Ойлау бұзылысы
Ойлау - адам санасында объективті шынайылық бейнеленуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.
Ойлау әлемді сезімдік тану және адамдардың тәжірибелік қызметімен тығыз байланысты. Қабылдау актында заттың жеке қасиеті мен бүтін затты, құбылыстарды бейнелейтін сезімдік түсінуден ойлау үрдісінің айырмашылығы, ол табиғат заңдылықтарына сәйкес түрде заттар мен құбылыстар арасындағы ішкі байланысты бейнелейді. Ойлау үрдісінде адам заттың мәнін түсінеді, тікелей қабылдаудан тыс орналасқан сыртқы ортаның өзге тарапын ашады. Адам ой арқылы қоршаған ортаға белсенді әсер етеді. Адамдар тәжірибелік қызмет нәтижесінде жаңа білім қорын игереді, жаңа түсініктер, ескі түсініктерді өзгертеді. Осылайша танымдық ортақ үрдіс жалпы заңдылыққа бағынады: сезімдік таным арқылы адам рационалды ойлауғ көшеді, ал одан тәжірибеге және шындыққа қол жеткізеді.
Ойлау негізі - түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.
Көркемдік-әрекетікт, нақты-бейнелі, абстрактылы-логикалық ойлау ажыратылады. Адамның -өніп-өсуі және оның психикалық үрдістерінің дамуына байланысты сөз формасында емес, басым сыртқы әрекеттермен іске асатын көркемдік-әрекеттік /қимылдық/ ойлау нақты-бейнелік ойлауға орын береді. Абстрактылы - логикалық немесе түсініктік ойлау ересек адамға тән. Ол білім мен дағдылардың толық дамуын, сонымен қатар сөйлеу қабілетін игеруді білдіреді. Ойлаудың бұл түрі өте тиімді және терең болып саналады. Оның сферасына түсінік, пікір, символика, ой түйіндеу кіреді.
Ойлау сау адамдарда ойлар арасында байланыс түзілуімен жүреді. Қалыпты жағдайда да бір ассоциация шекараластығы, ұқсастығы, контрастылығына байланысты екінші бір ассоциацияны туындатады. Шекараластық бойынша ассоциация: нақты затпен (ситуациямен) кездескенде адам осы бір затпен немесе жағдаймен орын және уақыты бойынша байланысты басқа заттар немесе жағдайлар жөнінде ойға кетеді. Одан да күрделі ұқсастық бойынша ассоциация сөздік ойлау негізі болып табылады. Бұл кезде әр түрлі құбылыстарға тән ортақ белгілерді табу, олардың арасындағы ұқсастықтарды анықтау, осы белгілер бойынша қабылданған және сақталған мәліметтерді біріктіру болып табылады. Контрасты бойынша ассоциация: ақ – қара, жақсы – жаман, ақылды – ақылсыз, т.б.
Ассоциативті үрдіс ассоциациялардың ретпен пайда болуымен, мақсаттылығы және белгілі бір жылдамдықта жүруімен сипатталады.
Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3497;