БӨЛІМ. ДИЗАРТРИЯ 3 страница

 

Жалпы, ұсақ және артикуляциялық моториканың қалпы

Жалпы моторика дегеніміз – жалпы дененің қимыл-қозғалысы, яғни бастың, мойынның, иықтың, кеуденің, аяқтың қимыл- қозғалысы.

Дизартриямен зақымдалған балалардың моторикасының дамымауы жалпы моторикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Моторикасының дамымауы негізгі қимылдардың қалыптасу уақытының тежелуіне әкеліп соқтырады. Нақты емес, икемсіздік, баяу, тепе-тендікті сақтайалмауы, т.б.

Қимылдың белсенді болмауы, сонымен қатар арнайы тәрбие жұмысы мен түзету жұмыстарының жетіспеушілігінен де болуі мүмкін. Түзету жұмысының бағыты келесі негізгі қимылдарды дамытуға арналған болуы керек: жүгіру, секіру, лақтыру, жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіруге арналған жаттығулар. Жұмыс мазмұнының құрамына қызықты жаттығуларды, әр түрлі заттарды: допта. Таяқшалар, жалаушалар, шеңберлер және күрделі емес түрлі жабдықтарды ұсынуға болады.

Дизартрик балалардың моторикасын түзетуге бағытталған сабақтар үшін, өз үйінде кішігірім спорт кешенінің болуі тиімді. Оның көмегімен балаға жат, тіпті қорқынышты жаттығулар жасалады: шығу, секіру, айналу, орындықта жүру. Жаттығулар мен ойындарды табиғатта орындаған өте жақсы. Орманда, таза ауада ойнау кезінде бала жергілікті орынмен танысады, төбешекті айналып өту керектігін түсінеді. Балаларға суда қозғалысқа түсу, жүзу пайдалы (ваннада, бассейінде, өзенде, көлде), қыста шаңғы, шана тебу де пайдалы.

Дизартриясы бар балалардың моторикасының қызметін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыс үлкен шыдамдылыққа, жиі қайталауды және көрсетуді талап етеді, әр жаттығудың орындау баланың күн тәртібіне енуі керек. Тұрақтылық әдетке айналып, сабаққа деген қажеттіліктің бірі болады. Жаттығулар біртіндеп енеді. Мысалы, доппен ойнауға үйрету. Үйрету үшін, алдымен ауада ұшатын шар мен ойнау керек. Балалар допты ұстағанға қорқады, ал шар жеңіл, дауыссыз, тыныш, ақырын, баяу жерге түседі. Шар мен ойынды менгерген бала, допты лақтырып, итеріп, ұстауды, себетке лақтыруды, дөңгелектең, жіптен өткізіп лақтыруды, келгенді соғуды тез үйренеді. Баламен қандай да болмасын спорттық ойынды ойнау кезінде, ересек адам балаға білдіртпей көмектесуі керек. Жалпы қимыл – қозғалыстарды дамыту мен қатар мұғалім-дефектолог баланың қол моторикасының дамуына үлкен көңіл бөледі. Баланың екі қолының іс-әрекетте сәйкестігіне, ұстайтын қимыл-қозғалыстарды дамытуға, баланың әртүрлі заттарды ұстап үйренуге: үлкен заттарды екі қолмен, ұсақ заттарды- бір қолымен ұстауды үйренуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мұғалім-дефектолог баланың қолы мен саумақтарының ұсақ қимылдарын дамытуға ерекуше көңіл бөледі. Осы мақсатқа байланысты үлкендердің қолына еліктететін ойындар мен жаттығулар ұйымдастырады, ал кейіннен қолға арналған театралдық ойындар.

Ұсақ моторикадегеніміз – қолдың, қол білезігінің, саусақтардың, қол бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы.

Дизартрияға шалдыққан балалардың қолмен жұмыс істеуінде қиындақтар кездесетіні белгілі. Олардың қол білезіктері әлсіз және салбырт, алақандарын жұдырыққа түйе алмайды, саусақтарын бір-бірден санап,үлкен бас саусақты қалған саусақтарға қарсы қоя алмайды. Қолдарына қасық, қарындаш ұстау қиынға соғады. Олар затты жұдырықпен ұстайды; қпйшымен қия алмайды, ермексазды илей алмайды. Қандай да болмасын әрекетті орындау кезінде ересектердің көмегін қажет етеді.

Бұлшық еттерінің тонусының өзгеруі (жоғарлауы немесе төмендеуі) қол білезігінің бұлшық еттерінің әлсіреуне, шаршауына әкеледі. Қол білезігінің және саусақ бұлшық етінің иннервациясының жеткіліксіз топтастырылуы, олардың келісіміне, қалпына кедергі болады. Осыған байланысты бала ұзақ уақыт бойы қарындашты немесе қаламды ұстай алмайды, шаршаған сайын оның қозғалыстары нақты орындалмайды. Аталған бұзылыстар көру қимыл координациясының кемістігімен жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жазуы нашар каллиграфиямен ғана сипатталмайды, сондай –ақ бала әріптің жазылуын да қате орындайды. Бала бас миының қызметін, психикасын зерттейтін ғылымдар қол әрекетінің үлкен маңыздылығын атап көрсетеді. Осылайша, жүргізілген тәрбие мен көптеген балаларды тексеру негізінде келесі заңдылық анықталған: «Егер саусақ қозғалыстарының дамуы баланың жасына сай болса, онда сөйлеу тілінің дамуы да қалыпты болғаны. Егер де саусақтардың қозғалыстары кешеуілдесе, онда сөйлеу тілінің дамуы да артта қалады, бірақ бұл жағдайда жалпы моторика қалыпта және қалыптан да жоғары болуы мүмкін. ( Л.В. Фомина)». М. М. Кольцова сөйлеу тілінің қалыптасуы қолдан келетін, анық айтсақ саусақтардың кинестетикалық импульстардың әсерінен жүзеге асады деген қорытындыға келеді.

Ең бірінші кезекте жалпы моторикасымен қатар артикуляциялық моторикасының қимылдарының статикалық үйлесімінің күрделі бұзылуын атап кеткен жөн. Қимыл - қозғалыс актінің кинетикалық компоненттерінің өз ара уйлеспеуі байқалады.

Қимыл - қозғалысты сезінуі сақталғанмен қозғалыс актісінің кинетикалық компонентінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл жетіспеушілік берілген проблемаларды толық орындай алмауымен де көрінеді. Қозғалыстардың күрделі формалары орындауға бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде дөрекі ауытқулар кездеседі. Бұзылыстардың келесі түрлері көрінеді: қимыл - қозғалысының үйлеспеуі, гипертонустың пайда болуы, синкенизиялар, өз қимыл - қозғалысының амплитудасын реттей алмауы, кеңістікте қолдарын екі жаққа созуы.

Дизартрияның көмескі түрі бар баланың артикуляциялық моторикасы жалпы моторикасының типі бойынша зардап шегеді. Көбінесе бұзылыстар статитикалық қалыпты ұстаған кезде көрінеді: тыныс алуының жетіспеушілігі, гиперсаливация, тілдің, еріннің, иектің треморы, девиациясы (тік осьтан ауытқуы), вегетативті дисфункциялар (тершең болу, терінің қызаруы немесе бозаруы т.б.). Тіл және ерін бұлшық еттерінің парезін осы мүшелерімен жеңіл –желпі қимылдарды орындау барысында көруге болады.

Бұл кезде төмендегідей жағдайлар байқалады:

1. Ерінді алға мүлдем соза алмауы - олар мүлдем қимылсыз болады немесе кезкелген қимыл-қозғалыс жасайды.

2. Езу тартқан кезде (жимыюдың) ассиметриясы - ауыздың бір жағы қозғалмайды немесе аз қимылдайды.

3. Ауыз қуысында тілін жалпақ түрде ұстай алмайды, яғни тіл үнемі жіңішке күйде болады.

4.Тілді ауыздан шығарған кезде бір жаққа ауып кетеді.

5.Тілді ауыздан шығарған кезде тілдің ұшы еріксіз төменгі ерінге қарай бағытталған - бала тілін көлденең ұстай алмайды.

6. Төменгі еріннің көмегінсіз тілдің ұшын жоғарғы ерінге көтере алмауы. Бұл тапсырманы орындаған кезде бала тілін жоғары көтеру үшін төменгі ерінмен көмектескен болады.

7. Тілді оңға, солға қозғалта алмауы. Тіл қатайған түрде бүкіл массасымен қозғалады («бөрене сияқты») - тілдің ұшы айқындалмаған.

8. Ауыздан шығарған тілді еркін ұстай алмауы - тілдің дірілі, бұлшық еттердің ретсіз тартылуы байқалады. Бұл олардың әлсіздігін дәлелдейді.

9. Тілді ауыз қуысында «жиырып» ұстауға бейім болуы. Бала аузын кең ашқан кезде тілдің қалпы жақсы көрінеді.

Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы

Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар ересек балаларда сөйлеу тілінің просодикалық жағының компоненттерінің тұрақты бұзылуы байқалады. Осылай, тыныс алуының жетіспеушілігі тыныс алудың түрінің дұрыс еместігінен көрінеді (жиі кеуделік және бұғаналық тыныс алу), сөйлеу кезіндегі дем шығарудың қысқалығы - 5 секундқа дейін болады. Сөйлеу тілі анық емес, нозальді, бір қалыпты, тембірі төмен, дауысы ақырын шығатын болады. Бұндай балаларда дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. Бұл екі немесе одан да көп дыбыстардың бұзылуы. Сонымен қатар бір дыбыстың бұзылуы, дыбыстың құрылысы дұрыс қалыптаспауы да кездеседі. Көбінесе ысқырық, ызың және сонорлардың бұзылуы байқалады. Антрофоникалық дефектер басыңқы болады. Олар ызың, ысқырық, тіс аралық, еріндік-тістік сигматизмдерде, бүйрек және көмей ротоцизмде, екі еріндік ламдацизмде көрінеді. Тілдің арқасы көтеріңкі болғаннан дыбыстар жұмсартылып айтылатын болады.

Сонымен, дизартриясы бар балаларда барлық фонетикалық тобының дыбыстарын айтқан кезде қателерінің ұлғая түсуі байқалады. Оған себеп болатын контекстің кеңеюі, оның лингвистикалық күрделігінің деңгейі, баларға таныс болуы, үйреніп жатқан дыбыстардың кездесу жиілігі, т.б.

 

Фонематикалық қабылдау, талдау және жинақтауының қалпы

Фонематикалық естуінің бұзылуы екінші реттік сипат алады, өйткені баланың анық емес сөйлеу тілі анық естіп қабылдауын және бақылыуының қалыптасуына ықпал етпейді. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігінен көптеген қате жіберуі байқалады. Бұл баланың есту моторлы координациясын тексерген кезде жақсы көрінеді. Жәй ырғақтарды қабылдап қайталау кезінде қиыншылақтар кездеседі, ал күрделі ырғақтарды қайталау мүлдем мүмкін емес болады. Фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігі артикуляторлы-акустикалық белгілерді, ұқсас сөздерді, күрделі буындық құрамы бар сөздерді және жаңылтпаштарды айтқан кезде байқалады.

Дыбыстық - буындық талдауының бұзылуы төмен деңгейде болса да, бұл жағдайда қиыншылықтары кездеседі. Берілген сөздің біріншіші немесе соңғы дауыссыз дыбыстарын ата деген тапсырманы орындаған кезде, бала көбінесе буынды ажыратып айтады. Сөздің реверсі (алмастыруы) байқалады, мысалы шар деген сөзде бірінші дыбыс Р деп жауап береді.

Сөздің буындық құрамы бойынша салыстыру, сөздегі дыбыстың санын анықтау, екінші, ұшінші, төртінші дыбысты атау қиынға түседі.

Дауысты дыбыстарды, сонымен қатар сөзде қатарынан келген бірнеше дауыссыз дыбыстарды тастап кету, сөздегі дыбыстарды ретімен айтқан кезде сөз реверстері («бас» деген сөзде – с, а, б) осы балаға тән қателері болып саналады.

Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар сөздің басында, ортасында дыбысты қосып, алмастып орындайтын тапсырмаларды мүлдем орындай алмайды. Дыбыстардан және буындардан сөз құру, жинақтау бұндай балалрға қиын емес. Бірақ 4 - 5 дыбыстан құралған, қатарында бірнеше дауыссыз дыбыстар бар сөздерді жинақтауда бұзылыстар кездесуі мүмкін. Реверстердің жиі кездесуі тек қана фонематикалық бұзылудың белгінің емес, кеңістікті бағдарлауының бұзылғанын дәлелдейді.

 

Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымының қалпы

Балалардың белсенді сөз қорында барлық сөз таптары кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда жалпылама түсініктері бар, жаңа сөздерді жеңіл құрастыралады (мал-малшы). Бір заттарды, олардың әрекетінің белгілерін атауында спецификалық қателер кездеседі. Олар керекті сөзді анықтау және басқа сөздің орнына қолдану кезінде көрінеді («солдат»-«мотрос», «рюмка» - «бокал», «ағаш» - «бұтақ»). Сонымен қатар басқа ситуацияда балалар сөздерді дұрыс, белсенді қолданады. Бұл бұзылысты лексикалық жетіспеушілік деп қарастырмауға болады. Ол бала заттың атауын, оның образымен сәйкестендіре алмағаннан болатын бұзылыс.

Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар жыл мезгілдерін, тәулік бөліктерін, апта күндерін атауға қиналады. Бірақ балалар белгілерін біліп, оларды сәйкестендіре алғандықтан, бұл бұзылыстар лексикалық емес, уақыттық түсініктерінің жетіспеушілігі деуге болады. Жалпы, бұл балалардың лексикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, олардың өз бетінше сөйлеуінің кедейлігі, сөйлеу тілінің реттеуші және жалпылаушы функцияларының қалыптасуының тежелуін айтып кеткен жөн. Бұндай балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымында да өз ерекшеліктері бар. Олардың өз бетінше сөйлеуі сауатты, бірақ вербальды штамптары жиі кездеседі. Дизартрияның көмескі түрі бар кейбір балаларда әлеуметтік ортаның және тәрбиесінің ерекшеліктірінің салдарынан сөйлеу тілінің лексика - грамматикалық дамымауы байқалады. Сөздік қорының кедейлігі, жалпылама сөздерді білмеу, негізгі белгілерін ажырата алмауы, сөз жасам процестерінің бұзылуы, аграматизмдердің көп болуы осы жетіспеушіліктің типтік көрінісі болып табылады.

Сонымен, жалпы сөйлеу тілінің дамымауына тән лексика - грамматиканың бұзылыстары дизартрияның көмескі түрі бар балаларда кездеседі.

 

Байланыстырып сөйлеуінің қалпы

Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар вербальды құралды дұрыс қолданады. Әңгімелеуде күрделі грамматикалық конструкцияларды қолдана отырып грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылады. Баланың сөйлеу тілінде жеке аграмматизімдер, вербальды штамптар кездеседі.

Өз бетінше сурет бойынша әңгіме құрастырған кезде дизартрияның көмескі түрі бар балалар қалыпты балаларға қарағанда суретке оңнан солға немесе төменен жоғары қарай қарайды, яғни оларда оптикалық – гностикалық бұзылыстары байқалады. Кейбір жағдайда балалар әңгімені жеке бөлшектерді атаумен алмастырады, мысалы, тәтемен бала қарап тұр. Аға жүгіріп барады. Бала құлады. Бала суға батты...

Басқа жағдайда балалар суреттің емес бөлшектеріне мән беріп, әңгіме құрастырады (егер ересектер кезектілігін реттеген болмаса).

Мысалы, «Құс келіп барлық балықты жеп кетті. Ал мында бақалар балық ұстап жатыр. Ал мында олар балықты ағаштан аулап жатыр. Жоқ олай емес. Құтқарушы - бақалар құсты ұстап алып, оны жіберуге мәжбүр етті.» Балада вектор инверсиясы бар екені көрінді (оңнан солға қарай) және көру қабылдауының бөлшектенуі байқалады. Ол уақиғаны дұрыс айталмасада, оны жалпылай білді. Кесілген сюжетті сурет сериялары бойынша әңгіме құрастыру кезінде балалар жақсы көрсеткіштерге жетті. Балалар бұл тапсырмаларды орындағанда суреттерді өз бетінше орналастырды. Суреттерді оңнан солға (кезектілігі 3, 2, 1) қарай болғанымен, уақиғаның кезектілігі сақталған, әңгіме құрамында негізгі мазмұндық бөлшектері сақтаулы болады.

Дизартрияның көмескі түрі бар балаларда байланыстырып сөйлеуінің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінен басқа жалпы сөйлеу тіл дамуына тән бұзылыстар кездеседі. Олар сілтеуіш сұрақ түрінде көрсетілген логопедтің көмегін талап етеді. Ситуацияны дұрыс түсінбеуі, суреттерді ретсіз орналастыру, сөз қорының кедейлігі, сойлеу құралдарының дұрыс қолданбауы, көптеген дөрекі агграмматиздер, сурет бойынша әңгіме құрастыру қиыншылықтары (кейде мүлдем құралмауы), кездеседі. Бұл бұзылыстар алдында айтып кеткендей, жалпы сөйлеу тіл дамуына тән бұзылыстар.

 

Оптикалық-кеңістік түсініктерінің қалпы

Аталған ерекшеліктерді «химерлерді» тануға арналған тапсырмаларды орындаған кезде байқауға болады. Балалар бейнеленген суреттің тек бір бөлігін ғана атайды (оң немесе сол жақтағы), мысалы, «құрт - моншақ» суретін моншақ деп таниды, «сыпыртқы - гүл шоғыры» - «гүл шоғыры» деп таниды.

Балаларда оптико-конструктивті әрекеттің дөрекі бұзылуы байқалады. Қалыпты жағдайда кеңістікті түсіну компоненттері баланың тоғыз жасында ересектердің нормативті көрсеткіштеріне жетеді. 6 жастағы балаларда оптико - конструктивті әрекеттің қалыпты дамуына алғы шарттары бар. Бірақ дизартрияның көмескі түрі бар балаларда Тейлор фигурасын көшіргенде әрекеттің бөлшектенуі және ретсіздігі байқалады.

Сурет әрекеттің белгілі бір кезектілігін сақтамай немесе ретсіз көрсетіледі.

Балаларда метрикалық қателер байқалады: пропорцияларының өзгеруі, фигураларының қысқартылуы немесе созылуы, құрылымдық - топологиялық қателер, фигураның толық образының жоғалуы, бір - біріне қатысты фрагменттердің бірігуі,, түйісу нүктелерімен сызықшаларының сәйкестігі. Бұндай балаларға координаттық қателер тән болады. Оларда суреттерді оңнан солға қарай салу, фигураларды және олардың фрагменттерін кеңістікте дұрыс орналастырмауы, бүтін фигураны немесе оның бөлшектерін 90°, сирек 180° реверсі (бұруы) байқалады. Көптеген балалар суретті парақтың оң жағынан бастап салады және фигураның оң бөлшегі ғана салынады.

 

Есту, сөйлеу және көру, жадының қалпы

Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп және мектепке дейінгі естияр баланың есте сақтауының көлемі мен ұзақтылығы бекім сақтаулы деуге болады. Көптеген жағдайда сөздрдің қажетті санын қайталап айтып беруіне үштен артық емес (сөз немесе фигуралар) символдар қажет. Таңдау процестері дөрекі бұзылған болады. Сөздердің, фигуралардың эталондық кезектілігі сақталмайды, үлкен көлемде әдеби және вербальды парафазиялар және параграфиялары «3 сөзден 2 топ» деген пробаны берген кезде жиі дыбысталуы ұқсас сөздердің алмастырылуы кездеседі (қас-бас, сана-шана). Мағнасы ұқсас сөздердің алмастырылуы да болауы мүмкін (торт-пирог). Координаттық бұзылыстар байқалады - фигураларды 90° немесе 180°- ға бұрып салуы.

Сонымен, дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасының бұзылуы байқалады. Дизартрик балалардың қол білезіктері әлсіз және сылбырт, саусақтары икемсіз болып келсе, ал жалпы моторикасыында қимыл –қозғалыстары нақты емес, баяу, тепе тендікті сақтай алмайды. Әрине, мұның бәрі дизартрия шалдыққан балалардың жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар сөйлеу аппаратының қимыл – қозғалысының жеткіліксіздігі сөйлеу тілінің дыбыс айтуының және просодикалық жағының бұзылына соқтырады деп тұжырымдауға болады.

Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары

Дизартрияны түзету жұмысы төмендегі қағидаларға негізделіп жүргізіледі:

- Этиопатогенетикалық принцип мидың әр түрлі құрылымдарының

зақымдалуын ескерумен байланысты. Алдымен сөйлеу тілінің және психофизиологиялық функцияларын анықтау, мидың қандай құрымы зақымдалғанын анықтауға мүмкіндік береді,

- Ерте ықпал ету принципі. Дизартрияға бейім «қатерлі топтағы»

балаларға ерте ықпал жасап көмек көрсетсе, ол мидың компесаторлы мүмкіншіліктерін толық дамытып, түзету жұмысының тиіиділігін арттырады.

- Жүйеіл ықпал (жасау) ету принципі

- моторикасын;

- психикасын;

- сенсорлы функциясын;

- сөйлеу тілін;

- тұлғасын дамытуға бағытталған.

- Кешенді ықпал ету принципі: невропатолог, логопед, психолог мамандардың бірігіп жұмыс жүргізуі.

Жүйелі түзету жұмыс барысында келесі аспектілерді ескеру қажет:

- моторлық, сенсорлық, психикалық, сөйлеу функцияларының даму заңдылықтары мен кезектілігін ескеру;

- сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру; сөйлеу іс-әрекетінің құрылымдық – функциональді ұйымдастырудың негізгі ақаулығын анықтау; екіншілік бұзылыстарды ескеру;

- баланың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру;

- бала мен ата-ананың арасындағы өзара қатынасын ескеру, оны барынша пайдалану.

Арнайы педагогикалық жұмыста дизартриясы бар баланың тұлғасын тәрбиелеуге аса зор көңіл бөлінеді. Өйткені, ондай баланың оқу және әлеуметтік дағдылары төмен болады, тұлғасының дамуында көптеген ауытқушылықтар байқалады.

 

Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету-логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары

Түзету жұмысының негізгі міндеттері. Бұлшық еттердің тонусын

қалыпқа келтіру, сөйлеу аппаратының патологиялық рефлекстерін өшіру, артикуляциялық аппараттың ерікті қимылдарын дамыту, фонематикалық қабылдауын дамыту, сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық-грамматикалық жағын дамыту, түзету, сенсорлық және психикалық функцияларды дамыту. Түзету жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі.

Бірінші бағыт.Бұлшық еттердің тонусын қалыпқа келтіру және

артикуляциялық аппараттың, жалпы, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ол үшін артикуляциялық аппарат пен қолдың бұлшық етерін сылау (массаж), еңжар, белсенді жаттығулар жасау қолданады. Логопедиялық жұмыс мүмкіндігінше гиперкинездерді тексеру мен сілекейді ерікті өзбетімен жұтуын қалыптастырудан басталады.

Екінші бағыт.Тыныс алу функциясын дамыту, сонымен қатар

дауыстың күшін, әуезділігін, мәнерлігін дамыту. Бұл кезеңде жұтатын ауаның мөлшерін көбейтуге, дауыс шығару кезінде дем шығаруға бағытталған гимнастикалар, жаттығулар қолданады.

Үшінші бағыт.Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету.

Фонематикалық қабылдауын дамыту жаттығулары және дыбысты қою, машықтандыру тәсілдерін қолданады.

Төртінші бағыт.Сөйлеудің негізінде сенсорлық және жоғарғы

психикалық функцияларды дамыту.

Бесінші бағыт.Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық

жағын дамыту. Ауызша сөйлеу тілін, тыныс алуын, просодикасын дамыту. Бұл бағыттар кезектілік болып саналады, кейде тіркесіп, кейде бір уақытта жүргізілуі мүмкін.

 

Дизартриясы бар мектептің төменгі сынып оқушыларымен жасөспірімдермен арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 9338;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.033 сек.