Б) аминтриптиллин мен трифтазин
В) пиразидол мен галоперидол
Г) тизерцин мен аминазин
Д) циклодол мен аминазин
98. 19 жастағы бозбала, тон тәрізді шизофрения ұстамасынан кейін, тітіркенгіштік, жанжалшылдық байқалады. Туған-туысқандарына күдікпен қарап, олардың айтқан ескертулерін ауыр қабылдайды. Оғаш киіне бастаған, үйде қонбайтынды шығарған, ата-анасына дөрекі сөйлейді, асоциальды өмір салтын ұстанған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) психопатиялық синдром
Б) истериялық психопатия
В) психопатия тәрізді синдром
Г) қозғыш психопатия
Д) паранойялды психопатия
99. 20 жастағы бозбалада іс-әрекеттерінің, қозғалысының және сөйлеуінің мәнерлілігімен, есерсоқтықпен қозу бақыланады. Науқас бетін тыжырайтып, билейді, ерекше сөздер мен фразаларды айқайлап айтады. Алайда күлкісі, қалжыңы, бос сөйлеуі айналасындағы адамдарға әсер етпейді
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) кататониялық
Б) гебефрениялық
В) пихопатия тәрізді
Г) психопатиялық
Д) маниакальді
100. 58 жастағы ер адам әйелінің өлімінен кейін көңіл-күйі жабырқаулы. Әйелінің бейнесі оның көз алдына келеді. Бірлесіп өмір сүрген кездері жөніндегі ойлар жаулап алған. Науқас әйеліне мұқият қарамағаны үшін өзін кінәлайды. Ұйқысы бұзылған, еңбекке қабілеттілігі төмендеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) реактивті параноид
Б) реактивті депрессия
В) индуцирленген параноид
Г) невротикалық депрессия
Д) истериялық невроз
101. 30 жастағы науқас, бала кезінде бас-ми жарақатын алған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, инженер болып жұмыс жасайды. Соңғы айларда көп жұмыс жасап, дұрыс ұйықтамаған. Тітіркенгіштікке, зорығу күйіне шағым айтады. Интеллектуальды қызмет жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді, назары шашыраңқы. Жарақат алғаннан бері көлікті, ыстықты көтере алмайды. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуы қиындаған
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жарақаттық энцефалопатия
Б) астениялық синдром
В) психопатия тәрізді синдром
Г) жарақаттық астения
Д) психоорганикалық синдром
102. 32 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып жүргеніне», мафия оның «қарсыласының барлық қарулы армиясын қатардан шығару» мақсатында жасаған «ультрадыбысты» құралын оның «миынан» «әлемдік шығармашылығын» ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы «біледі» және олардың өзара «ақылдасып» жатғанын «естиді». Оны «өшіру» үшін «олар маған радио сәулемен әсер етеді» және «менің миымнан информацияларды көшіріп алуға әрекеттенеді. Олардың басыма кіріп, бірнәрселерді іздеп жатқанын сеземін. Мені өз өнер шығармамды беруге мәжбүрлейді» дейді.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) ұлылық сандырағы
В) соңына түсу сандырағы
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1192;