Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
33-сурет. Ы фонемасының артикуляциялық кескіні (профилі) | Ы дыбысы дауыстылардың ішіндегі кемшілікке ыңғайлысы. Оның жасалу механизмі мынадай: ерін белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында саңылау болады. Тіл ұшы төмен, тіл үстінің ортадан кейінгі бөлігі, таңдай ортасына көтерілген тіл, бүйірлі түпкі азуларға тиеді. Тіл И дыбысындағыдай кейіндеу орналасады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп, тербеледі (33-сурет). |
Ы дыбысын айту кемістіктері мынандай Ы дыбысының орнына I айтылады. Мысалы, ыдыс-ідіс, сөйтіп дыбыстар жіңішке айтылады.
34-сурет. Шпательдің көмегімен Ы фонемасын кою | Ы дыбысын еліктеу арқылы түзетудің алғашқы шарты оны I дыбысының айтылуымен салыстыру тілдің оларды айтқандағы орналасу айырмасын көрсетіп түсіндіру және оны қолмен бейнелеу. Баланың айна алдындағы жаттығуы кейде нәтиже береді. Алайда көбіне шпательге суйенуге тура келеді, балаға пи-пи-пи буын тіркесін айтқызады. |
Жаттығуды пайдаланғанда логопед баланың аузына шпательді еңгізіп, онымен тіл алдын тежеп ұстайды. Шпатель П дыбысын айтуға кедергі келтірмейді, ал дауыстыны өзгертіп И дыбысы автоматты түрде Ы дыбысына ауады пи-пи-пи буындары пы-пы-пы түрінде сезіледі. Сондай жолмен би, ми, фи, ви буындарынан бы, мы, фы, вы алынады (34-сурет).
Артикуляцияны бекіткенде баланың шпательмен, саусақпен тілді қажет қалыпта өзі ұстағаны дұрыс. Дыбыс өздігінен айтыла бастағанда, механикалық әдіс тоқтатылады. Еріндік дауыстылардан кейін келетін Ы дыбысын айтып үйренген бала, оны басқа фонетикалық жағдайларда да пайдалана алады. Ы дыбысы бекіткенде оның дыбысынан ажырату, оқу мен жазуды түзету жаттығуларына көңіл бөлу керек.
Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
35-сурет. Ұ фонемасының артикуляциялық кескіні | Ұ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмеңгідей болады. Еріндері құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасында белгілі бір қашықтық сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қарай сәл тартылады, үсті деңгейдегі қалпын сақтап көлбеу жатады да, ауа ауыз қуысымен еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де мұрынға ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы жабық болады (35-сурет). Ұ дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді қысаң тіл арты жуан. |
36-сурет. Ү фонемасының артикуляциялық кескені | Ү дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері құбырға ұқсап ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де екі жағы көтеріліп үстінгі азу тістерге қабысады. Соның салдарынан тілдің ортасында ауыз куысымен еркін шығатын астау пайда болады (36-сурет). |
Жұмсақ тандай жоғары көтеріледі де мұрын ауа
жолы жабылады.
37-сурет. Ө фонемасының артикуляциялық кескіні | Дауыс шымылдығы жабық болады. Ү дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді, қысаң тіл алды жіңішке Ө дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара қашықтықтан бір шама үлкендеу болады. Тілдің ұшы төмен түседі де сәл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір денгейде сақталады, ауа еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы жабық болады. |
Ө дыбысының сипаттамасы: дауысты, ашық, жіңішке, ерінді, тіл алды (37-сурет).
38-сурет.Ә фонемасының артикуляциялык кескіні | Ә дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Екі езу сәл кері тартылып жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады. Тілдің ұшы астынғы тістерге тіреледі де үсті көселіп жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын ауа жолын жауып тұрады. |
Дауыс шымылдығы жабық болады. Ә дыбысының сипаттамасы: дауысты, езулік, ашық, тіл алды, жіңішке (38-сурет).
39-сурет. I фонемасының артикуляциялық кескіні | I дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер дыбыстың шығуына қатыспай жатады. Үстіңгі тістер бір- біріне өте жақын келіп тұрады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де үсті көсіліп көлбеу жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады. I дыбысының сипаттамасы: дауысты, езу- лік, қысаң, тіл алды, жіңішке (39-сурет). |
һ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы дауысты дыбыстардың айтылу ыңғайына қарай өзгеріп отырады.
40-сурет. һ фонемасының артикуляциялық кескіні | Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандай қашықтықта болады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреліп тұрады да үсті кесіліп жатады. Жұмсақ таңдайыдың артқы жағындағы кішкентай тіл іштен дүмпіп шыққан ауаның серіппесінен тербеліп ашылады да дыбыс көмейден шығады. |
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жауып тұрады. Дауыс шымылдығы ашық болады (40-сурет).
һ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды, қатаң, тіл арты.
41-сурет. Қ фонемасының артикуляциялық кескіні | Қ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы қо, қа, құ, қу. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты жұмсақ таңдаймен қабысады. |
Қ дыбысын айтқанда іштен келген ауа қысымының дүмпуінен тіл мен таңдайдың қабысқан жерін серпіп ашып кетеді де, ауа тысқа шығады. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады.
Дауыс шымылдығы ашық болады. Қ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды,қатаң, шұғыл, тіл арты, жуан.
42-сурет. Ғ фонемасының артикуляциялық кескіні | Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғо, ғу, ғү. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей |
қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады (42-сурет).
Ғ дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан.
Ң дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады.
43-сурет. Ң фонемасының артикуляциялық кескіні | Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет). Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің (Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң» дыбысын «Н» дыбысымен алмастырып айту жиі кездеседі. Мысалы, аң-ан, қоңырау-қонырау, менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады. Сирек болса да кездесетін кемшіліктер «Ә» дыбысы «А» дыбысымен ү-ү, қ-ғ-к дыбыстарын өзара шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып сөйлеуде шатастыруы байқалады. |
Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 5279;