Психикалық бұзылыстардың клиникалық көріністері.
Инфекциялық аурулар кезінде және одан кейінгі кезеңде бақыланатын психотикалық емес бұзылыстар ішінде жиі кездесетіні астениялық бұзылыс болып табылады. Науқастар өте тез және жеңіл шаршайды, бас ауыруына, әлсіздікке, сылбырлыққа шағымданады. Ұйқысы беткей болып, қорқынышты түс көрулермен бірге жүреді. Көңіл-күйінде тұрақсыздық (көңіл-күйі көбінесе төмен, мұңаюға бейім келеді), тітіркенгіштік, ашушаңдық байқалады. Науқастардың қимылы баяу және сылбыр.
Жедел инфекциялық психоздарға сана бұзылуы, соның ішінде оның күңгірттенуі: делириоздық немесе аментивті синдром, сирек - сананың қарауытқан күңгірттенуі тән. Сана бұзылысы жиі дене температурасы жоғары шегіне жеткенде пайда болады, олардың структурасында айқын есту және көру галлюцинацияларымен бірге жедел сезімдік сандырақ бақыланады. Бұл құбылыстар безгектік кезең өткен соң жойылады.
Инфекциялық психоз дене қызуы қалпына келгеннен кейін де дамуы мүмкін. Ауыр инфекцияның жедел кезеңі өткен соң гиперестезия және эмоциональды әлсіздік көрінісімен терең астенияға ауысатын аментивті синдром байқалуы мүмкін.
Созылыңқы және созылмалы инфекциялық психоздарға мыналар тән: амнестикалық корсаков синдромы (ес бұзылыстарының біртіндеп қалпына келуіне тенденциямен), галлюцинарторлы-параноидты синдром, формальды ашық сана фонындағы кататоно-гебефрендік синдромдар. Соңғы екі синдром сол сәтте шизофрения симптоматикасынан қиын ажыратылады. Бұл кезде шизофренияға тән тұлғалық өзгерістердің (аутизм, тұлғаның эмоциональды кедейленуі және т.б.) немесе инфекциялық психоздарға (эмоциональды лабильділік, ес бұзылысы және т.б.) тән тұлғалық өзгерістердің дифференциальды-диагностикалық мәні жоғары. Мұнда барлық симптомдардың комплекстерін, сонымен қатар диагностика үшін маңызды серологиялық және басқа да лабораториялық мәліметтерді де ескеру қажет.
Ми тіні мен оның қабықтарының тікелей зақымдалуына байланысты пайда болған инфекциялар кезінде (нейротропты инфекциялар: құтыру, эпидемиялық кенелік және жапондық масалық энцефалиті, менингит), жедел кезеңнің келесідей клиникалық көрінісі бақыланады: қатты бас ауыруы жиі, жиі құсу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі және басқа да неврологиялық симптомдар фонында (Керниг симптомы, диплопия, птоз, сөйлеудің бұзылуы, парездер, диэнцефальды синдром белгілері және т.б.) есеңгіреу, сананың онейроидты күңгірттенуі (қиял тәрізді), сандырақтық және галлюцинарторлы бұзылыстармен бірге қимылдық қозу дамиды.
Энцефалит кезінде психоорганикалық синдром симптомдары байқалады. Есте сақтау қабілеті және интеллектуальды өнімділік төмендеп, психикалық үрдістерің, әсіресе интеллектуальды үрдістердің инерттілігі, белсенді зейіннің ауысуының қиындауы және оның тарылуы, аса лабильділік және ұстамсыздықпен эмоциональды–еріктік бұзылыстар байқалады. Психоорганикалық синдром жиі созылмалы регредиентті ағымды болады. Энцефалит кезіндегі психикалық бұзылыстар неврологиялық бұзылыстармен бірге жүреді. Әдетте табанды және күшті бас ауырулары, аяқ-қолдардың орталықтық және перифериялық салдары мен парездері, гиперкинетикалық бұзылыстар, сөйлеудің және бас-ми нервтері қызметінің бұзылысы, эпилептиформды ұстамалар байқалады. Дене қызуы жиі өте жоғары көрсеткіштерге дейін көтеріледі (39-40°С). Вазовегетативті бұзылыстар байқалады (артериалдық қысымның тербелістері, гипергидроз).
Инфекциялық психоздар созылмалы ағыммен жүргенде олардың клиникасындағы психикалық бұзылыстардың әрқилылығымен органикалық синдром типтес тұлғалық өзгерістерге алып келеді.
ЖИТС (жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) кезіндегі психикалық бұзылыстар.ЖИТС-тің клиникалық көрінісінде осы дерттің басқа да көріністерімен қатар диагностика, емдеу және жүргізу тактикасы үшін маңызды болып табылатын психикалық бұзылыстардың ерекше орны бар.
ЖИТС-пен науқастардың преморбидтік тұлғалық ерекшеліктері жиі психопатиялық айрықшалықпен сипатталады, олардың ішінде жиі истериялық тұлға ерекшеліктері байқалады (мәнерлілікпен, мимикасы мен жесттарының театральдылығымен). Әртүрлі сексуальды бұрмаланыстар байқалады. ЖИТС-ті жұқтыру факті жөніндегі ақпаратты әдетте науқастар сәйкес бағаламайды, айқын реактивті психопатологиялық күйлер бақыланбаған.
ЖИТСпен науқастанудың алғашқы кезеңдерінде инфекцияның соматикалық көріністерінің пайда болуымен қатар, зейін жинақтау, есте сақтаудың қиындауы және эмоциональды тұрақсыздық сияқты бұзылыстармен неврастения тәрізді синдром жиі байқалады.
Ал ауру дамуының соңғы сатыларында амнестикалық бұзылыстар айқынырақ бола бастайды. Бұл фиксациялық амнезияны еске түсіреді, өткен өмірінің оқиғаларына қатысты ес сақталған, өзіне сын көзқарас төмендеген, өз мүмкіндіктері мен жеке басын асыра бағалауға тенденциямен аса бағалы идеялар пайда болады. Ойлау байымдылыққа бейімделеді. Эмоциональды ұстамсыздық байқалады.
Клиникалық психопатологиялық көрінісі динамизммен, психикалық жағдайының уақытша жақсаруы кезеңдерімен ерекшеленеді, бірақ аурудың дамуы мен үдеуіне байланысты психикалық бұзылыстар айқын психоорганикалық синдром дәрежесіне дейін жетеді.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 4022;