Психопатиялар кезіндегі еңбектік және соттық-психиатриялық сараптама

 

Психопатиямен зардап шегетін адамдар, ереже бойынша еңбекке қабілетті. Психопатия кезіндегі еңбекке жарамдылық мәселесі декомпенсация кезеңінде көтеріледі. Бірақ бұл бұзылыстар, ереже бойынша, уақытша сипат алады. Тек паранойяльды психопатиялар еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылуына алып келе алады.

Психопатия формасына сәйкес психопатиялық тұлғаларда еңбектің кейбір түрі мен жағдайы олардың әлеуметтік бейімделулеріне көмектессе, ал екінші бір түрлері – бұзады. Ереже бойынша олар қатардағы әскер қызметіне жарамсыз, ал қатардан тыс әскер қызметіне жарамды болып табылады. Соттық-психиатрия сараптамасы кезінде психопатиямен науқастар қабілетті болып танылады және қылмыстық іске жауапкершілікке тартылады. Тек тұлғаның терең психопатиялық өзгерістерінде, яғни күйі психотикалық жағдайға теңестірілгенде қабілетсіз деп танылуы мүмкін.

Тарау

АЛКОГОЛИЗМ

 

Алкоголизм - медициналық тілмен айтқанда созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде қолдану және оларға деген дертті әуестік нәтижесінде дамиды. Алкоголизмнің әлеуметтік анықтамасы –денсаулыққа, тұрмысқа, еңбекке және қоғам сәттілігіне зиянды әсер тигізумен жүретін спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану.

Алкоголизм үдемелі ағыммен және алкогольге патологиялық әуестік, абстенентті синдром, мастану көрінісінің және толеранттылықтың өзгеруі, өзіне тән тұлғалық өзгерістердің дамуы, токсикалық энцофалопатия тәрізді психикалық және соматикалық бұзылыстардың жиынтығымен сипатталады. Аурудың белгілі бip кезеңінен бастап психопатологиялық көріністер невриттермен және iшкі мүшелердің ауруларымен (жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолының ауруларымен) қоса жүреді.

Алкогольді шектен тыс қолдануды суреттеу ежелгі заманнан бар және сақталып қалған ескерткіш жазбалардан көруге болады. Аристотельдің еңбектерінде маскүнемдік – дерт екендігі көрсетілген.

ХІХ ғ. ортасында К.М. Бриль-Крамер алғаш алкоголизм көріністерін жүйелі түрде суреттеген. Сол кезеңде алкоголизмнің әртүрлі формаларын бөліп, ажыратуға талпыныстар жасалған. Сонымен маскүнемдік, «ойномания», «салынып ішу» аурудың біріншілік белгісі деп қарастырылды. Салынып ішумен жүретін қандай-да бір психикалық ауру (шизофрения, эпилепсия және т.б.) фонында пайда болатын ерекше формасы - дипсомания – екіншілік маскүнемдік деп қарастырылды.

Сонымен өткен ғасырдың ортасынан-ақ созылмалы алкоголизм өзіне тән симптомдары бар жеке нозологиялық форма ретінде қарастырылды.

Кешірек алкоголизмнің анық және нақтылы түсінігi пайда болды. Сонымен бipгe көптеген авторлармен алкоголизм көріністерінің әртүрлі ерекшеліктері көрсетілді.

XIX және XX ғғ. арасында алкоголизм алкоголді шектен тыс пайдалану нәтижесінде дамитын психикалық және физикалық бұзылыстардың жиынтығы деп қарастырды. Психикалық бұзылыстарына тітіркенгіштік, тұлғаның этикалық және интеллектуальды деңгейінің төмендеуін, патологиялық қызғанышты, өз жаман әдетін тастауға қабілетсіздікпен көрінетін ерік әлсіздігін жатқызды.

С.С.Корсаков алкоголизмге түciнік бере отырып «алкоголизм» мен «маскүнемдік» түсініктерін ажыратқан. Алкоголизм клиникасын ол динамида қарастырды.

Шетелдік авторлар алкоголизм мәселесінің әлеуметтік-этикалық тарапына көп көңіл бөліп, алкоголизммен науқастарды ішкіліктің нәтижесінде өзіне, жанұясына және жалпы коғамға зиян келтіретін тұлғалар деп санады.

ДДҰ-ның алкоголизмге берген анықтамасына сүйенсек, алкоголизммен зардап шегетіндерге ішімдікке құмарлық нәтижесінде айқын психикалық бұзылыстарға ұшыраған немесе психикалық және соматикалық та бұзылыстар шақырылған, коллективпен қатынасы өзгерген, қоғамдық және материалдық қызығушылықтарына зиян келген тұлғалар сәйкес келеді. Бұл анықтаманың күрделі медициналық талдауы жоқ және алкоголизмге тән клиникалық суреттемені толық ашпайды.

Шетелдік зерттеушілермен салыстырғанда біздің ғалымдар алкоголизмнің биологиялық сипатына көп көңіл бөлген. И.В.Стрельчук былай деп есептеді, бір уақытта мөлшерлеу сезімін, спиртті ішімдікті қабылдауды бақылаудың жоғалуымен алкогольге дертті әуестікті созылмалы алкоголизм деп атауды ұсынды, бұл кезде спиртті ішімдіктерді ұзақ қолдану нәтижесінде әртүрлі интенсивтіліктегі бастапқыда қайтымды (функциональді), бірақ біртіндеп қайтымсыз сипат алатын (органикалық) психикалық және соматикалық бұзылыстар пайда болады.

Көптеген авторлар «созылмалы алкоголизм» терминін қолдану дұрыс емес деп санайды, мұны БҰҰ 1955 ж. алькоголизм проблемасы бойынша Комитетінің сарапшылары да қолдады. Олардың пікірінше «алкоголизм» термині тек созылмалы жағдайды ғана суреттейді. Сондықтан «алкоголизм» терминін «созылмалы» сөзінсіз қолдану дұрыс деп санады.

Алкоголизм – еңбекте тиімділіктің жоғалуына, жанұялық қарым-қатынастың және қоғамдық өмірдің бұзылуына, физикалық және психикалық денсаулық бұзылыстарына алып келетін мөлшерде және жиілікте алкогольді шектен тыс қолдану нәтижесінде дамитын ауру. Алкоголизм тұрмыстық маскүнемдіктен анық көріністерімен және биологиялық негізделген белгілерімен ерекшеленеді. Алкоголизм әрқашан тұрмыстық маскүнемдіктен басталады. Тұрмыстық маскүнемдік, алкогольді әдеттегі шектен тыс қолдану - бұл әрқашан әлеуметтік-этикалық ережені бұзу болып табылады. Сондықтан маскүнемдік профилактикасы административті-құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралардан тұруы керек. Маскүнемдікпен салыстырғанда алкоголизм ауру болып табылады, ол әрқашан медициналық сипаттағы белсенді іс-шараларды, емдік-реабилитациялық шаралар комплексін қажет етеді.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2031;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.