Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика

Шығу тегі ерекшеліктеріне байланысты барлық психопатологиялық симптоматика позитивті және негативті болып бөлінеді. Позитивті симптоматика (продуктивті, плюс – симптоматика) психиканың патологиялық өніміне байланысты дамиды. Мұнда галлюцинация, сандырақ, жабысқақтықтар, аса бағалы идеялар және басқа да патологиялық түзілістер жатады. Негативті симптоматикаға (дефицитарлық, минус симптоматика) психикалық қызметтің қандай да бір звеносының дұрыс дамымауы, жоғалуы, нәтижесіндегі психикалық функцияның тұрақты түсіп қалу белгісі жатады. Психикалық дефекттің көріністеріне естің жоғалуы, ақылкемдігі, ақылаздығы, тұлғалық төмендеу жатады. Позитивті симптоматика негативті симптоматикаға қарағанда динамикалы болып келеді; ол өзгермелі, күрделенуге қабілетті және жиі қайтымды. Дефицитарлы құбылыстар тұрақты, терапиялық әсерлерге үлкен тұрақтылықпен ерекшеленеді.

Тәжірибеде психопатология феномендерін продуктивті және негативті деп бөлу жиі қиындық тудырады. Осы уақытқа дейін астениялық құбылысты қай топқа жатқызуға болатыны жөнінде ақырғы пікір айтылған жоқ. Астениялық симптоматика бір жағдайда динамикалы, қысқа мерзімдік, екінші бір жағдайда қайтымсыз болуы мүмкін. Астения бұл зейін жеткіліксіздігімен, ес әлсіреуімен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, шығармашылдық өнімділіктің төмендеуімен жүреді. Мұның барлығы психикалық қызмет үшін жоғалту болып саналады. Сонымен қатар астенияда эксплозивті реакциялар, көңіл-күй бұзылыстары, ипохондриялық күйзелістер байқалады. Астения негізінде психиканың кез-келген патологиялық өнімі туады. Ауыр, продуктивті психопатологиялық симптоматикаға бай зорығу психоздары да кездеседі (мысалы, пеллагра кезіндегі психоз және т.б.).

Біздің ғасырымыздың бірінші жартысында невролог Дж. Джексон продуктивті және дефицитарлы симптоматика концепциясын ұсынғаннан бері психикалық сферада «дефицит» ұғымын дәлелдейтін көптеген факттар жиналды. Дефицит тек қайтымсыз дефект болуы міндетті емес; ол психикалық функцияның кідірістері, уақытша сөнуі болуы мүмкін екендігі айқындала түсті.

Дәрілік емнің көмегімен көптеген жылдар бойы колония мен психиатриялық ауруханаларда жатқан шизофрения, соңғы сатысы диагнозымен көптеген науқастардың жағдайын жақсартып қоймай, жанұясына қайта оралтуға да мүмкіндік туды. Алайда шизофрениялық дефекттің кейбір формалары белгілі бір дәрежеде қайтымды болып табылады, бұл жағдайдағы патологиялық үрдіс динамикасы күрт баяулағанымен, аяқталған деп есептеуге болмайды.

Позитивті және негативті симптоматика бірлескенде олардың өзара қатынасы жөніндегі мәселе қиындық тудырады және дұрыс өңделмеген. Ауру жағдайында позитивті және негативті белгілер бір – бірімен байланысқан бірлікте болса, түрлі жағдайларда, жастық кезеңдерде, әртүрлі ауруларда әрқалай көрінеді. Қолайсыз ішкі және сыртқы себептердің, ауыр аурудың әсерінен сәбилерде белгілі бір психикалық функция дамуының кідірістеуі мүмкін. Осының салдарынан жетіспеушілікті компенсациялауға биологиялық тенденцияның болуына байланысты өзге психикалық функциялар қарқынды дами бастайды да, психикалық қызметтің біркелкі емес дамуы, жалпы асинхрония тудырады.

Позитивті және негативті белгілерді бөлу клиникалық шындыққа сәйкес келеді. Бір – бірімен бірлікте болғандықтан оларды бөлу бір – біріне қарсы қою деген дегенді білдірмейді.

Дж.Джексон айтуынша ауру тек негативті белгілер тудырады, ал позитивті белгілер ауру зақымдамаған жүйке жасушасының активтілігі нәтижесінде дамиды деген. Неврологиялық тәжірибеде патология мида ошақты, кейде кең көлемді болса негативті белгілер басым болады.

Психикалық ауруларда церебральды деструкция жай көзбен көрінбейді және бұл кезде функциональды бұзылыс жөнінде айтамыз. Сондықтан компенсаторлы мүмкіндіктер сақталып, ол продуктивті белгілердің көп түрлілігімен көрініс табады. Мидың зақымдалуы неғұрлым айқын болса, соғұрлым психикалық реакция әлсіз және дефицит белгілері анығырақ көрінеді, бұл органикалық деменцияда максимальды бейнеленген.

Психиатрияда симптомдардың өзара әрекеті мәселесі жеткілікті өнделмеген және одан әрі оқып – зерттеуді талап етеді. Симптомдардың бірлестігі және арақатынасы туралы мәселе «синдромдарды» сипаттайтын тарауда толығымен қаралады. Аурудың психикалық жағдайын зерттеу барысында мынаны ескеру керек: әртүрлі симптомдарды жасанды жолмен бөліп-жарамыз, бірақ олар жеке дара, басқа белгілерге байланыссыз көрініс бермейді, оларды жақсы танып білу үшін жеке-жеке сипаттаймыз. Психикалық үрдістің құрылымына сәйкес қабылдау, ес, ойлау, эмоциональды сфера және қимыл-еріктік бұзылыстарын ажыратамыз.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3094;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.