Озғалыстық және еріктік бұзылыстар
Ерік - бұл саналы, мақсатты психикалық белсенділік. Шетел психологтары және философ-идеалисттері ерік бостандығы принципін жариялай отырып, ерік үрдісінің детерминирленбегендігін, оның сыртқы жағдайларға, орта әсеріне тәуелсіздігін көрсеткісі келді. З.Фрейдтің пікірі бойынша адамның жүріс-тұрысының мазмұнын сыртқы тітіркендірулер емес әуестіктер анықтайды; әуестік барлық адамда бірдей және бірінші кезектегі, қарпайым қажеттіліктерді қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы және басқа да ерік бостандығына сүйенген реакциялық теориялар марксизм-ленинизм классиктерімен құрылды және табиғи ғылым мәліметтерімен теріске шығарылды. Адам әрекеттерінің детерминирленбеген сипаты оларды болжауды мүмкінсіз және жауапсыз етеді.
«Бостандық табиғат заңдарынан қиялдағы тәуелсіздік арқылы емес, осы заңдылықтарды танып-білу нәтижесінде іске асады, және осы білімге сүйеніп табиғат заңын белгілі мақсатқа жетуде қолдану» - деп жазған Ф.Энгельс.
Ерік қызметі ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана акты, оның мазмұны мен бағыты адам өмір сүретін нақты әлеуметтік-тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның сеніміне, көзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді.
Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады:
1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы;
2) қабылданған шешімді орындау.
Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және таңдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуальдық және т.б.) сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін.
Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек - нақты объектке саналы талпыныс. әуестік ситуацияны ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, тарзыға салынып бағаланады.
Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады.
Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау - адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М.Сеченов кез-келген психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимыл арқылы іске асатынын көрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз қозғалыс шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде қолды тартып алу); еріксіз қозғалысқа сонымен қатар эмоциямен байланысты мимикалық қимылдар, және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті қозғалыс негізінде И.П. Павлов анықтағандай шартты рефлекторлық үрдіс жатыр. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үрдістің кез-келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация, қозғалыс және толық жүріс-тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Клиникалық тәжірибеде зейін, әуестік патологясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2780;