Б) атеросклерозды ақыл-кемістігі

В) алкоголизм

Г) шизофрения

Д) эпилепсия

 

80. 43 жастағы ер адам, ғылыми қызметкер, ешбір себепсіз мінез-құлқы өзгерді: күнделікті көңіл-күйі көтеріңкі, өз балалары мен бөтен адамдардан ұялмай, жыныстық қабілеттілігімен мақтанды, өз жұмысын меңгере алмайтын болды, ештеңемен шұғылданбайды, өзін аурумын деп санамайды

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) псевдодеменция

Б) концентриялық деменция

В) маниакальді жағдай

Г) тотальді деменция

Д) лакунарлы деменция

 

81. 37 жастағы ер адам соңғы 3 айдан бері қозу жағдайында, тежеусізденген, әйелдерге ибасыз комплементтер айтады. Күнде көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, анық сөйлемейді, жөнсіз қалжыңдайды. Қарапайым есепте қателіктер жібереді, бірақ мақал-мәтелдерді тікелей талдайды. Өз жағдайына сыни көзқарас жоқ.

Диагнозды қорытындылау үшін қандай қосымша зарттеуді жүргізу КЕРЕК?

А) электроэнцефалография

Б) Вассерман реакциясы

В) психологиялық зерттеу

Г) реоэнцефалография

Д) қандағы тиреотропты гормонды анықтау

 

82. 19 жастағы шұғыл әскери қызметтегі солдат, әскери кезекшілікте тұрғанда аяқ астынан қаруын жерге лақтырып, киімдерін үстінен шеше бастаған, ол жасалған ескертуге мән берген жоқ. 3 минуттан кейін өз-өзіне келіп, үстіндегі шешілген киіміне таң қалды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) психикалық автоматизм

Б) онейройдты синдром

В) аффективті бұзылыстар

Г) сананың қарауытқан бұзылысы

Д) императивті галлюцинация

 

83. 35 жастағы әйел, шаршаған, тұнжырыңқы көрінеді. Бас ауруына, үрейленуге, беткей ұйқыға шағымданады. Үнемі миында ісік бар деген ой мазалайды. Осы ойға байланысты нашар ұйықтайды. Күндіз бұл ой жұмыс жасауына кедергі болады. Дәрігерден осы жағымсыз ойдан құтқаруына көмек сұрайды.

Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?

А) депрессивті

Б) истериялық

В) астениялық

Г) обсессивті-фобиялық

Д) паранойяльді

 

84. 30 жастағы ер адамда әрбір түн сайын кенеттен ұстамалар болған, ұстама кезінде қатты айқайлаған, кейіннен клоникалық және тоникалық тырысулар болған. Бұл кезеңде қоршаған ортаға реакциясы жоқ. 2-3 минуттан кейін өзіне келді, бірақ болған жайт есінде қалмайды.

Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН?

А) абсанс

Б) үлкен құрысулық ұстама

В) кіші ұстама

Г) моторлы автоматизм

Д) фокальді ұстама

 

85. 35 жастағы әйел, сатушы. Мерез ауруын жұқтырудан қорқынышқа және осы ойдан құтыла алмауына шағымданады. Бала кезінде күмәнданғыш, ұялшақ болған. Ер адамдармен, әсіресе танымайтын адамдармен сөйлесуге, араласуға қорқады. Қазіргі кездегі жағдайының төмендеуін жұмысындағы бейтаныс ер адамның қолынан ұстауымен байланыстырып отыр.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) астениялық психопатия

Б) шизотипті бұзылыс

В) реактивті параноид

Г) психастения

Д) паранойяльді психопатия

 

86. 20 жастағы бозбалада бала кезінен жабысқақ ойларға айқын бейімділік бақыланған.

Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән?








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1503;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.