Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар

Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, өкпе қабынуы, ойық жара аурулары, сирек – пернициозды анемия, алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, операциядан кейінгі психоздар жатады.

Созылмалы соматикалық аурулар кезінде тұлға патологиясы белгілері көрінеді, ал жедел және жеделдеу кезеңдерінде психикалық өзгерістер өзіндік ерекшеліктерімен тұлғалық реакциялармен шектеледі.

Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомлекс астениялық синдром болып табылады. Бұл синдром әлсіздікпен, тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті бұзылыстармен сипатталады. Кейбiр жағдайларда астениялық синдромға фобиялық, ипохондриялық, апатиялық, истериялық және басқа да бұзылыстар қосылады. Кейде алдыңғы қатарға фобиялық синдром шығады. Мұндай науқастарға тән қорқыныш тұрақты, зардапты болып келедi, өз денсаулығы, болашағы үшін, әсіресе хирургиялық операциялар, күрделi құралдық зерттеулер алдында үрей туады. Жиі науқастарда кардио- немесе канцерофобиялық синдром дамиды. Жүрек-өкпе патологиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоздан кейiн эйфория байқалады. Эйфория адекватсыз жоғары көңiл-күймен, критиканың төмендеуiмен, психикалық қызметтің продуктивтiлiгiнiң жоғалуымен байқалады.

Соматогендi психоздар кезіндегі басты синдром сана күңгiрттенуi (көбiне делириозды, аментивтi, сирек қарауытқан күңгірттену жағдайы) болып табылады. Бұл психоздар ешқандай айқын психикалық бұзылыссыз жедел, аяқ астынан дамиды немесе астениялық невроз тәрiздi, аффективтi бұзылыстар фонында (делирий, аменция) дамиды. Жедел психоздар 2-3 күнге созылады, соматикалық аурулардың жайлы ағымында астениялық жағдайға ауысады. Олар сонымен қатар депрессивтi, галлюцинаторлы–параноидты синдромдардың, апатиялық ступордың клиникалық көрiнiстерiмен созылмалы психозға ауысуы мүмкін.

Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар өкпенің ауыр ауруларында, созылмалы ағымындағы және қажуға алып келетін iшкі мүшелердiң қатерлi ісіктері мен басқа да ауруларында кейде галлюцинаторлы синдроммен бірге (жиі тектильдi галлюцинациялар) кездеседi.

Соматогенді психоздардан кейiн психоорганикалық синдром дамуы мүмкiн. Бұл симптомокомплекс көріністері уақыт өте басылады. Психоорганикалық синдромның клиникалық көрiнiсi интеллекттің қарқындылық дәрежесі әртүрлі бұзылыстарымен, өз жағдайына критикалық көзқарастың төмендеуiмен, аффективтi лабильдiлікпен көрiнедi. Бұл жағдайдың айқын дәрежесінде аспонтандылық, өзіне және өзiн қоршаған ортаға немқұрайдылық, едәуір мнестико-интеллектуальды бұзылыстар байқалады.

Жүрек патологиясымен науқастар арасында психоздар жиі миокард инфарктымен науқастарда кездеседi. Бұл психоздардың хабаршы белгілеріне үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективтi бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтерi, вегетативтi және цереброваскулярлы бұзылыстар жатады. Психоз хабаршыларының ішінде эйфория, ұйқы бұзылысы, гипногогиялық галлюцинацияларға суреттеме берілген. Бұндай науқастардың жүріс-тұрысы мен режимiнiң бұзылысы олардың соматикалық жағдайларын нашарлатады және летальды нәтижеге әкеп соқтырады. Жиі психоздар миокард инфарктының бiрiншi аптасында пайда болады.

Миокард инфаркты кезiнде пайда болатын психоздардың негiзгi патогенетикалық факторлары инфаркттың ыдырау өнімдерімен интоксикация, гемодинамика бұзылысы, соның ішінде церебральды гемодинамика бұзылысы, жүрек қызметiнiң бұзылысы нәтижесіндегі гипоксия болып табылады.

Миокард инфаркты кезiндегi психоз синдромдарының жиі кездесетіні сана бұзылысы, жиі делириозды тип бойынша бұзылуы болып табылады: науқастар қорқыныш үрей, сезінедi, орын және уақыт бойынша бағдарлары бұзылған, галлюцинациялар (көру және есту) пайда болады. Науқастар қозған жағдайда, бiр жаққа талпынып тұрады, критикасы жоқ. Бұл психоздың ұзақтығы бiрнеше күннен аспайды.

Әдетте үрей сезімімен депрессия жағдайы бақыланады, науқастар жабырқаулы, өзiнiң емделiп шығуына сенбейдi, интеллектуальды және қозғалыстық тежелу, ипохондриялық күйзелістерге бейімділік, түнгі уақыттағы қорқыныштар, ерте оянулар және үрей байқалады.

Миокард инфаркты кезіндегі үрдіспен тығыз байланысты жедел кезеңнiң психикалық бұзылыстары жоғалғаннан кейiн кардиофобия типi бойынша невротикалық реакциялар, тұрақты астениялық жағдайлар пайда болады, ослырға байланысты миокард инфарктымен науқастардың еңбекке қабілетсіздігі анықталады.

Соматогендi психоз диагностикасында оны шизофрениядан және басқа эндоформды психоздардан (маниакальды-депрессивтi, инвалюционды) ажырату қажет болады. Диагностиканың негiзгi критериялары: соматикалық аурулар мен соматогендi психоздар арасындағы тығыз байланыс, ауру дамуының өзіне тән стереотипi (синдромдардың астениялықтан сана бұзылуына ауысуы), айқын астениялық фон және соматогендi патология кезiндегi психоздан тұлға үшін жайлы шығу болып табылады. Бұл жеке алынған критериялар дефференциальды диагностикада айтарлықтай нақты мәлімет бермейді.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 12074;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.