Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
Эндокриндi аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар гуморальды реттеу бұзылыстарымен байланысты, олар iшкi секреция бездерi функциясының бұзылыстары кезінде пайда болады және клиникалық көрiнiстерінiң полиморфизмiмен ерекшеленеді.
Осы аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың пайда болу механизмi гормональды өзгерiстермен және оған байланысты зат алмасу, қантамырлық және басқа да бұзылыстармен байланысты. Морфологиялық субстракты әртүрлi интенсивтiліктегі және таралу дәрежесімен энцефалопатия болып табылады. Шекаралық психикалық бұзылыстар патогенезiнде психожарақаттаушы факторлар әсерімен тығыз байланыс байқалады.
Эндокриндi аурулар кезіндегі психика бұзылысының ерекшелігі негiзгi аурудың ауырлық дәрежесі мен даму сатысына байланысты. Осылайша психикалық бұзылыстар мен эндокриндi бездер функциясының арасындағы байланыс заңдылығы түсіндіріледі, мұның диагностикалық мәні зор.
Эндокриндi аурудың бастапқы кезеңiнде (Блейлер бойынша «эндокриндiк психосиндром») психопатия тәрiздi синдром бақыланады, бұл жағдайға психикалық белсенділіктің әртүрлi дәрежедегi төмендеуi (аса шаршағыштықпен және пассивтілікпен астения жағдайынан апатико-абулиялық синдромға дейін) тән.
Инстинкттер мен (жыныстық, тағамдық және т.б.) әуестіктердің күшеюі немесе төмендеуi, тұрақсыз көңiл-күй байқалады.
Аурудың әрi қарай дамуы және ауырлық дәрежесінің үдеуінде психопатия тәрiздi синдром психоорганикалыққа ауысады, бұл кезде түсіну мен критиканың дөрекі бұзылыстарымен, эмоциональды сылбырлықпен және топастықпен жүретін мнестико-интеллектуальды бұзылыстар бақыланады.
Бүкiл эндокриндi ауруларға басқа синдромның алмасуы мен дамуына негіз болып табылатын астениялық синдром тән. Осы фонда ауру дамуының кез-келген кезеңiнде жедел психоздар дамуы мүмкiн, олар әдетте науқас жағдайы ауырлағанда және эндокринді бездер функциясының үдемелі декомпенсациясы кезінде дамиды. Кейде олар ешқандай себепсiз пайда болады. Бұл психоздар сана күңгірттенуі синдромдарымен көрiнедi (аменция, делирий). Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар, және де шизофрения тәрiздi симптоматикалар басымдылығымен психоздар байқалуы мүмкiн. Аталған психоздардың ағымы созылыңқы болуы мүмкiн. Уақыт өте психотикалық жағдайлар қайталануы мүмкiн.
Эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар бүкiл психопатологиялық синдромдармен көрiніс беруі мүмкiн.
Жиі эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар органикалық үрдіс көрінісін алады, бiрақ дамуының кейбір сатыларында шизофренияға ұқсас болып келеді (клиникасы мен созылыңқы ағымы бойынша да «шизофрения тәрізді» болып келеді).
Бұл жағдайларда эндокриндi аурулармен науқастардағы эмоциональдылықтың сақталуы ажырату белгісі болып табылады.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2678;