МИ IСIКТЕРI КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Жоғарыда сипатталған мидың органикалық зақымдануларынан кейінгі кезекте кең таралғаны ми iсіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар, Гентингтон хореясы және Паркинсон ауруы болып табылады.

Ми iсiктерi кезіндегі психикалық бұзылыстар көптеген факторларға тәуелді: iсiк сипаты, оның өсу жылдамдығына және орналасуына, жастық және конституциональды – генетикалық бейімділікке.

Ми iсiктерi кезіндегі психопатологиялық синдромдардың сырттай айқындылығы, олардың өткірлігі кейде ми ісігімен науқастардың психиатриялық ауруханаларға әртүрлi психоздар диагнозымен түсулеріне әкелiп соқтырады.

Ми ісiктері кезіндегi психикалық бұзылыстар жиі сана өзгерісімен сипатталады, ол обнибуляциядан есеңгіреу мен сопор жағдайына дейін болады. Осыған байланысты зейін белсенділігі, зейінді жинақтау және есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қарқыны баяулайды. Науқастар инициативасыз, болбыр әлсiз, астенизацияланған, апатиялы, болып жатқан жағдайларға немқұрайлы. Күшті бас ауырулары болуы мүмкін. Осы психикалық бұзылыстар бірқатар неврологиялық синдромдармен бірге жүреді: агнозиялық, апраксиялық, эпилептиформды және т.б.

Ми iсiктерi кезінде клиникалық психопатологиялық көрiнiстер жиі кездеседі, және олардың кейбiрi ісік ауруларына аса тән және диагностикалық маңызы бар, себебі олар ісіктік үрдіс диагнозын қою және топикасын анықтау үшін қосымша симптомдар болып табылады. Иіс, дәм сезу, көру және есту галлюцинациялары iсiктiң самай бөлiгiнде орналасуында байқалады; амнестикалық бұзылыстармен апатико-абулиялық синдром маңдай бөлiгiне тараған iсiктерге тән және т.с.с.

Ми iсiктерi кезінде психоздар сирек кездеседi, жиі олар эпизодты, қысқа уақытты және делириозды, аментивті немесе қарауытқан түрде сана күңгірттенуімен жүреді, кейде галлюцинаторлы-параноидты синдром дамиды. Жиі ағымы үдемелі амнестикалық және эпилептиформды синдромдар да бақыланады.

Ми iсiктерi кезіндегi психопатологиялық бұзылыстар патологиялық үрдіске (ісіктік) жауап ретіндегі жалпы милық реакция болып табылады және мидағы ісіктік үрдіске арнайы болып табылмайтын сана бұзылуларымен және басқа да синдромдармен көрінеді.

Ісiктерді ерте даму сатысында диагностикалау қиын және операцияға көрсеткіші жоғары. Психикалық бұзылыс ерте дамыған ми iсiгiмен сырқат науқастардың тең жартысы дерлік психиатриялық ауруханаларға түседі. Жиі ми iсiктерiнiң орнына ми қантамыр аурулары, сирек – мидың атрофиялық үрдістері диагнозы қойылады. Әсiресе кәрiлiк кезеңде диагноз қою қиын, себебі бұл жаста жалпымилық бұзылыстар және бас сүйек ішілік қысым жоғарылауы синдромдары айқын көрінбейді. Осындай жағдайларда симптоматиканың өсу қарқыны, соның ішінде неврологиялық бұзылыстармен бірге жүретін психотикалық симптомдардың өсу қарқыны ерекше маңызға ие болады, көз түбін зерттеу (іркіліс, көру алаңы өзгерген) және лабораториялық мәліметтері (жұлын сұйықтығын зерттеу, электроэнцефалография, бас сүйегiнiң ренгенографиясы, ангиография, пневмоэнцефалография, компьютерлiк томография) маңызды орын алады.

Ми iсiктерiнiң емi хирургиялық жолмен жүргізіледі. Симптоматикалық терапиясына дегидратациялық ем жатады. Бас миының басқа органикалық аурулары кезіндегі психоздардың емі тәрізді психикалық бұзылыстар транквилизаторлар және нейролептиктердің төмен дозасымен басылады.

Ми ісiктері кезіндегі психикалық бұзылыстардың болжамы iсiк үрдісінің болжамына толықтай тәуелді. Ми iсiгi алынуға келмейтін жағдайда болжам нашар.

Еңбектік сараптама жүргізгенде психикалық бұзылыстары айқын көрінетін науқастар еңбекке қабілеттілігі толық жойылған деп танылады. Осы жағдайларда ми iсiгiмен науқастар қабiлетсiз болып табылады. Сот-психиатриялық сараптама шешімі психикалық және неврологиялық бұзылыстардың айқындылық дәрежесіне байланысты болып табылады.

V Тармақ








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2358;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.