БӨЛІМ. ДИЗАРТРИЯ 1 страница

Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.

Дизартрия гректің artron - мүшелеу, бөлшек, dis - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің, мойынның) қатаюы-гтпертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансыуы –гипотония байқалады.

Дизартрияның себептері баланың құрсақта жатқанда, туылған кезде, туғаннан кейінгі уақыттағы әр түрлі жағымсыз факторлардың салдарынан орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуы болып табылады. Атап айтсақ, асфиксия, туу кездегі жарақаттар, мидың қан айналысының бұзылуы, бас мидағы ісіктер, инфекциялық аурулар, нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары.

Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде.

Шетел әдебиетінде бұл мәселе туралы келесі ғалымдардың жұмысында көрсетілген M.Clement, 1959, C.Bohme, 1968, R.D.Neilson, N.D.Dwer, 1984 және басқа авторлар.

Сөйлеу патологиясының алғашқы топтастыруында артикуляцияның барлық бұзылыстары жеке топқа бөлінеді және «дизартрия» терминмен аталды (Kussmaul, 1879). Бірақ, 1888 ж. Gowers сөйлеу тілінің дизартриялық бұзылысын церабральды және бульбарлы түрі деп екіге бөлді. Дизартрияның нейроанатомиялық қағида бойынша топтастырылған ең толық классификацияларының бірін 1948 жылы Peocher берген. Ол дизартрияның келесі түрлерін бөліп атайды: қабықтық, субкортикальды (хорея, ататоз, Паркинсон ауыруында), педункулярлы, супрануклеарды (псевдобульбарлы), бульбарлы нуклеарлы, церебральды, диэнцефльды, мезэнцефльды, перифериялық, бас сүйек жүйкелермен байланысты, терең сезімділік бұзылыстармен байланысты дизартрия, бас миының диффузды зақымдануындағы дизартрия (токсикоздар, контузиялардан кейінгі жағдайлар), эпилепсиядағы дизартрия, субкортикальды экспрессивті афазияда кездесетін дизартрия (апроксиялық).

Бірақ автордың өзі осы топтастыру толық жетілмеген және «дизартрия» деген термин анық емес деп мойындады.

Дизартрияның табиғатын зерттеу Ресейлік логопедия тәжірибесінде айрықша көрініс тапты. О. В. Правдинаның (1969) еңбегінде дизартрия түсінігі неврологиялық жағынан анықталды және де дыбыстық бұзылыстарға сәйкес жеке синдромдар көрсетілді. И. И. Панченконың (1972) жұмысында сал ауыруы бар балаларда дизартрияның клиникалық көрінісінің патогенезін анықтауға әрекет жасалды және логопедиялық жұмыстың патогенетикалық негіздемесінің әдестемесін жасауға тырысты.

Дизартрияны жіктеу сұрақтары туралы бірыңғай қөзқарас жоқ. Оқшаулау ұстаным бойынша құрастырылған жіктеу, дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартриясы (бульбарлы), жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы), мишық, ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты немесе экстрапирадалды дизартриясы.

Сөйлеу тілінің айналасындағыларға түсініктілік денгейіне байланысты топтастыруды француз невропатологі G. Tardier (1968) қарастырған. Балалардың церебральді сал ауыруына (БЦСА) қатысты автор сөйлеу тілінің бұзылуын төрт денгейге бөледі:

• І денгей – ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру барысында ғана анықталады;

• ІІ денгей – айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды, бірақ сөздері түсінікті болады;

• ІІІ денгей - баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті, басқалар түсінбейді;

• ІV денгей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындары да түсінбейді (анартрия).

Дизартриясы бар балалар клиникалық-психологиялық сипаттамасы бойынша әр түрлі топтарды құрайды. Дизартрияның ең ауыр түрлері интеллекті сақталған, зияты бұзылған балаларда кездесуі мүмкін, ал жеңіл немесе «көмескі» түрі интеллекті сақталған балаларда кездеседі.

Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

- психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия;

- БЦСА балалардағы дизартрия;

- зияты бұзылған балалардағы дизартрия;

- гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия;

- ПДК балалардағы дизартрия;

- Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия;

Дизартрияның ақырғы түрі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Дизартрияның әр-алуан түрлерінің көптеген ортақшылығы бар, бірақ олар үшін терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Дизартрия мәселесімен шұғылданған авторлар көпшілігі ересектер мен балалардың дизартрия түрлерінде айырмашылық бар екенін атап көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі логопедияда ересектер мен балалардың дизартриясын бөлек қарастырады.

 

Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері

Сопақша ми дизартриясы (бульбарлы). Дизартрияның бұл түрі сопақша ми мен нерв жүйесінің ядроларының зақымдалуының салдарынан болатын әлсіз, солған параличтің байқалуымен сипатталады.

Бульбарлы дизартрияның басқа түрінен айырмашылығы - нақты бір жүйке функциясының (VII, IX, X, XII) бұзылуына байланысты жеке бұлшық еттерінің зақымдалуы мүмкін.

Параличтің солғын қимыл-қозғалыстардың бұзылу симптомдары жүйке ядролардың, шеткі ІХ (тіл-жұтқыншақ), Х (ауасу, қозу), ХІІ (тіласты) жүйкелердің зақымдалу негізінде кездеседі. Бұл жүйкелердің қимыл талшықтары жұтқыншақ, көмей, тіл, жұмсақ таңдай, тіл бұлшық еттерін иннервациялайды. Ал бұлшық еттер артикуляцияны, дауыс шығаруды және жұту актісін қамтамасыз етеді.

Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады. Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады.

Бульбарлы дизартрияда ерікті және еріксіз қимылдар бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың бұзылуы тілдің әр бөлгінің бұлшық еттерінің параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түбірінде паралич байқалса, онда көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда «а», «о» дыбысына ұқсас айтылады. Сонымен, бульбарлы дизартрияның сипаттамасы:

1. сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты

бульбарлы дизартрияда сөйлеу мүшелернің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді;

2. сөйлеу тілінің фонологиялық жүйеснің моторлық жағының бұзылуы,

дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады;

3. ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту

жүйесінің моторлы жағының бұзылуы төмендегідей зақымдармен сипатталады:

- дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт

естіледі, қатаң-үяң, жуан-жіңішке белгілері анық байқалады;

- жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз

қуысына түсіп тұрады да, дыбыстар мұрынмен айтылады (нозализация байқалады);

- еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу

орнына байланысты алмастыру байқалады;

- тілдің, еріннің, астыңғы жақтың парезінде дауысты дыбыстардың

негізгі белгілері (жоғарылығы, қатары, еріннің дөңгеленуі) бойынша айырмашылықтар байқалады.

 

Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия)

Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық еттерінің спастикалық параличімен сипатталады.

Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз

күлу, жымию, жылау көпке шейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады. Дизартриямен зақымдалған адам нұсқау бойынша ернін алға қарай шығарып, дөңгелете алмайды, ал тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге болады. Әсіресе тілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады.

Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының көлемі мен кысқарудың күшінің азайуы барлық дыбыстың артикуляциясын өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды.

Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз сиптоматикасына жұту функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады. Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады.

Қорытынды.

1. Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір

белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады.

2. Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталған болады.

3. Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі

дыбыстар бұзылады.

4. Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс

қырылдап шығады, тез шаршап қалады.

5. Сөйлеу жылдамдығы баяу, сөз түсініксіз, фразалардың қысқа интонациясы, әуезділігі нашар болады.

 

Мишық дизартриясы

Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады.

Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.

Сөйлеу статусы: сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды мұрыннан айтады, дауысы әлсіз.

Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.).

Қорытынды.

1. Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің

тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады.

2. Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп

қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады.

3. Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз

етеді.

4. Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың

дірілдеп шығуына әсер етеді.

5. Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе

сұрлануын тудырады.

 

Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия

Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады.

Неврологиялық статусы: бұлшық ет тонусының тұрақсыздығы (дистония), бет және артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар (гиперкинез) байқалады. Кейде гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам біршама осы қалыпта тұрып қалады.

Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап қалу,

сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды баяу немесе мүлдем айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап айту (персеверация) байқалады. Сөйлеу тілінің әуезділігнің (просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылуымен бірге байқалады.

Дайыс күнгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің ауыспалы тонусы мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы мен просодикасының әр түрлі және тұрақсыз бұзылыстары байқалады.

 

Қорытынды.

1. Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты

аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады.

2. Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы

сөйлеу тілін дөрекі бұзады.

3. Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы

байқалмайды.

4. Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық

мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық бұзылады.

5. Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу

кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады.

6. Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының

бұзылуы.

 

Ми қыртысы дизартриясы

Ми қыртысы дизартриясыдоминантты ми сыңарының төменгі бөліктердегі орталық қатпарлардың (постцентральді және премоторлы аумақтарының) зақымдалу салдарынан болады. Ми қыртысы дизартрияның эфферентті (премоторлы) және афферентті (постцентральді) түрге бөледі

Ми қыртысы дизартрияның эфферентті түрі артикуляциялық мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының зақымдалуынан болады. Жеке артикуляторлық қимылдардың бұзылуы байқалады. Көбінесе тілдің ұшының қимылы бұзылады, соған байланысты тілалды дыбыстары бұзылады. Дыбыс артикуляциясы бұзылады, көптеген синкинезия кездеседі.

Сөйлеу процесінде бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысуы қиындық туғызады, баяу сөйлейді, сөз арасында тоқтап қалады, кейде буындап сөйлейді. Дауысты дыбыстарды айтуы өзгереді, барлық дауысты дыбыстар А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз дыбыстар ұзартылып айтылады (Мысалы, сссақат), қосымша дыбыстарды қосып айтады немесе тастап кетеді.

Ми қыртысының афферентті түрі ми қыртысының үлкен жарты шардың постцентральді аймақтарының зақымдалуынан болады. Бұл түрінде қол қимылында апраксия мен оральді апраксия (қимылды «іздеу») байқалады. Дизартрияның бұл түрінде дұрыс артикуляцияны белсенді түрде іздеу байқалады, сондықтан артикуляцияны іздеу кезінде сөйлеу үзіліп қалады, жатық болмайды. Аффрикаттар өзінің құрылымдағы бөліктеріне ыдырап айтылады, саңылау дыбыстар жабысыңқы, шұғыл дауыссыз дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады.

Қорытынды:

1. ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу

тілінің баяулауы көрініс алады;

2. сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе

дауссыз дыбыстардың қатар келгенінде;

3. дауыссыз дыбыстардың күнгірт, қатал айтылуы;

4. сөзге қосымша дыбыс қосу;

5. қатты дауыстап сөйлеу.

 

Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА)

Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) онтогенездің ерте кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды біріктіретін термин.

БЦСА- орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөлімдерінің зақымдануының салдарынан пайда болатын дамудың күрделі патологиясы.

1958 ж. Оксфорд қаласында өткен Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА –қимыл-қозғалысты және дене қалпын басқарып тұратын бөлімдерді зақымдайтын бас миының үдемейтін ауыруы. Ол бас миының дамуының ерте кезеңінде пайда болады»

Бірақ қазіргі кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде әр түрлі анықтамалар береді.

БЦСА-ң негізгі симптомы (белгісі) қимыл-қозғалыс функциясының бұзылуы. БЦСА-ң негізгі белгісіне психикасының, естуінің, көруінің, сөйлеу тілінің бұзылыстары қосылады. Кейбір балаларда тырысу синдромдары байқалады.

БЦСА-ң себептері көп түрлі. БЦСА-ң пайда болуына қатысты факторларды үшке бөледі: пренатальді, перинатальді, постнатальді.

Пренатальді факторларды үш топқа бөледі: ананың денсаулығы, жүкті кездегі ауытқулар, іштегі нәрестенің дамуының бұзатын факторлар.

Перинатальді факторларға босану кезіндегі асфиксия, туу кезінде зақымдалу жатады.

Постнатальді кезеңдегі ауытқуға төмендегідей себептер әсер етуі мүмкін:

- бастың, сүйектің зақымдары, гематома, т.б.;

- инфекциялар: менингит, энцефалит, мидың абцессі;

- интоксикация (улану): дәрімен, мыспен, улы заттармен, т.б.;

- оттегінің жетіспеушілігі: туншығу, т.б.;

- мидың ісіктері, кисталар, гидроцефалия, т.б.

БЦСА-ң патогенезі. Компьюторлық томографиялық зерттеуде БЦСА-ң әр түрінде 68% балаларда мидың патологиялық өзгерістері байқалған. Ол өзгерістер екі топқа бөлінеді. Бірінде жасушаның (клетканың) өзінің ерекше бұзылуы, екіншісі - мидың дамуының бұзылуы (дизонтогенез).

БЦСА-ң клиникалық түрлері (классификациясы)

Жалпы қолданыста БЦСА-ң 20-ға тарта түрі пайдаланады. Қазіргі кезде тәжірибеде жиі қолданатын К.А. Семенованың классификациясы (1979). Бұл классификация бойынша БЦСА-ы бес түрге, кейінгі әдебиеттерде алты түрге бөледі:

- қос гемиплегия;

- спастикалық диплегия;

- гемипаретикалық түрі;

- гиперкинетикалық түрі;

- атоникалық-астатикалық түрі;

- аралас түрі.

1. Қос (екіжақты) гемиплегияда аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады,

яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады.

2. Спастикалық диплегияда қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады.

БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады.

3. Гемипаретикалық түрінде біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80%

балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30% балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25-35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған сопақша ми) дизартрия байқалады.

4. Гиперкинетикалық түрінде артикуляциялық және қаңқаның бұлшық

еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында, қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады.

5. Атоникалық-астатикалық түрі мишықтың зақымдалуына

байланысты. Бір жаста бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. 12-15 айда ерікті қимыл-қозғалысы дами бастайды.

6. Аралас түрі. Бас миының ерте жаста органикалық зақымдалу

салдарынан, көбінесе БЦСА-ң аралас түрі кездеседі. Негізгі қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар, клиникалық симптоматикасында бұлшық еттер тонусының, моторикасының, ерікті қимыл белсендігінің бұзылуы байқалады. Интелектісі мен сөйлеу тілінің бұзылу денгейі әр түрлі болуы мүмкін. Аралас түрде бір бұлшық еттер әлсіз, солғын паралич байқалса, екіншісінде спастика байқалады.

Сонымен, БЦСА-ң барлық түріне тән психикалық дизонтогенезінің

төмендегідей жалпы сипаттамасы байқалады:

- әр түрлі психикалық функциялардың дамуы біркелкі емес;

- ми қыртысының функцияларының кешеуілдеп дамуы;

- интеллектуальдік және эмоционалдық жетілмеуімен сай келеді;

- ұғымдық, абстракциялық ойлауының кешеуілдеп қалыптасуы практикалық тәжірибесінің жеткіліксіздігімен негізделді;

- ауытқудың барлық түрінде астеникалық-органикалық синдром кездеседі.

Қорытынды:

1. БЦСА -да әр түрлі себептердің салдарынан баланың құрсақта жатқанда, перенатальді, постнатальді кезеңдерде мидың органикалық зақымдалуы.

2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді қоздырады:

- функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе қатерлі кезеңдерде);

- бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты функциональдік тапшылық байқалады;

- клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі болып саналады.

 

Балалардың дизартриясы

Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында 85% балаларда байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері, ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ:








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 21638;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.07 сек.