіз суицидальды әрекеттер, айналасындағыларға кенеттен шабуылдармен және басқа мәнсіз әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін.
Амбиваленттілік – қарама - қарсы сезімдердің, тілектердің, әуестіктердің бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып табылады, ол шизофренияға тән. Қалыпта адам өзінің заттар мен құбылыстарға қатынасын сезімдер мен мотивтер күресі арқылы анықтайды. Патологиялық жағдайда көп ішінен негізгісін таңдау қабілеті бұзылады, науқас қандай-да бір шешімге келе алмайды, бұл жүріс-тұрыстан көрініс береді (амбитенденттілік).
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3044;