Азақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдуынан. 28 ақпан 2007 жыл.

 

Бүгінгі тақырыбымыздың мақсаты Өндірістік бұйымдардың сапасымен, соның ішінде өнімнің сапа көрсеткіштерімен солады анықтайтын нормативті-техникалық құжаттармен және машиналардың сапасын анықтайтын көрсеткіштермен танысу, Сапаны қамтамасыз ету шаралары, және Өнім сапасын басқару жүйелерімен, өнімді мемлекеттік аттестациалау жолдарымен танысу болып табылады.

 

3.1.Сапа көрсеткіштері және машиналардың сапасын анықтайтын көрсеткіштер.

 

Еліміздің экономикалық саясаты мен бүкіл практикалық жұмысының өзегі ретінде өнімнің техникалық дәрежесі мен сапасын барынша арттыру міндеті қойылып отыр. Қоғамдық өнім ғылыми ойдың соңғы жетістіктерін бейнелеуге, ең жоғары техникалық, экономикалық, эстетикалық және басқа тұтыну талаптарына сай болуға және дүниежүзілік нарықта бәсекеге түсуге қабілетті болуға тиіс. Өнім сапасын арттыру – елдің керек өнімдер жөніндегі қажеттерін және халықтың әр түрлі тауарлар жөніндегі сұранысын неғұрлым толық қанағаттандырудың сенімді жолы.

Сонымен, сапа деп /Мемлекетаралық стандартқа сай ГОСТ 15.467-79/ тұтынушылардың сұранысын, қажеттеріннеғұрлым толық қанағаттандыра алатын өнімдердің жиынтық қасиеттерін айтады.

Еліміздегі барлық өндірістер өнімінің мемлекеттік стандартпен техникалық шарттарға сай болып шығатыны көпшілікке белгілі. Мұндай құжаттарда өндірістік өнім сапасының сандық көрсеткіштері келтіріледі. Ол құжаттарда қойған шарттар неғұрлым дұрыс орындалса, өнімнің сапа деңгейі соғұрлым жоғары болады. Оларды нормативті-техникалық құжат /НТҚ/ дейді.

Елімізде кейінгі жылдары шығып жатқан өндірістік бұйымдардың сапасы осы НТҚ-тың шарттарынан едәуір алшақтау болып жүргені мәлім. Сондықтан елімізде өнімдер сапасын тексеретін ведомствадан тыс арнайы мемлекеттік қабылдау /МЕСТ/ органы құрылған. Бұл органның мақсаты қысқы мерзім ішінде өнімдердің жоғалтқан сапасын орнына келтіріп, оны одан әрі арттыра түсу жолында тез арада өнімнің техникалық деңгейін әлемдік деңгейге жеткізуге қадағалап отырады, ол үшін өндірістің техникалық мүмкіндіктері төмендегідей болуға тиіс. Олар:

- өндірістің автоматтандырылуы;

- өндіріске ең жаңа әлемдік деңгейдегі технологиялық процестердің енгізілуі;

- негізгі қорлардың жедел жаңартылуын камтамасыз ету;

- жұмыс орындарын қайта құру және аттестациялау;

- ең жаңа бақылау және өлшеу-тексеру құралдарын шығару.

- өндіріске сапа менеджментінің жүйесін ҚР СТ ИСО-9001-2001 енгізу.

Өнімнің сапасын дәйекті бағалау үшін мемлекеттік қабылдау органының қолында мүмкіндігі кең, ең сенімді тексеру механизмдері болуы керек. Тек солар арқылы, объективті түрде, өнімнің сапалық параметрлерін НТҚ-тың шарттарымен салыстыруға болады.

Бұл арада мемлекеттік қабылдау органы мен заводтың тексеру бөлімдерінің пайдаланатын НТҚ-тары екеуіне бірдей ортақ болуы шарт. Тұтынушының көкейтесті тілегі - өнімнің сенімділігі, ресурсы және дизайны /көркемділігі/.

Өлшеу – тексеру кешендерінің аттестациядан өтіп тұруы қажет. Зауодтың тексеру бөлімдерінің бекітілген штаты, жаңа өлшеу-тексеру аспаптары және өнімді өткізетін арнайы стенділері болуы керек.

Мемлекеттік қабылдау органдары МЕСТ көрсеткендей төмендегідей төрт жағдайда өнімді қабылдамауы тиіс:

1. Шығарылған өнім НТҚ-тың шарттарына сай келмесе;

2. Сынау нәтижелері нашар болса;

3. Өндірістегі технологиялық процестердің заңдылықтары ылғи бұзылып тұрса;

4. Пайдалану кезінде өнімдерден ақау шығып, ол апатқа ұшыратса немесе ол ақаулар өндірісте өнімді жасау кезінде сезілсе.

 

ТМД елдерінде Мемлекет аралық стандартты өндіруші және тапсырыс беруші министрлік /тұтынушы/ өнім көрсеткіштерінің уақытша НТҚ шарттарынан алшақтауының мүмкін болатынын анықтап, өнімді одан әрі шығару жөнінде өзара шешімге келеді.

Ал өндіруші министрлік өндірісте байқалған қайшылықтарды, кемшіліктерді түзеп, өнімнің сапа деңгейін НТҚ-тың шарттарына келтіруі керек.

Егер НТҚ-тың шарттарынан алшақ өнімдер сатуға жіберілсе, оларға барлық экономикалық жазалау шаралары қолданылады, олар: негізгі бағасын арзандату, айып төлеу шаралары, мемлекеттік сапа белгісін алу және т.б.








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2153;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.