Жұмсақ дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.
31-сурет. П фонемасының артикуляциялық кескіні | Бұл кемшіліктің себебі дыбысты айтқанда тіл ортасы қатқыл таңдайға көтерілмейді, сондықтан жұмсармайды. Бұл кемшіліктің де фонологиялық қасиеті болады, сондықтан жазу сауатын қиындатады. Ол көбінесе саңыраулық салдарынан болады. Кемшілікті еліктеу арқылы түзету жұмсақ дыбыстарды өзіне |
сәйкес қатаңдармен салыстыру кезінде естіп және артикуляциясын көзбен көріп қабылдауға негізделген /па-па, ма-ма, фа-фя/. Еріндік дыбыстарды айтқанда тіл жалпақ формада болатын, жұмсақ дыбыстарды айтқанда тіл ұшы төменгі тіске тіреліп, үстін қатаң таңдайға көтеріле иілтіп балаға түсіндіру керек. Айна алдында тілдің түрлі қалпын көрсетіп, көргендерін балаға айтқызады.
Қатаң, жұмсақ дыбыстардың артикуляциясы бейнеленген схемасын пайдалануға болады. Одан соң логопедке еріндік, тіл-тістік жұмсақ дыбыстар жұбын қайталайды /па-пя, апа-апя, та-тя, ата-атя, ма-мя, апа-апя, фа-фя, афа-афя/.
Ол жүзеге асқанда бірден жұмсақ дыбыстары бар үлгі сөздерге көшу керек.
32-сурет. Т фонемасынын артикуляциялык кескіш | Егер тікелей еліктеу нәтиже бермесе, басқа жолдарды байқау керек. Балаға әуелі И, сосын пи буынын айтқызады. И дыбысын созуды қысқарта отырып сол буынды сыбырлап айтқанда П' дыбысы естіледі. Сонан соң апи тіркесін әуелі қатты дауыстап, сосын сыбырлап, сосын бірінші дауысты дыбысты қатты дауыстап И дыбысын сыбырлап қысқа айтқанда апь тіркесі алынады. |
Сөйтіп П дыбысын дұрыс айтылуын меңгергесін дауысты дыбыстармен қосып буындарды айтуға көшеді. Одан әрі дауыстылы буындармен, сөздермен осы әдісті қолданып келесі еріндік жұмсақ дауыстылармен /М', Ф', В' / жұмыс жасайды.
Өте қиын жағдайларда механикалық әдіс ұсынылады. Негіз етіп Т дыбысы алынады да, одан Т' дыбысы шығарылады. Бұлай ету Т' дыбысы Т-дан /Д' -Д -дан, Н'-Н -дан, Л'- Л-дан/ тек тіл қалпымен емес /жоғарғы артикуляция/, тілдің төменгі тіске ығысуынен /төменгі артикуляция/ сипатталады. Соның нәтижесінде Т дыбысымен, та буынын тіл ұшын шпательмен қысқан түрде бірнеше қайталап автоматты түрде Т' дыбысын алады. Бұл нәтиже тілді механикалық түрде ұстап тұрғанда, тілдің ортасын таңдайға карай көтеруінен болады.
Ат буынынын артикуляциялаудан ат' алынады. Бұл механикалық әдістің бірінші сатысы. Шпательмен баланың саусағының көмегімен артикуляция қалыптасқан соң, механикалық әдіс тоқталып, бала әр буында Т дыбысын өзі айта бастайды. Аталған механикалық әдіс Д' дыбысын Д-дан, Н' дыбысын Н-дан алғанда қолданылады.
Жұмсақ дауыссызды қатаңнан тілді таңдайға көтеру арқылы алуды меңгерген бала басқа жұмсақ дауыссыздарды да түзейді, ол мына ретте болуға тиіс: Ф', В', П', Б', М', С, 3', Р', Л'.
К', Г', X', дыбыстары арнаулы жұмысты қажет етпейді, себебі олар и, ә, е, дауыстылардың алдында кездеседі де, оңай игеріледі. Жұмсақ дауыссыздарды буында сөз тіркестерде бекіткен соң, оны қатаңдардан ажырату, оқу, жазу жаттығулары жасалады.
Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 4666;