Сурет-1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің деңгейлері және оны реттейтін құжаттар
Азақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі туралы түсінік. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары. Қазіргі білім беруді дамыту бағыттары. Білім беру бойынша Қазақстандық және халықаралық құжаттар
ХХ ғасырда барлық салада интеграциялану процестері қызу жүріп жатыр. Бұл құбылыстардан Қазақстан білім беру жүйесі де сырт қалмауы керек. Әлемдік өркениетке ел қатарлы, уақыттылы және байыпты түрде кіргеніміз дұрыс.
Халықаралық білім кеңістігін құру дегеніміз – әртүрлі ұлттық білім беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастырып, бір-бірімен толықтырып, әлем деңгейінде мықты әлеуметтік жүйе жасау. Осы арқылы әртүрлі аймақ пен елдердегі білім беру сапасы мен деңгейін бір қалыпқа келтіру, мамандар дайындауды халықаралық сұраныстар мен талаптарға сәйкестендіру, оқу орындары қызметтерін өзара үйлестіру сияқты келелі мәселелерді шешуге болады.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.
1999 жылдың 19 маусымында, Еуропалық 29 елдің білім ұйымдарының жетекшілері Еуропалық жоғары білім беру аймағын құру жөнінде Болон декларациясына қол қойды. Кейінірек бұл құжатқа тағы бірнеше елдер қосылды.
Білім жүйелерін жақындастыру бағытында әлемде тағы басқа да іргелі ұйымдар мен қауымдастықтар бар. Олардың ең іргелісі – Болон процесі.
Еуропа елдерінің бәрі тегіс қолдап отырған Болон процесінің басты принциптері төмендегілер:
1. Еуропа азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін жеңілдету үшін және халықаралық бәсекелесте Еуропа жоғары білім беру жүйесінің үстемдігін арттыру үшін бірыңғай білім және ғылым дәрежелерін қабылдау;
2. Жоғары білім берудің 3 деңгейін бекіту: бакалавриат, магистратура, докторантура;
3. Оқу процесін ұйымдастырудың және оқыту нәтижесін бағалаудың еуропалық кредиттік жүйесін енгізу;
4. Еуропа елдері мен университеттері арасында білімгерлер мен профессорлар алмастыруды кеңінен тарату;
5. Білім беру барысында еуропалық сапа деңгейін қамтамасыз ету;
6. Оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, интернеттің кеңінен орын алуын, қашықтықтан оқыту және виртуалды оқыту түрлерінің дамуын, виртуалды университеттердің бара-бара көбеюін қамтамасыз ету;
7. Бар өмірге жарайды деп білім беру принципінен бүкіл өмір бойы оқу принципіне көшу және т.б.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының ұстанымдары, қазіргі білім беру жүйесінің құрылымы, мақсаты мен міндеттері
Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 3-бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері анықталады:
ü баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
ü білім беру жүйесін дамытудың басымдылығы;
ü әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімдігі;
ü білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығы;
ü адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
ü жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
ü білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
ü білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болады.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен өтуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.
Тұжырымдаманың мақсаты – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды белгілеу.
Тұжырымдаманың міндеттері:
ü білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
ü білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;
ü білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
ü білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
ü кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
ü әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.
Тұжырымдамада жоғары білімді дамытудың негізгі процесі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сапа мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланыста білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білім беру кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарастырылады.
Бағдарламаның басым бағыттары:
ü мемлекеттің әрбір мүшесіне сапалы білім алуды қамтамасыз ету;
ü болашақта білім берудің демократиялық басқару негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
ü қазақстандық патриотизм, толеранттылық, жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу;
ü экономиканың барлық салалары үшін жоғары біліктілікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру;
ü білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
ü білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;
ü білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
ü білім беру, ғылым және өндірістің интеграциясы;
ü білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайту және т.б.
Қазақстандағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін білім берудің мақсаты, мазмұны мен технологияларының нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
ҚР «Білім туралы» Заңының 3-тарауының 12-бабы «Білім беру деңгейлері» деп аталады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі төмендегідей білім беру деңгейлерін қамтиды:
ü Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
ü Бастауыш білім беру;
ü Негізгі орта білім беру;
ü Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
ü Орта білімнен кейінгі білім беру;
ü Жоғары білім беру;
ü Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (23-сурет).
Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрі колледж болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мазмұның анықтайтын құжаттар:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, тұжырымдамалары;
- Оқу бағдарламалары;
- Оқу жоспарлары.
Сурет-1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің деңгейлері және оны реттейтін құжаттар
Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерін енгізуге бағытталған және білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, қашықтықтан оқытуды енгізу және т.б. арқылы оқу процесіне заманауи технологиялар мен оқытудың мультимедиалық, компьютерлік-техникалық құралдарын толықтай енгізуді көздейді.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 7314;