Еске түсірудің сапалық бұзылыстары

 

Еске түсірудің сапалық бұзылуы (дисмнезия, парамнезия) - естеліктер мазмұнының өзгерісі болып табылады. Бұл құбылысты феноменологиялық зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляцияны бөлеміз.

Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды. Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу. Психиатриялық ауруханада айлап жатқан ес бұзылысымен науқасқа «бүгінгі күнді қалай өткіздің?» деген сұраққа олар үйде болғанын «қандай жұмыспен айналысқанын есіне түсіріп, толық айтып береді». Бұл жерде науқастың күн сайынғы шаруасы жөнінде сөз болып тұр, мұның барлығы ауруханаға түспестен бұрын болған оқиғалар.

Конфабуляция кейде ес галлюцинациясы деп те аталады. Конфабуляция кезінде жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мағынасында болмаған оқиғалармен толықтырады. Инсульттан кейінгі науқас өзінің өткен аптада таудан космосқа ұшқанын, яғни космоста аяқ киімін ұмытқанын есіне түсіреді. Конфабуляциялар өз фабуласы бойынша шындыққа жанасуы мүмкін немесе айқын фантастикалық сипатта болуы мүмкін.

Қазіргі кезде ес бұзылысының сапалық түрлерінің барлығын конфабуляция деп атауға тенденция бар, өйткені тәжірибеде ес иллюзиясы мен галлюцинациясын ажырату өте қиын. Кәрі адамдар кейде түс көрулерін шынайы өмірмен шатастырады. Осыған ұқсас жағдай Ф.М. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» пьесасында суреттелген.

Конфабуляция психиканың потологиялық өнімінің нәтижесі болып табылады. Ол гипомнезия фонында мидың органикалық ауруларында кездеседі (орталық жүйкесінің жүйесінің қантамырлық зақымдалулары, жарақаттық, интоксикациялық, инфекциялық ауруларында). Фиксациялық, антеро-ретроградты амнезиялар бірігіп Корсаков синдромының триадасын құрайды. Конфабуляциялар мнестикалық функция жеткіліксіздігімен бірге жүретін психоздық жағдайларда да бақыланады. Шизофрениямен науқастар кей жағдайда қиялдан шыққан жайттар жөнінде әңгімелейді (әдетте фантастикалық сипатта).

Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия құбылысы дамиды. Экмнезия - науқастың өткен өмірі. Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта болып жатқандай уайымдайды. Өзінің, туыстарының және таныстарының жас мөлшерін, айналада және өзімен болып жатқан оқиғаларды осы кезеңге сәйкестендіреді. Қарттық ақыл кемдігімен науқастар өздерін 40, 30, 18 жастамыз, кішкене баламыз бар, семья құрамыз және қайтыс болған жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп айтады.

Экмнезия құбылысы кәрілік психозда, истерияда, шизофренияның соңғы сатыларында бақыланады. Экмнезия - күрделі психопатологиялық түзіліс. Бұл кезде соңғы жылдарда және ағымдағы болып жатқан оқиғалардың есте сақталмауымен қатар, бұрын болған оқиғаны осы шаққа ауыстырып айтумен гипермнезия, уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы және уақыт аралығында өзін адастыру, ой түйіндеу бұзылысымен жүреді.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстарына криптомнезия - яғни жасырын еске түсіру жатады. өткен шақта науқаспен қабылданған бөтен идеялар, бөтен шығармашылық, уақыт өте науқас ойында өзінің жаңа, біртума идеясы түрінде танылады.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1984;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.