БӨЛІМ. ДИЗАРТРИЯ 4 страница

Жазбаша тапсырмалардың күрделенуіне, жазудың жылдамдығына, каллиграфияға талаптардың ұлғаюына байланысты дизартриясы бар балалардың жазуында қателер көбейеді.

Оқушылардың дизартиясын түзетуге бағытталған екі бағдарлама бар (Н.Н. Волоскова, 2002). Айта кету керек, бұл бағдарламаны іске асыру барысында жазу мен оқудың бұзылуын түзетуде қолданатын дәстүрлі әдстемелерді пайдалануға болады.

Бірінші бағдарлама 4 қимыл жаттығулар кешенінен тұрады: біріншісі – қол мен аяқтың үйлестігін (координациясын) дамыту жаттығулары; екіншісі- қолдың ұсақ моторикасын дамыту; үшіншісі- қимылдардың үйлестігі мен ырғақты сезіну; төртіншісі- артикуляциялық моторикасының ырғақтылығын дамыту.

Екінші бағдарлама үш кезеңнен тұрады: біріншісі – буын мен сөздерді ырғақты жазу; екіншісі- сөз бен сөз тіркестерін ырғақты жазу; үшіншісі- сөйлемді, өлеңді, кіші мәтіндерді ырғақты жазу. Әдістеме Д.Б. Элькониннің (1980) төменгі сынып оқушыларын жазуға үйрету кезінде қолданған ырғақты жазуға негізделген.

Дизартрияның қалдық көріністері бар жоғарғы сынып оқушыларында оқуда қиыншылықтар кездеседі, соған байланысты бірқатар патопсихологиялық комплекстер дамиды. Оларда тұлғаның дамуында ерекшеліктер байқалады. Ондай балалар педагогикалық түзету жұмысымен қоса, арнайы психологиялық көмекке, психотерапияға, басқа да арнайы ықпал етуге мұқтаж болады. Арнайы психикалық ықпал етуге жататындар: эмоциональді- стресстік психотерапия, арттерапия, музыкатерапия.

 

Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

І. Дайындақ кезеңі:

1. Баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, логопедиялық ықпал етудің нәтижесін болжап, жоспарлауға маңызды.

2. Дәрігермен тығыз байланыс жасау: психотерапия, дәрімен емдеу, сылау, ЕФК, т.б. шаралар артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің жұмысын, жүйке импульстарын өткізуін жақсартады.

3. Дайындық және негізгі кезеңдерде баланың есту, кинестетикалық бақылауын қалыптастыру, артикуляциялық аппаратты дайындау (дауыссыз).

ІІ. Негізгі кезең.

1. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту жұмысы жалғасады.

2. Сөйлеу моторикасын дамыту.

3. Көру, есту, кинестетикалық бақылауын жетілдіру.

4. Сөйлеудің просодикалық жағына ерекше көңіл бөлінеді.

5. Дыбыс айтуын түзету. Дыбысты қою кезектілігі, оны машықтандыру спастиканың орнына байланысты.

6. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын түзету.

7. Дыбыс айтуын түзету мен қатар сауат ашу элементтерін менгеру.

 

Гиперкинетикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

1. Гиперкинез неғұрлым аз байқалатын қалыпты табу қажет.

2. ИЛТ (интенсивная локальная гипотермия) әдістемесін қолдану (дәрігердің нұсқауы бойынша).

3.Артикуляциялық аппараттың ырғақты қимылын, тыныс алумен, дауыспен сәйкестендіруін кезекпен қалыптастыру.

4. Дыбысты машықтандыруда неғұрлым артикуляцияның қалпының ауысуы аз болса, солғұрлым жұмыс нәтижелі болады (ша, шо, шу, шы).

5. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыты дыбыс айтудың бұзылу түріне байланысты болады.

Жеке сабақтарда жүргізілетін түзету жұмысының негізгі бағыттары

1. Баланың еріксіз қимылдарын азайтатын қалыпты табу.

2. Бұлшық еттерді босансыту негзінде гиперкинезді тежеп, беттің

бұлшық еттерін қимылсыз күйде, тыныш ұстауға үйрету:

- психотерапевтикалық ықпал ету, бұлшық еттердің қатюын азайтып,

баланы эмоциональдік жағынан тыныштандыру;

- сылау (массаж) көбінесе жеңіл, үстүрт сипау, баяу, ұзақтылығы 5

минуттан көп болмау керек;

- енжар, екі түрлі қимылдар: статикалық және динамикалық.

Статикалық: бала сөйлеген кезде логопед еріксіз қимылдарды (басын бұру, еріннің қимылдарын) тежейді. Динамикалық: жақтың, еріннің, тілдің қимылдарының амплитудасын өзгерту.

3. Дыбыссыз артикуляция кезінде дұрыс дем алуына үйрету. Алдымен

дем алудың күшіне, сосын ырғақтылығына көңіл бөлу керек.

4. Дауысты а, и, у дыбыстарды айту кезінде дем шығару мен дауыс

шығаруды сәйкестендіру.

5. Дыбыстарды қою. Артикуляциялық аппараттың қай бөлігнде

гиперкинез аз байқалса, соған байланысты дыбыс кезектілігі анықталады. Мысалы, ерінде гиперкинез аз байқалса, онда ерндік дыбыстардан бастап қою керек.

6. Дұрыс айту мен интонацияны дамыту.

Түзету жұмыс нәтижесінде дыбыстарды қоюға болады, бірақ дыбыстарды анық, нақты айтқызу бірден мүмкін болмайды, көп уақытты талап етеді. Ондай балаларды сауат ашуға үйретуде олардың психикалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Кейбір балалар белсенді, кейбіреуі енжар, қимыл-қозғалысы қиын болады, соған байланысты әдіс-тәсілдер қолдану қажет.

 

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету

Түзету жұмысын психолог, логопед, педагог және ата-аналар бірігіп жүргізеді. БЦСА балалардың ерте жастан бастап артикуляциясын түзетудің көптеген әдістері бар. Шетелдік бағдарламалардың ішінде көп таралғаны Б.Бобатов (1975-1980) және В. Войт (1979) ұсынған осы балалардың психомоторикасын түзету әдістемесі. Б Бабатовтың әдістемесін ғалымдар «постуральдік рефлекстерді тежеу» деп атаған, ол патологиялық рефлекстерді тежеуге бағытталған. В. Войттың әдістемесі «алға жылжу принципі» деп аталады. Ол әдістеме қимылға қажет позатоникалық реакцияларды, түзелу және айналу рефлекстерін дамытуға бағытталған.

Американдық невропатолог және логопед Н. Westlake және D. Butherford (1961) «БЦСА баланың сөйлеу тілін бұзылуын түзету» әдістемесін ұсынды. Ол екі бөлімнен тұрады:

1. артикуляциялық аппаратты, есту, тыныс алу, дауыс шығару мүшелерін әр жағдайда тексеру;

2. БЦСА баланың психологиялық статусы тексеру (әсіресе 1-ші жылы), диалогтық, еркін сөйлеуін дамыту, фонациясын дамытуда әр түрлі жаттығуларды пайдалану.

Канадалық логопед Marie Crichmay (1997) өзінің әдістемесінде артикуляцияға, тілдің қимылына, олардың денесінің қалпына байланысты бас пен артикуляцияны жеңілдететін қалыпты табуына ерекше көңіл бөледі.

Е. Ф. Архипова (1989) өзінің әдістемесінде сөйлеуге дейінгі кезеңде баланың психомоторлық функциясын белсендіру мен дамытуға негіздейді. Балалардың дауыс функциясын және тактильдік-кинетикалық функциясын белсендіруге әр түрлі ықпалдар қолданады.

Дизартрияның көмескі түрін түзету жолдары

Түзету жұмысы басқа топтарда жүргізілетін жұмыстың жалпы кезеңдерінен құралады: жалпы, ұсақ және артикуляциялық моторикасын дамыту, көру гнозисын, кеңістікті бағдарлау, сөйлеу тілінің просодика жағын, фонематикалық қабылдауын дамыту. Дыбыс айтуы бұзылған баламен дыбысты қою, машықтандыру, ажырату, байланыстырып сөйлеуге енгізу жұмыстарын жүргізу. Жоғары психикалық қызметтері мен процестері бұзылған балалармен сөйлеу тілінде ақаулығың көріністерін жою жұмысы атқарылады.

Солай, дизартрияның көмескі түрі бар баларда жазбаша сөйлеу тілінің қалыптасуына қатысатын функциялары мен процестерінің бұзылуы байқалады. Түзету жұмысында жазу мен оқуының бұзылуын алдын алуға бағытталған сабақтар енгізу керек. Түзету жұмысының кезектілігі қатаң бекітілген.

Сондықтан ұсынылып отырған кезеңдермен жаттығуларды ұстану қажет. Әр кезеңнің ұзақтылығы өзгеріп тұруы мүмкін. Ойткені, дизартрияның көмескі түрі бар балалардың бұзылыстарының күрделігі әр түрлі болады. Сабақты топпен және жеке түрде өткізуге болады. Дизартрияның көмескі түрінің салдарынан жалпы сөйлеу тіл дамымауының II-III деңгейдегі балалар жеке топта оқытылады. Бұл топта жүргізілетін түзету жұмысы жалпы сөйлеу тіл дамымауы тобында қолданылатын әдістер және тәсілдермен толықтырылады. Жұмыс дайындық кезеңнен басталады. Бұл кезеңде сабақтар қимыл - қозғалыс сферасын (жалпы, ұсақ, артикуляциялық мрторикасы) дамыту, дұрыс тыныс алуы дағдыларын жою және машықтандыру, сөйлеу тілінің просодикалық жағын дамыту сабақтары бірлесіп өткізіледі. Сабақта қалыптастырылған дағдылары уйде бекітілген жөн.

 

Түзету жұмысының кезектілігі

I. Қимыл- қозғалыс сферасын дамыту.

1. Жалпы қимыл-қозғалыс сферасы.

2. Ұсақ моторикасын дамыту.

а) қимыл - қозғалыс актісінің кинестетикалық компоненттерімен тактильді сезімдерін дамыту.

б) қимыл - қозғалыс актісінің кинетикалық компонентін дамыту:

-қол басының қимыл-қозғалысы;

-қол саусақтарының қимыл – қозғалысы;

-екі қолмен жасалатын жаттығулар.

3. Қимыл - қозғалыс динамикалық кординациясы (үйлесімі).

4. Қолдың қимыл-қозғалысының реципрокты үйлесімін дамыту.

II. Дұрыс тыныс алу дағдыларын қою және дамыту.

1. Төртфазылық диафрагмальды тыныс алуын дамыту.

2. Мұрын және ауыз арқылы тыныс алуын дамыту.

3. Тыныс алу дағдыларын қимыл – қозғалысымен біріктіру.

4. Тыныс алу дағдыларын қимыл-қозғалыста бекіту.

5. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.

III. Дауыстың жоғарлығы мен күшін және интонациясын дамыту (сөйлеу тілінің просодика жағын).

1. Дауыстың күшін дамыту.

2. Дауыстың диапазонын дамыту.

IV. Мимикалық және артикуляциялық жаттығулар.

1. Мимикалық жаттығулар.

2. Саливацияны азайту және спастиканы кетіру.

3. Артикуляциялық гимнастика:

а) төменгі жақ сүйектерге арналған жаттығулар;

б) ерінге арналған жаттығулар;

в) тілге арналған жаттығулар;

г) бұзылған дыбыстарды қоюға арналған жаттығулар.

V. Көріп қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын, кеңістік түсінігін дамыту.

1. Көріп қабылдау, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.

2. Кеңістік түсінігін дамыту.

3. Сыртқы кеңістік жайында түсініктерін анықтау және кеңейту.

4. Өзіне байланысты кеңістіктегі бағытты анықтау.

5. Бір - біріне қатысты заттардың оринтациясын (бағытын) анықтау.

6. Қарама - қарсы тұрған адамның дене схемасына қатысты оринтациясы.

7. Құрастыру.

8. Қағаз бетіне қатысты ориентациясы.

9. Кеңістіктің вербальды маркировкасы:

а) кезектілікті игеру;

б) сурет, сюжетті серия бойынша әңгіме құрастыру;

в) логикалық - грамматикалық конструкцияларды игеру.

VI. Фонематикалық қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.

1. Сөзсіз дыбыстарды қабылдау және ажырату:

а) есту зейнін дамыту;

б) ақырын, қатты шығарған дыбыстарды ажырату;

в) ырғақтық сезімін дамыту;

2. Сөйлеу тіл дыбыстарын қабылдау және ажырату:

а) дауыстың және сөйлеудің интонированиясын ажырату;

б) сөйлеу зейінін дамыту;

в) акустикалық - артикуляциялық белгілері ұқсас фонемаларды дифференциалдау.

3. Қарапайым дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыт:

а) қарапайым дыбысты жинақтау дағдыларын дамыту;

б) дыбыстық - буындық талдауын дамыту.

VII. Дыбыс айтуын түзету.

1. Бұзылған дыбысты қою.

2. Дыбыстарды машықтандыру және сөйлеу тілге енгізу.

3. Қойылған дыбыстарды ажырату.

VIII. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды жою.

Зондпен массаж (сылау)

 

Дизартриясы бар балалардың және сөйлеу тілі бұзылысының кешенді сипаты неврологиялық сиптоматиканың, эмоционалдық ерік-жігер сферпасының бұзылысымен толуғуы бұл категогриядағы балалардың мектепте оқуына дайындығын төмендетеді. Көбінесе дыбыс қоюдың әдеттегідей тәсілдері керекті нәтижені көрсетпейді: артикуляциялық қатары ұзақ қалыптаспайды, бақылау жүргізілмесе тез жайылып кетеді, қойылған дыбыстар баланың өзіндік сөйлеу тілінде ұзақ уақыт машықтанбайды.

Логопедиялық әсер етудің тиімділігі түзетушілік-педагогокалық әрекетті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты болып келеді.

Е. Н. Новикованың ұсынған массаж жасау дизартриядағы кешенді медициналық-педагогикалық жұмыстағы ең тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Оның мәні артикуляциялык мүшелердің жарақаттанған бөліктеріне ( тіл, жақ, бет, жұмсақ таңдайдың) зондпен мақсатты турде ықпал етуде негізделеді. Массаж булшық еттердің қалпын өзгертеді: тамаққа тәбетін белсендіреді, оньң біркелкілігін және қысқаруын жаксартады, қалыпты сөйлеу тілі әрекетіне қажетті кинестетикалық сезімдеріне үлесін тигізеді. Зондпен массаждың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы бұлшық еттінің тонусын жоғарылатуға немесе төмендетуге, қанайналымын жылдамдатуға, ұлпадағы айналым процесін жоғарылатуға болады.

Классикалық массажға қарағанда зондтың көмегімен артикуляциялық аппараттың терең орналасқан бұлшық ет ұлпаларына әсер етуге болады, құсу рефлексінің, сілекей ағудың алдын-алуға болады.

Логопедиялық және педагогикалық әсер етудің әдеттегі тәсілдерімен бірге зондпен массажды қолдану логопедке дыбыстың қойылуын 2-3 есе жылдамдатып, ең алдымен дизартриясы бар балада дыбысты машықтандыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемелерде зондпен массаж жасаудың жүйелі түзетушілік жұмысына мынадай жағдайлар қажет: мұғалім -логопедтің әдістемелік және техникалық дайындығы, соған сәйкес логопедиялық кабинеті жабдықтау, мұғалім-логопедтің невропотлогпен бірлескен әрекеті, мұғалім-логопедтің тәрбиешілермен байланысы, ата-аналарды түзету процесіне кіргізу.

Мұғалім-логопед зондпен массаждың техникасын ғана біліп қоймай, сонымен бірге массаж тәсілдерінің физиологиялық әрекеті жайлы түсініктері болуы керек. Сөйлеу тілі аппаратының анатомиясын, булшық еттерінің, қан тамырларының, жүйке жуйесінің топографиясын, артикуляциялық мүшелерінің тексеру әдісін білу массаж тәсілдерін дұрыс қолдануға көмегін тигізеді. Зонд массажын қолданып жургізетін сабақты жарық 14-16 шаршы метрлік кабинетте, температурасы +22° төмен емес болатындай жургізу керек. Массаж жасағанда бала жартылай жатуы керек, соның себебінен кабинетті қалың төсек және биік жастығы бар кушеткамен жабдықтау керек. Міндетті түрде әр балаға зондтың жеке комплекстерін, салфетканы, дизенфекцияланган ерітіндіні қолдану керек.

Мұғалім-логопед зондпен массаж жасаудан бұрын баланың денсаулығы және неврологиялық симптоматикасы, бұлшық еттерінің инервациясының парез және паралич түрендегі бұзылысы жазылған педиатрдың невропотологтың, отоларингологтың қорытындысын мұқият зерттеп шығуы керек. Егер балада туберкулездың асқынған формасы, коньюктивит, еріндегі ұшық немесе ауыз қуысындағы басқа инфекциялар, фурункулез, стоматит болса массажды жасамау керек. Дизартрясы бар баладағы гипертензионды-гидроцефалды, церебрастеникалык синдром, кимыл-козғалыс бұзылыстарының синдромы мұғалім-логопед пен невропотологтың көмегінің кажеттілігін сипаттайды.

Массаж жасау үшін баланы ынғайлы орынға жатқызып, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу керек. Бет бұлшық еттеріне біртіндеп, сатылай массаж жасау жұмысын жүргізу керек. Ондағы мақсат- дыбыс шығаруда тіл қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту, жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету.

Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын жасап, біраз икемге келтіргені жөн. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу, сырғанату, үйкелеу, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрі жатады.

Баланың менгеру қабілетіне байланысты әр сылау жасау уақыты 20-25 минут көлемінде орындалады. Логопедтік массаж жасау кезінде бір-біріне себін тигізіп, сабақтасатын басқа да жаттығулар жасауды енгізген дұрыс:

- жақтың массажынан 2-3 жаттығу;

- бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу;

- ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;

- тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;

Келесі жаттығуларда «Жұмсақ таңдай массажы» жаттығуын қосуға болады.

 

Массаж жасайтын зондтар түрі.

(Е. В. Новикованың зондтары)

 

№1 зонд. «Сүйір айыр» («Вилочковый»)

 

Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жұмсақ таңдай бұлшық еттеріне массаж жасау үшін қолданылады.

Бұл зонд құсу рефлексінің шегін анықтауға және оны алу үшін арналған. Зондтың ұштары өткір емес, сондықтан бұлшық еттер зақымдалмайды. Ол бұлшық еттерді піспектеуге арналған. Осындай ықпалдың нәтижесінде бұлшық еттер белсенді жиырыла бастайды.

 

№2 зонд. «Сегізше» («Восьмерочка»)

 

 

Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне массаж жасау үшін қолданылады. Бұлшық еттерді «үйкелеуге» арналған.

 

№3 зонд. «Үлкен шана» («Большие саночки»)

 

 

Зонд №4 «Орташа шана» («Средние саночки»)

 

 

Зонд №5 «Кішкентай шана» («Маленькие саночки»)

 

 

№3 -5 зондтарды тіл, ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін белсендіру үшін әр түрлі бағытта жылжытады..

 

Зондтың бас жағын бұлшық еттерді басу үшін қолдануға болады.

«Шаналар» бірдей массаж тәсілдерін орындайды, бірақ массаж жасап жатқан бөлімнің көлемі және басу қарқындылығыәір түрлі болады.

Сонымен қатар №5 зонд бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды орындайды.

 

№6 зонд. «Балташа» («Топорик»)

 

 

Тілді сипауға белсенді қолданылады, сонымен қатар бет ,жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап-сипауға қолданылады. Басқа зондтарға қарағанда көбірек көлемді қамтиды және бұлшық еттерге қарқынды ықпал етеді.

Зонд екі тәсілді атқаруға арналған: нық қысу және сырғу. Қысу нәтижесінде бұлшық ет тонусы қалыпқа келеді, олардың жиырылу қабілеті және қимыл-қозғалысы ұлғая түседі. Қысу дәрежесі бұлшық еттердің қалпына байланысты: тонусы неғұрлым төмен болса, соғұрлым қысу қарқынды болады. Сырғу бұлшық ет кернеуін алады, олардың иілгіштігін және шымырлығын жақсартады.

 

№7 зонд. «Крес тәрізді» («Крестовина»)

 

 

Ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне, тілдің орта және артқы бөлігін сылауға қолданылады. Тілді жоғары көтеруін қамтитын бұлшық еттеріне ықпал етуге мүмкіндік береді. Тілді басып тұрып, артқа итерген кезде аталған бұлшық еттері жиырылып, жұмыс істей бастайды.

Зонд көмегімен қысу, бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды орындайды. Сонымен қатар бұл зондпен К, Г, Х, Ш, Ж, Щ, Ч, Р дыбыстарын қоюға болады.

 

№8 зонд. «Ілгері тоғыту» («толкачик»).

 

 

Ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған. Тілдің көлденең, бойлық, желпіүш тәрізді бұлшық еттерге әсер етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Зондтың ұшында ілмек бар. Тілді басқан кезде бұлшық еттер белсенді түрде жиырылып, ал алған кезде кернеу жойылады, босаңсу фазасы басталады.

 

№9 зонд. «Кішкентай қысқыш» («Щипчики»).

 

 

Бет ұшы, ерін, тіл бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған.

 

Тілдің көлденең, бойлық бұлшық еттеріне әсер етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін, бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі қабілетін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе тілдің бүйірін тіл түбіріне қарай сығылысуына, тілдің оңға-солға бұруына тиімді болады. Өйткені онымен тек тіл ұшынғана емес, ортасында іліп алуға болады.

 

№10 зонд. «Тартушы» (подтягивающий)

 

 

№ 10 зонд тіл асты желбезегін сылап-сипауға және оны созуға арналған. Егер бала тілін жоғары көтере алмаса бұл зондпен тіл асты желбезегінің қалпын көруге болады..

 

№11 зонд. «Аққу» («Лебедушка»)

 

 

Бет ұшын, жұмсақ таңдайды сылап- сипауға арналған. Бұлшық еттердің иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға және сілекей ағуынан арылтуға мүмкіндік береді.

Балаларды дизартриядан сақтандыру

Дизартриядан сақтандыру шаралары бірнеше кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезектегі шаралар.

Дизартрия - дыбыс айту мен просодикасының (ырғақтылығы, жылдамдығы) бұзылуымен сипатталатын күрделі тіл кемістігі. Балаларда дизартрия БЦСА-ң (балалардың церебральді параличі) салдарынан (қалдық белгілері ретінде), ал ересектерде параличтің белгілері ретінде қарастырылады.

БЦСА баланың құрсақта жатқан, босану кезінде және нәресте кездерінде мидың органикалық зақымдалу салдарынан болады. Мидың күрделі жүйесі бала тумай тұрып қалыптасады. Жүктілік қалыпты, ауытқусыз өтсе, мидың жетілу процесі бөгетсіз жүреді. Жүктіліктің алғашқы үш айында мидың дұрыс қалыптасуына қатер туғызатын - ананың вирустық инфекциялармен, кызамықпен ауыруы және алкоголь мен темекі болып табылады. Өйткені олар плацентаның (баланың іштегі жатар орны) қан тамырларын зақымдайды, соның салдарынан оттегі жеткілікті түспейді. Оттегінің жетіспеушілігі баланың миының дамуына әсер етеді, яғни кешеуілдейді. Мұндай жағдайда, бала туған кезде дем алу, жуту, емуді қамтамасыз ететін мидың құрылымдары толық жетілмейді.








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 10986;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.07 сек.