Емі және сараптамасы. Қантамырлық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстарды емдегенде ең алдымен негізгі патологиялық қантамырлық
Қантамырлық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстарды емдегенде ең алдымен негізгі патологиялық қантамырлық үрдіске әсер ету қажет. Қантамырлар спазмы мен ми гипоксиясын жойғаннан кейін бас миының қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға және қалыптастыруға бағытталған терапиялық әсерлер кешенін жүргізу ұсынылады.
Нейротропты спазматикалық әсерді вегетативтi реттеудің әртүрлі звеносына әсер ететін заттар көрсетеді. Бұл препарат тобына холинолитикалық (атропин, белладона, метамизил және т.б.), антиадренолитикалық препараттар (пироксан, анаприлин және т.б.), ганглиоблокаторлар (пентамин, диколин, изоприн және т.б.) жатады. Спазмолитикалық әсерi бар препараттарға – транквилизаторлар (седуксен, грандаксин, элениум және т.б.), ұйықтататын препараттар (эуноктин және т.б.), нейролептиктер (френолон, галоперидол және т.б.) жатады.
Милық және коронарлы артериялардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартатын препараттарға танымал спазмолитикалық және коронарлы қантамырларды кеңейтетiн препараттар ы (но-шпа, компламин, дибазол, курантил, стугерон және т.б.) жатады. Гиполипемиялық препараттарды (мисклерон, никотин қышкылы және т.б.) қолданған дұрыс. Витаминдер кешенін (Е, РР, А, В, В6, В12, В15) және олардың комбинацияларын (ундевит, пангексавит және т.б.) кеңінен қолдану қажет. Гармональдық препараттар және аноболикалық стероидтар қолданылады (нерабол, ретаболил). Гипоксияға қарсы күреске бағытта поли - және реополиглюкин, кокарбоксилаза, АТФ және т.б. препараттар қолданады.
Қанмен қамтамасыз етілуді және оксигенацияны жақсартатын препараттарды қолданудың да мәні бар (гипербариялық оксигенация).
Сандырақ кезiнде доминирлеуші психопатологиялық синдромдарға байланысты нейролептиктер, депресия кезінде – трансквилизаторлармен (седуксен, реланиум және т.б.) бірге антидепрессанттар қолданылады.
Дәрiлік терапия жүргізгенде, әсiресе нейролептиктермен, науқастың жалпы жағдайын, қантамырлық жүйесінің күйін ескеру қажет, аталған препараттардың дозасын ұқыпты таңдап, минимальды мөлшерлерден бастап, өзге психоздарды емдеу кезіндегідей орташа терапиялық дозаға дейін жеткізбеген абзал.
Психотерапиялық емдеу әдісі (әсіресе рациональды психотерапия) және еңбек терапиясы ерекше зейінді қажет етеді.
Қантамырлық аурулардың бастапқы сатысының психикалық бұзылыстары ғана бақыланғанда науқастар еңбекке қабiлетiн жоғалтпайды, өз мамандығы бойынша жеңілдеу жағдайда жұмысын жалғастыра алады, мұндай жағдайда оларға 3 топ мүгедектiктiгі тағайындалады.
Айқын ақыл кемдігі және қантамырлық психоздар орын алғанда еңбекке қабiлеттiлiк толық және тұрақты жоғалады.
Сот-психотерапиялық сараптама өткізгенде науқастардың қабiлеттiлiгiн бағалау келесідей: науқастар психоз және деменция жағдайында қабiлетсiз, психотикалық емес және айқын деменция белгілері болмаған жағдайда қабілеттілік күйі индивидуальды ретте шешіледі.
Тарау.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1741;